48
«Илон Маск» кейсі
Мақсаты:
-
практикада тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін қажетті ресурстармен
және факторлармен танысу;
-
тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті
ресурстар мен факторлардың
арасындағы айырмашылықтытүсіну.
Бизнес-кейстерді талқылау кезінде – оны талқылау және өзара әрекет ету
үшін 5 адамнан тұратын шағын топтар форматында ұйымдастыру керек. Кейс
проблемаларының шешімдері ерекше және нақты болуын қадағалау қажет.
Кейс тапсырмасында шешімдердің әртүрлілігі мен сабақ барысының
баламалылығына жол беріледі.
Оқушыларда дебаттарды ұйымдастыру үшін қолдануға болатын қарама-
қарсы көзқарастар болуы мүмкін. Сіз олардың пікірлеріне қатысты жеке баға
бермейтініңізді көрсетуіңіз керек, сонда әр түрлі көзқарастарға жол бересіз
және пікірлерін айтқаны үшін оқушыларға алғыс білдіріңіз. Іс-әрекеттің мәні -
барлық алынған ақпаратты ескере отырып, оқушылардың мәселеге деген жеке
көзқарасын қалыптастыру.
Оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар:
1-тапсырма
Zip 2-ні іске қосу кезінде Илон Маскта қандай ресурстар болғаны
туралы ойланыңыз. Ол ресурстарды өндіріс факторларына қалай өзгерте
алды?
Илон Маскта Zip2-ні іске қосу кезінде қаржылық ресурстар болды – бұл
ұлының идеясына сенген әкесі берген капитал еді. Сонымен қатар, ол өзінің
және ағасының еңбек және ақпараттық ресурстарына ие болды. Олар, сайып
келгенде, кіріс әкеліп қана қоймай, тұтас индустрия туралы түсінікті өзгерткен
оның жобасының табыстылығына әкелді.
Илонға мүлдем жаңа өнім ойлап табудың, өз күшімен оны жасаудың,
пікірлестер командасын жігерлендіріп, пайдаланушыларды бұған дейін
болмаған нәрселерді пайдалануға сендірудің, нарықтың негізгі ойыншылары —
The New York Times және Pulitzer Publishing-нің өнімін пайдалануға тартудың
сәті түсті.
Мұның барлығы оқушылардың жеке еңбек және ақпараттық ресурстары
(білімі, шеберлігі мен дағдылары) болған жағдайда олардың өте көп нәрсеге,
соның ішінде қажетті қаржыны тартуға қол жеткізе алатынына сендіруі тиіс.
2-тапсырма
X.com (PayPal) стартабын іске қосуға қандай ресурстар мен өндіріс
факторлары тартылғанын және нәтижесінде ол неге сәтті болғандығын
талдап көріңіз.
Бұл жағдайда өндірістің басты факторы Илон Масктың кәсіпкерлік
қабілеті болды. Атап айтқанда, оның жақын арада адамдардың қандай өнімдер
мен сервистерді талап ететінін болжау үшін болашаққа көз жүгірте білуі.
Тәуекел ету қабілеті – өйткені, Илонда пайдаланушылардың оның сервисіне
49
сенім артып, өз ақшаларын аудару үшін электронды жүйелерді пайдалана
бастайтынына кепілдік болған жоқ. «пошта» және «ақша аударымдары» сияқты
ұғымдарды біріктіре отырып, стандарттан тыс және креативті ойлана білу
қабілеті болды.
Сыныппен
талқылау
нәтижесінде
Илон
Масктың
кәсіпкерлік
қабілеттерінің тізімін кеңейтіңіз. Оқушыларда пайда болған барлық идеяларды
көрнекілік үшін тақтаға жазуыңызға болады.
3-тапсырма
Space X-ке тартылған өндіріс факторларының тізімін кеңейтіңіз.
Илон Масктың жаңа стартап үшін қажет болған барлық өндіріс
факторларын оқушылармен талқылай аласыз.
Жер
: яғни кеңсе, зауыт және ғарыш айлағын салуға арналған алаң.
Капитал:
қаржы құралдары, жабдықтар, үй-жайлар, бағдарламалық
қамтамасыз ету және т. б.
Еңбек:
компанияға тартылған қызметкерлердің үлкен штаты: инженерлер,
бағдарламашылар, ғалымдар, дизайнерлер, жобалаушылар, талдаушылар және
т. б.
Кәсіпкерлік қабілеттер:
өзінің SpaceX стартапында Илон Маск қандай
мінез-құлық сипаттары мен тәжірибе қолданғанын талқылаңыз.
Ақпарат:
бағдарламалау, инженерлік, ғарыштық ұшулар және т. б.
саласындағы кең білім.
4-тапсырма
Электрмобильдерді өндіру үшін қандай ресурстар мен факторлар
қажет екенін талдаңыз.
Өндіріс факторлары мен ресурстарын көрсете отырып, Илон Маск
олардың бизнес сызбасын өзгерте отырып, өз стартаптары үшін бұл тізімді әр
уақытта қайта қарайтындығына назар аударыңыз. Әрбір жаңа бизнес үшін
Илонға өндіріс технологиясын қайта ойлап табуға тура келеді, өйткені бұл
іспен оған дейін ешкім айналыспаған, яғни автокөліктің сырт көрінісін ғана
емес, оны өндіру үшін жаңа станоктар, энергия жұмсаудың жаңа
технологияларын және т.б. ойлап табудан бастауға мәжбүр.
Бұған қоса, оқушылардың назарын Илон Маск электр энергиясының
стандартты емес көздері – автокөліктерге арналған отын, күн батареялары және
т. б. сияқты электр энергиясы есебінен ресурстар тізімін белсенді кеңейтетініне
аудартыңыз. Яғни, ол ресурстардың стандартты тізімімен шектелмейді және
оны дерек
ретінде қабылдамайды, оны үнемі жаңа идеялармен толықтырады.
5-тапсырма
Илон Масктың бизнес-кейсі не үйретті? Өндіріс ресурстары мен
факторлары туралы енді қандай тұжырым жасай аласыз?
Оқушыларға Илон Маск туралы өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріңіз.
Кейс ресурстарды іздеуге және оларды өндіріс факторларына түрлендіруге
қажетті жаңа стандартты емес тәсілдерді іздеуге шабыттандыруы тиіс. Әлемдік
бизнес-аренада керемет жетістікке қол жеткізген Африкадағы қарапайым
баланың тарихы, кез келген табысты бизнестің негізінде, ең алдымен, оның
50
негізін қалаушының кәсіпкерлік ойы, содан кейін ғана қаржы немесе
материалдық ресурстар жататынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: