Ойынның нәтижесі 8 - 10 жүріс – сіздің шешіміңіз топтың сигнал беру мұнарасына тез жетуіне көмектесті, алайда біраз адам жолда қалды.
11 жүріс – топтың жылдам жүруіне тырыстыңыз, топ мүшелерінің де қажеттіліктерін ескердіңіз.
12 - 16 жүріс – топтың жекелеген мүшелерінің қалауларына сүйендіңіз, сондықтан сапар ұзаққа созылып кетті.
3-бөлім. Балалар құқығын оқытудың әдістемелік талаптары Осы оқу құралында балалар құқығын оқыту жетістігі және оқушылармен жұмыс істеудегі жеке тәсіл балалар құқығын оқытудың әдістемелік негізі ретінде қарастырылады.
Балалар құқығын оқыту – ұйымдастырушылардың оқыту жетістігі проблемаларын жетік түсінуі. Жеке тұлғаны оқыту барысында тұтастай оқыту қызметіне және жеке алғанда танымдық белсенділігіне қатынасының реттеуіші ретінде үлгерім қажет. Үлгерімді сезіну түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Шетел психологиясында суггестия технологиясына, сендіруге негізделген позитивті ой түю сияқты бағыттың басым болуы кездейсоқ емес. Өзің туралы «Мен – ақылдымын, қабілеттімін; менің бойымда кез келген қиыншылықтарды жеңетін барлық қасиеттер бар» және т.б. деп ойла және ол шыныменде солай болады.
Үлгерім жеке басқа ғана тән нәрсе. Оның маңыздылығы алдын ала белгіленген нормалар бойынша анықталады, оқушы әр кезде өз жетістіктерін ұсынылған деңгеймен салыстырып отыруы тиіс.
Үлгерімге оқыту барысында белгіленген бірізділік бойынша педагогтың көмегімен қол жеткізуге болады: әрекетке нұсқау беру (оқу тапсырмасын шешуге оқушыны эмоционалдық дайындау); әрекетті, операцияны қамтамасыз ету (ұтымды шешу үшін жағдай жасау); алынған нәтижелерді болжанған нәтижелермен салыстыру (өзіңнің оқып еңбектенудегі жеткен нәтижеңе саналы түрде қарау).
Демек, үлгерімге оқытушы арқылы қол жеткізілсе, жүйелі және саналы түрде оған барлық аталған компоненттер кіруі тиіс.
Үлгерімге қол жеткізу сатыларын қарастырайық: