Методические рекомендации «повышение эффективности деятельности общественных советов»



бет12/35
Дата06.02.2022
өлшемі92,99 Kb.
#54285
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚК ҚЫЗМЕТІ


(2016 жыл)

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерінің сапалық құрамы бойынша 36мүше оның ішінде 6 мемлекеттік органнан және 30 мүшесі азаматтық сектордан.


Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің ұсынылған ақпараты бойынша 2016 жылы қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени сипаттағы мәселелер және қала тұрғындарының мүдделерін қорғау мәселелері көтерілді.
Алматы қаласындағы қоғамдық кеңесі сайттарда, әлеуметтік желілер беттерінде өзекті жаңалықтармен, есептермен және пайдалы кеңестер үнемі толықтырылып, жариялау бойынша өте белсенді қызмет жүргізуде. Алматы қаласындағы Қоғамдық кеңес өз қызметін бастағаннан бері барлық қоғамдық бақылау формаларын пайдаланады, қоғамдық мониторингке төмендегі бюджеттік бағдарламалар кіреді:

  1. Балалар үшін қосымша білім беру;

  2. жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған топты әлеуметтік қамтамасыз ету;

  3. «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту;

  4. Жекелеген санаттағы азаматтарды амбулаториялық емдеу,дәрілік заттармен жеңілдік деңгейде қамтамасыз ету;

  5. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау;

Алматы қаласының Қоғамдық кеңес үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Өзара тығыз байланыстың мақсаттары ҮЕҰ нормативтік-құқықтық актілер саласын дамыту және жетілдіру, жаңғыртуға бағытталған үйлестіру процестерін әзірлеуді талқылау және іске асыру бағдарламаларының жобаларын жасау процестерінде белсенді түрде ат салысуын қамтамасыз ету және Алматы қаласының тұрғындарының азаматтық-құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін жаңғырту және үйлестіру. Мақсаттарға қол жеткізу үшін Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі Алматы қаласының ҮЕҰ басшылары, атқарушы және өкілетті билік органдарының өкілдері, бизнес-құрылымдарының, БАҚ өкілдерімен нормативтік- құқықтық актілерді талқылау және қоғамдық маңызы бар мәселелерді нығайту, бойынша барлық МО құрылымдаралдына өзара іс-қимыл міндеттерін ұйымдастыру және жүргізуді жетілдіру мәселелері туралы консультативтік-кеңестер өткізу және ұйымдастыру бойынша алдына мақсат қояды.
Алдыңғы жылы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі келесі мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өткізді:

  1. Алматы қаласында бірыңғай автоматтандырылған ақылы автотұрақтар жүйесі еңгізу;

  2. Қалалық ТКШ қызметі;

  3. Алматы қаласында төтенше жағдайлар туралы алдын ала ха- барлау жүйесінің пәрменділігі;

Құрылыс саласы бойынша да қоғамдық сараптама жүргізілді, бұнда Әл-Фараби ат. Даңғылының астынғы жолында батыс, шығыс жақтарына оңға,солға бұрылу бұрылыс жол тоннель түрін енгізу, сонымен бірге облыста Алматы қаласында жасалып жатқан бірыңғай автоматтандырылған ақылы автотұрақтар жүйесін енгізу.
2016 жылы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде жиырма есеп тыңдалды, олардың ішіндеАлматы қаласының Әкімі және бюджеттік бағдарлама әкімшілігі, мемлекеттік органдардың басшыларының есептері де бар.
Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі келесі ұсынымдардың ескерілуін ұсынады:

  1. ҚК мүшелерінің жұмысында ротация нормасын сабақтастығын және дәстүрлігін сақтау үшін бірақ Заңда белгіленген мерзім ішінде оны міндетті түрде жаңартылуын;

  2. ҚК жұмысына коммерциялық емес ұйымдар ұсынған мүшелерінің ҚК жұмысына жауапсыз қарауына немесе құзыреттілігін төмен болуына байланысты ҚК құрамынан қайтарып алу мүмкіндігін қарастыру;

  3. ҚК қызметінің және оның мүшелерінің қызметінің қаржылық шығындарын ҚК қызмет шеңберінде (қаржылық есеп талаптарды сақтай отырып) өтемақысын төлеуді қарастыру;

  4. ҚК хатшысы босатылған лауазым беру жолын қарастыру. Алматы қаласы ҚК қызметі бойынша ақпаратты http://almatykenes.

kz сайтынан таба аласыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет