Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет11/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

балалардың өзін-өзі басқаруын дамыту арқылы құрылуы мүмкін. 
Дәл осындай 
жағдайда, балалар өз қызметінің мазмұнын өздері анықтайтын өздері өз 
қызметін жоспарлайтын, шешім қабылдап, оны жүзеге асыратын кезде, 
олардың мүмкіншіліктерін ашуға, бар әлеуетін дамытуға жағдай жасалады. 
Өзін-өзі басқару түрлі әлеуметке пайдалы және шығармашыл істерді 
ұйымдастыру арқылы балалардың өз орнын табудағы қажеттіліктерін 
біріктіреді.
Балалар ұйымында өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру көп жағдайда 
балалардың қоғамға пайдалы қызметін ұйымдастыру амалына тәуелді [15]. 
Балалар ұйымы мүшелерінің өмір-тіршілігін ұйымдастыру амалы мен оның 
нәтижесіне қанағаттану арасында тікелей байланыс пен тәуелділік бар. Ол 
орынды да, сондықтан өз орнын табу нәтижесі мен оның іске асырылатын 
қызмет түрін ұйымдастыру амалына да тәуелділік туралы сөз көтеруге болады. 
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, балалардың қызметі неғұрлым жақсы 
ұйымдастырылса, соғұрлым оның тиімділігі артып, олардың өз орнын табу 
мүмкіншілігі де өседі. 
Ақпараттық-құқықтық дамыту
– 
қоғамдық бірлестік өмір-тіршілігін 
қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі. 
Нақты бағыт бойынша мектеп оқушыларын журналистика негіздеріне, 
журналистика теориясына, жанрлардың теориясына, редакторлау негіздеріне, 
балалар ұйымының интернет-сайтымен жұмыс түрлеріне оқытып-үйретуге көп 
көңіл бөлу керек. 
Ақпараттық қызмет жас адамдардың өзекті іс-шараларға қатысуы (өз 
құзыреттіліктерінің деңгейін сынай алатын конкурстар, түрлі деңгейдегі 
фестивальдер), олардың уақыт куәсі ретіндегі рөлі туралы ақпараттану 
дәрежесін арттыру үшін мүмкіндіктер тудырады. Бұл ХХІ ғасырда
адамның өздігінен қоршаған ортаны түсінуі қиынға соғатын дағдылардың 
жиынтығы. Бірақ тәжірибеге сүйенсек, ортақ міндеттерді шешу ісінде ересектер 
балалар туралы пікірді өзгертіп, оларды әріптес ретінде қабылдауы үшін әлі көп 
еңбектену қажет. 
Балалардың бүгінгі зерттеп отырғаны ертеңгі дүниені қалыптастыратыны 
туралы болжамды басшылыққа ала отырып, ерте жасынан ақпараттану деңгейін 
арттыру келешектегі мемлекеттік міндеттерді шешудің тиімді амалы болмақ. 
Бірақ балалар мен жасөспірімдердің ақпарттану деңгейін арттырудың 
жалғыз өзі жеткіліксіз. Олар қоғамдық өмірдегі өзгерістердің белсенді 


18 
жолсерігі болуы үшін, білімдердің әрекетке, ақпараттық-насихаттау жұмысына 
айналу жолдарын қамтамасыз етуге, өз пікірін жергілікті, ұлттық және 
жаһандық даму өзгерістерінің шеңберінде білдіруге, балалар әлеуетінің өзінің 
дүниесін қалыптастыруына қатысты іске асыру жолдарын ашуға жағдай жасау 
керек.
Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесі ерекше 
өзектілікке ие, оның алдында адамзатпен жинақталған ақпараттық ресурстарды 
тиімді пайдаланудың кең перспективалары ашылуда. 
Ақпараттық мәдениет 
– 
бұл жеке ақпараттық қызметті ұтымды іске 
асыруға мүмкіндік беретін білімдердің, біліктердің және дағдылардың жүйеге 
келтірілген жиынтығы, ол оқушылардың оқу, ғылыми-танымдық және басқа да 
қызметтерінің барысында пайда болған ақпараттық қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға бағытталған. 
Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастырудағы тұтастық 
тұжырымдамасының болмауы, сонымен қатар жас ұрпақты ақпаратты 
қоғамдағы өмірге дайындау міндетінің жаһандық ауқымы осы мәселеге жалпы 
мемлекеттік мән беруде. Оның шешімі ретінде ерекше орынды балалар мен 
жасөспірімдер ұйымы алатыны сөзсіз. 
Балалардың ақпараттық дамуы бірнеше кезеңмен өтеді.
Оқушылар танымының белсенді қалыптасуы бастауыш мектепте 
басталады да, оқушының есейген кезеңдерінің барлығында жалғасын табады. 
Оқытудың төменгі буынында
білімдерді жинақтау мен қабылдау үдерісі, 
осы білімдерді басымдылық сипатымен меңгеру үдерісі жүреді: білімдер 
неғұрлым қызықты, дәстүрден тыс түрінде, бейнелі болса, соғұрлым балаларда 
оны алуға деген құштарлық пен қызығушылық мол болады.
Оқытудың орта буынында ақпаратты алу, оны үнемі пайдалану дағдысы 
қалыптасып, ақпаратты иемденудің тұрақты қажеттілігі пайда болады. Дәл осы 
оқытудың орта буынында оқушылар үшін олардың ақпараттық ой-өрісін 
мейлінше дамыту, ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету үшін 
жағдай жасау керек [16]. 
Бұл бағыттың және бір қыры маңызды. Балалар ақпараттық дамуы үшін 
балалар ұйымындағы пресс-орталықтарына бірігеді, онда құрдастар 
арасындағы қарым-қатынастар анықтаушы және басымдылық күшін алып, 
осындай жағдайда алынған ақпарат жасөспірімдердің бойында ересектердің 
ұсынып отырған білімдеріне қарағанда, едәуір мәнді көрінеді. Бұл жағдайда 
балалар шығармашылық қоғамдастықтың қатысушысы болады, ол бір-бірін 
толықтыратын байланыстар арқасында тіршілік етіп, дамып отырады[17]. 
Құқықтық мемлекеттің құрылысы өскелең ұрпақтың бойында жеке 
тұлғаның азаматтық қасиеттерін тәрбиелеусіз мүмкін емес. Сондықтан 
мектеп 
оқушыларының құқықтық санасын тәрбиелеу нақты ұйымның басты 
міндеттерінің қатарына шығады

Тек құқықтық және рухани нормалар мен жүріс-тұрыс ережелерінің 
үйлесімділігі жағдайында ғана азаматтар заңға бағынатын, тәртіпті де, 
атқарушы болып шығады. Ұйымның басты міндеттері: 


19 

оқушыларды мемлекеттің құқықтық нормаларымен таныстыру; 

елдегі заңдарға құрметпен қарау және оларды орындау қажеттілігіне 
сенімді тәрбиелеу; 

заңға бағына білу, жүріс-тұрысын, өз құқықтары мен еркіндіктерін 
белгіленген тәртіпте қорғау дағдыларын қалыптастыру; 

бала құқығына қатысты негізгі нормаларды меңгеру, нақты жағдайларда 
алған білімдерін пайдалана алу білімдерін қалыптастыру.
Құқықтық және азаматтық міндеттерін орындау мазмұнына мемлекетке, 
еңбекке, отбасына және қоғамға құқықтық қатынас та енеді. Мектептің әрбір 
түлегі қоғамдағы жүріс-тұрыстың нормалары мен ережелерін, өз құқықтары 
мен міндеттерін, ата-аналардың балаларға және балалардың ата-аналарға 
қатынасын реттейтін еңбек туралы негізгі ережелерді меңгеріп шығуы тиіс. 
Құқықтық тәрбие бойынша жұмыстың қажеттілігі Қазақстан 
азаматтарының өз құқықтары мен міндеттерін толық білмеуінен туындаған.
Балалар қоғамдық бірлестігінің қатысушылары - жасөспірімдердің 
азаматтылығындағы құрылымдық құрамдастары топтарға біріккен азаматтық 
қасиеттерді 
анықтайды: 
азаматтық-елжандылық, 
рухани-адамгершілік, 
моральдық-еріктің және іскерлік, құқықтық және когнитивті-құндылықты 
қасиеттер [18].
Азаматтылықтың жетік қалыптасу деңгейінің мониторингі мына 
өлшемшарттар бойынша анықталады:

когнитивті өлшемшарт, ол қоғам мен мемлекет, азаматтық құқықтар мен 
міндеттер, қоғамдық нормалар, азаматтылық елжандылық туралы білімдерінің 
болуы, олардың толықтығы мен тереңдігі және т.б. туралы білімдерін көздейді;

мотивациялық-құндылықты өлшемшарт, оның құрамына әлеуметтік 
маңызды қызметке қызығушылықтардың және саналы мотивтердің болуы
азаматтық қасиеттердің жетік қалыптасуы, азаматтық бағдарлы қызметтің 
мақсаттарын түсінуі және т.б. енеді; 

конативті өлшемшарт, оның құрамына бар білімдерін тәжірибеде қолдану 
икемдерін, азаматтық жүріс-тұрыс тәжірибесінің болуы, коммуникативтік 
дағдылары, әлеуметтік белсенділіктің даму дәрежесі, азаматтық бағдарлы 
қызметтегі бастамаға дайындық және т.б. енеді; 

эмоционалдық өлшемшарт, оның көрсеткіштері — Отанға деген 
сүйіспеншілік, 
Азаматтылық проблемаларына қызығушылықпен қарау, азаматтық 
бағдарлы қызметтің мақсаттарын түсінушілік, қызметті сайма-сай бағалай білу.
Осылайша, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің ұйымы, азаматтық 
қоғамда өзіндік дара орны бар қоғамның әлеуметтік институты ретінде, балалар 
мен жасөспірімдерге Мәңгілік Ел жалпы ұлттық құндылықтарының мән-
мағынасын жеткізуде ерекше мәнге ие болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет