Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования


  «Физика»  пәнін  оқытуды  ұйымдастырудың  формалары  мен



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата14.11.2019
өлшемі4,04 Mb.
#51754
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2  «Физика»  пәнін  оқытуды  ұйымдастырудың  формалары  мен 
әдістері 
 
Қазіргі  өркениеттің  ақпараттар  ағыны өсіп отырған  жағдайында  мектепте 
оқытудың  мақсаттары  мен  қызметі  елеулі  өзгеріске  ұшырады.  Осыған 
байланысты,  бүгінгі  қоғам  алдындағы  мақсат  –  өмірдің  барлық  саласында 
белсенді  шығармашылық  іс-әрекетке  қабілетті,  еркін  тұлға  тәрбиелеу.  Енді 
білім алушыдан аса көлемді ақпаратты игеру емес, оны нақты өмірде қолдана 
білу талап етіледі. Мектепте оқыту сапасы мәселесі қазіргі қоғам талаптарына 
да тығыз байланысты. 
Мектептегі білім беру жүйесі қоғамдық дамудың өзекті сұраныстарына сай 
болуы  үшін  білім  беру  мақсаты  қоғам  дамуының  әр  кезеңі  ескеріле  отырып, 
оның  білім  мазмұнына,  оқытудың  әдістеріне,  ұйымдастыру  формалары  мен 
құралдарына сәйкестігін анықтау арқылы үнемі нақтыланып отыруы қажет. Ал 
білім  беру  жүйесінің  маңызды  құраушысы  білім  мазмұны  әрі  оны  жаңарту 
процессінің  басты  мақсаты  білім  мазмұнын  жаңа  сапаға  көтеруге  және  оны 
жүзеге  асыруға  бағытталуы  тиіс.  Өйткені  жеке  пәндердің  нақты  мазмұнының 
тұлғаны  оқыту,  тәрбиелеу  мен  дамыту  мақсатына  сәйкестігін  айқындау  білім 
мазмұнының  дұрыс  таңдалып  алынуының  басты  шарты  болып  табылады. 
Солай  болған  жағдайда  ғана  педагогикалық  процесс  оқытудың  заманауи 
сұраныстарына сай мазмұнымен қамтамасыз етілмек. 
Мектепте  оқытылатын  физика  ғылымының  мазмұнын  беруге  қоғамның 
қоятын  талаптары  мен  оқытудың  қалыптасқан  жүйесiнiң  (оқу-тәрбие 
процессiнiң  мақсатын,  мазмұнын,  әдiстерiн,  құралдары  мен  ұйымдастыру 
формаларын қамтитын) арасындағы, яғни  

қоғамның  мектеп  бiтiрушiлерге  қоятын  талаптары  мен  олардың 
әрқайсысының  нақты  физика  ғылымындағы  бiлiм,  дүниетаным,  мәдениет, 
әлеуметтiк белсендiлiгi; 

жалпыға бiрдей орта бiлiм берудің мiндетi мен оқыту нәтижесiнiң сапасы 
жоғары болуын талап ету; 

мазмұнды  ғылымиландыру  талабы  мен  оның  түсiнiктiлiгiн  қамтамасыз 
ету; 

әлемнiң  бiртұтас  ғылыми  бейнесiн  қалыптастырудың  қажеттiгi  мен  оқу 
пәндерiнiң алшақтығы; 

әр  жастағы  білім  алушының  психологиялық-физиологиялық 
ерекшелiктерi  мен  берілетін  білім  мазмұнының  көлемi,  оқыту  мерзiмi,  ретi, 
күрделiлiк деңгейi арасындағы қарама-қайшылықтардың арта түскендiгi оқыту 
мен  тәрбиелеудiң  жаңартылған  «Физика»  пәнін  оқытуды  ұйымдастырудың 
формалары мен әдістерін қажет етеді. 
Физика  ғылымының  өзіндік  зерттеу  әдісі  болатыны  секілді  физиканы 
оқытудың  да  өз  әдісі  бар.
 
Сондықтан  негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің             
7-9-
сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік 
оқу  бағдарламасы  ғана  емес  оны  оқытудың  әдiстемелiк  жүйесiн  жаңарту  мен 
жетiлдiру,  яғни  мазмұнды,  оқу  процессін  ұйымдастырудың  әдiстерi  мен 
формаларын, білім алушылардың таным қызметiнiң сипатын, оларды оқу пәнiн 

34 
 
меңгерту  процессінде  тәрбиелеу  мен  дамытуды  жүйелеп,  қалыпқа  келтiретiн 
жүйесiн жасауға елеулi маңыз берiледi. 
Оқыту  әдістері  деп  мұғалім  мен  білім  алушының  өзара  бірлескен 
қызметіндегі оқу мақсатына жетуде қолданылатын іс-әрекет тәсілдерін айтады. 
«Оқыту  әдісі»  ұғымы  дидактикалық  мақсаттарға  сәйкес  оқыту  процессінде 
мұғалімнің  оқу  жұмысы  мен  білім  алушылардың  танымдық  іс-әрекетін 
байланыстыратын  оқу  іс-әрекетінің  міндеттерін  бейнелейді.  Демек,  оқыту 
әдістері  -  оқыту  міндеттерін,  яғни  дидактикалық  міндеттерді  шешуге 
бағытталған  мұғалім  мен  білім  алушылардың  біріккен  іс-әрекетінің  жолдары 
болып табылады [10].  
Оқыту әдістері – күрделі, көп жақты, көп салалы құбылыс. Оқыту әдістері 
арқылы объективтік заңдылықтар, мақсаттар, мазмұны, принциптері мен оқыту 
формалары  бейнеленеді.  Оқыту  әдістері  оқу-тәрбие  процессінде  үйретуші, 
дамытушы,  тәрбиелеуші,  ынталандырушы  (мотивациялық)  және  бақылаушы-
түзетуші кызметтерді атқарады [10]. 
Заманауи  педагогикалық  процесте  қолданылатын  әдістер  саны,  түрі 
орасан көп. Қазіргі күнде педагогикада әдістерді топтастырудың төрт жолы кең 
танылған. 
Әдістер әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі: 

оқу  іс-әрекетінің  сипаты  бойынша:  репродуктивтік,  проблемалық, 
зерттеу, ізденушілік, түсіндірме – көрнекілік, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) 
және тағы басқалар; 

педагог  пен  білім  алушының  белсенділік  деңгейіне  байланысты: 
пассивті, активті, интерактивті; 

оқу  материалының  көзі  бойынша:
 
сөз,  көрнекілік,  іс-әрекеттік 
(практика);  

оқу-танымдық  қызметті  ұйымдастыру  тәсілдері  бойынша:
 
іс-
тәжірибеде  білім,  білік,  дағдыларды  қалыптастыру  әдістері,  жаңа  білім  алу 
тексеру және бағалау әдістері [11]. 
Жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  оқыту  білім  алушының  белсенділік 
деңгейіне байланысты әдістерге кеңірек көңіл бөлінеді (10-кесте).  
 
10-
кесте – Білім алушының белсенділік деңгейіне байланысты әдіс түрлері 
 
Пассивті 
(енжар) 
әдіс 
Активті (белсенді) әдіс 
Интерактивті әдіс 

35 
 
Мұғалім  негізгі  әрекет  етуші 
және 
сабақ 
барысын 
басқарушы 
тұлға 
болып 
табылатын білім алушылар мен 
оқытушының  өзара  әрекеттесу 
формасы.  
Білім 
алушы 
оқытудың 
«объектісі»  рөлін  атқарады 
(тыңдау  және  көру)  яғни
 
білім 
алушылар 
тек 
пассивті 
тыңдаушы 
болады. 
Білім 
алушылар 
мен 
оқытушы 
арасындағы 
байланыс 
тек 
сұрау,  бақылау  және  өзіндік 
жұмыстар,  тестілер  арқылы 
жүзеге асырылады 
Білім  алушылар  мен  мұғалім 
сабақ 
барысында 
өзара 
әрекетте  болатын  және  білім 
алушылар 
тек 
пассивті 
тыңдаушылар  емес,  сабақтың 
белсенді 
қатысушылары 
болып 
табылатын 
өзара 
әрекеттесу  формасы.  Яғни 
білім 
алушы 
оқытудың 
«субектісі»  болып  шығады 
(өзіндік 
жұмыс, 
шығармашылық 
жұмыс, 
лабораториялық-практикалық 
жұмыс).  Мұнда  мұғалім  мен 
білім 
алушылардың 
құқықтары бірдей 
Білім 
алушылардың 
мұғаліммен  ғана  емес, 
бір-бірімен  кеңінен  өзара 
әрекеттесуіне  және  оқыту 
процессінде 
білім 
алушылардың 
белсенділігі 
нің 
басымдылығына 
бағытталады. 
Интерактивті 
сабақтардағы  мұғалімнің 
орны  білім  алушылардың 
іс-әрекетін 
сабақ 
мақсаттарына  жету  үшін 
бағыттаумен шектеледі.  
 
 
 
 
Оқытудың  активті  (белсенді)  түрі  –  оқыту  мен  шығармашылық  үшін 
дидактикалық  процесті  ұйымдастырудың  реттелген,  алгоритмделген, 
жоспарланып  қойылған  формасы  мен  әдісімен  танымдық  мотивтер  мен 
қызығушылықтарды туғызатын ізденушілік, зерттеушілік, нақты проблемалық 
талаптар қоятын дамытушы әдістерге аяқ басу болып табылады [11]. 
Белсенді оқыту әдістерінің артықшылықтары: 
біріншіден,  олар  өздері  белсенді,  өйткені,  негізінен  зияткерлік  және 
физикалық тұрғыдан ойындарға жатады; 
екіншіден,  олар  пассивті  монологты  білім  беру  процессіне 
қатысушылардың  барлығының  белсенді  ой  алмасумен  ауыстырады,  білім 
алушылар  мен  үйренушілерді  пассивті  тыңдаушылар  мен  «сөйлейтін» 
«ұйымшыл команданың жігерлі, ынталы, шығармашыл, талапты ойыншылары 
мен бапкерлеріне (ойнаушы-бапкерлер)» айналдырады;  
үшіншіден,  бұл  әдістерді  барлық  қол  жетімді  ауызша  және  жазбаша 
байланыс  түрлері  қолданады  да,  дәстүрлі  тәсіл  кезінде  қатысушылардың 
жасырын әлеуетін жандандырады; 
төртіншіден, бойымыздағы барлық ақыл-ойды қолдану нәтижесінде білім, 
білік,  дағдылар,  қасиеттер  мен  құндылықты  бағдарларды  меңгеру  процессі 
айтарлықтай жанданады. 
Әдістердің  белсенділігі  сонша,  олар  сабақ,  семинар,  тренинг 
тапсырмаларына  ғана  емес,  сонымен  қатар  релаксация,  үзіліс  және  тіпті 
мектептен  тыс  уақытқа  да  қатысты  болады.  Ең  қызығы,  үзіліс  кезіндегі 

36 
 
қатысушылардың  белсенділігі  практикалық  тапсырмалар  мен  жаттығуларды 
орындау барысына қарағанда жоғары болып жатады. 
Тиісінше  білім  алушылар  орындайтын  интерактивті  жаттығулар  мен 
тапсырмалар  интерактивті  сабақтардың  негізгі  құрамдас  бөліктері  болып 
табылады. Интерактивті жаттығулардың маңызды ерекшелігі –оларды орындай 
отырып,  білім  алушылар  бұрын  оқылған  материалды  бекітіп  сонымен  бірге 
жаңа материалды меңгереді. 
Интерактивті өзара әрекеттің басты белгілері: 
Плюрализм.  Бұл  –  қарастырылатын  кез-келген  проблемаға  қатысты 
педагогикалық  процесстің  әрбір  қатысушысының  жеке  көзқарасының  болу 
мүмкіндігі. 
Диалог.  Мұғалім  мен  білім  алушылар  арасындағы  қарым-қатынас 
диалогы олардың бірін-бірі тыңдау және есту, бір-біріне көңіл бөлу, проблемаға 
қатысты өз көзқарасын, міндетті шешуде өз жолын қалыптастыру іскерліктерін 
талап етеді. 
Ойлау іс-әрекеті. Ол мұғалім мен білім алушылардың белсенді ойлау іс-
әрекетін ұйымдастыруда жатыр. Мұғалім білім алушылардың санасына дайын 
білімді көшіруі емес, олардың дербес танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. 
Мағыналы  шығармашылық.  Бұл  –  білім  алушылар  мен  педагогтың 
зерттелетін  проблемаға  қатысты  өздері  үшін  жаңа  мағынаны  саналы  түрде 
қалыптастыру  процессі.  Бұл  –  өмір  құбылыстары  мен  заттарына  деген  жеке 
көзқарасын білдіру. 
Таңдау еркіндігі. 
Табыс жағдаятын қалыптастыру үшін басты шарттар – білім алушыларды 
оң және оңтайлы бағалау. 
Рефлексия.  Педагогикалық  процесске  қатысушылардың  өз  іс-әрекетін, 
өзара әрекеттесуін өзіндік талдауы, бағалауы.  
Сын  тұрғысынан  ойлау.  Сын  тұрғысынан ойлау  маңызды  дағды ретінде 
оқулықта берілген барлық тапсырмаларда байқалады. 
Кері байланыс ұсыну. 
Физика  пәндері  сабақтарында  көптеген  оқыту  әдістері  қолданылады: 
әңгіме, 
түсіндіру, 
дәріс, 
демонстрациялық 
тәжірибелер 
көрсету, 
лабораториялық  жұмыстар  өткізу,  оқу  кинофильмін  пайдалану,  табиғат 
құбылыстарын  бақылау,  есептер  шығару,  білім  алушылардың  білімін  тексеру, 
тест тапсырмалары арқылы тексеру. 
7-9-
сыныптарына  арналған  «Физика»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы 
үлгілік  оқу  бағдарламасының  негізгі  міндеті  білім  алушылардың 
функционалдық  сауаттылығын  дамыту.  Жаппай  оқыту  формасынан 
интерактивті,  инновациялық,  жобалық-зерттеу  технологиялары,  сандық 
инфрақұрылымды  қолдана  отырып,  әр  білім  алушының  жеке  білім  алу 
траекториясын жүзеге асыруға көшуді қамтамасыз ету қарастырылған. 
Қазіргі  заманғы  педагогика  интерактивті  тәсілдерге  өте  бай,  олардың 
ішінде  төменде  келтірілген  тәсілдерді  бөліп  алып  (11-кесте),  оларды  сабақта 
тиімді қолдануға болады.  
 

37 
 
11-
кесте – Оқытудың формалары 
 
Оқытудың формалары  
Оқыту  ойындары  (рөлдік  ойындар,  ым-ишара,  іскерлік  ойындар  және  білім  беру 
ойындары)  
Қоғамдық ресурстарды пайдалану (маманды шақыру, серуен-саяхаттар)  
Әлеуметтік жобалар және оқытудың сыныптан тыс басқа да әдістері (әлеуметтік жобалар, 
жарыстар,  радио  және  газеттер,  фильмдер,  қойылымдар,  көрмелер,  өлеңдер  мен 
ертегілер)  
Жаңа материалды зерделеу және бекіту (интерактивті дәріс, көрнекі құралдармен, бейне- 
және  аудио  материалдармен  жұмыс,  «білім  алушы  мұғалім  рөлінде»,  «әрқайсысы 
әрқайсысын оқытады», сұрақтарды пайдалану және тағы басқа)  
Күрделі  және  пікірлесу  сұрақтары  мен  мәселелерін  талқылау  («Өз  бағытыңды  ұстан 
(пікірлер  шкаласы)»,  «ҰТМС-формула»
1
 
(«ПОПС-формула»),  жобалық  техникалар, 
«Жалғыз – бірге – бәріміз бірлесе», «Бағытыңды ауыстыр», «Әткеншек», «Телевизиялық 
ток-шоу стиліндегі пікірталас», пікірсайыстар, симпозиум)  
Мәселелерді  шешу  («Шешімдер  ағашы»,  «Шытырман  талдау»  мыйға  шабуыл, 
«Келіссөздер және медиация». 
Кейс-стади әдісі  
Көрсетілімдер  
 
Презентация  –  мүдделі  аудиторияға  ақпарат,  өнім  не  қызметті  ұсыну. 
Белсенді  оқыту  әдістерін  қолдану  мәнмәтініндегі  презентация  технологиясы 
жобалық  шешімді  ұсыну  және  қорғау  формасы  болып  табылады.  Жаңа 
технология  ақпарат  жеткізу  дағдылары,  жұртшылық  алдында  сөйлеу,  сендіру 
техникасы, аудитория сұрақтарына жауап беру іскерлігін меңгеруге және қиын 
жағдайлардан шығуға көмектеседі. Қажетті талаптар: уақыт тәртібін қадағалау, 
материалдың мазмұндылығы, көрнекі ұсынылуы (таратылатын материал, Power 
Point 
презентациясы), сөйлеу стилі [12].  
Мысалы: Білім алушыларға сабақты қортындылау үшін ынталандырушы 
төмендегідей  сұрақтар  қойылады:  Жолдарда  апаттың  қалай  алдын  алады? 
Тежелу жолын қалай арттыруға және кемітуге болады?. Топта жұмыстарының 
қорытындысынан презентация  жасауды ұсыныңыз.  Сабақтың  алдында  «Біздің 
қаламыздағы  көлік  оқиғасының  статистикасы»  тақырыбы  бойынша  топта 
қысқаша  хабарламаға  презентация  жасауды  ұсыныңыз.  Сіз  қалай  ойлайсыз, 
жүргізушіге оқиға қауіпін мейлінше азайтатын қандай дағдылар қажет? Әртүрлі 
мысалдар  келтіріңіз.  Жол-көлік  оқиғаларының  басты  себебі  жүргізушінің  іс-
әрекеті  болып  табылады.  Көптеген  оқиғалар  жол  қозғалыс  ережелерін 
сақтамаудан  болатыны  мәлім.  Ол  жылдамдықты  асыру,  жол  белгілеріне 
қарамау,  бұрылыс  кезінде  жарық  арқылы  сигнал  бермеу,  автокөлікті  қоюға 
тыйым салынған жерге қою болуы мүмкін. Кей кезде көлік жүргізу қалыпты іс 
ретінде  қабылданып,  жүргізуші  босаңсып,  бұрылыс  көрсеткішін  қосуды, 
қауіпсіздік  белбеуін  тағуды  ұмытып  кетеді  немесе  жылдамдықты  асырып 
жібереді.  Көлікті  байқап  жүргізу  және  жол  қозғалысының  басқа 
қатысушыларына деген құрмет, жазатайым жағдайлардың санын азайтады.  
                                                           
 

38 
 
Білім алушылардың интерактивті белсенділігін одан сайын арттыру үшін 
үй  жұмысы  ретінде  жол  қауіпсіздігін  сақтау  туралы  алынған  білімді  және 
түйінді сөздерді қолдана отырып, төменгі сынып білім алушыларына арналған 
презентация жасауды ұсынуға болады. 
Кейс – білім алушылардың талдауы, шешуі және бағалауы үшін мұғалім 
арнайы  ұсынатын  өндірістік  не  экономикалық  жағдаят  түрі.  Кейс-стади–
өзбетінше  ойлау  қабілетін  және  шешім  қабылдау  дағдыларын  көрсетуге 
мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау [13]. 
Кейстер белгілі бір ерекшеліктерге ие: 
1.  Кейс  негізінде  әдетте  шынайы  не  мұғалім  арнайы  ұсынатын  нақты 
жағдаят  жатады,  оның  материалы  арнайы  зерттеулердің  нәтижелері, 
статистикалық есеп формалары және басқа да қосымша ақпаратпен бекітіледі. 
2.  Анық  білдірілген  сұрақтардың  болуы  кейске  тән  не  сай  емес;  кейсті 
талдау барысында ненің басты болып, бірінші кезекте талдауды талап ететіндігі 
әрқашан  айқын  емес;  басты  проблеманы  анықтау  кейсті  талдау  және  шешім 
табуда ең маңызды және қиын кезеңдердің бірі болып табылады. 
3.  Кейстің  анық  бір  шешімі  болмауы  мүмкін.  Кейс  негізінде  жататын 
нақты  жағдаят  оңтайлы  шешімге  қандай  да  бір  деңгейде  жақын  көптеген 
шешімдерді білдіруі мүмкін. 
4. Жалпы қабылданған мағынада шешім шығару мүмкін болмаған кезде 
проблеманы анықтау және ашу, оны талдау және қалыптасқан жағдайда әрекет 
жасау тәртібін анықтауды шешім ретінде санауға болады. 
Кейс-стади–әдісі бойынша қалыптасатын дағдылар: 
1.  Аналитикалық  дағдылар.  Оларға:  деректердің  мәліметтерден  айыру 
шеберлігі,  маңызды  және  маңызды  емес  ақпараттарды  айыра  білу,  талдау, 
елестету  және  оларға  қол  жеткізу,  жіберіп  алған  ақпаратарды  тауып,  оларды 
қалпына  келтіру  шеберлігі  және  тағы  басқаларды  жатқызуға  болады.  Нақты 
және  логикалық  ойлау  қабілеті.  Бұл  әсіресе,  ақпарат  сапасы  төмен  болған 
жағдайда өте маңызды. 
2.  Тәжірибелік  дағдылар.  Кейсте  көрсетілген  нақты  жағдайларымен 
салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, 
әдістер  мен  принциптерде  қолданылатын  тәжірибе  дағдыларын  жүйелеуге 
мүмкіндік береді. 
3.  Шығармашылық  дағдылар.  Ережеге  сай  жалғыз  Кейс-стади  әдісімен 
мәселе  шешілмейді.  Мұнда,  логикалық  жолмен  шешілмейтін,  альтернативті 
шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды. 
4. 
Коммуникативті  дағдылар.  Оған:  дискуссияны  жүргізу  шеберлігі, 
қатысушылардың  көзін  жеткізу.  Көрнекі  материалды  және  басқа  қажетті 
ақпараттар мен құралдарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, 
оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа нақты есеп даярлау.  
5.  Әлеуметтік  дағдылар.  Мұнда  мәселені  талқылау  барысында  Кейс-
стадиде нақты: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны 
қолдау немесе қарама-қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін-өзі ұстау және осы 
сынды әлеуметтік дағдылар қалыптасады. 
6.  Өзіндік  саралау.  Яғни,  пікірталас  кезінде  келіспеушілік  басқалардың 

39 
 
және  өзінің  пікірін  жете  түсінуге  және  талдауға  септігін  тигізеді.  Мұнда, 
туындаған  моральдық  және  этикалық  мәселелер  оларды  шешудің  әлеуметтік 
дағдыларын қалыптастыру талап етіледі. 
Кейс-стади  әдісінің  маңызды  ерекшелігі,  оның  басқа  әртүрлі  оқыту 
әдістерімен  тиімді  үйлесуі  болып  табылады.  Кестеде  кейспен  жұмысты 
ұйымдастыруда әртүрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері берілген. 
Сабақ  тиімді  өту  үшін  оқушымен  мен  білім  алушының  белсенділік 
деңгейіне байланысты әзірлеген 9-сыныптың физика пәнінің мұғалімі Дүйсебай 
Өмірәлінің (іс-тәжірибесінен алынған)  жұмыс жоспарын ұсынамыз. 
 
Сабақтың 
тақырыбы 
Қолданылатын әдіс 
тәсілдер 
7 модульді 
ықпалдастыру  
Модульдің қолданылуы 
Толқындық 
қозғалыс  
Топтық жұмыс, 
сұрақ – жауап,  
миға 
шабуыл, 
логикалық 
тізбек, 
синквейн әдісі 
АКТ, сын тұрғысынан 
ойлау, 
оқытудағы 
басқару, 
және 
көшбасшылық,  
Білім  алушыларға  топтық 
тапсырма  беру  арқылы 
ынтымақтастық 
атмосфераны 
қалыптастырады. 
Өз 
ойларын еркін жеткізеді 
Дыбыс. 
Дыбыс 
сипаттамала
ры 
Топқа  бөлу  әдісі,  Блум 
таксаномиясы, 
сын 
тұрғысынан 
ойлау 
әдісі,  өзін-өзі  реттеу, 
топтастыру 
стратегиясы,  сатылай 
кешенді талдау 
АКТ,  сын  тұрғыдан 
ойлау, 
оқытудағы 
басқару  және  көшбас 
шылық,  оқыту  үшін 
бағалау  және  оқуды 
бағалау 
Диалогтік 
сөйлесуге, 
топтық  тапсырмаға  білім 
алушыларды қатыстырады. 
Акустикалы
қ  резонанс. 
Дыбыстың 
шағылуы 
Кластер, 
топтық 
жұмыс, кубизм әдісі, 
6 қалпақ стратегиясы, 
ВЕНН диаграммасы,  
Джигсо  әдісі,  сатылай 
кешенді талдау 
Дарынды  бала  мен 
жұмыс,  оқыту  үшін 
бағалау  және  оқуды 
бағалау, 
сыни 
тұрғыдан ойлау 
Білім алушылар 
жұптық,  топтық  тапсырма 
арқылы  бір-бірін  сабаққа 
тартады, 
шығарманы 
талдауға үйренеді. 
Есептер 
шығару 
INSЕRT» стратегиясы, 
кубизм  әдісі,  ВЕНН 
диаграммасы, 
СКТ, 
миға  шабуыл,  кейс 
стади әдісі 
Сын 
тұрғысынан 
ойлауға үйрету 
Бір-бірін 
тындауға 
үйренеді, білім алушыларға 
жұптық,  топтық  тапсырма 
беру  арқылы  ойын  ортаға 
салуын қалыптастырады. 
Ультра 
дыбыс 
«INSЕRT» стратегиясы, 
кубизм әдісі, 
ВЕНН 
диаграммасы, 
СКТ,  миға  шабуыл, 
кейс стади әдісі 
Сын    тұрғысынан 
ойлауға үйрету.  АКТ.  
Дарынды  балаларды 
оқыту. 
Оқытудағы 
көшбасшылық 
Бір-бірін 
тындауға 
үйренеді, білім алушыларға 
жұптық,  топтық  тапсырма 
беру  арқылы  ойын  ортаға 
салуын қалыптастырады 
 
7-9-
сыныптарға  арналған  «Физика»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы 
үлгілік оқу бағдарламасы жүзеге асуы үшін төмендегідей  педагогикалық әдіс-
тәсілдерді қолдануды ұсынылады: 
Тұжырымдамалар  мен  қорытындыларды  эксперименталды  дәлелдеуді 
қарастыратын  зерттеу  дағдыларын  қалыптастыру  және  логикалық  ойлауды 
дамыту; 
Өздігінен  жұмыс  жасау  икемділігі  мен  өзгермелі  құбылыстарға 

40 
 
бейімделуге  үйрету,  атап  айтқанда  сыни  мәселелерді  шешу  мен  мәселелерді 
шешу үрдісінде жаңа ақпаратқа жауап беру және бейімделуге үйрету; 
Теориялық  модульдердің  жұмыстарын  түсінуді  жақсарту  үшін  ойындар 
мен модульдерді қолдану; 
Білім алушылардың өздерінің эксперименттерін жобалау мен жоспарлау 
арқылы физикадағы мәселелерді зерттеу; 
Физикадағы заманауи проблемалар туралы ақпаратты (әртүрлі көздерден 
алынған) таңдау және алынған ақпаратты бағалау мен қорытындыларын білім 
алушыларға ұсыну; 
Машина 
жүргізу, 
жылу 
техникасы, 
электртехникасы 
және 
радиотехникасы,  электроника,  прибор  жасау  сияқты  техникалық  ғылым  мен 
пәндердің қатарынан бірқатар мәліметтерді пайдалану; 
Жаратылыстану құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау. 
Білім  алушылар  тәжірибе  жұмыстары  арқылы  тұжырымдамалар  мен 
қорытындыларды  эксперименталды  дәлелдеуді  қарастыратын  зерттеу 
дағдыларын қалыптастырады және логикалық ойлауды дамытады. 
Физика  пәні–тәжірибелер  жасап,  соның  нәтижесіне  сүйеніп,  шешім 
қабылдайтын  ғылым,  сондықтан  шығармашылық  жаттығулар  мен 
тапсырмалардың  тиімді  түрлерінің  қатарына,  қандай  да  бір  құбылысты 
зерттеуге  арналған,  шығармашылық  лабораториялық  жұмыстар  жатады. 
Тәжірибелік  және  алдын  ала  болжанған  нәтижелердің  сәйкес  келуінің  өзі 
білімге ынтаны арттырады, ізденіске талпындырады. 
Оқыту  процесінде  лабораториялық  жұмыстарды  жасау  теория  мен 
практиканы  байланыстырушы  ретінде  қарастырылады.  Лабораториялық 
жұмыстарды  орындау  білім  алушылардың  эксперименттік  және  практикалық 
біліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруға  көмектеседі.  Сонымен  қатар,  білім 
алушылардың  танымдық  қабілеттерін,  әрі  белсенділігі  мен  өз  бетімен  жұмыс 
істеу  дағдысын  дамытады.  Алайда  кез  келген  лабораториялық  сабақты 
ұйымдастыруда  бұл  мақсаттар  орындала  бермейді.  Егер  білім  алушылар 
мұғалімнің  толық,  нақты  түсіндіруінен  кейін,  тек  көрсетілген  іс  -қимылдарды 
қайталайтын болса, оларда қарапайым біліктер мен дағдылар қалыптасады.  
Лабораториялық  сабақтардың  мақсаты  білім  алушылардың  теория 
жүзінде алған білімдерін практикада қолдана білу, кәсіби міндеттерді орындай 
алуларына  қажетті  әдістерді  таңдай  және  олардың  тиімділігі  мен  сапасын 
бағалай  білу,  қажетті  ақпараттарды  өз  беттерінше  іздей  білу  дағдысын 
қалыптастыру,  яғни  бір  сөзбен  айтқанда  білімді  шығармашыл  тұлға 
қалыптастыру болып табылады.  
Лабораториялық  жұмыстарды  орындау  барысында  білім  алушыларда 
әртүрлі  құрал-жабдықтармен  жұмыс  істей  білу,  сондай-ақ  зерттеушілік 
іскерліктері  (бақылау,  салыстыру,  талдау,  жалпылау,  тәуелділікті  тағайындау, 
қорытынды  жасау,  өз  беттерінше  зерттеу  жүргізе  білу,  нәтижелерді  рәсімдеу) 
қалыптасады. 
7-9-
сыныптарға  арналған  «Физика»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы 
үлгілік  оқу  бағдарламасында  білім  алушылардың  практикалық  іскерліктерін, 
шығармашылық  қабілеттерін  дамыту,  алған  теориялық  білімдерін  бекіту 

41 
 
мақсатында мәтіндік  және  эксперименттік  есептерді  шығару,  құбылыстар мен 
процестерді  компьютерлік  моделдеу  бойынша  практикалық  жұмыстар 
енгізілген. Бұл мектеп физика бағдарламасындағы өзгерістің бірі. 
Арнаулы 
құралдардың 
көмегімен 
физикалық 
процестерді 
демонстрациялап  көрсету  және  білім  алушылардың  өздерінің  жасап,  зерттеп, 
бақылауы  физикалық  оқу  эксперименті  деп  аталады.  Физикалық  оқу 
эксперименті  физиканы  оқытудағы  ең  негізгі  көрнекі  құрал  болып  табылады. 
Өйткені  оны  пайдаланудың  нәтижесінде  физикалық  ұғымдар  (жылдамдық, 
үдеу,  өріс,  жарық  дисперсиясы  және  тағы  басқалар.)  қалыптастырылады, 
құбылыстар  арасындағы  өзара  байланыстар  (күш  пен  масса,  ток  күші  мен 
кедергі, жылудың механикалық эквиваленті) тағайындалады, физикалық заңдар 
(Ньютон, Ом заңдары және тағы басқалар) тексеріледі. 
Мұғалімдер  физика  пәні  бойынша  өтілген  тақырыпқа  қатысты  мәтіндік 
және  эксперименттік  есептерді  орындау  бойынша  практикалық  жұмыстарды 
жүргізгенімен,  құбылыстар  мен  процестерді  компьютерлік  модельдеуге 
келгенде  қиналады.  Көбіне  құбылыстар  мен  процестерді  компьютерлік 
модельдеуге  байланысты  практикалық  жұмыстарды  өткізу  сабақтарын  есеп 
шығару  сабақтарымен  алмастырады.  Ал  бұл  физикалық  құбылыстар  мен 
процестердің мәнін терең түсінуге, теориялық материалды толық игеруіне кері 
әсерін тигізеді.  
Осы  мәселелерді  шешу  мақсатына  физика  бағдарламасында  көрсетілген 
практикалық  жұмыстар  бойынша  әсіресе  атомдық  және  ядролық  физикадан 
тренажер  тапсырмалар  мен  визуалды  техникалық  оқу  құралын  қолдануға 
болады.    Астана  қаласы  Білім  басқармасының  әдіскері  Нұртаева  Қанымай 
Өзбекбайқызының  «Фотоэффект  құбылысы»  бөлімшесіне  әзірлеген  сабағын 
ұсынып отырмыз. 
 
Сабақтың тақырыбы 
Мұғалімнің аты-жөні: 
Күні: 
9-
сынып 
Қатысқан білім алушылар саны:  Қатыспаған білім алушылар саны:  
Сабақ 
негізделген 
оқу 
мақсаттары 
9.6.1.3 - 
фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының 
техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру; 
9.6.1.4  - 
фотоэффект  үшін  Эйнштейн  формуласын  есептер  шығаруда 
қолдану 
Сабақ 
нәтижесі 
Білім  алушылардың  барлығы  мынаны  орындай  алады:  Фотоэффект 
құбылысының анықтамасы мен формуласын біледі. Сұраққа жауап береді. 
Білім  алушылардың  көбісі  мынаны  орындай  алады:  Фотоэффект 
құбылысына мысалдар келтіреді. Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз 
бетінше  жұмыс  жасайды.  Қосымша  үлестірме  ресурстармен    жұмыс 
жасайды.  
Білім алушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:  
Оқулықтан  тыс  берілген  қосымша  тапсырмалады  орындайды,  тақырып 
бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.  
Бағалау  
критерийі 
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.  
Тілдік 
құзіреттілік 
Фотоэффект - фотоэффект - photoelectric effect 
Эйнштейн формуласы - формула Эйнштейна - Einstein's formula 

42 
 
Фотоэффектінің  қызыл  шекарасы  -  красная  граница  фотоэффекта  -  red 
border of photoelectric effect 
Ресурстар 
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және АКТ, топтық 
тапсырмалар, кері байланыс, стикер. 
Әдістер 
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. 
Пәнаралық байланыс  Математика, қазақ тілі. 
Алдыңғы оқу  Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. 
Сабақтың жоспары 
Жоспарланған уақыт 
Сабақ барысы : 
Бағалау түрлері 
Баста 
луы 

минут 
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут 
Топтарға бөлу. «Қызыл – Жасыл - Сары» 
Үш түрлі түсті қағаздарды топ құрамындағы білім алушылар саны 
бойынша араластырып, білім алушыларға таратып беру керек. Сол 
арқылы топтарға бөлінеді. 
Психологиялық ахуал қалыптастыру:  1 минут 
Барлығын  ортаға  шеңбер  жасап  тұрғызып,»Шаттық  шеңбері» 
арқылы ынтымақтастық атмосфеарсын құрады. Білім алушылар бір 

біріне жақсы тілектерін айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. 
1-
топ:  
«Эйнштейн
» тобы 
2-
топ: 
«Планк» 
тобы 
3-
топ: 
«Столетов» 
тобы 
Жаңа 
білім 
10 
минут 
Білу және түсіну 
Білім  алушыларға  электр  тізбегінің  сұлбасын  ұсынып,  сұлба 
бойынша  электр  тізбегін  құарушыларды  атап  өтуін  сұрау.  Сұлба 
бойынша катодқа түскен сәуленің әсерінен электр тізбегінде қандай 
өзгеріс болғанын сұрау.  
 
Білім  алушылар  катодқа  түскен  жарықтың  әсерінен  электрондар 
ұшыпы шыққанын, амперметрдің тілшесі тоқ күшінің қандай да бір 
мәнін көрсететіндігін айтады.  
Сабақтың  тақырыбы  жарияланады.  Тақырыптан  кейін  білім 
алушылар  фотоэффектінің  анықтамасын  сұлбаға  қарап  өздері 
тұжырымдайды 
Білім алушыларға 
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-
fizika/zharyq-kvanty/lesson/fotoehffekt-foton-foton-ehnergiyasy
 
және 
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/zharyq-
kvanty/lesson/fotoehffekt-foton-foton-ehnergiyasy
 
сілтемелері  арқылы 
фотоэффект құбылысы туралы видео көрсетіледі.  
Оқулық, 
мәтіндер, 
суреттер. 

43 
 
 
Білім  алушылар  фотоэффект  құбылысы  үшін  Эйнштейн  теңдеуін 
және  электронның  шығу  жұмысының  формуласын  қорытады, 
талдайды 
Ортасы 
10 
минут 
Қолдану 
Деңгейлік есептер шығару 
1-
топтың тапсырмасы: 
Калий  үшін  электронның  шығу  жұмысы  1,92  эВ.  Калий  үшін 
фотоэффектінің қызыл шекарасы қандай?  
(с= 3*10
8
 
м/с, h= 6,62*10
-34
 
Дж*с, 1эВ=1,6*10
-19
Дж) 
2-
топтың тапсырмасы: 
Электрондардың  вольфрамнан  шығу  жұмысы  4,50  ЭВ. 
Фотоэлектрондардың  ең  үлкен  жылдамдығы  10
3
 
км/c  болу  үшін 
вольфрам бетіне түсірілетін жарықтың жиілігін тап. 
(1 эВ = 1,6*10
-19
 
Дж;  m=9,1*10
-
31кг;  
h=6,64*10
-34
 
Дж.с) 
3-
топтың тапсырмасы: 
Толқын  ұзындығы  450  нм  сәуле  әсерінен  цинкте  фотоэффект 
байқала ма? Цинктен электрондардың шығу жұмысын тап. 

ш
 
= 4,2 ЭВ;  h = 4,136 * 10
-14
ЭВ*с ) 
Жеке жұмысқа тапсырма. 
Тест. 
1. 
Фотоэффект дегеніміз не? 
A) 
Түскен жарықтың әсерінен заттан электрондардың ұшып шығу 
құбылысы. 
B) 
Түскен жарықтың әсерінен металдардан электрондардың ұшып 
шығу құбылысы 
C) 
Түскен жарықтың әсерінен сұйықтардан электрондардың ұшып 
шығу құбылысы 
D) 
жауаптардың бәрі дұрыс. 
2. 
Фотоэффектіні зерттеп, заңдарын тағайындаған ғалым  
A) 
1923 жылы Милликен. 
B) 
1887 жылы Герц. 
C) 
1905 жылы Столетов. 
D) 
жауаптардың дұрысы жоқ. 
3. 
Фотоэффектінің заңдарының маңызы неде? 
A) 
фотоэффект процесіндегі энергияның сақталу заңы 
B) 
фотоэффект процесіндегі электрондардың  қозғалысын түсіндіру 
болып табылады 
C) 
фотоэффект  процесіндегі  жарық  кванттарының  энергиясы 
мөлшерінің шектеулілігін көрсетеді 
D) 
фотоэффект  процесіндегі  энергияның  қалай  бөлінетіндігін 
дәлелдеп түсіндіретін заң. 
Оқулық 
қабырғаға 
ілінген 
ватмандар, 
түрлі-түсті 
маркерлер 

44 
 
5. 
Фотоэффектінің «қызыл шекарасы» дегеніміз не? 
A) 
жарық түссе де фотоэффект болмайтын толқын ұзындығы 
B) 
жарықтың әсерінен электрондардың ұшып шығатын жиілігі 
C) 
фотоэффект туғыза алатын ең аз жиілік шамасы 
D) 
жауаптардың бәрі дұрыс. 
6. 
«
Қанығу тогы» қай кезде пайда болады? 
A) 
1  секундта катодтан ұшып шыққан электрондардың қозғалысы 
туғызатын ток 
B) 
түскен жарықтың әсерінен катодтан ұшып шыққан электрондар 
санын анықтайтын ток. 
C) 
катодқа  түсетін  жарық  интенсивтілігінің  берілген  мәнінде 
фототоктың өсуі 
D) 
жауаптардың дұрысы жоқ. 
7. 
Сыртқы фотоэффектінің маңызы неде? 
A) 
автоматты ойындар үшін қолданылады 
B) 
фотоэлементтерде қолданылады 
C) 
өдірісте,  әртүрлі  технологиялық  процестерде,  фоторелелерде  - 
әскери істерде қондырғыларды автоматты түрде ағытып, іске қосып 
отыруға қолданылады 
D) 
жауаптардың бәрі дұрыс 
8. 
Фотон деп нені айтамыз? 
A) 
Әрбір  жарық  кванты  бір  бөлшек  болып  табылады,  оны  фотон 
деп атаймыз. 
B) 
бір  порция  энергияcы  hv-ға  тең  элементар  бөлшек,  оны  фотон 
деп атаймыз. 
C) 
жарықтың бөлшектік қасиетін дәлелдейтін бір квант - фотон деп 
аталады 
D) 
жауаптардың бәрі дұрыс. 
3. 
Фотоэффектінің І заңы қалай тұжырымдалады? 
A) 
әр  металл  үшін  фотоэффектінің  қызыл  шекарасы,  яғни  одан 
төменгі жиілікте фотоэффект байқалмайтын ең аз жиілік бар - vmin. 
B) 
қанығу  фототок  күші  түскен  жарықтың  интенсивтілігіне 
пропорционал өседі, бірақ жарықтың жиілігіне тәуелді емес. 
C) 
фотоэлектрондардың  максимал  жылдамдығы  түскен  жарықтың 
интенсивтілігіне тәуелді емес, ол тек жарықтың жиілігіне тәуелді. 
D)
жауаптардың бәрі дұрыс. 
Жұптық жұмысқа тапсырма. 
№ 2 жұптық тапсырма. 
 

45 
 
 
Талдау 
Білім  алушылар  «Фотоэффектінің  қолданылуы»  тақырыбында 
планшеттерді пайдаланып, қызықты мәліметтермен бөліседі.  
 
Сергіту сәті 
2 минут 
Әнге би билеп, сергіту жаттығуларын орындау. 
видеожазба 
Аяқталуы  
Сабақты бекіту 
10 минут 
БББ кестесі 
Білгенім 
Білдім 
Білгім келеді 
 
 
 
 
 
«БББ» 
кестесі 
Бағалау  
5 минут 
 
Кері 
байла 
ныс 
3 минут 
Бағалау.  
Әр топ келесі топты бағалайды.  
Кері байланыс 
«Екі  жұлдыз,  бір  тілек»  әдісі  арқылы  білім  алушылар  алған 
білімдері  мен  сабақтан  алған  әсерлерін  сәйкес  түстерге 
байланысты  қызыл, сары және жасыл стикерлерге жазып, ағашқа 
жабыстырады. 
 
 
Сабақтан 
алған 
әсерлерін 
стикерге 
жазып, 
табыс 
ағашына 
жабыстыра
ды. 
Қосымша ақпарат 
Саралау – Сіз қосымша 
көмек көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары 
білім алушыларға тапсырманы 
күрделендіруді қалай 
жоспарлайсыз? 
Бағалау 

Білім 
алушылардың 
үйренгенін тексеруді 
қалай жоспарлайсыз? 
Пәнаралық байланыс 
Қауіпсіздік және еңбекті 
қорғау ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? 
Бүгін білім алушылар не білді? 
Сыныптағы ахуал қандай болды? 
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? 
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер енгіздім және неліктен? 
Төмендегі  бос  ұяшыққа 
сабақ  туралы  өз  пікіріңізді 
жазыңыз. 
Сол  ұяшықтағы  Сіздің 
сабағыңыздың  тақырыбына 
сәйкес 
келетін  сұрақтарға  жауап 
беріңіз. 

46 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1: 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1: 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  білім  алушылар  туралы  менің  келесі 
сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
 
Атомдық  және  ядролық  физикадан  лабораториялық  және  практикалық 
сабақтарды  ұйымдастыру  физикалық  құбылыстардың  мәнін  түсінуге,  білім 
алушылардың  эксперименттік  біліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруға 
көмектеседі.  Лабораториялық  жұмыстарды  орындауға  қажетті  құрал-
жабдықтар  болмаған  жағдайда  оларды  көрсетілімдермен  немесе  электрондық 
нұсқалармен алмастыруға болады.  
Лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған сабақты оның мақсаты 
мен  мазмұнына  байланысты  әртүрлі  етіп  құруға  болады.  Қазіргі  уақытта 
лабораториялық жұмыстарды орындауға байланысты сабақтарды өткізудің кең 
тараған  схемасын  ұсынуға  болады:  кіріспе  әңгіме,  экспериментті  білім 
алушылардың  орындауы  және  өлшеу  нәтижелерін  дұрыстау,  жұмыстың 
қорытындысын шығару. 
Практикалық жұмыстардың негізгі мақсаты білім алушыларға теориялық 
білімді терең меңгеріп, эксперимент жасау дағдыларын дамыту.  
Практикалық  жұмыстарды  жүйелі  түрде  орындау  –  анализ,  синтез, 
салыстыру,  жалпылау,  оқытудағы  теория  мен  практиканың  байланысы,  білім 
алушылардың  дербестілігі  мен  танымдық  күшінің  дамуы  сияқты  ойлау 
амалдарын меңгерудің маңызды құралы. Осы  сабақтарда білімді бекітуге және 
нақтылауға  себепші  болады.  Мазмұны мен  тәсілдері оқу  пәнінің  ерекшелігіне 
байланысты  өткізіледі.  Осы  әдіс  білім  алушылардың  әртүрлі  іс-әрекеттерінде 
қолданылады.  
Алматы  қаласы  №172  мектеп-гимназиясының  мұғалімі  Джакупова 
Жәмиля Орынбасарқызының күнделікті сабақ жоспарын ұсынамыз. 8-сынып. 
 
Сабақтың тақырыбы:  
Практикалық  жұмыс:  Электр  тогын 
есептеу 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Күні: 
Сынып  Қатысқан білім алушылар саны: 
Қатыспаған білім алушылар саны:   
Сабақ 
негіздел 
ген  
оқу  
мақсат 
тары 
8.1 
Электр  тізбегі  және  оның  құрамды  бөліктерін  білу  және  оның  әртүрлі 
бөліктеріндегі ток күшін анықтай білу; 
8.2 
Өткізгіштерді  тізбектей  және  параллель  жалғаудың  ерекшеліктерін  түсіну 
және жалғай білу; 
8.3 
Электр тогының қуаты мен жұмысын есептей білу; 
8.4 
Оларға үй-тұрмыс жағдайынан мысалдар келтіру; 
8.5 
Үйдегі энергия мөлшері мен құнын есептей білу; 
8.6 
Электр тізбегіне есептер шығара білу 
Сабақ 
мақса 
ты 
Білім  алушылардың  барлығы  мынаны  орындай  алады:  Электр  құралдарының 
шартты  белгісін  таниды  және  не  үшін  қолданылатынын  біледі.  Сызбасына 
қарап    қарапайым  тізбекті  құрай  алады.  Амперметр  мен  вольтметрдің 
көрсеткіштерін  жазады  және  Ом  заңын  қолданып  тізбектің  жалпы  кедергісін 

47 
 
анықтай  алады.  Формулаларды  жатқа  біледі  және  есеп  шығаруда  қолдана 
алады. Ток күші, кернеу, кедергі, токтың қуатымен жұмысын есептей алады.  
Білім  алушылардың  көбісі  мынаны  орындай  алады:  Топтық  жұмысты  бірлесе 
орындайды.Өз  бетінше  жұмыс  жасайды.  Амперметр  мен  вольтметрді  дұрыс 
жалғайды. Суреттерден өткізгіштердің параллель немесе тізбектей жалғанғанын 
ажырата алады. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.  
Білім алушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:  
Оқулықтан  тыс  берілген  қосымша  тапсырмаларды  орындайды,  тақырып 
бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Күрделі тізбектерді 
құрастырады. Формулаларды түрлендіріп,  есеп шығара алады. 
Құндылықтар 
ды дарыту 
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу 
Бағала
у  
крите 
рийі 
Электр құралдарымен жұмыс істей алады; 
Тізбек құрайды; 
Формулаларды жатқа біледі және есеп шығаруда дұрыс қолдана алады; 
Үй-тұрмыс жағдайында электр тізбегінің жалғану ерекшеліктерін түсінеді және 
мысалдар келтіре алады; 
Үй-тұрмыс жағдайында энергия мөлшері мен құнын есептей алады. 
Тілдік 
құзірет 
Электр құралдары, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, тізбек бөлігі 
үшін Ом заңы, токтың жұмысы мен қуаты, тариф. 
Ресурс 
тар 
Оқулық,  суреттер,  топқа  бөлуге  арналған  кеспе  қағаздар  және  лабораториялық 
жұмысқа арналған құралдар, топтық тапсырмалар, кері байланыс құралы, слайд, 
bilimland.kz 
материалдары. 
Әдісте
р 
Жеке, жұптық, топтық тапсырмалар,сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, тәжірибе 
жасау,  сергіту, топқа бөлу, зерттеу. 
Пәнаралық байланыс 
Математика, қазақ тілі.  
Алдың
ғы оқу 
Қыздыру шамдары. Электрқыздырғыш құралдар. Қысқа тұйықталу. Балқымалы 
сақтандырғыштар. 
Сабақтың жоспары 
Жоспарланған 
уақыт 
Сабақ барысы 
ресурстар 
Ұйымда
стыру 
Баста 
луы 
3-4  
минут 
Сәлемдесу. Сынып реттілігін қадағалау.  
Білім алушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.   
Топқа  бөлу  :  «Электр  құралдары»  топқа  бөлінеді. 
 
Психологиялық  ахуал  қалыптастыру:  Топтар  қол  ұстасып 
тізбек құрады.  
Мұғалім: Жарықты қалай күшейтуге болады? 
Білім алушылар жауабы: - 
Мұғалім:  Олай  болса  бізде  бірлесе  жұмыс  жасап,    энергияны 
үнемдеу жолдарын жақсылап меңгеріп, еліміздің экономикасын  
котеруге  ат салысайық! 
Топтарға бағалау парақшасын таратылады. 
1-
топ: 
«Ампер» 
тобы 
2-
топ: 
«Вольта» 
тобы 
3-
топ: 
«Ом» тобы 
4-
топ: 
«Реостат» 
тобы 
 
Бағалау 
парақшасы. 

48 
 
То
пт
ы
ң 
ат
ы
 
Үй
 т
ап
сы
рм
асы
 
 
№1
 
тап
сы
рм
а 
 
«сем
ан
ти
ка
лы
қ 
кар
та»
 
№2
 т
ап
сы
рм
а 
 «
ті
зб
ек
-
эст
аф
ет
асы
» 
№3
 
тап
сы
рм
а 
 
«Кі
м
жы
лд
ам

« 
(есеп
 ш
ы
ға
у)
 
№4
 
тап
сы
ма 
 
«Т
із
бе
к 
құра
у»
 
№5
 
тап
сы
рм
а 
Э
кс
пе
рим
ен
тт
ік
 
есеп
 
(R
ж

ж
ал
пы
 
кед
ер
гі
і 
есеп
теу

№6
 
тап
сы
рм
а 
«С
уре
тп
ен
 ж
ұмы
с»
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
То
пт
ы
ң 
ж
ал
пы
 ұ
па
йы
 
Ы
ст
ы
қ о
рын
дық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Үй 
тапсырм
асын 
сұрау-
тақта 
мен 
жұмыс. 
(
білу)  
(3 
минут) 
Критерийі:  
критерийі 
дескрипторы 
қалыптастырушы 
баға: (ұпаймен) 
Тұрмыста 
қолданылып 
жүрген  электр 
аспаптарының 
энерги  
мөлшері 
мен 
құнын  есеп ей 
білу. 
Үй-тұрмыс 
техникасының 
энергия  мөлшері  мен  құнын 
есептей біледі. 

Үй-тұрмыс 
техникасының 
энергия  мөлшерін  есептейді, 
құнын  есептейді,  біра   аздаған 
қателіктер жібереді 

Үй-тұрмыс 
техникасының 
энергия  мөлшерін  есептейді, 
құнын есептей алмайды  

 
Тақта, бор 
(
білім 
алушылар  үй 
тапсырмасын 
тақтада 
орындап 
көрсетеді) 
2-
бөлім 
(қолдану

талдау) 
18 
минут 
 
Топтық 
жұмыс 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
№2 Тапсырма « тізбек -эстафета» 
Тізбек  бойынша  бойынша  анықталған  физикалық  шама  келесі 
есептің бастамасы болады. Барлығы 5 есеп.  
критерийі 
Дескрипторы:  
 
Қалыптастырушы 
баға: (ұпаймен) 
Формуласын 
жазу; 
Мәнін есептеу; 
Орнына  дұрыс 
қою. 
Критерий толық орындалды 
Критерий 
жартылай 
орындалды 
Мүлде орындалмады 

 

 

 
№3 тапсырма  «Тізбек құру» (Топтан екі білім алушы құрады). 
критерийі 
Дескрипторы:  
 
Қалыптастырушы 
баға: (ұпаймен) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет