Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата31.01.2023
өлшемі4,9 Mb.
#167014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
 
 



Кіріспе 
Бүгінгі 
таңда 
еліміздегі 
мемлекеттік 
саясаттың 
маңызды 
басымдықтарының бірі білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Білім 
беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сапалы білім 
алуға барлығының құқықтарының теңдігі, әр адамның интеллектуалды дамуын, 
психофизиологиялық және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың 
барлық деңгейі үшін білімге қолжетімділігі жатады [1]. 
Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға 
бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім 
беру болып табылады.
Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық, 
мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білім 
беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді
олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада 
бейімделуін және ықпалдасуын көздейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
балаларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар; мигранттар мен 
оралмандар отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік 
бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады.
Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз кедергілерді жою 
мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізуге 
бағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге тең 
қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. 
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
 
2016 – 2019 
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламсында көрсетілген орта 
білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ететін міндеттердің бірі 
ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау, ал орта 
білім берудің мазмұнын жаңарту аясындағы міндеттердің бірі білім беру 
ұйымдарын өлшемшартпен бағалау жүйесіне көшуді жүзеге асыру деп 
көрсетілген [2]. Бұл, өз кезегінде, инклюзивті білім берудің дамуын теориялық 
және әдістемелік жағынан жетілдіруді қажет етеді.
Инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік 
қамтамасыз ету мыналарды көздейді: 

жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
тұлғалар қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-
педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі балаларды 
кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздерін әдіснамалық және оқу-
әдістемелік әзірлеу;

ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың (оқу процесін 
ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар, базалық пәндер және оқыту 
пәнінің нәтижелері бойынша дағдылар, білім алушылардың дайындық 
деңгейіне қойылатын талаптар) оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын 
бейімдеу
;

инклюзивті білім беру жағдайында оқушының оқу жетістіктерін 
бағалаудың критериалды жүйесін бейімдеу, ерекше қажеттіліктері бар 



балаларды оқыту нәтижелерін бағалау және мониторингілеу жүйесін әзірлеу,

үйде оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеу; 

ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту жағдайларына 
жоғары және кәсіптік, техникалық білім беру бағдарламаларын және үлгілік 
оқу жоспарларын бейімдеу [3]. 
Инклюзивті білім беруді әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз 
етуде жоғарыда көрсетілген мәселелердің ішіндегі инклюзивті білім беру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бүгінгі таңда өзекті 
мәселенің бірі болып табылады. Әрине, оқушылардың дайындық деңгейі 
туралы ақпараттар алу мүмкіншілігі оқыту мүмкіндігі және жеке оқу 
қорытындылары болу мүмкіндігін ұсыну бойынша сынып оқушылары 
құрамының біртексіздігін ескеретін критерилерді қолданумен іске асырылады. 
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың
 
білімділік жетістіктерін 
анықтауда бағалау жүйесі олардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті 
көрсетіп қоймай, оларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі 
әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бұл инклюзивті білім беру 
жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу 
жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеудің қажеттілігін негіздейді.
Әдістемелік құралдың мақсаты – оқу жетістіктерін критериалды бағалау 
жүйесін жүзеге асыруда ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен 
жұмыс атқаратын жалпы білім беретін және арнайы мектептердің 
педагогтарына көмектесу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет