Методическое пособие практических занятий по казахскому языку для детей подготовительной группы и учащихся 1 классов «Я бы язык учить пошел- пусть меня научат»



бет11/13
Дата16.03.2017
өлшемі2,67 Mb.
#11650
түріМетодическое пособие
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
АҚЫМАҚ ҚАСҚЫР.

(қазақ халық ертегісі)

Бір күндерде аш қасқыр жапан далада тамақ іздеп жүріпті. Алдынан бір ешкі кездесіпті. Қаскыр:

  • Әй, ешкі. казір мен сені жеймін.

Ешкі:

  • Қасеке. сен мені жеме. Менің етім кәрі, арық. Мен саған кызымды жіберейін. Оның еті

жас, дәмді.

Қасқыр:

  • Жарайды, жақсы, бара ғой, тезірек қызыңды жібер.

Ешкі отарға барып, шабанға қасқыр туралы айтады. Шабан атымен шауып келіп, қасқырды сабайды. Бейшара қасқыр әзер тірі қалады. Сөйтіп жүріп қасекен қойға кездеседі:

  • Эй, қой, мен қазір сені жеймін.

  • Жарайды, бірак та өлер алдымда билеп алайыншы.

  • Жарайды. айтқаның болсын.

Қой билей, билей, алыстай. алыстай қасқырдан кашып кұтылады. Тағы да біздің ақымақ қасқыр аш қалады. Өстіп жүріп атқа кездеседі:

Ақымақ қасқыр айтқанды кұп көреді де атқа артынан келе бастайды, сол кезде ат артқы тұягымен қасқырды тебеді. Осылай ақымак қасқыр ажалын тапты.



«ҚУАНЫШ ӘКЕЛУ»
Жүргізуші: Марта тәте базардан келіп, ас үйге көкөністермен себетті қойды. Осы кезде телефон шылдыр етті де, ол басқа бөлмеге жүгіріп кетті. Ал бұл уақытта - себетте:

Ақ желкен: Біз енді не істейміз?

Қызылша: Ештене. Бізден бір нәрсе жасайды.

Ақ желкен: Не жасайды?

Қызылша: Борщ.

Ақ желкен: Ол не?

Картоп: Тыңда. Борщ деген барлық көкөніске жалпы монша.

Орамжапырақ: Бізді суық сумен жуады.

Пияз: Сосын шешіндіреді.

Қызылша: Содан кейін ыстық суға салады. Ой- ой қалай ыстық!

Ақ желкен, сәбіз: Ой-ой-ой

Картоп: Маған қорқынышты.

Ақ желкен: Мен қайта баққа кетсем екен.

Сәбіз: Біз қазір қашамыз.

Картоп: Қалай?

Сәбіз: Ойлау керек. Міне, бір адым - себеттен шықтық.

Бәрі: Ура, қаштық. (себетте жалғыз қарбыз қалады)

Ақ желкен (қайтып келеді): Сен неге отырсың? Қашпайсың ба?

Қарбыз: Мен таңертен тудым.

Күн жаңбыр, ашық аспан

Мені аялады, жақсы көрді.

Қазір бақта суық- ештене өспейді.

Мені көрген балалар қуанады:

«Қандай тәтті, үлкен піскен қарбыз»,- дейді.

Және де менің әр дәнімнен мыңдаған жаңа қарбыз өседі.

Мен бәріне қуаныш әкелу үшін өмір сүремін. (көкөністер қайтып жиналады) Картоп: Біз қаламыз.



Пияз: Мен бақта шіріп жатқым келмейді.

Қызылша: Біз де пайдалы болғымыз келеді.

Сәбіз: Мен балалардың күлкісін көргім келеді.

Орамжапырақ: Мен жаңа өмір бергім келеді.

Ақ желкен: Не үшін туғанымды енді түсіндім.

Пияз: Мен де пайдалы болғым келеді.

Бәрі: Біз адамдарға, балаларға қуаныш әкелгіміз келеді! (балаларға көкөніс таратылады)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет