Перкуссиясы: а) бауыр шекаралары - жоғарғы, төменгі; б) Курлов бойынша өлшемі; в) оң қабырға доғасын соғып тексеру (Ортнер белгісі).
Пальпациясы: а) бауырдың қыры - біліне ме, қабырға доғасынан қаншаға шығып тұр; б) біркелкілігі, ауру сезімі, пішіні; в) бауырдың үстіңгі беті - тегіс, бұдырлы, түйіршіктенген; г) өт қабының пальпациясы: ауру сезімі; Мерфи, Мюсси, Кер белгілерін анықтау.
Көкбауыр.
Шағымдары:сыздап немесе қатты, кенеттен, сол жақ қабырға астындағы ауру сезімі.
Қарап тексеру: сол жақ қабырға астының үлкеюі.
Перкуссиясы: көкбауыр өлшемдерін анықтау.
Пальпациясы: төменгі жиегінің жағдайы - үлкеюі -қабырға доғасынан қанша шығып тұр, тығыздығы, беті, ауру сезімі, сипаты.
Несеп шығару жүйесі.
Шағымдары:
ауру сезімі: сипаты - кенеттен, шаншып немесе сыздап, орналасуы ~ бір жақты, екі жақты бел аймағында; ұстамалы, таралуы, пайда болуы және басылу себептері;
зәр шығудың бұзылыстары - дизурия, странгурия, поллапкиурия, никтурия, түнгі энурез;
мөлшері мен түсінің өзгерістері;
ісіктер -орналасуы, пайда болу уақыты; басқа шағымдар.
Қарап тексеру:
жалпы қарау - шаншу кезіндегі төсектегі қалпы -мәжбүрлі, уремиялық комада пассивті;
бел аймағын қарау -ісінуі (кенеттен зәр жүрмей қалғанда).
Пальпациясы:
бүйрек - пальпациясы, ауру сезім, қозғалғыштығы, біркелкілігі, бетінің сипаты;
несеп ағар нүктелеріндегі жоғарғы және төменгі екі жақты нүктелердің ауру сезімі;
қуық - үлкеюі, ауру сезімі, біркелкілігі.
Перкуссиясы:
бел аймағын соғып тексеру - ауру сезімі бар ма (оң немесе теріс;
қуық үлкеюі, деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |