23
1)
Белсенді емес:
оқушылар оқыту материалын игеруші және өндіруші
болатын «объект», ал мұғалім білімнің қайнар көзі болып қызмет етеді. Негізгі
әдістер: дәріс, мәтінді оқу, сұрау.
Мысал:
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің
кепілі» тақырыбын мысал ретінде келтіреміз.
Мақсаты
: Әскери анттың мазмұнын зерттеп, оның әскери өмірдегі және
іс-әрекет кезіндегі маңызын түйсінуге көмектесу. Ант талаптарын орындауға
деген жауапкершілікті, әскери борышқа және Жауынгерлік Туға, айбындылық
пен даңқа деген адалдықты тәрбиелеу.
Оқу сұрақтары
: 1
1. Әскери ант. Әскери анттың маңызы.
2. Әскери антты қабылдау тәртібі.
2)
Белсенді:
оқушылар оқыту «субъектісі» болып табылып,
шығармашылық
тапсырмаларды орындайды, мұғаліммен диалог орнатады.
Негізгі әдістер: шығармашылық тапсырмалар, оқушының мұғалімге және
мұғалімнің оқушыға сұрақ қоюлары. Оқытудың белсенді әдістері – бұл
оқушының оқу материалын игеру процесіндегі белсенді ойлануы және іс
жүзінде орындау ұмтылдыратын процесс. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын
оқыту-үйрету материалдарын мазмұндауы, оларды есте сақтау және айтып беру
емес, оқушының белсенді ой еңбегі мен іс жүзіндегі
әрекеттер арқылы білім
мен біліктілік деңгейде өзіндік игеруі.
Оқытудың белсенді әдістері «оқытушы=оқушы» өзара әрекеті үлгісі
бойынша құрылады. Аталған ұстаным оқу процесіне оқытушы мен оқушы тең
жағдайда қатысуын болжайды. Яғни, оқушылар сабақты құру және қатысу
тұрғысынан оқушымен бір деңгейде.
Оқытудың белсенді әдістерінің белгілері мыналар:
•
ойлау қабілетін жандандыру, әр оқушы мәжбүрлі түрде белсенді болу
керек;
•
белсенділіктің ұзақ уақытқа созылады,
яғни оқушы оқу процесі
барысында эпизод түрінде емес, барлық уақытта белсенді болуы керек;
24
•
қойылған міндеттерді шешу жолдарын іздеу мен әзірлеуде дербестік
таныту;
•
оқуға деген ынталандыру.
Жалпы жіктеме жүйесіне сүйене отырып, оқытудың белсенді әдістерін екі
үлкен топқа бөлуге болады: дербес (жеке) және топтық, яғни оған мынадай
топтар жатады:
•
Дискуссиялық.
•
Ойын түріндегі.
•
Тренинг.
•
Рейтингтік.
Оқыту процесінде мұғалім белсенді әдістің біреуін немесе бірнешеуін
қолдануы мүмкін. Алайда сабақтың табыстылығы
олардың көптігінде емес,
оның жүйелілігі және таңдап алған әдіс пен міндеттердің арақатынасында.
Оқытудың белсенді әдістерінің ішінде ең көп таралған белсенді оқыту
әдістерін қарастырайық:
Достарыңызбен бөлісу: