14
зияткерлік; спорттық; шығармашылық; қоғамдық қызмет; ақпараттық
құқықтық даму бағыттары бойынша іске асырылуы тиіс
.
Балалардың зияткерлік дамуындағы негізгі бағыттар болып
табылатындары:
ой-өрістің операциялық қырын қалыптастыру (ақпаратпен
жұмыс жасау, оны талдау, жинақтау икемі),
білімдер, мотивация, өздігінен ой
құру, өз қабілетіндегі сенімділік, ой қызметінің тереңдігінің, қисынының және
белсенділігінің, білімге және білімділіктің беделіне деген сенімнің жиынтығы.
Нәтижесінде зияткерлік деңгейі жоғары балалар өзін-өзі бағалаудың сайма-
сай деңгейін, ішкі еркіндікті
және өзін-өзі бақылаудың, танымдық
қызығушылық пен бастамашылдықтың жоғары деңгейін алып шығады. Бұл
оларға зияткерлік ойындарға, дебаттарға,
пәндік және шығармашылық
олимпиадаларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, пікірталастарға
өнімді қатысушы болуға көмектеседі.
Зияткерлік қабілеттердің толыққанды дамуы жақын болашақта қоғам
проблемаларын іске асыруға үлес қосатын балалар үшін өте маңызды. Баланың
зияткерлік жетілуінің дәрежесіне оның осы әлеуметтегі өзіндік рөлін түсінуі
тәуелді.
Қалыптастыруға жататын зияткерлік дайындық – «Мәңгілік Ел»
идеясына сәйкес ұлттың зияткерлік іргетасын құрайтын құрамдастардың
бірі болып табылатын құндылық
.
Баланың зияткерлік дамуы заңдылықты кезең алмасуымен сипатталады,
ондағы әрбір жаңа кезең келесісін дайындайды. Ойдың жаңа нұсқаларының
пайда болуымен,
ескі нұсқалары жойылмай, сақталады да, толықтырылады.
Осылайша, мектеп оқушыларының ой-өрісі бара-бара қиындай түсетін
міндеттерді шешуде өз мәнін таба отырып, жаңа мазмұнына ие болады.
Сонымен қатар, зияткерлік ой икемді, ерекше
ойлау қабілетінің дамуында,
құбылыстар мен нысандарға деген зерттеушілік көзқараста көрініс беріп, едәуір
жоғары деңгейге шығады.
Достарыңызбен бөлісу: