Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»


Сабақтың ортасы  20 минут  Кіріспе сөз



Pdf көрінісі
бет29/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   115
 
Сабақтың ортасы 
20 минут 
Кіріспе сөз
.
 
Балалар, 
біздің 
бүгінгі 
сабағымыздың 
тақырыбы:  «Туған  жер    -  туған  ел»  деп 
аталады.  Бүгін  сабақта  біз  Отынымыз,  туған 
жеріміз жайлы әңгімелесеміз. Туған жеріне әр 
адам  қалай  қамқорлық  жасауы  керек  екені 
жайлы  ой  қозғаймыз.  Табиғаттың  әдемілігіне 
тағы 
да 
бір 
назар 
аударамыз. 
Қарақыстақ  –  Қарақыстақ  -  сөзінің    бірінші 
буыны  қара  сөзінің  синонимі  қарсыз  немесе 
қары  көп  жатпайтын  жылы  жер  деген 
мағынаны 
білдіреді. 
Қарақыстақ–қысы 
жеңіл,жылы  қоныс  деген  атауды  білдіреді. 
Табиғатының  қыстың  күні  қолайлы  ,төрт 
жағынан  таумен  қоршалған,  ортасында  өзені 
бар 
қойнау. 
Солтүстігіндегі 
Қырғыз 
Алатауының 
күнгейі 
малға 
қолайлы 
жайылым.Биіктігі 
теңіз 
деңгейінен 
2-3 
шақырым  биіктікте  орналасқан,  жақпар 
тастары күнге қызып қойнау арасының қыста 
жылы  болуына,  жаз  айларында  түс  ауа  күн 
сайын  жауын  жаудырады.  Аңғар  іші  шөбі 
шүйгін  ,  құтты  мал  жайылымы.  Қасиеттеріне 
қарап  халық  Қарақыстақты  «қасиетті  қоныс»  
деп атаған. 
Шырын Мамасерікова - 1945 жылы 
1  қаңтарда 
Жамбыл  облысы
,  Т.Рысқүлов 
ауданының  Қарақыстақ  мекені,  «Жалпақсаз» 
ауылында  туған.  1963  жылы  Жамбыл 
педучилищесін,  1967  жылы  Қазақтың  Абай 
атындағы 
мемлекеттік 
пединститутының 
 
 
 
 
 
 
 


49 
 
филология
 факультетін бітірген. Еңбек жолын 
Меркі  ауданындағы  Гранитогор  мектеп-
интернатында 
мұғалім
  болып  бастаған.  Кейін 
аудандық  халық  ағарту  бөлімінде 
методист

Меркі 
аудандық 
тарихи 
өлкетану 
мұражайының 
директоры 
қызметтерін 
атқарған. 
Сабақтың  соңы 
10 минут 
1. Туған елдің тезегі де ..... 
2.Туған елің болмаса,  
    Тумай-ақ қойсын 
3.Туған жерге 
4.Туған жердей жер болмас,  
5.Туған жердің жері де көрікті, 
6.Туған жердің күні де ыстық, 
7.Туған жердің күні де ыстық, 
8.Туған жердің жуcаны 
9. Туған жер 
10. Әркімнің өз жері — 
дәрі. 
күн мен ай. 
туың тік. 
Туған елдей ел 
болмас. 
елі де сүйікті. 
күлі де ыстық. 
түні де ыстық 
жұпар 
алтын бесік 
жұмақ. 
Қорытынды 
Қымбатты оқушылар! Туған жер – адам 
өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер 
оны елімен, өткенмен және болашақпен 
байланыстырады. Туған жер – әркімнің шыр 
етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз 
басқан қасиетті мекені, талай жанның 
өмірбақи тұратын өлкесі. Осы орайда Алаш 
қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың: «Туған 
жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап 
сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің 
шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім біледі? 
Ыстық қой, шіркін туған жер!» деген сөзімен  
тәрбие  сабағымызды  қортындылаймын. 
 
Рефлексия 
3 минут 
«Кері байланыс» 
-Нені білдім 
-Не  үйрендім 
Үйге тапсырма: 
«
Менің туған өлкем» тақырыбында  
эссе жазу 
 
 
Сабақта  оқушылардың өлкенің    экологиялық  мәселесіне  назарын  аудару 
үшін түрлі жазба жұмысын жүргіземіз. Олардың бірнешеуін ұсынамыз. 
1.
 
Табиғаттың «Шағым кітабы». 
Білім  алушылар  «Шағым  кітабына»  туған  өлкесінің  аумағында  өсетін 
өсімдіктер  мен  тіршілік  ететін  жануарлардан  келіп  түсетін  шағымдарды 
жазады. 
Жобаның  бірінші  кезеңі  –  қоршаған  ортаның  (жануарлар,  өсімдіктер) 
жағдайын  бақылау  мақсатында  экскурсия  жасау,  қосымша  ғылыми 
әдебиеттерді зерделеу. 
Жобаның екінші кезеңі – өсімдіктер мен жануарлар атынан шағымдарды 
сипаттау  әңгімесін  жазу.  Түскен  шағымдарды  талқылау  және  оларға  жауап 
беруден тұрады. 


50 
 
Үшінші  кезең  –  материалдарды  безендіру,  балалардың  шығармашылық 
жұмыстары мен суреттері орналастырылған кітап жасау.
  
2.
 
«Орман тыңшылары» ойыны 
Балалар  орманда  болған  төтенше  оқиғаларды,  табиғаттағы  кез  келген 
өзгерісті  (ағаштардың  кесілуі,  сүйікті  алаңындағы  көп  гүлдердің  жұлынуы, 
бұлақтың ластануы) зерттеп, тексеру жүргізеді.
 
3.
 
«Мен өзенді қорғаймын» экологиялық міндеті  
Төменгі жағын үнемі су шайып жататын жарды немесе жағалауды қалай 
бекітуге болатыны туралы  ұсыныстарыңызды айтып көріңіз.
  
4.
 
«Жасыл досқа» хат  
Мұғалім  білім  алушыларды  белгілі  бір  жағдаятпен  таныстырады. 
Балаларға  хат  жазуды,  мысалы,  ағашқа  хат  жазуды  ұсынады.  Жұмыс  шағын 
шығарма  түрінде  (ойын  элементтерінің  болғаны  жақсы)  жүргізілуі  мүмкін: 
конвертке хат салынып, суреттермен толтырылады, мекенжайы толтырылады. 
5.
 
«Экологиялық мамандық» коллажы 
Жобаның бірінші кезеңі – экологиялық мамандықтар деп санауға болатын 
мамандық  түрлері  (орман  шаруашылығының,  қорықтардың  қызметкерлері, 
экологиялық  қызмет,  көгалдандыру  қызметкерлері,  хайуанаттар  бағының 
қызметкерлері,  дәрігер,  жүргізуші,  ғарышкер,  аула  тазалаушы,  бағбан, 
зертханашы және т. б.) туралы білу . 
Балалар  осы  мамандықтар  туралы  материал  жинайды.  Жобаның  екінші 
кезеңі  мамандықты  қорғау  болып  табылады.  Бұл  кезде  білім  алушылар  осы 
мамандықтар  туралы  әңгімелейді,  фактілер  келтіреді,  суреттер,  плакаттар, 
фотосуреттер көрсетеді, сюжеттерді ойнап көрсетеді. 
2.2.  Пәндік  сабақтарда  «Қазақстанның  100  жаңа  есімі»
 
    жобасы 
жеңімпаздары арқылы патриоттық тәрбие беру. 
«Қазақстанның  100  жаңа  есімі»  жобасы  жеңімпаздары  арқылы  тәрбие 
беру  жұмыстарын  пән  мұғалімдерінен  басқа  кітапханашы,  әлеуметтік-педагог, 
психолог,  тәлімгер  тағы  басқа  мамандар  жүргізе  алады.  Жоба  жеңімпазының 
саласына қарай тәрбие жұмыстары әртүрлі бағытта өрбиді. Атап айтқанда: 
1.
 
Оқу пәндері бойынша. 
2.
 
Қосымша білім беру сабақтарында.  
3.
 
Мектеп кітапханасында. 
4.
 
Мектеп сайттарында. 
5.
 
Сынып сағаттарында. 
6.
 
Оқушылар ұйымында. 
7.
 
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарында. 
8.
 
Ата-аналармен жұмыс барысында. 
Өлкетану  жұмыстарының  ерекшелігі  –  «Қазақстанның  100  жаңа  есімі» 
жеңімпазын  белгілі  бір  пәндерге  кіріктіріп  оқытуда.  Қазақстан  тарихы, 
география,  қазақ  әдебиеті,  музыка  пәндері  өлкетанудың  ажырамас 
компоненттері  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  өлкенің  табиғаты  мен 


51 
 
нысанның  ерекшелігіне  орай  биология,  физика,  химия,  көркем  еңбек  сияқты 
пәндерге де кіріктіріп оқытуға болады.  
Оқу  жылы  басында  пәндер  бойынша  «Қазақстанның  100  жаңа  есімі»  
жеңімпазын кіріктіруге ыңғайлы тақырыптар таңдалады.  
№4 кесте Пәндер бойынша таңдалған бөлімдер мен тақырыптар: 
Сы 
нып  
Пән бойынша тақырыптары 
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет