Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет27/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   115
Байланысты:
СРСП 1 оз, СРСП 1 оз
кешенділік  қағидасы,
  өлкенің  қоршаған  ортасында  болатын  барлық 
жағдайларды, өзгерістерді кіріктіріп оқытуды көздейді; 

ізгілендіру  қағидасы,
  өлкені  тұлғаның  дамуындағы  өмірлік-мәнді 
құндылықтар жүйесінде оқудың мағынасын түсінуді қамтамасыз етеді; 

табиғи  және  мәдени  түсінік  қағидасы,
  табиғатты  қорғау  және 
экологиялық білім мазмұнын кіргізуді қарастырады; 

іс-әрекеттік  қағидасы,
  білім  беруді  практикалық,  коммуникативтік, 
жобалық-шығармашылық тапсырмалар жүйесі арқылы жүзеге асырады; 

тарихилық  қағидасы,
  әлеуметтік-табиғи  ортадағы  өзгерістерді, 
аумақтың даму болашағын қарастыру арқылы орындалады; 

проблемалық  қағидасы,
  нақты  проблемалық  тапсырмаларды  шешу 
көздейді [6]. 
Аталған қағидаларды жүзеге асыру арқылы, оқушылардың өздігінен білім 
алу,  сыни  тұрғыдан  ойлау,  шешім  қабылдау,  практикалық  іс-әрекеттерді 
орындау қабілеттерін дамыту мүмкіндігі туындайды. Анықталған қағидаларды 
ой елегінен өткізіп түсіну және өмір сүру ортасындағы мінез-құлық ережелерін 
сақтау,  өз  іс-әрекетінің  мәні  мен  жауапкершілігін  түсіну,  өзінің  кіші  отанына 
деген сүйіспеншілік әр адамның мәдениетінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. 
Сонымен қатар, өлкетанудың тәрбиелік міндеттерін ескеру қажет: 
– өзінің «кіші Отанына», туған елі Қазақстанға деген патриоттық сезімін, 
сүйіспеншілігін тәрбиелеу;  
–  төзімділікті,  өлкенің  көпұлттылық  және  көпмәдениеттілік  жағдайында 
төзімді мінез-құлық қалыптастыру; 
–  отбасылық  қарым-қатынасты  нығайту,  пәннің  мазмұнымен  тек 
оқушыны  ғана  емес,  оның  ата-анасын  да  қызықтыру,  отбасылық  мұрағаттар, 
аталар мен әжелердің басқа да туыстардың әңгімелері арқылы өлкенің тарихы 
жайлы білімді тереңдету; 
–  отбасы  мүшелерімен  бірге  өлке  туралы  әдебиет  оқу,  фильмдер, 
бейнефильмдер тамашалау; 
–  өлкенің  табиғатын,  тарихи  және  мәдени  ескерткіштерін  сақтау  және 
қалпына келтіру жұмыстарына оқушылармен қатар ата-аналарды да қатыстыру; 


45 
 
–  жергілікті  халықтың  алдында  тұрған  проблемаларды  шешуге  ата-
аналармен бірге оқушыларды да қатыстыру. 
Дамытушылық міндеттері: 
–  туған  өлке  туралы  неғұрлым  көп  білуге  деген  ұмтылысты,  танымдық 
қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетті дамыту; 
–  тақырыптық  акцияларға  және  жобаларға,  мәдени  орталықтардың  іс-
шараларына,  сайыстарға,  олимпиадаларға  қатысу  арқылы  туған  өлке  жайлы 
білімді тереңдетуге деген ұмтылысқа ынталандыру; 
–  болашақта  білімді  жалғастыру,  мамандық  және  жұмыс  орнын  таңдау 
сұрақтарын шешуге бағыттау; 
–  күнделікті  өмірде  өлкетанушылық  білім  мен  біліктілікті  қолдана  алу, 
жергілікті  жердегі  туындайтын  проблемаларды  шешуде  өзінің  орнын  білу 
дағдысын қалыптастыру; 
–  туған  өлкесінің  өмірін  жетілдіруге  үлес  қосуға  деген  ұмтылысты 
дамыту . 
Пәндердің  мазмұнындағы  өлкетанулық  компонентті  сипаттайтын 
ерекшеліктер:  
–  тарихи  және  ұлттық-мәдени  өлкетану  (ата-бабалар  тарихы,  шығу  тегі, 
тарихи  ескерткіштер,  ежелгі  қоныс-мекендер,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  өнеге, 
өмір сүру салтының ерекшеліктері және құндылықтары);  
– табиғи-географиялық өлкетану (жергілікті жердің климаты, жер бедері, 
топырағы,  өзен-көлдері,  пайдалы  қазбалары,  экологиясы,  экологиялық 
проблемалары); 
– биологиялық өлкетану (өсімдік түрлері, жануарлар әлемі); 
– химиялық өлкетану (ауыз суының сапасы, ауаның ластануы, жергілікті 
жердегі тау-кен өнеркәсіптері т.б.); 
–  әлеуметтік-географиялық  өлкетану  (халықтың  тығыздығы,  елді 
мекендердің орналасу сипаты, ұлттық қолөнер түрлері, басқа елді мекендерден, 
аймақтардан алшақтығы, байланыс құралдары); 
– әлеуметтік-демографиялық (ұлттық құрамы, жастық-жыныстық құрамы, 
көші-қон үдерісі, халықтың ұдайы өсуінің сипаты); 
– әлеуметтік-экономикалық (халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек ресурсы, 
кәсіби-мамандық құрамы, экономикалық даму келешегі); 
–  аймақтың  экономикалық  салалары  (ауылшаруашылық,  құрылыс,  тау-
кен, химиялық т.б.), шығаратын өнімдері; 
–  әкімшілік-саяси  (өлкенің  шекарасы  мен  аумағы,  инфрақұрылымының 
түрлері, басқару органдарының қызметі және жұмысты ұйымдастыруы),  
–  әдеби  өлкетану  (жергілікті  ұлттардың  әдеби  мұралары  және  ауыз 
әдебиеті, жергілікті ақын, жазушылардың шығармалары); 


46 
 
–  мәдени  өлкетану  (жергілікті  ұлттардың  ұлттық  әндері  мен  билері, 
жергілікті сазгерлердің музыкалық шығармалары т.б.); 
–  саяси  (саяси  факторлардың  өлкенің  өміріндегі  рөлі,  аймақтармен, 
елдермен қарым-қатынасы).  
Өлкетанудың  түрлерін  математикалық,  физикалық,  технологиялық  деп 
жалғастыра беруге болады. 
Мұғалім  өлкетану  жұмысын  жандандыру  мақсатында  білім  берудің 
тиімді  заманауи  әдістерін:  проблемалық  оқыту,  жобалау  әдістерін,  рөлдік 
ойындар,  ақпараттық,  ізденушілік,  зерттеушілік  технологияларды  қолдана 
алады.Сонымен  қатар  оқушының  бойында  өзін-өзі  бағалай  алу  қабілетін 
қалыптастыруға жағдай жасауы үшін мұғалім әрқашан ізденісте болуы керек.  
5-сыныпта  «Қазақстан  тарихы»  оқу  пәнінің  «Өңірдің  тарихи  тұлғалары: 
билер, батырлар мен палуандар» тақырыбын оқытуда өлкенің белгілі адамдары 
туралы  мағлұмат  беру  барысында  мұғалімнің  және  оқушылардың  алдында 
тұрған міндеттер келесідей болуы мүмкін: 
*  өлкеге  танымал  адамның  (жазушының,  ақынның,  суретшінің  т.б.)  өмір 
жолының  оның  шығармашылығына  тигізген  әсері  туралы  сұрақты 
айқындайтын арнайы әдебиеттерді оқу; 
*  жерлес  ақын-жазушылар,  суретшілер  туралы  нақты  материалдар 
жинақтап,  арнайы  альбом  әзірлеу,  музейдің  танымал  жерлестерге  арналған 
бөлімін толықтыру; 
*  халық  ауыз  әдебиеті  және  жерлес  ақын-жазушылардың  әдеби 
шығармалары арқылы оқушылардың туған өлке туралы білімдерін кеңейту; 
*  туған  өлкені  және  әдебиетті  олардың  тарихи  дамуының  өзара 
байланысында көруге көмектесу; 
*  өлкетануға  қоғамның  дамуында  ерекше  рөл  атқаратын  жалпы  адамзат 
мәдениеті ретінде қарау [14]. 
6-сыныпта  «Қазақстан  тарихы»  оқу  пәнінен  «Топонимдер  –  өткен 
заманның  куәгерлері  (өлке  тарихы  атауларында)»  тақырыбын  оқу  барысында 
қолдануға болатын жер-су атауларының шығу тарихы мен қызықты деректерді 
ұсынамыз.  Жергілікті  жердің  жер-су  атауларын  жинау,  олардың  шығу,  пайда 
болу  себебін  анықтау,  әрбір  атаудың  мән-мағынасын  ашу,  әсіресе,  жастардың 
туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімін күшейтпек.  
 «Отандық  тарихтың  көзі  тірі  куәгерлері»  (6-сынып)  тақырыбы  бойынша 
білім  алушылар    аймақтың  тарихы  мен  гүлденуіне  және  «Жомарт  жүрек»  (7-
сынып)  тақырыбы  бойынша  ерлік  пен  еңбекке  деген  құлшыныстарына  -  және 
олардың  кішігірім  Отанын  қолдау  үшін  не  істеуге  болатын  оқып  білетін 
болады.  


47 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет