Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет22/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
22
-
тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен 
кітаптан алған әсерлерін жазу;
-
оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу; 
-
әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жаздыру; 
-
әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру
-
газетке шағын хабарлама/мақала жазу; 
-
белгілі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау; 
-
әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау; 
-
ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру
-
сұхбатқа сұрақтар дайындау. 
Кіріктірілген сабақтардың ұйымдастырылуы бойынша жалпы жіктелуі 
төмендегідей: 

әртүрлі пәндер бойынша екі және одан да көп мұғалімдердің кіріктірілген 
сабақты жүргізуі; 

пәндерге сәйкес базалық дайындығы бар бір мұғалімнің кіріктірілген 
сабақты жүргізуі; 

кіріктірілген тақырыптар негізінде бөлімдерді, курстарды ұйымдастыру. 
Кіріктіріп оқытудың негізгі және міндетті талабы – оқушының өзіндік 
жұмыс істеу қызметін арттыру, өйткені кіріктіру оқу материалының 
тақырыптық аясын кеңейте отырып, терең талдауды және жетілдіруді, басқа 
пәндер есебінен толықтыруды қажет етеді. 
Мұғалім сабақты жоспарламас бұрын мақсатын анықтап алады, сол 
мақсатқа қол жеткізу үшін сабақта қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеп 
алады. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындауға 
тиіс, сонымен бірге оқыту барысында төмендегі бірқатар мәселелерді ескеру 
керек:
-
сабақта бірнеше жаттығу түрлерін жоспарлау; 
-
қысқа уақыт алатын жаттығу дайндау (әдетте баланың назары бір 
нәрсенің төңірегінде ұзақ шоғырланып тұрмайды); 
-
бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, оқушыларға сабақтың 
басты мақсаты туралы ескертіп отыру; 
-
сыныппен өзара әрекеттестік стильдерін өзгертіп отыру; 
-
жеке, жұптық, топтық немесе барлық сыныпты қамтитын жұмыс 
түрлерін араластырып қолдану. 
Кіріктірілген сабақтардың негізгі құрылымы: 
1. Кіріспе бөлім. Бұл бөлімде сабақтың мақсаты, міндеті, негізгі білім 
анықталады. 
2. Негізгі бөлім. Негізгі бөлімінде оқу материалының мазмұны ашылады. 
Сабақтың бұл бөлігі вариативті, өйткені оқытудың түрлі әдіс-тәсілін, 
оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру формаларын қолдануды және 
мұғалім тарапынан педагогикалық шеберлікті талап етеді. 
3. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, оқушылардың жұмысын 
бағалау, үй тапсырмасын белгілеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет