35
2.
«Тіл және әдебиет» білім саласының оқу бағдарламалары бойынша
балаларды үйде оқыту ерекшеліктері
Түсінік хат
Білім беру іс-әрекетінің негізгі бағыттары:
1) балалардың денсаулығын қорғауға қолдау жасау;
2) білім алушылардың салауатты өмір салтының негізін жасау;
3) білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктерін
ескере отырып
жалпы білім беруді қамтамасыз ету ;
4)оқушылардың біліктілігін көтеру.
Білім беру бағдарламасында баланың жеке басы бойынша мақсатты
бағыттар:
1) балаға әлеуметтік-педагогикалық қиындықтарды жеңуге көмек беру;
2) дамуы мен тәртібінде орын алған ауытқушылықты түзету;
3) баланың жеке басының оң адамгершілік бастамаларына қолдау жасау;
4) ұжымда сыныптастарымен әлеуметтік және ұжымдық қарым-
қатынасқа бейімдеу;
5)әлеуметтік сауықтыру, ортамен қарым-қатынасын орнату.
Баланың дамуы және жеке тұлға болып қалыптасуы үлкендермен қарым-
қатынаста ғана емес негізгі іс-әрекет процесі білім алу барысында
қалыптасады. Балаға арнайы жасалған
жағдайда оның дамуына зор
мүмкіндіктер туады.
Оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы
түзете-дамыту қағидатына сәйкес құрылған сабақ болып табылады. Сабақтың
дәстүрлі емес формалары кең қолданылады: рольдік ойындар, кестемен жұмыс,
дидактикалық ойындар және өзіндік пәндік-практикалық жұмыстар,
тапсырмалар т.б.
Түзету-дамыту жұмыстарын табысты жүзеге асыру үшін:
1.
Әр баланың жүрегіне
оптимистік болжам бойынша жол таба білу
(балаға сенім арту): Әр балаға барлығын да үйретуге болады. Әрине, ол үшін
белгілі бір уақыт және мұғалім тарапынан да оқушы тарапынан да күш-жігер
қажет, бірақ педагог әр оқушының нәтижеге жету мүмкіндігіне еш күмән
келтірмеуі қажет.
2.Оң нәтижеге
«табыстан табысқа»
жолы арқылы жетуге болады. Бала
өзінің табысын үнемі сезініп отыруы үлкен табыс болып саналады. Бұл
баланың мүмкіндік деңгейіне қарай мұғалім ұсынатын тапсырмалар сәйкес
келгенде ғана болады. Білім алу процесінде осыны ескерген мұғалім олардың
табысты болуына мүмкіндік жасай алады. Оқушы жұмысын бағалау барысында
тағы да бір ескеретін жайт баланың қолы жеткен жұмысына назар аударып ,
содан кейін жұмысты нақты жетілдіру жағына ұсыныстар беру керек.
3.Сабақта
тілектестік қарым-қатынас ортасын құру.
Оң эмоционалдық
жағдайда ғана даму болатыны психологтермен дәлелденген. Бала өз күшіне
сенсе және мұғалімнің сөзіндегі оған деген сенімділік жылдам табысқа
жеткізеді.
Педагог баланың
әрбір берген дұрыс жауабын, шамалы табыстарын
мақтауға сараң болмауы қажет.
36
4.
Әр оқушының жұмыс жасау қарқыны оның жеке мүмкіндігіне
байланысты болады
.
Егер оқушы үнемі «тез, жылдам, сен тағы соңында
қалдың» деген сөздерді ести берсе оқушы жұмысты одан сайын жай жасайды
немесе жылдам жасаймын деп сапасыз жасайтын болады. Бәрінен дұрысы "аз
болса да жақсы болсын» ұстанымды іске асыру.
6.Әр оқушының алға жылуын қадағалап отыру қажет. Қазіргі уақытта қай
«нүктеде» тұр, болашақтағы дамуы қалай болады соны білу қажет. Ол үшін
мұғалім оқушының нені өз бетімен, нені мұғалімнің
көмегімен орындай
алатынын нақты білуі қажет.
7.Білім беруде диагностикалау процесінде шығарылған оқушы дамуының
«мықты» жағына сүйеніп отыру қажет.
Жалпы білім беретін бейімделген бағдарлама бойынша денсаулығына
байланысты
уақытша
немесе
үнемі
білім беру ұйымдарына бара алмайтын
білім алушыларды үйде оқыту ерекшеліктеріне арналған оқу бағдарламасы
анықтайды:
1) оқу бағдарламасында 5-11 сыныптардағы апталық саны 5-сыныпта – 32
сағат, 6-сыныпта – 33 сағат, 7-сыныпта – 34 сағат, 8-сыныпта – 36 сағат, 9-
сыныпта – 38 сағат, 10-сыныпта – 39 сағат, 11-сыныпта – 39 сағат көлеміндегі
сағат есебіне сәйкес саралап оқыту қағидатына орай оқу жүктемесін қайтадан
бөліп, оқу бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді (5-кесте):
5-
кесте
Сынып
Сағат саны
5 -
сынып
16
6 -
сынып
16,5
7 -
сынып
17
8 -
сынып
18
9 -
сынып
19
2) үйде оқыту барысында мемлекеттік стандартты орындау үшін
жекелеген
модульдерді, оқу бағдарламасының бөлімдері мен тақырыптарын
оқуға бөлінген сағат сандарын азайтып, мектептің мүмкіндігіне қарай ,
мақсатты түрде білім алушының жеке психофизикалық ерекшеліктері,
білім
алуға деген сұраныстары мен медициналық көрсеткіштері және дайындық
деңгейлері ескеріле отырып білім ұйымдары өздері бекіткен оқу курстары
әзірленеді;.
-
әрбір оқу пәнінің мазмұнын іске асыру мен оған бөлінген оқу
уақытының көлемі қолданыстағы білім
мазмұны бойынша жасалған
бағдарламаға сәйкес анықталады;
-
оқу пәндері көлемі қысқарған, оқуға бейімделген қолданыстағы,
қолданыстағы бағдарламаларға сәйкес оқытылады;
-
оқу материалын қысқарту оқу пәнінің бағдарламасымен тәртіптеледі;
-
оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында бірізділік жүйесі,
сабақтастық принципі сақталып жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: