Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»


Қосымша 1  5-10 сынып оқушылары арасында облыстық «Әулиеата жәдігерлері мен



Pdf көрінісі
бет49/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   115
Қосымша 1 
5-10 сынып оқушылары арасында облыстық «Әулиеата жәдігерлері мен 
ұлттық құндылықтары»  интерактивті  жарысын  өткізу ЕРЕЖЕСІ 
I.Жалпы  ережелер  
Берілген  Ереже  5-10  сынып  оқушылары  арасында  «ӘУЛИЕАТА 
ЖӘДІГЕРЛЕРІ  мен  ҰЛТТЫҚ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»  интерактивті  жарысын 
(бұдан әрі - Жарыс) мақсаттарын, міндеттерін, өткізу тәртібін  анықтайды. 
1.
 
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы ұйымдастырушы болып 
табылады. 
2.
 
«ӘУЛИЕАТА  ЖӘДІГЕРЛЕРІ  мен  ҰЛТТЫҚ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»
 
интерактивті  жарысы  ғылым  саласында  дарынды  балаларды  анықтау  және 
қолдаудың  формаларының  бірі  ретінде  дарынды    оқушылардың    зияткерлік  
жарысы болып табылады. 
 II. Жарыстың мақсаты мен міндеттері  
 Оқушылардың туған өлке тарихына деген  қызығушылығын арттыру, өз 
бетінше  жұмыс  жасау  дағдылары  мен  іскерліктерін  қалыптастыру,  туған 
жеріне, Отанына сүйіспеншілігін қалыптастыру. 
 Міндеттері: 

 
оқушылардың  өлкенің  тарихына,  мәдени,  табиғи  мұрасына 
қызығушылығын арттыру; 

 
зерттеушілік,  өлкетану  бағытындағы    ізденушілік  қабілеттерін  
дамыту; 

 
оқушылардың  облыстағы  тарихи-  мәдени  ескерткіштер  туралы 
танымдық  қабілеттерін арттыру; 

 
ақпараттық  мәдениетін  дамыту. 
 III. Жарыстың  қатысушылары 
 Жарысқа 
жалпы 
білім 
беретін 
мектептердің, 
лицейлердің, 
гимназиялардың, облыстың дарынды балаларға арналған мамандырылған білім  
ұйымдарының  5-10 сынып  оқушылары  қатысады. 
 IV. Жарысты  өткізу  мерзімі  және  тәртібі 
 Жарысты    ұйымдастырушылармен  белгіленген  10  күннің  ішінде, 
берілген  өтінімдердің  санына  және    ұйымдастырушылармен  құрылған  кестеге 
сәйкес өткізіледі
.
 
Жарыс  екі кезең бойынша өткізіледі: 
 I (қашықтық) кезең – 2018 жылғы 14-16 мамыр күндері сағат 10:00-17:00 
аралығында  www.zh-bilim.kzсайтында онлайн түрде өткізіледі. Тапсырмаларды 
орындауға  –  60  минут  уақыт  беріледі
(30  сұрақ  беріледі.  Әр  дұрыс  жауап  2 
ұпаймен  бағаланады)
.  І  кезеңнің  қорытындысы  бойынша  55-60  ұпай  жинаған 
жеңімпаздар  21-23  мамыр  күндері  жарыстың  ІІ  (қорытынды)  кезеңіне 
қатысады. 
         Екінші  кезеңде  бірнеше  дұрыс  жауаптары  бар  өлке  тарихына 
қатысты  тест,  сәйкестендіру  бағытындағы,  бірнеше  дұрыс  жауаптары  бар 
тапсырмаларға  50  минут  уақыт  беріледі 
(25  сұрақ,  әр  сұрақ  3  ұпаймен 


87 
 
бағаланады)
.  70-75  ұпай  жинаған  оқушылардың  І  кезеңдегі  ұпай  сандарының 
қосындысының  негізінде  жеңімпаздар  анықталады. 
V. Жарысқа қатысу шарттары 
Жарысқа    қатысу  үшін  www.zh-bilim.kzсайтының  ең  жоғарғы  панелінде 
орналасқан «қашықтық жарыстар» порталындағы ұлттық құндылықтары» атты  
тақырыпқа басу арқылы: 
1. Қатысушы тіркелуден өтуі керек; 
2.«КІРУ» батырмасын басу арқылы жарыс тапсырмаларын орындайды. 
Тестілеуді  бастау  үшін  оқушы  жарыстың  үйлестірушісінен  алған  логин 
мен  парольді  енгізуі  керек.  Логин  мен  парольді  енгізгеннен  кейін  «Тақырып» 
тарауында  керекті  сыныпты  және  оқу  тілін  таңдау  керек.Жарыстың 
басталуынан  кейін  тапсырмаларды  орындау  үшін  автоматтық  түрде  уақытты 
қайта санау таймері қосылады. 
Тестілеуден өту үшін сілтеме: http://dtest.aulieata zhadigerleri.kz. 
Жарыстың ережесіне сәйкес – апелляция қарастырылмайды. 
Назар аудару керек: 
Оқушы өзінің логині мен паролін дұрыс енгізуі керек! 
1.
 
Беттің  кездейсоқ  жабылуында  немесе  компьютердің  сөніп 
қалуында, логин мен парольды қайта енгізіп, жарыстың  тапсырмаларын қайта 
орындау керек. 
2.
 
Барлық  сұрақтарға  жауап  бергеннен  кейін  ғана,  «Аяқтау» 
кнопкасын басу қажет. 
3.
 
Жарысты    өткізуге  берілген  уақыт    аяқталғаннан    кейін, 
қатысушының барлық жауаптары  автоматтық түрде  серверге  жіберіледі. 
Жарыстың    нәтижелері  «Аяқтау»  кнопкасын  басқаннан  кейін,  сол  сәтте 
белгілі болады. 
Тестілеу бетінің сипаттамасы: 
Беттің  жоғарғы  жағында  жарыстың  уақыты  көрсетіледі.Төменгі  жағында 
сұрақтардың арасында орын  қалдырылған, «Аяқтау» кнопкасы бар. 
Сұрақты таңдағаннан кейін беттің ортасында жауаптың  варианттары бар сұрақ 
көрсетіледі. 
Жарысқа  қатысушыларға  тыйым  салынады: 
Қандай  да  бір  электрондық    ақпаратты    қолдануға,  жеке  компьютерлерді, 
немесе  калькуляторларды, мобильді  және  ғаламтор  байланыс  құралдарын

 
сөйлесуге; 

 
орнынан  тұруға; 

 
бір  орнынан  басқа  орынға  отыруға; 

 
материалдар  мен  және  құралдармен  алмасуға; 

 
анықтама  материалдарын  қолдануға. 
VI. Қорытындылау  және   марапаттау 
Тексерудің  қорытындылары  негізінде  әр  сынып  бойынша  жарыстың  І,  ІІ,  ІІІ 
жүлделі орындары анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет