Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет15/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

Ағымды және стратегиялық жоспарлау.
Ағымды жоспарлау дегеніміз
– 
бұл 1 жылға дейінгі мерзімге жоспарлауды 
білдіреді. Ол қысқа мерзімді және оперативтік жоспарларда орын табады. 
Балалар мен жасөспірімдер ұйымын стратегиялық жоспарлауды: 
Көрінісі (идеал) – балалар мен жасөспірімдер ұйымының дамуындағы 
болашақ бағытын, оның қоғам алдындағы міндеттерін көру; 
Миссиясы – ұйымның мақсаты мен тағайындалуын анықтау; 
Стратегиялық мақсаттар – бұл ұйымның дамуы мен қызметінің 
стратегиясын анықтайтын жетекші мақсаттар құрайды, 
Тактикалық мақсаттар – бұл жалпы емес, мейлінше нақты және міндетті 
түрде шынайы іске асырылатын мақсаттар, олар стратегиялық бағдарларды 
басшылыққа ала отырып белгіленеді де, мақсаттың құндылықты 
құрамдастарын нақтылайды. 
Жоспарлар келесідей бөлінеді:
перспективтік, күнтізбелік, балалар 
қозғалысы ұйымдастырушысының ағымды әрекетінің ағымды жоспарлары мен 
аптаға арналған жұмыс жоспарлары. 
Жұмыстың перспективтік жоспары – бұл, әдетте, оқу немесе күнтізбелік 
күнге арналған жұмыс жоспары, оның құрылысы: 
1. 
Балалар 
қоғамдық 
ұйымының, 
біріншілік 
ұйымдарының, 
көшбасшыларының даму деңгейінің қысқаша сипаттамасы. 
2. Тұтас ұйымның да, оның органдарының да күнтізбелік және оқу жылына 
мақсаттары мен міндеттері. 
3. Дәл осы жылы іске асырылатын бағдарламаларды немесе оның 
кезеңдерінің негіздемесі. 
4. Ұйымның, Кеңестің және бастауыш ұжымдары іс-шараларының 
мақсаттары мен міндеттерінің шешілу деңгейін көрсететін жиынтық жоспары. 
Ең алдымен педагогтердің айқындамалары, балалардың жоспарлауға 
қатысу мүмкіндіктері оқушылардың жасына қарай өзгеріп отырады. Тәжірибе 
көрсетіп отырғанындай, ұжымдық әрекетті жоспарлауға балалар мектепте 
оқуды бастаған бірінші жылының өзінде-ақ қатыса алады. Дұрыс әдістеменің 
меңгерілуі мұғалімге алдымен балаларды түсінікті де, тартымды істі 
жоспарлауға қосуға мүмкіндік береді, сонда үшінші сыныпқа жеткенде, мектеп 


26 
оқушылары педагогтің жетекшілігімен өзара әрекетті істердің кешенін белгілі 
кезеңге жоспарлауға қабілетті болады. 
Бастауыш мектеп педагогтерінің басты міндеті – балалардың санасында 
ұжымдық ізденіске қажеттілігін ояту, оларды жоспарлаудағы бірлескен 
жұмысқа баулу. Бара-бара сыныптан сыныпқа қарай, ұстаздардың ықпалы көзге 
көрінбейді. Жоспарлаудың ұйымдастырушысы ретінде алдымен мұғаліммен 
дайындалып, одан бағыт-бағдар алып отырған, содан кейін өздігінен әрекет 
ететін мектеп оқушыларының белсенділері шығады. Жоғарғы сыныптарда 
педагогтер негізінде жұмысқа қатысушылар немесе кеңесшілер ретінде 
шығады. Жоғары сынып оқушылары төменгі сыныптардағы жоспарлаудың 
ұйымдастырушылары болады [20]. 
Алайда, тәжірибеде жоғары сынып оқушылары нақты істердің де 
жоспарлануын ұйымдастыруға қабілетсіз болатын кездері де мүмкін. Бұл 
дегеніміз, педагогтер мен тәрбиеленушілердің жоспарлау барысындағы 
әрекеттесуі тек балалардың жас мүмкіндіктеріне ғана емес, мектеп 
оқушыларының алдыңғы тәжірибесіне, олардың өз бетінше әрекеттерге 
дайындық деңгейіне, алдағы істің немесе шешуге жататын мәселенің 
күрделілігіне, жаңалық дәрежесіне айтарлықтай тәуелділікте екенін білдіреді. 
Осылайша, оқушыларда қандайда да бір бағытта жұмыс тәжірибесі 
болмағанында, немесе олар үшін өздігінен әрекет етудің төмен деңгейі тән 
болғанында, балаларды жоспарлауға қосудың тиімді амалдарының бірі – 
ересектердің тарапынан ұсынылған бірнеше нұсқасынан қажетті шешімді 
таңдау. Жұмыс тәжірибесінің жинақталуымен, мектеп оқушыларына 
ұстаздардың үлгілері қажет болмайды, өйткені балалар оларды өздері табады 
немесе өздері шығарады. Бұл педагогтің де рөлінің мүмкін нұсқаларды түзуші, 
ол автордан балалардың ұжымдық ізденісі нәтижесінде туындаған 
жоспарларының оппонентіне дейін өзгергенін білдіреді.
Педагог пен балалардың жоспарлау барысындағы өзара әрекеттесуіне 
ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал, қоғамдық пікір, ұжымда 
қабылданған жүріс-тұрыс нормалары, балалардың эмоционалдық күйі әсерін 
тигізеді. 
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрамында балалардың түрлі 
ұжымдары мен бірлестіктері қызмет етеді, олар: сыныптар, кеңестер, клубтар, 
үйірмелер. Әр ұжым оған мектеп оқушыларының қосылу сипатымен 
ерекшеленеді. Ересектер мен балалардың өзара әрекеттесуі, педагогтер мен 
оқушылардың жоспарлау барысындағы әрекеттесуі бұл ұжымдарда әртүрлі 
үлгімен құрылады. Осылайша, оқушылар ұжымында жұмысты, істі 
жоспарлағанда, педагог тікелей ұйымдастырушы да, белсенді қатысушы да, осы 
ұжымдық әрекеттің жүргізушісі ретінде шыға алады, яғни шарттарына қарай, 
педагогтер мен балалардың жоспарлау барысындағы әрекеттесуінің түрлі 
деңгейлеріне жол беріледі. Клубта оқушылардың өздері өз жұмысы мен істерін 
жоспарлайды, ал педагогтер назар аудартпай, осы үдерісті бағыттап отырады: 
кеңесшілер, көмекшілер ретінде шығады, ал жоспарлауға дайындық кезеңінде 
мүмкіндік беріп, өзінің идеяларын белсенділер арқылы қосып отырады. Бұл 


27 
жағдайда педагогтер мен балалардың жоспарлау үдерісіндегі үшінші деңгейіне 
бет алған дұрыс. 
Ересектер мен мектеп оқушыларының өзара әрекеттесуінің мазмұны, 
нұсқасы, әдістері, сипаты жоспарлау түріне тәуелді. Балалардың көптеп және 
белсенді қатысу мүмкіншілігі, педагогтердің рөлі, педагогтер мен 
оқушылардың әрекеттесу деңгейі мектеп немесе біріншілік ұжымындағы 
перспективтік (негізінде өзара әрекеттесудің 1-деңгейі) және ағымды (барлық 
деңгейлер мүмкін) жоспарлауда, қандай да бір бағыттағы жұмысты немесе 
нақты істі жоспарлауда ерекшеленеді. 
Жалпы мектеп ұжымы туралы айтқанда, ересектер мен балалардың 
жоспарлау барысындағы әрекеттесуінің деңгейі мен сипатына мектептегі 
сыныптардың саны мен олардың толымдылығы да әсерін тигізеді. Осылайша 
өзара әрекеттесудің дамуы оқушылар саны аз мектеп жағдайында іске 
асырылады. Бұл жерде, тәжірибе көрсетіп отырғанындай, барлық ересектер мен 
ересек жастағылардың және кіші жастағы балалардың мектептің, жалпы 
мектептік нақты істерді перспективтік және ағымды жоспарлауындағы 
әріптестігін қамтамасыз ету жеңіл түседі. 
Жоспарлауда туындайтын жағдайлардың, ересектер мен балалар 
әрекеттесуінің сипатына ықпал ететін жағдайлардың, шарттардың көптүрлілігі 
педагогтерден жоғары дәрежедегі шеберлікті, сонымен қатар педагогтер мен 
мектеп оқушыларының жоспарлау үдерісіндегі әрекеттесуін ұйымдастыру 
әдістемесімен таныс болып, оны меңгеруін қажетсінеді. 
Тиімді жоспарлаудың, педагогтер мен балалардың табысты әрекеттесуінің 
қорытындысын, көрсеткішін келесідей көрсетуге болады: мектеп оқушылары 
жоспарға өз қалауын қосқан, бірақ олар педагогтердің тиімді санағанынан 
қалап отыр. 
Жиі жағдайда педагогтер жоспарлау барысында балалар ешнәрсені ұсына 
бермейтініне шағымданады. Осы жағдайда педагог қандай шара қарастыруы 
тиіс? Біреулері балалар бастамасын басатындай өз пікірін зорлап міндеттеп
идеяларын алға тартып, өзінің ақыл-кеңесін береді де, онысымен балалар 
бойында тұтынушылық көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. Немесе басқа 
жағдай: балалар қарапайым, оны іске асыруда олардың бойында белсенділік 
тудырмайтын мезі болған идеяларды ұсынады. Екі жағдайда да жол біреу – 
балалардың тәжірибесін жаңа идеялармен байытудың және педагогикалық 
ойды балалар санасынан өткізудің амалдарын іздестіру. 
Педагогтерге жоспарлау барысында өз ойларын, идеяларын өткізудің 
мынадай амалдарын ұсынуға болады [22]: 
а) оқушылар ұжымында беделді көшбасшылармен алдын ала түсіндіру 
және дайындық жұмысын жүргізіп, мүмкін идеялар мен ойлар талқыланады; 
ә) жоспарлаудың қатысушылары алдында ұжым үшін идеяның, жұмыс 
нұсқасының қатысушысы немесе оны көзімен көрген оқушының немесе ересек 
адамның сөз алуы; 
б) қажетті және педагогикалық көзқарастан тиімді идея апробациядан өтіп 
жатқан, жүзеге асырылып жатқан жерге баруды, кездесуді ұйымдастыру; 


28 
в) балаларды, олардың ата-аналарын ұжым үшін қажетті шешімге, қажетті 
ойға шығаратын проблемалық ситуацияны тудыру; 
г) педагогпен бірнеше ұсынылған және негізделгеннің ішінен нұсқаны, 
идеяны, нысанды, құралды таңдау; 
ғ) педагогті «теңі ретінде» шығармашылық ізденіс топтарының жұмысына 
енгізу (қосу);
д) жоспарға арналған таңдаулы ұсыныстардың байқауы, педагог өз 
идеясын ізденістің қатардағы қатысушысы ретінде қоса алатын «идеялар 
банкін» құру; 
е) балалармен, олардың ата-аналарымен айтылған идеялардың педагогпен 
жинақталуы және кіріктірілуі, ол кезде педагог жинақталған нұсқасына өз 
идеясын да орындауға міндеттеусіз қосады; 
ж) жоспарды талқылау барысында түрткі болатын проблемалық 
мәселелерді көтеру; 
з) қандай да бір істі ұйымдастыру бойынша «еріктілер актісін» өткізу, одан 
кейін еріктілер ұжымда идеяны таратушы болады; 
и) қажетті идеяға, ойға түрткі болатын әдебиетті оқу және талқылау; 
к) істі талқылау, оның барысында, сәйкес жерлеріне көңіл бөлгенде және 
арнап қойылған сұрақтарда оқушылар мен ата-аналар қажетті идеяға өздері 
шығады. 
Балалар арқылы өзінің педагогикалық ойын, балалар оны өздерінен 
шыққандай етіп, өздерінің ойы деп көретіндей дәрежеге жеткізу икемдері – бұл 
жоғары кәсіби шеберліктің көрсеткіші. Тек осы жағдайда ғана балалардың 
белгіленген жоспарларды жүзеге асырудағы жоғары белсенділігі мен 
субъективтілігіне арқа сүйеуге болады. 
Мысал ретінде, мектеп базасында қызмет көрсетіп отырған балалардың 
қоғамдық ұйымын жоспарлаумен танысып көрелік [23]. 
Балалар қоғамдық ұйымы жұмысының
________ жылға арналған жоспары /үлгі/ 
1. Балалар қоғамдық ұйымының сипаттамасы: 

БҚҰ-ның статистикалық деректері,
-
мүшелерінің саны, 

олардың жасы,

ұйымның құрылымы,

өзін-өзі басқару органдары,

балалар ұжымының ерекшеліктері. 
2. 
Балалар қоғамдық ұйымының өткен оқу жылындағы жұмысын талдау: 

жоспарды орындау бойынша жұмыстың мазмұнын сипаттау,

балалар ұйымының даму сапасын анықтау,

балалардың жеке табыстары мен жетістіктерін баяндау,

жұмыстағы проблемаларды, кемшіліктерді анықтау. 


29 
3. Мақсаттар мен міндеттер. 
4. Жұмыстар (іс-шаралар).

жұмыстың, істің іс-шараның барлық аталған бағыттарын хронологиялық 
ретімен, ұйымның жұмыс жасайтын бағдарламаларын ескерумен атап шығу; 

ұйымда немесе бірлестікте жұмыс жасайтын барлық клубтардың, 
штабтардың, кеңестердің, бірлестірердің жұмыс жоспарларын қосып тіркеу. 
Жоспардың оң жағын нақты тапсырмалармен, күндерімен, орындау үшін 
жауаптылардың фамилияларымен және т.б. толтыруды ұсынамыз. 
№ Істер, 
жобалар, 
бастамалар
Бастамашыл 
топ 
Істердің 
кеңесі
Бірлестік 
кеңесі 
Бірлестіктің 
аға достары 
Өткізілетін 
уақыт пен 
орын 
Жауаптылар
(
бала, 
ересек) 
Орындалғандығы 
туралы белгі 
Жұмыс жоспарын балалар ересектермен бірлесе құрады: аға тәлімгермен, 
жұмыс берушілермен, сынып жетекшілерімен, ұйымның достарымен және т.б. 
Жұмысқа арналған таңдаулы ұсыныстардың байқауын, сауалнаманы, 
сұрастыруды өткізуге; «идеялардың банкін», «ой шабуылын» ұйымдастыруға 
жағдай жасалған. 
Қандай да бір жоғары тұрған органмен, немесе ұйымның кеңесімен 
(Жарғы негізінде) қабылданатын перспективтік жоспардың негізінде 
күнтізбелік, немесе ағымды жоспарлар бекітіледі. Олар мектептің базасындағы 
балалардың қоғамдық ұйымы өз қызметін ненің негізінде түзетініне 
байланысты, оқу тоқсандарымен сай келуі де, сай келмеуі де мүмкін. 
Күнтізбелік (ағымды) жоспарда ұйымның немесе кеңестің жұмысы 
анағұрлым толық бейнеленеді. Жоспардың өзі келесідей көрініс таба алады: 
Істің мазмұны/жоспарлануы 
Өткізу мерзімі 
Жауаптылар
Ай апталары 
1



Күнтізбелік, ағымды жоспарлар ұйым қызметінің құрамдас бөлігі (немесе 
тарауы) болып табылады. Онда мыналар қарастырылады: балалар ұйымына 
психологиялық-педагогикалық қолдау қалай көрсетілетіні, Кеңес жұмысының 
ұйымдастырылуы, қабылданған шешімдердің орындалуы, әрекеттесудің 
барлық деңгейлерінде бақылау жүргізіледі. 
Істің жоспарлануы 
Өткізу мерзімі 
Жауаптылар
Ай апталары 




Ұйымдастыру 
жұмыстары 
Кеңестің 
жұмысын 
ұйымдастыру 


30 
Бастауыш 
ұжымдардың 
көшбасшыларымен 
жұмыс 
кездесулерін өткізу 
Шығармашылық топтардың, іс 
кеңестерінің, 
штабтардың, 
клубтардың жұмыстары
Мазмұнды 
бағдарламалық 
қызмет 
Бағдарламалар 
бойынша 
маңызды істер 
Көшбасшы мектебінің жұмысы 
Бастауыш ұжымдардың ашық 
істері 
Ақпараттық-
әдістемелік қызмет 
Ұйымның қызметі туралы 
ақпарат шығару 
Сауалнамалар, 
мониторинг 
зерттеулерінің 
қоғамдық 
пікірін жүргізу 
Балалар ұйымының 
ішкі және сыртқы 
деңгейде 
өзара 
әрекеттесуі
Мектеп 
кеңесімен 
өзара 
әрекеттесу 
Ата-аналармен 
өзара 
әрекеттесу 
Демеушілермен 
өзара 
әреекеттесу 
Бастауыш ұжымдардың өзара 
әрекеттесу 
Балалар қоғамдық ұйымының тоқсанға арналған күнтізбелік жоспарын 
кесте жоспары түрінде 3 данада ресімдеуге болады. Бір данасы аға тәлімгердің 
жұмыс үстелінде болады, екіншісі қабырғалыққа, үшіншісі – мұғалімдер 
бөлмесінде ілінеді. Жоспардың торын құрғанда ватман парағын тоқсандағы күн 
санына қарай бірнеше шаршыға бөледі. Әр шаршыға сол күннің датасы 
жазылады. Кеңес: кесте-жоспарын толтыруда фломастердің түрлі-түстерін 
қолданыңыз (мысалы, жасақ іс-шаралары туралы жазуларды қызыл түспен, 
белсенділердің оқуы туралы – көк түспен жазыңыз және т.с.с.). 
Күнтізбелік күнде және кесте-жоспарында көрсетілгеннің әрқайсысы 
мұқият талдауды, істердің арнайы жоспарының түзілгенін талап етеді. 
Жоспарды құру үшін төмендегі құрылымды пайдаланған ыңғайлы:
НЕГЕ? Істің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдап алыңыз (соңында 
неге қол жеткізгіңіз келетінін немесе не үшін ойластырғанын көрсетіңіз).
НЕ? Бұл сұраққа жауап бергенде, сіз жоспарланып (әзірленіп) отырған 
жұмыстың түрін және нұсқасын анықтап аласыз. 
КІММЕН (КІМ ҮШІН)? Қатысушылардың нақты контингентін, олардың 
жасын және санын анықтап алыңыз. 
ҚАШАН? ҚАНДАЙ УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА? 


31 
ҚАЙДА? Өткізу жерін анықтап алыңыз. 
ҚАЛАЙ? Бұл сұраққа жауап ең ауқымды, сонымен қатар - бастысы. Іс 
жүзінде бұл істі егжей-тегжейіне жетіп талдау (дайындық және өткізу 
кезеңдері, сценарий және т.б.) 
Жұмыстың әр бөлігі үшін КІМ жауапты болады? 
Жұмыстың аяқталу МЕРЗІМІ қандай болады? 
Осыдан кейін не болады? Болжамды нәтиже мен қатысушылардың келесі 
әрекеті. 
Бір апталық жұмыс жоспарлары алдын ала жоспарланған жұмысқа 
түзетулерді енгізуге мүмкіндік беріп, алдында қабылданған шешімдерді 
көрсетеді. Жұмыс жоспарлары өзгеріп отырған жағдайға дәл әсерлесіп отыруға 
мүмкіндік береді. Жұмыс жоспарларын ресімдеуге қатаң талаптар жоқ, олар 
ұйымның жұмыс құжаттары болып табылады.
Жеке жоспар – күнделік нұсқасында жүргізіледі, оған жасақ, отряд, жалпы 
мектептік, аудандық, қалалық істерден өзге, барлық педагогикалық кеңестер, 
мәжілістер, семинарлар, біліктілік арттыру курстары, тәлімгерлер клубына 
қатысулар енеді. Сонымен қатар есеп беру, анықтамаларды, түрлі әдістемелік 
жұмыстарды тапсыру, нақты іс-шараларға қатысу, балалармен жеке жұмыс, 
«ескерту жазбалары» деп аталатын өзінің жасаған қорытындылары мен 
бақылаулар жазылады. 
Бір күннің күнделікті жұмыс жоспары жұмыс күні бойындағы 
ұйымдастырушылық және мазмұндық шешімдерін бейнелейді. Бұл жұмыс 
уақытын ұйымдастыру амалдары мен тәсілдерінің тиімділігі мен нәтижелілігін 
талдауға мүмкіндік беретін құжат болып табылады. 
Осылайша, перспективтік-күнтізбелік және күнделікті жоспарлаудың 
үйлесімділігі мыналарға көмегін тигізеді: 

идеялардың үйлесімділігі мен олардың практикалық іске асырылуын көруге; 

ұйым мүшелері арасында қалыптасатын қатынастардың да, балалар бастамасы 
түрлерінің, нұсқаларының да дамуын және өзгергіштігін пайдалануға мүмкіндік 
береді; 

қандай да бір іс-шараны дайындау барысында туындайтын резервтерді немесе 
осындай дайындық кезінде туындаған проблемаларды көрнекі көрсетеді; 

жұмыс уақытын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді; 

қоғамдық қызметті талдау және балалар қозғалысын ұйымдастырушысының 
өз қызметінің тиімділігін талдауы үшін ауқымды материал береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет