Алексей Лодочников
- қазақстандық жас домбырашы-
әнші. Алексей өзінің іс-әрекетімен сенім арқылы алдыңа
қойған мақсаттарына жету керектігін дәлелдеп жүр.
Алексей қазақ тілінде жетік сөйлеп қана қоймайды,
домбырада керемет ойнайды және де өзінің жастығына
қарамастан кітап жазады.
1999 жылы Ақсу қаласында дүниеге келген. Қашыр балалар
үйінің тәрбиеленушісі. Соңғы 14 жыл бойы Алексей
балалар үйінде тәрбиеленді. «Дарынды балаларға арналған
музыкалық мектеп-интернат – музыкалық колледж»
кешені» ММ «Домбырамен халық әндерін орындау»
бөліміне түседі.
2014 жылы Алексей Екібастұз қаласында бірінші рет
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдында өнер көрсетеді. Бұл
өнер көрсету оқушының өміріне үлкен ынта берді. Көп
кешікпей ол республикалық және облыстық музыкалық
конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алады.
Дереккөз:
http://100esim.ruh.kz/kz
сайтынан алынды.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары арқылы
сыныптан тыс жұмыстарда патриоттық тәрбие беруге болады.
Сыныптан тыс қызмет арқылы патриоттық тәрбие беру;
Білім алушыларды кітап оқу белсенділігін қалыптастыру жұмыстары да
патриотизмге тәрбиелеудің тиімді жолы. Мектеп кітапханасында түрлі іс –
шаралар өткізе аламыз. Атап айтсақ;
Сабақтар:
ерлік сабағы, ақпараттық сағат, ақпараттық-танымдық сағат,
ақпараттық насихаттау сағаты, экспресс сағат, насихат сағаты, әдеби танымды
сағат, шығарманы талдау т.б.
Шолулар:
өмірбаяндық шолу, диалог –шолу, библиографиялық шолу,
әдеби калейдоскоп, флешбук, ауызша журнал.
Байқаулар:
онлайн-конкурс эссе, викториналық ойын, ойталқы, оқырман
бенефисі, пікіралмасу, поэзия байқаулар, өлеңдер шеруі, әдеби-лото, блиц-
турнир, әдеби делижанс, PR – акция, ай-стоппер
Зияткерлік отырыстар:
дөңгелек үстел, жаңа бағыттағы оқырмандар
конференциясы, оқырмандар конференциясы [6].
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың көмегімен өтетін оқулар
ерекше сұранысқа ие.
Бүгінде ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерін жатқа оқудан
челлендж республика көлемінде жүріп жатыр. Ынталы адамдар әлеуметтік
желілерде (ютуб, фейсбук, твиттер, уатсап т.б.) ақын өлеңін жатқа оқып,
эстафетаны қалаған адамына жолдайды. Челленджге қатысу жас талғамайды.
Оқушылар, ата-аналар, жастар бәрі де қатысады. Өлеңді музыкамен әрлеп,
мәнерлеп оқыса әсері арта түседі. Челлендж, флешмоб сияқты заманауи
шаралар адамдарды бірлікке, достыққа шақырады. Ол ұлтқа, нәсілге
бөлінбейді. Абай өлеңдерінен челленджге шетелдіктердің қатысуы осының
дәлелі. Кез-келген әдебиет өкілінің шығармасынан челлендж өткізуге болады.
35
Мектептен тыс қызмет арқылы патриоттық тәрбие беру.
Білім алушылар патриоттық бағыттағы түрлі деңгейдегі байқауларға
белсене қатысады. Байқаудан басқа жобалар арқылы туған жердің тұрмыс –
тіршілігімен етене таныса алады.
«Айналаға қара» жобасы арқылы ауыл баласы мен қала баласының
арасындағы білім – білік теңсіздігін жоюға арналған.
Жобаны жүзеге асыру үшін логистика және қауіпсіздік мәселесі алдыңғы
орында тұрады. «Айналаға қара» ұғымына қандай аумақты кіргізу керектігін
алдын-ала шешіп алған жөн. Айнала деп үздіксіз және нақты бақылау
жүргізетін мектептің, ауылдың, қаланың маңайын айтады. Ал кейбір
жағдайларда бұл ұғымды ауданның немесе облыстың әкімшілік аумағына дейін
кеңейтеді. Сол себепті «Айналаға қара» жобасы бұл екі көзқарасты да қамтуы
тиіс.
«Бір апта қалада» атты ерекше жоба бойынша ауыл балалары қалаға
барып өндіріс орындарына экскурсия жасайды. Әртүрлі кәсіптік бағдар алады.
Цифрлық технологияның қала өміріне әкелген жаңалықтарымен таныс болады.
«Бір апта ауылда» бағдарламасымен қала балалары ауылға барып ауыл –
шаруашылығымен танысады. Оның ішінде мал, құс, егін шаруашылығының
қыр-сырымен танысады. Ауылға заманауи технологиялардың әкелген
жаңалықтарын түсінеді. Ауылдың болашағын оның инфроқұрылымын
дамытудың алғышарттарын зерделейді.
«Айналаға қара» жобасы арқылы білім алушылар егемен еліміздің даму
бағытын аңғарады. Едәуір сұранысқа ие мамандықтардан хабардар болады.
Мектепке жақын орналасқан мекемелерге балаларды жаяу апарамыз.
Сондықтан жауапты мұғалімдер жаяу жүргіншілер үшін жол ережесін білуі
керек. Сонымен қатар, бағдаршамнан өткенде белгі беретін жалаушалар,
таяқшалар, т.б. құралдары болуы тиіс. Қашықтау мәдени мекемеге оқушыны
тасымалдаудың
ең
қолайлысы
автобус
болғандықтан
Қазақстан
Республикасының «
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Заңын сақтау керек. Сонымен қатар,
көліктің түріне қарай
теміржол, әуе жолы, су жолы, жер асты жолы және
автомобиль жолдары туралы заңдарға сүйенеміз.
Мектеп жобаға дайындық алдында денсаулық, төтенше жағдай қызметі,
жол-көлік инспекцияларына қатынас қағаздар жіберіледі. Іс-шараны құжат
алмасу арқылы тиісті мекемелермен бірлесіп өткізеді.
Бүгінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде шалғайдағы елді
мекендердегі балаларға ағылшын тілін үйрету мақсатында «Жас отан» жастар
қанаты мен «Болашақ» қауымдастығы бірлескен жоба жүзеге асыруда.
Жоба «English for Jastar» деп аталады. Жоба барысында ауыл балаларына
ағылшын тілін үйрету үшін ауылдарға еріктілерді жіберді. Олар ағылшын тілін
жетік меңгерген болашақ мұғалімдер. Еріктілер ағылшын тіліндегі әдістемелік
оқу-құралдары мен аудиожазбалармен қамтылған. Еріктілер екі ай бойы
ауылдағы оқушыларға шет тілін үйретеді.
Болашақта ауыл мен қала балалары арасындағы теңсіздік балансын жою
36
жұмыстары жалғаса береді [12].
Білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті
қалыптастыру мен дамытуда сандық технологияны меңгерту арқылы көрінеді.
Білім алушылардың қатысуымен:
–өлкетану туралы ақпарат беру мақсатында қолданыстағы оператор
байланыстары үшін көпқызметті қосымшалар құру;
–Қазақстанның әдет-ғұрып және киелі орындары бойынша электронды
форматта ақпараттық-анықтамалық материалдар әзірлеу;
–ақпараттық-анықтамалық материалдарды қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде әзірлеп бұқаралық ақпарат құралдарында тарату;
–туристік және экскурсия бағыттарының, экологиялық соқпақтардың
жолнұсқаулығын әзірлеу;
«Саналы азаматтың» басты мақсаты компьютерлік сауатты, бірнеше тіл
білетін, бәсекеге қабілетті толерантты тұлға тәрбиелеу. Дамыған 30 елдің
қатарына қосылу үшін білікті маман даярлау.
Жамбыл облыстық білім беру ұйымдарында өлкетануды сандық
технологияны пайдалану арқылы насихаттау кең өріс алған. Мектеп
оқушылары өлкетанулық материалдарын асқан қызығушылықпен дайындап
көпшілік назарына ұсынудың заманауи жолын тапқан. Облыстық білім
басқармасы сайтында «Туған жер» айдары ашылған. Сайт өз туындысын
орнатамын деген оқушылар үшін қолжетімді. Әрбір білім алушы өлке
мақтанышын сайт арқылы таныстыра алады.
«Туған жер» айдарының басты мақсаты оқушыларда нағыз патриоттық
сезім тәрбиелеу болып табылады, бұл сезім өз ауылына, қаласына, өңіріне,
оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрі мен тұрмысына, Отан алдындағы
борышына деген сүйіспеншілігімен, мақтанышымен және адалдығымен
түсіндіріледі.
«Туған жер»
бағдарламасында жазғы демалыста ауылда болмаған қала
балалары үшін көптеген қызықты іс-шаралар өткізуге болады. Жобаны іске
асыру шеңберінде өткізілетін «Бір апта ауылда» іс-шараның өткізілуінің
Ережесі бекітілуі керек. Ережеде жауапты мекемелердің міндеттері көрсетіледі.
№ 3 қосымшаны қараңыз.
Ережеде ең алдымен балалардың жататын орнын анықтау керек. Ауылда
өтетін жеті күнді табиғат аясына саяхатпен де ұштастыруға болады, яғни
балалар осы күндері шатырда өмір сүріп, тамақты өздері пісіруге
машықтанады.
Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар
кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі
адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды
қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр
түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі
қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және
37
экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр
шертеді.
"Ұлы даланың жеті қыры» жалпақ әлемге еліміздің ежелден озық
мәдениеті, өркениеті болғанын паш ететін тұжырымдамалық мақала [13].
Ғалымдар ұзақ зерттеулер мен сараптаулар нәтижесінде ел аймағында
өркениеттің ерте замандарда бастау алғанын ғылыми дәлелдеді. Өте ежелгі
дәуірде қазақ даласында озық технология үлгілері – металлдан жасалған
бұйымдар, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындалғанын, сонымен қатар жылқыны
қолға үйрету, атқа міну мәдениеті пайда болғанын айтып, дәлел келтіреміз.
Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген
аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың
болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. 1-суретте «Ұлы даланың жеті қыры»
дереккөз:
http://27-semey.mektebi.kz/elbasy-zholdaulary
Солтүстік Қазақстан облысы Ботай қонысынан табылған кірпіштер (2-
суретте) мен Түркістан облысы Шойтөбе қалашығынан табылған құбырлар (3-
суретте) көне дәуірде сәулет-құрылыс өнерінің деңгейін көрсетеді. Ботай
қонысында көлемі үлкен кірпіштердің беріктігі үшін жануалардың сүйектерін
қосқан. Бұл қазіргі құрылыстағы темір арматураның қызметін атқарған.
Шойтөбе қалашығында үй астынан жүргізілген құбырлар санитарлық қызмет
атқарған.
Бұл жаңалықтарды Ұлы даланың 8 – қырына жатқызуға болады.
2-сурет 3 - сурет
Дереккөз:
https://24.kz/kz/ajyrtau-audanynda-
botaj-m-denietine--konferentsiya-tti
38
Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше
ғасыр өтсе де бізді кез
келген
рухани
жұтаңдықтан сақтап, аман
алып шығатын символдық
қалқанымыз әрі ұлттық
мақтанышымыздың
қайнар бұлағы. Қасиетті
нысандар арқылы «Ұлы
даланың жеті қырын»
түсіндіреміз.
«Туған
жер»
бағдарламасы 3 базалық бағытқа жіктелген. Осы бағыттар бойынша № 2
кестеде көрсетілген іс-шараларды ұйымдастырамыз.
№ 2 кесте «Туған жер» бағдарламасы бойынша іс-шаралар тізімі.
№ р/с
Іс-шаралар атауы
«Тәрбие және білім» кішібағдарламасы
Достарыңызбен бөлісу: |