Методикалық нұсқау



бет15/23
Дата15.09.2017
өлшемі1,43 Mb.
#32887
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Бұл келтірілген мысалдардан А және В оқиғаларының бірден пайда болатынын байқаймыз, мәселен үшінші мысалда 18 саны әрі жұп /АВ оқиғасы/, төртінші мысалда үздік оқушы әрі спортшы /АВ оқиғасы/ болып отыр. Сонда бірден пайда болған АВ оқиғасына қолайлы элементар оқиғалар саны үшінші мысалда 5‑ге, төртінші мысалда 5‑ке тең, осыларға сәйкес шартсыз ықтималдық Р(AB) сәйкес және сандарына тең. Ал В оқиғасының шартсыз P(B) ықтималдығы үшінші мысалда –ге, төртінші мысалда ‑ке тең.

Сонымен, бұл мысалдардан жалпы қортынды жасасақ, онда



Бұдан P(AB)=P(B)

Шығады. Енді көбейту теориясын келтіріп, дәлелдемесін берейік.

§10. ЫҚТИМАЛДЫҚТАРДЫ КӨБЕЙТУ ТЕОРЕМАСЫ.

Бұл теорема тәуелді немесе тәуелсіз екі және бірнеше оқиғалардың бірден пайда болу ықтималдығын есептеуге мүмкіндік береді.

Теорема. Екі тәуелді оқиға көбейтіндісінің ықтималдығы біреуінің шартсыз ықтималдығын сол оқиға пайда болды деп алынғандағы екінші оқиғаның шартты ықтималдығына көбейткенге тең:

P(AB)=P(A) (1)

P(AB)=P(B) (1’)

Дәлелдеу. Тең мүмкіндікті, үйлесімсіз және оқиғалардың толық тобын құрайтын nэлементарлық оқиғалардың А оқиғасына қолайлысы m болсын. Онда оның ықтималдығы мынаған тең:

P(A)=. (2)

Сондай‑ақ В оқиғасына қолайлы элементар оқиғалар саны k болсын, онда оның ықтималдығы мынаған тең:

P(В)= (3)

АВ /А және В/ оқиғасына қолайлы элементар оқиғалар саны r болсын, онда мұның ықтималдығы мынау:

P(AB)= (4)

Әрине, r≤m, r≤k.

Шартты ықтималдық мәні



(5)

Өйткені В оқиғасына қолайлы k элементар оқиғалардың /бұл жерде оқиғаларды тең мүмкіндікті, үйлесімсіз оқиғалар деп түсінеміз/ тек r элементар оқиғалары ғана А оқиғасына ғана тиісті. Осы сияқты,



(6)

Орындалатынын көрсетуге болады. Енді /4/ бөлшектің алымын да, бөлімін де m санына көбейтеміз, сонда



P(AB)= (1)

Ал, егер оның алымын да, бөлімін де k санына көбейтсек, мынау шығады:



P(AB)= (1’)

Теореманы осмен дәлелденді деп есептейміз /1/ және /1'/ теңдіктерінің сол жақ бөліктері тең болғандықтан, оның оң жақ бөліктері өз ара тең болады:



= (7)

Теорема оқиғалар саны екіден артық болғанда да орындалады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет