Жасырын саралау
дегеніміз «оқуды жекешелендіру» немесе
оқушыларды деңгейімен «топтастыру» мен «жеке жұмысты» тең деңгейді
қолдану дегенді білдірмейді.
Жасырын саралау
бұл оқыту үдерісінде
оқушылардың жекелеген ерекшеліктерін, оқыту түрлері мен әдіс-тәсілдерін
есепке алу, қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмаларды таңдау құқығын беру.
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған келесі
тәсілдерін қарастыруға болады:
Сабақты жоспарлауда және оқытуда жалпы ортақ қабылданған
саралаудың осы тәсілдерін барынша орынды қолдануға машықтанған жӛн.
Себебі, саралаудың осындай тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылар
арасындағы
ауқымды
ерекшеліктерін
ескеруге
болады.
Психолог
Н.А.Менчинская «Оқыту тиімділігі оның мазмұны мен әдістеріне ғана тәуелді
емес, сонымен қатар, оқушылар тұлғасының жеке басының ерекшеліктеріне
байланысты», [9] - деген. Демек, оқушыларға оқу мақсатына жетуді кӛздейтін
тапсырма, жаттығуларды беру барысында баланың жеке ерекшелігі және
қажеттілігі ескерілуі керек. Бұл турасында ұлы ғұлама Аристотельдің ӛзі былай
деген: «Оқушылар биіктен кӛрінуі үшін алдыңғыларға жетіп, соңғыларды
тоспауы керек». Яғни, әр бала ӛз ерекшелігіне, қажеттілігіне және мүмкіндігіне
қарай тапсырмалар мен жаттығуларды орындай отыра оқу мақсатына жетуі
керек.
Жоспарлау
және
оқыту
барысында
тапсырманы
саралаудың
маңыздылығы басым. Саралаудың бұл тәсілі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі
тапсырмалар ойластыруды кӛздейді.
10
Оқушыларға жекелеп немесе топтарға олардың меңгерген білімдеріне
негізделген тапсырмалар беріледі. Аса қабілетті оқушыларға айтарлықтай
жоғары деңгейде ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін, проблемаларды шешу
қабілеттері мен зерттеу қабілетін пайдалануды талап ететін күрделі
тапсырмалар беруге болады.
Күрделілігімен,
оқу-танымдық
қызығушылықтарымен,
мұғалім
тарапынан кӛмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды
қолдану – сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып
табылады [10, 6 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |