Методикалық НҰСҚау ішкі аурулар пропедевтика пәні бойынша Тақырыбы: «Науқастарды тексеру тәсілдері»



бет2/11
Дата19.10.2023
өлшемі241 Kb.
#186820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
стандарты пропедевтикии каз

ANAMNESIS MORBI (дерттің даму тарихы)
Бүгінгі күнге дейінгі денсаулығының жағдайы. Осы дерттің пайда болуы - басталуы, қазіргіге дейінгі ағымы, белгілері, пайда болуына әсер еткен болжама себептері мұқият анықталуы керек. Дерттің нашарлауы мен бәсеңсіген кезендеріне, ауруханадағы емге, жүргізілген тексерістерге.
Буындары: пішінің үйлесімі, ісінуі, қимылдағанда ауыруы мен сықырлауы және өзі немесе біреудің көмегімен жасалатын қимылдық белсенділігінің көлемі.
Басты қарау: бастың пішіні.
Көзді қарау: аққабақтың түсі, көз саңылауының жағдайы (кішіреюі, кеңеюі), көз қарашығының пішіні, тепе-теңдігі, жарық әсеріне жауабы, аккомадция және конвергенция.
Тыныс алу жүйесі. Шағымдары: а) жөтел: күші, сипаты (қүрғақ, ылғалды), ауа райына, төсектегі жағдайына байланысы: пайда болу уақыты таңертең, күндіз, түнде; қарқыны; жөтел ұстамасының пайда болуына және бәсеңсуіне әсер ететін жағдайлар; б) қақырық сипаты, мөлшері, түсі, иісі, қан қосындысы, ауыз толтырып, қақырықтың жақсы иығуына әсер ететін жағдайлар;
в) кеудедегі ауру сезім сипаты, тыныс алуға байланысы, орналасуы, таралу жөне қарқыны;
г) ентігу -тұрақты немесе кезеңді, үстамалы; сипаты - тыныс алуы немесе иығаруы қиындаған; тыныс ала алмайды;
д) тұншығу ұстамасы -сипаты, пайда болуы және бәсеңсу жағдайы, үзақтығы.
Қарап тексеру: а) мұрын - пішінің, өзгерістері, тыныс алудың түрі - мұрынмен, ауызбен, бос немесе қиналып; б) көмекей - сұрау аркылы - дауысының сипаты, қарлығып, сыбырлап немесе шықпай қалуы; в) кеудені қарау - пішіні, екі бөлігінің бірдейлігі; тыныс алуға қатысуы, тыныс алудық түрі, жиілігі, тереңдігі, реттілігі, кеуденің көлемі, оның тыныс алғанда және шығарғандағы өзгерістері.


Пальпациясы: 1) ауырған жерлері; 2) серпімділігі; 3) дауыс дірілі.
Перкуссиясы: а) салыстырмалы: кеуденің симметриялық орындарындағы перкуторлық дыбыстың сипаты; Траубе кеңістігіндегі тимпаникалық дыбыс сақталғанба?
б) топографиялык
оң жақ сол жақ
өкпе ұшының алдынан биіктігі ______________________
өкпе ұшының артынан биіктігі ______________________
Кренинг алаңынын ені____________________________________
Өкпенің төменгі шекаралары:

  • төс - маңы сызығы бойынша _______________________

  • бүғана ортаңғы сызығы бойынша _______________________

  • қолтық асты алдыңғы сызығы бойынша ____________________

  • қолтық асты ортаңғы сызығы бойынша_____________________

  • қолтық асты артқы сызығы бойынша _____________________

  • жауырын сызығы бойынша _______________________

  • омыртқа бағанасы маңындағы сызығы бойынша __

  • өкпенің төменгі жиегініц жылжымалыгы',

  • қолтық асты ортаңғы сызықпен __

  • жауырын сызығымен __

Аускультациясы:
а)негізгі тыныс шулары - кеуденің симметриялық
аймақтарында шуылы, плевроперикардиялық шуыл
б)бронхофония - кеуденің симметриялық аймақтарында бірдей, күшейген, әлсіреп - өзгерген орындарын көрсету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет