33
сапар шегеді. Осыдан кейін саяхат, тау, спортқа деген
құштарлығы тіптен арта түседі. 2013 жылы бірінші үлкен
саяхатқа аттанады. Жаяу, автокөлікпен 8 елді (Қазақстан,
Өзбекстан, Ресей, Грузия, Армения, Түркия, Украина,
Молдова) аралады. 2014 жылдың 1-мамырында Мағжан
Алматы қаласының орталығынан старт алып, 380 күннен
кейін тура сол нүктеге қайтып оралды. Ол осы аралықта 28
мың километр қашықтықты жүріп өтті және 22 – Қазақстан,
Өзбекстан, Түрікменстан, Иран, Азербайджан, Грузия,
Түркия, Болгария, Сербия, Венгрия, Австрия, Германия,
Швейцария, Франция, Испания, Колумбия, Эквадор,
Австралия, Таиланд, Камбоджа, Лаос, Қытай елдерін
аралады.
2016 жылдың ақпанында Мақсұт Жұмаевпен бірге Қазақ
Географиялық
қоғамының
экспедициясы
барысында
Оңтүстік Американың биік нүктесі Аконкагуа шыңына
(6962 м) шықты.
2016 жылдың маусымында актриса Айсұлу Әзімбаевамен
бірге Еуропаның биік нүктелерінің бірі Эльбрус шыңына
(5642
м) көтерілді. Сол жылдың желтоқсанында
Қазақстанның туы Антарктиданың Винсон (4892 м)
шыңына ілді.
Достарыңызбен бөлісу: