6
1.
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізудегі балалар мен жасөспірімдер
ұйымының орны мен рөлі.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының жағдайында құндылықтарға
тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік негіздерін талдау көрсетіп
отырғанындай, балаларды біріктіретін балалар қозғалысы (БҰҰ-ның Бала
құқықтары туралы Конвенция бойынша 7 жастан бастап 18 жасқа дейін [4]) –
жеке тұлға дамуының, оның әлеуметтенуінің маңызды факторы, өйткені ол
замандық қозғалыстың шынайы бір түрі бола тұра, дүние жүзі
бойынша
демократияның бастапқы сатысы, азаматтылықтың, қоғамдағы шығармашылық
әлеуеттің қайнар көзі, деген идея ежелден бар және әлі де орын алып келуде.
Е.Е. Чепурных [5] бойынша балалар бірлестіктеріне үш негізгі функция
тән, олар:
дамытушы
(жеке тұлғаның азаматтық, рухани қалыптасуын, оның
әлеуметтік шығармашылығының дамуын, адамдармен әрекеттесу, қоғамдық
және тұлғалық мәнді мақсаттарды алға тарту
және қол жеткізу икемдерін
қамтамасыз етеді),
бағдарлық
(балалардың рухани, әлеуметтік, саяси, мәдени
құндылықтардың жүйесінде бағдар алуына жағдайлардың жасалуы),
теңгерімді
(қатынас және түсінушілік тапшылығын толықтыру үшін, балалардың басқа
қоғамдарда талап етілмеген қажеттіліктерін, қызығушылықтарын іске асыру
үшін жағдай жасау).
Балалар, әсіресе жасөспірімдердің және жастардың құрдастарымен ара-
қатынасы өзара араласа түсу икемдерін дамытуда маңызды болып табылады. Өз
болмысында бала осы сөздің жоғары
мән-мағынасынан қарағанда, әлеуметтік
жан: құрдастарымен араласып, ол қосымша білімдерді алады (ғылыми және
күнделікті-тұрмыстық), өзінің өмірлік тәжірибесін байытады, әлеуметтік
нормаларды және құндылықты бағдарларды меңгеріп алады, бағалау
критерийлерін
қалыптастырады,
құрдастармен
араласу
тәжірибесін
жинақтайды, достық және серіктестік
сезімдеріне бөленеді, өзін танытып,
өзінің орнын табады, құрдастарымен қатарға қосылу күйінің эмоционалдық-оң
күйіне түседі.
О.В.Якубенко балалар бірлестігі жағдайындағы сәйкестендіруді түрлі
ұрпақ өкілдерімен мәдени тұрғысына сай қатынас тәжірибесін алуымен
байланыстырады [6]. Автор бастауыш мектеп оқушыларының балалар
бірлестігіне қосылуы түрлі балалардағы түрлі бейімсіздік нұсқаларын түзетуге
бағытталған тәрбиелік ортаны қалыптастыруға ықпалын тигізеді деп
есептейді[7].
Балалар бірлестіктерінің функциялары ішінде П.И.Фролов келесілерді атап
көрсеткен: әлеуметтік қорғаныс, әлеуметтік сауаттылықты қалыптастыруға
әлеуметтік жүріс-тұрысты және әлеуметтік байланыстарды түзету,
бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу, балаларды әлеуметтік оңалту [8].
А.Н.
Тесленко, Е.А. Дмитриенко балалар мен жасөспірімдер ұйымының
Отанға деген сезімдерін, оның жеткен жетістіктеріне отансүйгіштік көзқарасын,
өз елінің және оның жерінде тұратын халықтардың тарихына құрмет сезімдерін
баулудағы жетекші рөліне назар аударады [9].
7
Е.В. Чердынцеваның пікірінше базалық құндылықтарды тәрбиелеу
мәдениеттанушылық,
әрекеттестік
және
тұлғалық-бағдарлы
секілді
көзқарастармен бірге іске асырумен басталады [10]. Мәдениеттанушылық
көзқарас балалардың тарихты, дәстүрлерді, өз аймағының мәдени
ерекшеліктерін тануға жүйелі түрде үңілуін және олардың бойында осының
негізінде құндылықты бағдарлардың қалыптасуын көздейді.
Әрекеттестік
көзқарасы мектеп оқушыларының мотивациясын және түрлі пайдалы
өлкетанушылық қызметке қосылуына бағытталған. Бұл жағдайда қызметтің
жетекші түрлері ретінде проблемалық-құндылықты қатынас, жобалық,
зерттеушілік қызметтер шығады.
Сонымен қатар аксиологиялық, тұлғалық-бағдарлы, жүйелі-әрекетті,
дамытушы секілді көзқарастарды да атап көрсеткен жөн.
Аксиологиялық көзқарас
бастапқы күйінде білім алушыларды балалар мен
жасөспірімдер ұйымының жағдайында құндылықты дамыту және тәрбиелеудің
тұтас жүйесін анықтайды, оның негізінде ең жоғары педагогикалық құндылық,
тұтас заманауи білімнің мәні мен базалық ұлттық құндылықтардың жүйесі
ретінде ұлттық тәрбиелік идеал жатыр. Көзқарастың тұжырымдамалық негізі –
адам, ол дүниедегі өзінің қызметін рухани идеалдардың,
рухани
ұстанымдардың және моральдық нормалардың негізінде ұйымдастыруға
қабілетті субъект, базалық ұлттық құндылықтарды иеленуші.
Аксиологиялық көзқарас берік рухани-моральдық негіздерде ұйым
тіршілігінің құрылымын түзуге мүмкіндік береді.
Тұлғалық-бағдарлы
көзқарас
педагогтердің
назарын
ұйым
қатысушысының тұтас тұлғасына, оның тек зияткерлік, жауапкершіліктің
азаматтық сезімдеріне ғана емес,
сонымен қатар эмоционалдық, эстетикалық,
шығармашылық талаптары мен балалар қозғалысында дамыту мүмкіндіктері
бар рухани тұлғаға да аударады.
Жүйелі-әрекетті
көзқарас
құндылықтардың
даму
үдерісінің
полисубъектілігін ескереді. Балалар ұйымына қатысты қолданысында ол жалпы
білім беру мектептерінің жетекші рөлінде, тәрбиелеу мен әлеуметтендіру
қызметінің түрлі субъектілерімен үйлесімділікті қарастырады.
Қазақстандағы құндылықтар жүйесінің стандарты ретінде «Мәңгілік
Ел» құндылықтары енгізілді.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде
патриоттық тәрбиенің жеті қағидасы нұсқасында көрініс тапқан, өйткені
Қазақстанда нақты бағыт бойынша оқу, сыныптан
тыс жұмысты тәрбиелік
қызметтегі барлық мүмкін құралдарымен күшейту өзекті мәселе болып отыр
[2].
Бұл қағидалар:
Достарыңызбен бөлісу: