Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет50/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   115
Байланысты:
СРСП 1 оз, СРСП 1 оз
 
 


88 
 
 
Қосымша 2 
 
Музейлер модульдік жүйемен мектеппен бірігіп жоба да жасайды. Соның 
бірі  ретінде  «Есік»  мемлекеттік  тарихи-мәдени  қорық-музейінде  жүргізілетін  
бағдарламалық сабақтар ұсынамыз.  
Сабақтың  жалпы тақырыбы: Өткен өмір – бүгінгі ұрпаққа тарих. 
Мақсаты. 
 
–Оқушылардың  Отанға,  еліне,  жеріне  деген  сүйіспеншіліктерін 
қалыптастыру,  ата-бабаларымыздан  жеткен  мұраларды  дәріптеу  және 
насихаттау, мәнін ұғындыру. 
–Оқушыларға  музейді  толықтай  таныстырып,  музей  қызметкерлерінің 
атқаратын  жұмыстары,  олардың  алдына  қойылған  міндеттері  мен  мақсатын 
айтып түсіндіру және ісжүзінде көрсету. 
–Музей 
аумағындағы 
қорғандардың 
қорғалуы, 
тарихи-мәдени 
ескерткіштерді сақтау, қорғау, дәріптеу жұмыстары жайлы түсінік беру. 
Міндеттері: 

 
оқушылардың тарих пәнінен оқығандарын көзбен көрсетіп, қолмен  
ұстату,  тарихи  фактілер  мен  құбылыстарды  талдапқорыту,  тарихи 
оқиғалардың  мақсаты  мен  мәнін  анықтай  білу,  оның  маңызын  бағалай  білу 
дағдыларын қалыптастыру; 

 
оқушыларды  тарихи  оқиғалар  мен  мәдениеттің  ерекшеліктері  мен 
салаларын,  сондайақ  тарихи  оқиғаларға  салыстырмалы  талдау  жасауға 
дағдыландыру, мәдени мұраларға деген қызығушылықтарын қалыптастыру; 

 
оқушылардың  жас  ерекшелігін  ескере  отырып,  түрлі  дереккөздерінен 
қажетті  ақпараттарды  іздестіру  арқылы  өзіндік  жұмыспен  айналысуына 
мүмкіндік беру. 
Экскурсияның негізгі бағыттары: 

 
сақ, үйсін тайпаларының тарихы, мәдениеті және өмір сүрген жері, 
салт – дәстүр, нанымсенімдерімен таныстыру;  

 
сол ғасырдан жеткен құнды мұралар туралы мәлімет беру;  

 
«Алтын адам» жайлы нақты деректер мен зерттеулержөнінде мәліметтер 
беру;  

 
Қазақстан археологиясы жайлы құнды деректер айту арқылы бізге жеткен 
тарихымызды болашақ ұрпақтарға жеткізу болып табылады. 
Қолданылатын  әдістәсілдер:
 
экскурсия  және  дәріс  өткізу,  интерактивті 
ойын ұйымдастыру, қорғандарға бару және т.б. 
 
 
 


89 
 
 
Төмендегі кестеде музейде өткізілетін сабақтың тақырыптары ұсынылған  
11-кесте – Музейде өткізілетін сабақтардың тақырыптары 
№ 
Тақырыптың 
атауы 
Қатысушы 
саны 
Өткізілетін орны 
Уақыты 
Өткізетін 
маман 

Сақ 
үйсін 
мәдениетіне 
саяхат 
1020 
оқушы 
1 зал 
қыркүйек 
 

«Алтын  адам» 
тарихы 
1020 
оқушы 
2 зал 
қазан 
 

«Абыз ата»  
1020 
оқушы 
Б.Нұрмұханбетовтың 
мемориалды 
кабинеті 
қараша 
 

Музей  «Есікті» 
ашады  
1020 
оқушы 
3 зал 
желтоқсан 
 

Экскурсовод 
мамандығының 
қыры мен сыры 
1020 
оқушы 
4 зал 
қаңтар 
 

Жас 
археологтар 
1020 
оқушы 
фойе 
ақпан 
 

Қорғандар  сыр 
шертеді 
1020 
оқушы 
3 зал және қорғандар 
наурыз 
 

«Петроглифтер» 
1020 
оқушы 
қазақ үй 
сәуір 
 

Музей 
мен 
мектеп 
Қорытынды 
сабақ 
1020 
оқушы 
музейде 
мамыр 
 
1-сабақ.  Тақырыбы: Сақ-үйсін мәдениетіне саяхат 
Мақсаты: 
•мектеп  бағдарламасы  бойынша  Қазақстан  тарихында  өткен  сақ,  үйсін 
тайпалары  туралы  алған  білімдерін  музейде  толықтыру,  қосымша  мәліметтер 
мен  ақпарат  беру.  Сақ-үйсіндер  туралы  деректер,  мекен  еткен  жерлері, 
табылған  жерлері  және  олардан  жеткен  құнды  бұйымдары,  олардың  тұрмыс 
тіршілігімен  таныстыру.  Тарих  қойнауына  кеткен  рухани  және  заттай 
мәдениетіміздің негізінде білім беру; 
•сақ-үйсіндер  туралы  толық  мәлімет  беріп,  тарихтың  қаншалықты  керек 
екенін түсіндіру; 
•оқушылардың  патриоттық  сезімдерін  ояту,  тарихи  ескерткіштер  мен 
құнды мұраларды қорғау, сақтау, зерттеу болып табылады. 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: экскурсия, сұрақ-жауаптар, ойын, түсіндіру, 
әңгімелеу және т.б. 
Қолданылатын  ақпараттық  құралдар:  электронды  карта,  сенсорлық 
ақпараттық киоск, виртуалды музей, археологиялық карта және т.б. 


90 
 
Қош  келдіңіздер!  Балалар  біздің  музейдің  құрылу  тарихи  1969-1970 
жылдардағы  «Алтын  адамның»  табылу  тарихымен  тікелей  байланысты. 
Қазақстан аумағында ерте темір дәуірінде өмір сүрген, аты әлемге әйгілі елдің 
бірі  –  сақтар  болған.  Археологиялық  зерттеулер  мен  жазба  деректерге 
қарағанда б.з.б. VII–IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерлерін 
мекендеген.  Парсы  жазба  деректері  бойынша,  Орта  Азия  мен  Қазақстан 
териториясында  мекендейтін  көшпелі  тайпаларды  жалпы  «Сақтар»  деп  атаса, 
ал гректің атақты тарихшысы Геродот сақтарды «Азиялық скифтер»деп атаған. 
Дегенмен,  сақтар  өздерін  қалай  атағанынан  бейхабармыз.  Парсы  жазба 
деректері бойынша сақ негізгі 3 топқа бөлінген: 
1.Тиграхауда сақтары – шошақ бөрік кигендер. 
2.Хаомаварга сақтары – хаома сусынын дайындаушылар. 
3.Парадарайя сақтары – теңіздің аржағын мекендеушілер  
Ал  Геродот  өзінің  «Тарих»  кітабында  2  негізгі  топтарын  жазады: 
Сақортокарибант  және  сақамюргилер  деп  атады.  Археолог  Кемал  Ақышевтың 
болжамы  бойынша  Тиграхауда  сақтары  Ташкент,  Солтүстік  Қырғызстан, 
Оңтүстік Қазақстан, яғни Жетісу аймақтарын мекен еткен дейді. 
Археологиялық  электронды  картаны  түсіндіру.  Сақ-үйсін  тайпаларына 
толықтай тоқталу. 
Сақ-үйсін мәдениетіне саяхат, экскурсия соңында қойылатын сұрақтар: 
1.Сақ дегеніміз кім? 
2.Біздің заманымызға дейіңгі өмір сүрген кезеңдері? 
3.Ғалымдар сақтарды неше топқа бөлді? 
4.Сақтар қандай шаруашылықпен айналысты? 
5.Қандай егіншілік құралдарын пайдаланды? 
6.Сақтар қандай бас киім киген? 
2-сабақ.  Тақырыбы:  «Алтын  адамның»  ашылу  тарихы  және  оның 
Тәуелсіздік символына айналуы. 
Жоспары. «Алтын адам» жайлы толық ақпарат беру. 1969-1970 жылдары 
«Есік»  қаласында  жүргізілген  арнайы  археологиялық  экспедициясының 
нәтижесінде табылған сақ ханзадасы «Алтын адам». Ханзада толық киіндіріліп, 
қаружарақ  таққан  күйінде  жерленген.  «Алтын  адамның»  басына  биік 
былғарыдан  жасалған  тәж  кигізілген.  Бас  киім  150-ге  жуық  әшекей  заттармен 
безендірілген.  Биік,  шошақтау,  ұзындығы  70  см.  шамасындағы  бас  киімі 
тоғалардың орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі, 
жер асты әлемі. Арқардың алтын мүсіншесі бас киімнің ең ұшында орналасқан. 
Ол  таудың  мәңгілік  қармұз  басқан  шыңқұздарын  мекендеуші  жануар,  тәңірге 
бір  табан  жақын,  кіршіксіз  деп  есептелген.  Әсемдікті  көрсетіп  тұрған 
жанжағындағы төрт жебе, әлемнің төрт жағын бейнелейді. Олар сабы жіңішке 
алтын  лентамен  спираль  сияқтандырып  оралған  және  жоғары  жағы  жапырақ 
тәрізденіп,  ортасы  қуыс  болып  келген.  Сақ  тайпаларының  мифологиялық 
бейнелерінің бірі – жылқы болып есептелген. Бас киімде бірбіріне қараған екі 
жылқы бейнесі кездеседі. Ол кәдімгі мініс жануары, екі дүниені жалғастырушы 
жылқы деп санаған. 


91 
 
Бірінші  залдағы  «Алтын  адамды»  толықтай  сипаттап,  екінші  залдағы 
жәдігерлермен таныстыру. 
«Алтын адам» дәрісінің соңында қойылатын тестік сұрақтар: 
1.«Алтын адамның» бас киімінің ұзындығы? 
•90 см; •50 см; •65 см. 
2.«Алтын адамның» қасында тағы қандай заттар жерленген? 
•Жылқылар; •Ыдыс-аяқтар; •Кітаптар.  
3.Күміс тостағанның бетінде неше жазу болған? 
•32;•12; •26.  
4.«Алтын адамның» неше жаңғыртпасы бар? 
•4; •5, •3. 
5.Киімінде қанша алтын тоғалар болған? 
•8500; •4000, •3200. 
3-сабақ.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет