Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет25/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   130
«Yuframe» кейсі 
Мақсаты: 
 - сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысты бақылау. 
 
Бизнес-кейсті  талқылау  кезінде  сіздің  міндетіңіз  –  оны  талқылау  және 
өзара  іс-қимыл  жасау  үшін  5  адамнан  тұратын  шағын  топтар  форматында 
ұйымдастыру.  Кейс  проблемаларының  шешімдері  ерекше,  қарапайым 
болмауын өтініңіз. Бұл тапсырмада шешімдердің баламалылығына және сабақ 
барысының ауытқуына жол беріледі.  
Оқушыларда  дебаттарды  ұйымдастыру  үшін  қолдануға  болатын  қарама-
қарсы  көзқарастар  болуы  мүмкін.  Сіз  олардың  пікірлеріне  қатысты  жеке  баға 
бермейтініңізді  көрсетуіңіз  керек,  сонда  әр  түрлі  көзқарастарға  жол  бересіз 
және пікірлерін айтқаны үшін оқушыларға алғыс білдіріңіз. Іс-әрекеттің мәні - 
барлық алынған ақпаратты ескере отырып, оқушылардың мәселеге деген жеке 
көзқарасын қалыптастыру.  
1-тапсырма  
Вайнерлер 
көрерменнің/тұтынушының 
қандай 
сұранысын 
қанағаттандырады?  Тұтынушы  үшін  олардың  өнімінің  (вайндарының) 
маңыздылығы неде?  
Сіз мектепке автобуспен күнделікті үйреншікті бір ғана жолмен сабаққа, 
жұмысқа  барасыз,  сондықтан  сізді  жолдағы  күнделікті  көрініс  жалықтыруы 
мүкін.  Осындайда  уақытты  қысқарту  және  оны  қызықты  ету  үшін  вайндарға 
жаңа бағыт смартфон және ондағы жылдам ғаламтор қажет болды.  
Бұл  шындыққа  айналғаннан  кейін,  адамдарда  уақытты  қысқарту  үшін 
қысқа  және  қызықты  роликтерге  сұранысы  пайда  болды.  Дәл  осы  сұранысты 
вайндар қанағаттандыра алды.  
2-тапсырма 
Неліктер  вайнерлер  25  жасқа  дейінгі  жастар?  Бизнестің  ерекшелігі 
вайнерлердің жасына байланысты ма?  
Сапалы  және  қызықты  вайнды  түсіруге  (ал  басқасын  аудитория 
ұнатпайды  немесе  мақсатқа  лайық  емес)  сценарийді  жазудан  бастап,  оның 
хэштегтері  бар  әлеуметтік  желілерде  пайда  болуына  дейін  шамамен  12  сағат 
кетеді:  ересек  адамдарда  мұндай  бос  уақыт  жоқ,  бұған  қоса,  ересек  адамдар 
мұндай  шығармашылыққа  соншалықты  бейім  емес  және  мұндай  әлеуметтік 
желілердің (вайндарды таратудың негізгі арналары) белсенді пайдаланушылары 
болып табылмайды.  
3-тапсырма  
Неліктен  вайнерлердің  негізгі  мақсатты  аудиториясы  жоғары  сынып 
оқушылары  мен  студенттер  болып  табылады?  Вайн  секілді  форматтың 
қандай ерекшеліктері дәл осындай мақсатты аудиторияны тартады?  


51 
 
Балаларда,  әдетте,  смартфондар  жоқ,  бұған  қоса,  олар  мұндай  әзілді  әлі 
түсінбейді.  Вайндар  жастардың  өміріндегі  тұрмыстық  жағдайларды  оларға 
түсінікті тілде жеткізеді, оларды алаңдататын тақырыптарды қозғайды, оларға 
таныс фильмдерді, әндерді және т.б. көшіреді.  
4-тапсырма  
Yuframe  жетістігі  неліктен  Елдана  Сатыбалдиевамен  бірлескен 
жобасынан бастау алды? Қазіргі әлеуметтік желілердің қандай заңы мұндай 
ықпалды мүмкін ете алады?  
Елдананың  жеке  жеткілікті  көрермендер  аудиториясы  болды,  Yuframe 
вайны оның пайдаланушыларының назарын аударды, олар Yuframe аккаунтын 
көріп,  оған  лүпіл  қоя  бастады,  осыдан  кейін  жастардың  танымалдығы  тез  өсе 
бастады.  
5-тапсырма 
 
Неге  жарнама  берушілер  Yuframeге  назар  аударды?  Әлеуметтік 
желілердегі 
жарнаманың 
қандай 
артықшылығы 
бар? 
Қандай 
кәсіпкерлерге/компанияларға бұл қызық болуы мүмкін?  
Сіздің  мақсатты  аудиторияңыз  —  студенттер  мен  жоғары  сынып 
оқушылары.  Олардың  ең  жиі  шоғырланатын  жерін  қайдан  табуға  болады? 
Әрине , ғаламтордан. Онда аудитория миллиондап саналады. Сізге тек - жастар 
уақыт өткізетін әлеуметтік желілерден тиісті арнаны табу және оның иелерімен 
жарнама туралы келісім жасау ғана қалады. Yuframe-ге коммерциялық ұсыныс 
жасай  бастаған  компаниялар  осындай  ойда  болды.  Егер  тереңірек  қарайтын 
болсақ,  қазіргі  заманауи  студенттер  мен  оқушылар  5  жылдан  кейін  осында 
жұмыс  істеуге,  төлемге  қабілетті  болады.  Егер  олар  қазір  қандай  да  бір 
сервиске  немесе  қызметке  көңіл  аударып  қана  қойса,  болашақта  олардың 
пайдаланушылары болары хақ.  
6-тапсырма.Неге  product  placement  компаниялары  қызықты  болып 
табылады?  Компаниялар  өнімі  жай  ғана  әлеуметтік  желіде  пайда  болғаны 
үшін неліктен ақша төлеуге дайын?
 
Айтқанымыздай,  Yuframe  аккаунтында  Instagram-дағы  2,9  млн 
жазылушылаы  бар,  олар  әрбір  жаңа  вайнның  пайда  болуын  тағатсыздана 
күтуде. Олар үшін Арман, Адина, Карина және Расул - сүйікті кейіпкерлер мен 
еліктеуге лайықты жандар. Егер олар белгілі бір иіссуды пайдаланса, белгілі бір 
мейрамханаларға  барып,  белгілі  бір  фирманың  киімін  кисе,  бұл  заттардың 
барлығы бірден сұранысқа ие болады және Yuframe-ге ұқсау үшін көрермендер 
сондай өнімдерді сатып ала бастайды.  
7-тапсырма  
Неліктен 
жарнама 
берушілер 
Yuframe 
жастарының 
жеке 
аккаунттарындағы жарнамаға қызығады?  
Егер тіпті жасырын түрдегі жарнама: «Бүгін Х мейрамханасына бардық, 
уақытты  керемет  өткіздік.  Сервис  пен  тағам  –  жоғары  деңгейде»,  жастардың 
аккаунттарында пайда болса, product placement-тегі схема жүзеге аса бастайды. 
Олардың  әрқайсысында  Yuframe  негізгі  аккаунтындағыдай  жазылушы  көп 


52 
 
болмаса  да  (Арманда  –  518000,  Адинада  –  576500,  Каринада  -  962  400),  олар 
айтарлықтай аудиторияны қамтиды.  
8-тапсырма 
Бір  бренд  төңірегіндегі  вайнның  сюжеті  бар  және  компанияның 
аккаунты  мен  геолокациясы  көрсетілген  жарнама  неліктен  жарнама  беруші 
үшін қызықты болуы мүмкін?  
Product  placement  секілді  мұндай  жарнаманың  өз  ерекшеліктері  бар.  Ол 
жасырын емес, ашық. Мұнда көрермендердің жарнама өнімін байқамау мүмкін 
емес.  Сонымен  қатар,  ол  тікелей  компанияның  аккаунтына  жібереді.  Өнімге 
қызығушылық  танытқан  пайдаланушы  бірден  компания  сайтына  кіріп, 
ассортиментпен толығырақ таныса алады. Әйтпесе, өніммен танысуды кейінге 
қалдырып, содан кейін оны ұмытып кету қаупі де болуы мүмкін.  
Геолокация  бірден  пайдаланушыға  қажет  болған  жағдайда  сонда  кіріп, 
өнімді тікелей көруі үшін, осы компанияның дүкенін табуға көмектеседі.  
9-тапсырма
 
Вайнерлер  командасының  әр  мүшесі  қандай  қызмет  атқаруы  керек 
екенін талдаңыз.  
Yuframe  командасының  мүшелері  жұмыстарды  өзара  қалай  бөліп 
алатынын  болжаңыз.  Әрбір  жобаның  идеялық  шабыттандырушысы  болуы 
керек.  
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бірыңғай жетекшісіз компаниялар 
тез  құлдырайды.  Yuframe-де  бұл  функцияны  Арман  орындайды  –  бұл  вайн 
жарай  ма,  жарамай  ма,  түпкілікті  шешімді  сол  қабылдайды.  Ол  монтажбен 
айналысады  –  дубльдерді  өзара  біріктіреді,  оларға  музыка  жазады  т.с.с. 
Сонымен қатар вайнерлер командасында тартымды қыз бала болуы тиіс – бұл 
образсыз көптеген вайндар жарамсыз болар сөзсіз. Вайндардың негізгі тұздығы 
–  әзіл.  Командада  креативті  идеялар  мен  әзілдерге  жауап  беретін  адам  болуы 
тиіс.  
Сонымен  қатар,  жарнама  берушілермен  байланысқа  және  қаржылық 
мәселелерге жауап беретін менеджер болуы қажет.  
10-тапсырма  
Сіздің  ойыңызша,  қаралым  санына  негізделген  жарнама  қалай  жұмыс 
істейді?  
Бұндай  жарнама  Instagramда  болуы  мүмкін  бе?  Youtube  әрбір  роликтің 
көру  санын  белгілейді,  демек,  жарнама  беруші  оны  қанша  адам  көретінін  дәл 
есептей алады. Сонымен қатар, Youtube-те роликті көру кезінде пайда болатын 
қалқымалы жарнама бар. Пайдаланушы оны өшіре алады, бірақ бәрібір көзінің 
қиығымен өнімді көріп, оған назар аударады. 
11-тапсырма 
 
Yuframe командасы өзінің жаңа бизнес желісін бургерлік деп атауды неге 
шешкенін талдаңыз.  
Уақыт өте келе «Yuframe» сөзі жобаның атауы ғана емес, дербес брендке 
айналды. Бұл бренд қазірдің өзінде танымал, әрі табынушылары болғандықтан, 
бургерлер  желісі  деп  аталған  Yuframe  командасы  өз  ғимараттарын 


53 
 
жарнамалаудың  қосымша  шығындарынан  құтылды  –  олардың  атауы  өз-өзін 
жарнамалайды. 
12-тапсырма  
Неліктен  мейрамхана  ашуға  шешім  қабылдау  арқылы  Yuframe  бургер 
пішімін таңдады? Бұл таңдауды жобаның мақсатты аудиториясымен қалай 
байланыстыруға болады?  
Жоғарыда айтқанымыздай, жобаның мақсатты аудиториясы – жастар мен 
студенттер.  Әдеттегідей,  оларда  көп  қаржы  жоқ,  өйткені  олар  оқуда, 
толыққанды  жұмыс  істеп,  қаражат  таппайды.  Сондықтан  қымбат 
мейрамханаларға  немесе  дәмханаларға  бара  алмайды.  Бургерхана  –  жастар 
арасында  танымал  мейрамхана  форматы,  сабақ  арасында  сол  жерден  арзан 
бағаға тамақтануға болады. 
 
«Э


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет