Методические рекомендации «повышение эффективности деятельности общественных советов»



бет13/35
Дата06.02.2022
өлшемі92,99 Kb.
#54285
түріМетодические рекомендации
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚК ҚЫЗМЕТІ


(2016 жыл)

Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің сапалық құрамына 25 мүше кіреді, оның ішінде мемлекеттік органнан 3 мүше және аза- маттық сектор арасынан 22 мүше.


Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің ұсынылған ақпараты бойынша 2016 жылы келесі мәселелер қаралды:

  1. Қарағанды облысы әкімінің 2015 жылғы облыстың әлеуметтік-э- кономикалық даму қорытындылары 2016 жылға міндеттері;

  2. 2015 жылы Облыстық бюджеттің орындалуы туралы;

  3. Облыстың жергілікті мемлекеттік атқарушы органдары көрсетілетін қызметтері туралы іс-шаралардың сапасын бағалау бойынша қорытынды;

  4. Республикалық Комиссияның жер реформасы туралы қарастырылған мәселелері бойынша;

  5. Облыс дәріханаларында дәрілік заттарды рецепсіз босату туралы;

  6. Жергілікті полиция жұмысы,қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы;

  7. Қоғамдық кеңестің 2016 жылғы бірінші жарты жылдық қызметі туралы есебі.

Қарағанды облысы Қоғамдық кеңес ақпараттық сайтында Қоғамдық кеңестің қызметі туралы, өткен жолғы жасалған жұмыстары және ағымдағы жаңалықтар барлық мүшелері туралы жеткілікті ақпарат алуға болады. Қарағанды облысының Қоғамдық кеңес Сайты аудандық маңызы бар қалалық және барлық қоғамдық кеңестердің қамтитын БАҚ-тағы жарияланымдарға сілтеме жасай отырып жариялайды. 2016 жылы қыркүйек айынан бастап Қоғамдық кеңесінің жұмысын көрсететін бағдарламалар циклі жұмыс істейді.
Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің қызметінің ашықтығы,өткізілетін шараларда өзекті мәселелерді талқылауға, ұсыныстар мен ұсынымдар азаматтарды көптеп тартуға мүмкіндік береді.
2016 жылда Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесте бес комиссия құрылды және жұмыс істейді:

  1. Бюджеттік;

  2. Құқықтық;

  3. Азаматтардың және заңды тұлғалар өтініштерін қарау бойынша;

  4. Қоғамдық бақылау;

  5. Жер реформасы бойынша комиссия

Бюджеттік комиссияның жұмысын басқаратын Камалиев Т. К. Бұнда бюджеттік бағдарламалар әкімдігінің жобаларын талқылау және орындау, бюджеттік бағдарламаларын, стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды есептерді талқылау атқарушы органдардың және бюджеттік бағдарламалар әкімдігі туралы мақсатты индикаторларға жету; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы түсімдері
мен шығыстары жоспарларының орындалуы ақша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы қайырымдылықтан түскен ақша.
Комиссия 2015 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы сұрағын кеңестің жалпы және жекелей отырысында қарады. Қорытындысы бойынша Қарағанды облысының экономика және қаржы Басқармасы келесі ұсыныстар жіберілді:
1) бюджетті қалыптастыру және атқару туралы халықты және азаматтық қоғам өкілдерін хабардар ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізу
2) Қарағандыоблысы Қоғамдықкеңестіңбюджеттіккомиссиясына бюджеттеуге қатысуға сараптама тобын, ҮЕҰ және мамандарды тарту
3 Қаржы және экономика және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілігінің тиімділігін бағалау бойынша барлық бюджеттік бағдарламаларды нәтижелік көрсеткішке тексеру жүргізу;
4) «Қоғамдық Кеңесінің Бюджеттік комиссиясы өзара іс-қимыл кезінде ҚЭУ мамандарымен жасалған «Бюджеттік бағдарламаларды орындауын өткізуін,тексеруін ұйымдастыру орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық» пайдалану.
Құқықтық комиссияны Жаппаров М.Б. басқарады. Комиссия азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және жобаларын талқылауға қатысады .Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеумен және енгізумен айналысады.
Комиссия тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісіне және ҚР Әділет Министрлігіне Қоғамдық кеңестердің жұмысы қарау туралы ұсынысхаттар жолданды. Бұл ұсыныстар ескеріліп және Кеңестің өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмысы туралы 2016 жылы
16 маусымда өткен «Нұр Отан»партиясының Фракциясының жанындағы ҚР Парламенті Мәжілісінің Құқықтық кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының бірлескен отырысында қаралды.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі комиссияны Қуанышбекова Л.А. басқарады. Комиссия Қарағанды облысы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, мәселелері бойынша заңдылықты сақтау, мемлекеттік аппараттың мемлекеттік басқару мен ұйымдастыру жұмысының ашықтығын, қызметтік этика нормаларын сақтау мәселелерін қарайды және жетілдіру жағдайына байланысты жұмыс
істейді. Комиссия азаматтарды қабылдау және жазбаша өтініштермен белсенді жұмыс істейді. Өтініштердің тақырыпты проблемалары денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ, жер қатынастары, еңбек даулары, экологияға қатысты.
Қоғамдық бақылау комиссиясын Калашников Н.М басқарады. Комиссияның жұмысы болып қоғамдық бақылау, қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ қоғамдық мүдделерін қорғауға бағытталған мемлекеттік органдардың жұмысының нәтижелері туралы есептерді талқылау болып табылады. 2016 жылдың тамыз айына дейін комиссия барлық ұсынылған мәселелері қарап, кейбір мәселелерді Қоғамдық тыңдауға жіберді.
2016 жылғы 19 мамырда Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, күн тәртібінде мәселелері «Республикалық Комиссияның қарап жатқан жер реформасы мәселелері туралы».
3 сағатқа созылған қызу пікірталастан кейін, жер реформасы жөніндегі Қоғамдық кеңес құру туралы шешім қабылданды. Облыстық комиссияны Прокоп Г.Г басқарды. Комиссия түсіндіру іс-шараларын және ұйымдармен мен азаматтардың ұсыныстарын жинайды, республикалық комиссияға ұсыныстар енгізеді.
Облыстық Қоғамдық кеңес құрылған сәттен бастап облыс аудандары мен қалаларынан келіп түскен 196 нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарады. Барлық нормативтік-құқықтық актілер қаралғаннан кейін қорытындысын шығарды.
2016 жылдың 10 маусымнан Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Мақсаты облыс тұрғындары мен азаматтардың өтініштерін, толғандыратын проблемалық мәселелерін қарау. Облыс бойынша барлық Басқармамен кеңестік жұмыс жақсы жолға қойылған.
Қалалық және аудандық қоғамдық кеңестердің өкілерінің қатысуымен «Қоғмдық кеңес: қоғам мен билік арасындағы диалог» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында Қарағанды облысының барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңесінің 2016ж 1 тоқсандағы өзекті мәселелер бойынша жұмысы, мемлекеттік және атқарушы органдарға жіберілген заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін тіркеу және қарау, құқықтық және мүдделік заңдылықты сақтау жұмыстарының қорытындысы талқыланды.
Қарағанды облысының ҚК қызметі туралы толық ақпаратты http://osko.kz сайтынан алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет