Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»


Сабақ тақырыбы: «Абыз ата».   Өтетін орны: Б.Нұрмұханбетовтің мемориалдық кабинеті.  Жоспары



Pdf көрінісі
бет51/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   115
 
Сабақ тақырыбы: «Абыз ата».  
Өтетін орны: Б.Нұрмұханбетовтің мемориалдық кабинеті. 
Жоспары:
 
«Есік»  мемлекеттік  тарихи-мәдени  қорық-музейінің  білікті 
маманы,  археолог  «Алтын  адамды»  алғаш  ашушылардың  бірі,  сақ 
бабаларымыздың  мәдени  мұрасының  шырақшысы  Б.Нұрмұханбетовтің  (Бекен 
ата) бейнесін жадымыздан өшірмей, ата туралы ел арасындағы естеліктер мен 
әңгімелер  туралы,  оның  өмір  жолы  мен  еңбегін,  тарихтағы  алар  орнын 
насихаттау  мақсатында  «Абыз  ата»  атты  шағын  өлкетану  сабағын 
ұйымдастыру.  
Мақсаты:  Бекен  атаның  өмірі  туралы  толық  мәлімет  бере  отырып,  жас 
ұрпақтарға ата өмірінен үлгі алу, адамгершілік пен ізгіліктің мәнін ұғындыру.  
Міндеттері:  
•Археолог  Бекмұхамбет  Нұрмұхамбетовтың  өмір  жолы,  Тәуелсіз  елдің 
мақтанышы  болған  «Алтын  адамды»  дәріптей  отырып,  жас  ұрпақты  отан 
сүйгіштікке баулу, өз тарихына деген қызығушылығын арттыру. 
•Археолог  Бекмұханбет  Нұрмұханбетовтың  жайсаң  мінезі  мен  адами 
қасиеттерін  насихаттау  арқылы  өскелең  ұрпақтар  бойына  ұлы  тұлғаның 
бойындағы адамгершілігімен пен көркем мінез сіңіру.  
•Бекен  атаның  фотосуреттерінен  слайд  жасау  арқылы  өнегелі  өмірін 
көрсету арқылы тұлғаның бейнесін мәңгі жадында қалдыруға ықпал ету. 
Әдістері: сұрақ-жауаптар, слайд шоу, музейдің архив құжаттарына талдау 
жасау, белсенді парақшаларын толтыру.  
Сұрақтар: 
1. «Алтын адамды» алғаш рет қабірден ашып, қазып алған кім? 
2. Сіз Бекен ата туралы не білесіз?  
3. Бекен атаны алғаш көргенда алған әсерің қалай болды? 
Үйге тапсырма: Бекен ата туралы эссе жазу.  
4-сабақ.  Тақырыбы: Музей ЕСІКті ашады 
Мақсаты: 


92 
 
1)қорық-музейге  саяхат  жасай  отырып,  жасөспірімдерге  өзінің  тұрып 
жатқан өлкесінің тарихымен таныстыру, өз еліне деген құрметтін арттыру, отан 
сүйгіштікке баулу; 
2)өз  өлкеміз  –  «Есік»  қаласының  тарихымен,  мәдениетімен  таныстыру. 
Осы  қалада  мекен  еткен  ежелгі  Сақ  тайпаларының  мәдениеті  мен  тарихы 
жайлы ақпарат беру;  
3)«Есік» сөзінің мағынасына, шығу тарихына үңілу. 
Әдіс-тәсілдері: дәріс жүргізу, интерактивті ойындар өткізу, шығарма жазу. 
«Музей ЕСІКті ашады» тақырыбы жөнінде мәлімет беру. 
Әрбір  жанға  өзінің  отбасы,  туғантуыстары,  жолдастары  ыстық  болса, 
Отан  да  адам  баласына  солай  ыстық.  «Отан»  десе  адамның  жүрегі  езіліп, 
жүрекке  жылу  беріліп  тұрады.  Өз  отаныңды  сүю,  өзінің  тұрып  жатқан 
мекеніңді  құрметтеп,  оның  тарихын  білу  біз  үшін  міндет  екенін  ұмытпайық. 
Біздің мақсатымыз әр адам өз мекені жайлы біліп таныса, өз мекенінде тұрып 
жатқан  орны  мен  адамдарына  деген  құрмет  көрсете  алса,  бұлда  бір  жетістік 
емес пе! «Есік» сөзінің мағынасы өте кең. 
1-тапсырма. Астындағы «Есік» сөзі құрамдас мақалмәтелді аяқтаңыздар! 
1.Есік ашса – ..... көрінер. 
2...... көргенді алма, бесік көргенді ал. 
3........ кіріп төр менікі деме. 
4.Еріншекке .... те асу көрінер. 
5..... баққанша, нәсіп бақ 
6.Көңілмен ашқан есікті ...... жаппа. 
7.Әкесіз бала панасыз, 
Құлыпсыз ..... панасыз. 
2-тапсырма. 
Сурет  салу  тапсырмасы.  Түрлі-түсті  қарындаштардың  көмегімен 
әрқайсысымыз өз үйіміздегі есіктің суретін саламыз. 
5-сабақ. Тақырыбы: Экскурсовод мамандығының қыры мен сыры. 
Қазіргі таңда музей саласы адам құндылықтарын дамытушы орын ретінде 
қарастырылады. Музей – өткен уақытпен жүздесе отырып, бүгінгі өмірге тарих 
парасатымен  қарайтын  орын,  уақытша  немесе  науқандық  дүние  емес,  ол 
ғасырларға  есептеліп  салынатын  мәдени  орталық.  Музей  бұл  –  терең 
біліктілікке  жол  аша  отырып,  ұрпақ  бойына  ауқымды  білім  беретін,  жасына 
қарамай  адам  болмысын  оның  патриоттық  сезімін,  адамның  рухани  және 
мәдени 
құндылықтарын 
өткен 
тарихпен, 
шығармашылық 
өнермен 
байланыстыртын  бірден-бір  мәдени  орын.  Ендеше,  музей  экскурсоводтарына 
адамзаттың ешқашан өшпейтің, өлмейтін асыл қазынасын – материалдық және 
рухани  құндылықтарын  сақтау,  қорғау  және  көпшілікке  таныстыру  қызметі 
жүктелген.  Сондықтан  да,  музей  қызметкерлерінің  басты  негізгі  міндеттерін 
атқаруда  және  халық  аманатын  өтеуде  ар-намысына,  әдебіне  қойылатын 
талаптар  да  зор  екендігін  айта  кеткен  жөн.  Ал,  сіздер,  балалар,  болашақта 
мықты бір маман иесі боласыздар, сондықтан да қазірден бастап, сол таңдаған 
мамандыққа деген қызығушылығы мен пен бағытбағдарын қалыптастыру беру 


93 
 
керек, музей экскурсоводы деген ол музейдің айнасы, музейге келген қонақты 
бірінші  қарсы  алушы,  яғни  алғаш  көргеннен  бастап  адамға  әсер  қалдыратын 
қызметкер,  болғандықтан  экскурсовод  жанжақты  дайындалған,  білімі  терең, 
сыпайы,  жақсы  қарымқатынас  жасай  білетін  білікті  де  білімді  маман  болуы 
қажет. Мына сұрақтар негізінде жеке пікірлерін жаздырту: 
1.Экскурсовод деген кім? 
2.Сен болашақта кім болғың келеді? Неге? 
3.Музейде тағы қандай мамандықтар қызмет атқарады? 
4.Экскурсовод болу үшін тағы қандай қасиеттері болуы керек деп ойлайсың? 
6-сабақ.Тақырыбы: Жас археологтар. 
Археология ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы 
дамуының  заңдылықтары  мен  негізгі  кезеңдерін  зерттейтін  саласы.  Археолог 
болу  сабырлық  пен  шыдамдылықты,  ұқыптылық  пен  зеректікті  талап  ететін 
мамандық. Дегенмен қызығы мол, тарих қатпарларының сырын ашатын, құнды 
деректерді  табатын,  атабабамыздан  қалған  бағалы  жәдігерлерді  паш  ететін 
ғажап 
мамандық 
екенін 
өскелең 
ұрпақтың 
санасына 
сіңіріп, 
қызығушылықтарын оятуды мақсат тұтып, сабақты тәжірибе жүзінде өткізу.  
7-сабақ. Тақырыбы: Қорғандар сыр шертеді. 
Жоспары.  «Есік»  қорық-музейі  жүргізген  қазба  жұмысының  нәтижесіне 
арналады.  2015  жылы  жүргізілген  археологиялық  қазба  жұмыстарының 
нәтижесінде  Өрнек  ауылының  маңынан  малтастардан  қаланған  қорғандар 
табылды.  Бұл  қорғандар  ерте  темір  дәуірі,  шамамен  біздің  заманымыздан 
бұрынғы  V–IVғғ  мерзімделеді.  Өрнек  қорғандарының  ашылу  тарихына  келер 
болсақ:  2015  жылы  Өрнек  ауылының  тұрғынының  мәлімдеуінше,  өздеріне 
жақын  жердегі  қорғанда  қыш  бұйымдардың  сынықтары  жер  бетіне  шығып 
қалған.  Айтылған  нысанға  музей  қызметкері  археолог  Т.Тулегенов  келіп 
қорғанның таяу уақытта тоналғанын анықтайды. Себебі табылған қыш ыдыстар 
қаптың ішіне салынған екен. Ең өкініштісі автожол дәл қорғандардың үстінен 
жүргізілген.  Қазба  жұмыстары  кезіндегі  табылған  құнды  жәдігерлерді 
оқушыларға  баяндай  отырып,  сол  қазба  жұмыстары  жүргізілген  қорғандарға 
оқушыларды апарып өз көздерімен таныстыру. 
8-сабақ. Тақырыбы: Петроглиф дегеніміз не? 
Петроглиф – латынның «петро» – тас және гректің «глиф» – жазуы деген 
сөзінен  құралған  термин.  Яғни,  жартастағы  жазулар  немесе  жартас  суреттері 
деген ұғым.  
Петроглифтер  –  адамзат  тарихынан  мол  мағлумат  беретін  дерек 
көздерінің  бірі.  Қазақ  даласы  Евразия  континентіндегі  жартас  суреттері 
жиынтық  орындарының  көптігі  жөнінен  алдынғы  орындардың  бірінде  болса
,
 
Жетісу өңірі петроглифтердің негізгі шоғырланған аймағы. 
Жетісу  жеріндегі  петроглифтерді  алғашқылардың  бірі  болып  ХІХ 
ғасырдың екінші жартысында Ш.Уәлиханов, Н.Н. Пантусов сынды ғалымдар өз 
еңбектерінде  көрсетті.  Содан  кейінгі  кезеңдерде  зерттеу  объектісіне  айналған 
петроглифтерге Құлжабасы, Қарақыр, Баянжүрек, Ешкіөлмес және т.б. жатады. 


94 
 
Әрине,  бүгінде  әлі  де  болса  зерттеліп,  ғылыми  айналымға  енбеген 
петроглифтер саны аз емес. 
Бұл  сабақ  оқушылардың  мектеп  бағдарламасы  бойынша  тасқа  салынған 
таңбалар  жайында  алған  мағлуматтарын  пысықтауға  және  тереңдетуге 
бағытталған. 
Музей 
сабағы 
көрнекі 
материалдар, 
электронды 
таныстырылымдар,  бейнефильмдерді  пайдалану  арқылы  жүргізіледі.  Сонымен 
қатар,  «Есік»  қорық-музейінің  2017  жыл  «Жетісу  сақтарының  мифологиясы 
мен  идеологиясы»  –  ғылымиқолданбалы  жобасының  аясында  жаңа  ашылған 
петроглифтерге  тоқталып,  барлаузерттеу  жұмыстарының  қалай  жүзеге  асуы 
жайында  сөз  қозғалып,  жас  буынға  әдістәсілдері  көрсетілді  (фотофиксация, 
GPSкоординат, эстампаж).  
Петроглифтер  мифологиямен  тығыз  байланысты.  Мифологиялық  және 
идеологиялық  көзқарастардықайта  қалпына  келтіру  үшін  жартас  суреттерін 
дерекөз  ретінде  зерттеу,  олардың  мәнін  талдау  және  түсіндіру  арқылы  ашу, 
ежелгі  тұрғындардың  рухани  дүнетанымдық  құндылықтар  жүйесінің  жалпы 
даму  заңдылықтарын  анықтау  маңызды  болып  табылады.  Әр  дәуірдің 
петроглифтерінде  өзіндік  ерекшеліктері  бар.Сонымен  қатар,  сабақ  барысында 
тасқа  салынған  таңбалардың  Қазақстан  территориясының  қай  аймақтарында 
таралғаны,  мәнмағынасы  түсіндіріліп,  дүниетаным  мен  идеология  және 
мифологиямен  байланысын  және  тас  бетіндегі  суреттер  көркем  өнердің 
алғашқы таңғажайып нұсқалары ретіндеқарастыру.  
Петроглифтермен  интерактивті  ойындар  өткізу.  Петроглифтердегі 
сюжеттер бойынша әңгіме, ертегілер құрастыру.  
9-сабақ. Тақырыбы: Музей мен мектеп. 
Қорытынды сабақ. Музей мен мектеп арасындағы байланыс, топқа бөліп 
оқушыларды сұрақжауап ретінде өткізу. 
Мектеп  оқушыларының  музейден  алған  білімдерін  нәтижесін  тексеру, 
яғни топтқа бөліп сұрақ-жауап қою арқылы жарыстырып өткізу.  


95 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет