Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет13/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   139
тұлғалық нәтижелер
қалыптасады: 
Оқушы көрсетуі керек

-
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен құқықтық 
тәртіптеріне құрмет; 
-
белсендік азаматтық ұстаным, жоғары деңгейдегі патриоттық сезім, өз 
Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға деген даярлық; 
-
туған және мемлекеттік тілді игеру, қазақ халқының және Қазақстан 
аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлт өкілдерінің тарихына, мәдениеті мен 
салт-дәстүріне деген құрмет; 
-
өзінің және өзгелердің қауіпсіздігіне сақтау дағдыларын; 
-
үлкендерге құрмет, кішілерге қамқорлық көрсету, басқа адамдарға деген 
мейірбандылық пен қайырымдылық таныту. 
Жүйелі іс-әрекеттік нәтижелер 
Оқушылар 
қолдана білулері керек

-
ғылым негіздері бойынша білім жүйесін және адамзат қоғамына 
дамытуға қажет ғылыми жетістіктер аясын қолдануды;
 
-
ғылыми ақпаратты талдай, өңдеу, жіктей білу және іс жүзінде 
қолдануды; 
-
таным, құрастыра білу және зерттеу әдістері, оларды шығармашылық 
тұрғыдан қолдануды; 
-
заманауи ақпараттық-коммуникативті технологияларды [8].
Қазір оқытудың белсенді емес, белсенді және интерактивті әдістері мен 
тәсілдері деген сөздер жиі қолданылады. 
«Оқыту әдісі» және «Оқыту тәсілі» терминдеріне арнайы әдебиеттерде 
түрлі анықтамалар берілген. Жалпы алғанда, бұл дегеніміз оқытушы мен 
оқушының өзара әрекеттері және соның нәтижесінде білім, біліктілік, дағдылар 
игеріледі. 
Олардың арасындағы айырмашылық мынау: тәсіл – бұл жеке бір, нақты 
ББД-мен (білім, біліктілік, дағды) жұмыс істеуді болжайтын қысқа мерзімді 
жол, ал әдіс – бірнеше кезеңнен және бірнеше тәсілден құралған ұзақ процес. 
Сонымен, оқыту тәсілдері – қандай да бір әдістің құрам бөлігі ғана болып 
табылады. 
Әдістер түрлі белгілері бойынша жіктеледі: 

оқу іс-әрекетінің сипаты бойынша: репродуктивті, мәселе туындатушы, 
зерттеуші, ізденуші, түсіндіруші-бейнелеуші, эвристикалық және т.с.с.; 

ұстаз бен оқушылардың белсенділік деңгейі бойынша: белсенді емес, 
белсенді және интерактивті; 

оқу материалының көзідер бойынша: сөздік, көрнекі, іс жүзіндегі; 

оқу-танымды іс-әрекеттерді ұйымдастыру тәсілдері бойынша: БДМ іс 
жүзінде қалыптастыру әдістері, жаңа білім алу әдістері, тексеру және бағалау 
әдістері. 


23 
1)
Белсенді емес:
оқушылар оқыту материалын игеруші және өндіруші 
болатын «объект», ал мұғалім білімнің қайнар көзі болып қызмет етеді. Негізгі 
әдістер: дәріс, мәтінді оқу, сұрау. 
Мысал:
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында 
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің 
кепілі» тақырыбын мысал ретінде келтіреміз. 
Мақсаты
: Әскери анттың мазмұнын зерттеп, оның әскери өмірдегі және 
іс-әрекет кезіндегі маңызын түйсінуге көмектесу. Ант талаптарын орындауға 
деген жауапкершілікті, әскери борышқа және Жауынгерлік Туға, айбындылық 
пен даңқа деген адалдықты тәрбиелеу. 
Оқу сұрақтары
: 1 
1. Әскери ант. Әскери анттың маңызы.
2. Әскери антты қабылдау тәртібі.
2)
Белсенді: 
оқушылар оқыту «субъектісі» болып табылып, 
шығармашылық тапсырмаларды орындайды, мұғаліммен диалог орнатады. 
Негізгі әдістер: шығармашылық тапсырмалар, оқушының мұғалімге және 
мұғалімнің оқушыға сұрақ қоюлары. Оқытудың белсенді әдістері – бұл 
оқушының оқу материалын игеру процесіндегі белсенді ойлануы және іс 
жүзінде орындау ұмтылдыратын процесс. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын 
оқыту-үйрету материалдарын мазмұндауы, оларды есте сақтау және айтып беру 
емес, оқушының белсенді ой еңбегі мен іс жүзіндегі әрекеттер арқылы білім 
мен біліктілік деңгейде өзіндік игеруі. 
Оқытудың белсенді әдістері «оқытушы=оқушы» өзара әрекеті үлгісі 
бойынша құрылады. Аталған ұстаным оқу процесіне оқытушы мен оқушы тең 
жағдайда қатысуын болжайды. Яғни, оқушылар сабақты құру және қатысу 
тұрғысынан оқушымен бір деңгейде. 
Оқытудың белсенді әдістерінің белгілері мыналар: 

ойлау қабілетін жандандыру, әр оқушы мәжбүрлі түрде белсенді болу 
керек; 

белсенділіктің ұзақ уақытқа созылады, яғни оқушы оқу процесі 
барысында эпизод түрінде емес, барлық уақытта белсенді болуы керек; 


24 

қойылған міндеттерді шешу жолдарын іздеу мен әзірлеуде дербестік 
таныту; 

оқуға деген ынталандыру. 
Жалпы жіктеме жүйесіне сүйене отырып, оқытудың белсенді әдістерін екі 
үлкен топқа бөлуге болады: дербес (жеке) және топтық, яғни оған мынадай 
топтар жатады: 

Дискуссиялық. 

Ойын түріндегі. 

Тренинг. 

Рейтингтік. 
Оқыту процесінде мұғалім белсенді әдістің біреуін немесе бірнешеуін 
қолдануы мүмкін. Алайда сабақтың табыстылығы олардың көптігінде емес
оның жүйелілігі және таңдап алған әдіс пен міндеттердің арақатынасында. 
Оқытудың белсенді әдістерінің ішінде ең көп таралған белсенді оқыту 
әдістерін қарастырайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет