Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару


№5 дәріс. Өлшеу нәтижелерін оңдеу



бет14/31
Дата03.03.2022
өлшемі147,61 Kb.
#134249
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
Лекции МССУК-Каз 111 (1)

№5 дәріс. Өлшеу нәтижелерін оңдеу




Дәріс мазмұны: тура және жанама бірреттік және саны көп өлшеулердің қателіктері; өлшеу нәтижесінің анықталмағандығы.
Дәріс мақсаты: тура және жанама бірреттік және саны көп өлшеулердің нәтижелерін өңдеу әдістемелерін және саны көп тура өлшеулерді статистикалық өңдеуін оқу.


5.1 Бір реттік тура өлшеу нәтижелерін стандартты өңдеу


Тәжірибелерде колданылатын өлшеулердің көбісі бір реттік болып табылады. Кәдімгі өндірістік шарттарда олардың дәлдіктері жеткілікті болады, және олардың қарапайымдылығы, жоғары үнемділігі (уақыт бірлігіндегі өлшеулер саны), бағасының төменділігі осы өлшеулердің кең таралғанына себеп болады.
Бір реттік өлшеулерде өлшеу нәтижесін алу үшін аспаптың жалғыз көрсетімі қолданылады. Бір реттік өлшеудің х нәтижесі нақтылықта кездейсоқ болады, оның құрамында аспаптык, әдістемелік, субъективті құрастырушылары бар, әрқайсысында жүйелік және кездейсоқ бөліктерін белгілеуге болады.
Тексеру жолымен немесе паспорттық мәліметтерден аспаптың жүйелік қателігінің бағасын, ал өлшеу әдісін талдау жолымен – қолдану әдісіне байланысты жүйелік қателігінің бағасын алуға болады. Егер де аспап құжаттарында қосымша жүйелік қателіктер, әсер ететін шамалар туралы мәліметтер болса, оларда есепке алынып бағаланады.
Бір реттік өлшеу нәтижесі ретінде өлшеу құралының көрсетімдері алынады. Тура әрекетті көрсететін аспабын қолданганда тура өлшеу нәтижелерінің дәлдігін (4.5) формуламен анықталатын жуықталған максималды (немесе шекті) қателігімен бағалауға болады.
Бір реттік өлшеулерді өткізу кезінде қолданудың қалыпты жағдайларын ұстауға және эдістемелік пен субъективті қателіктердің нәтижеге минималды әсер ететіндей өлшеу әдістерін таңдауға тырысады. Өлшеулер кезінде субъективті қателіктер өте кіші шамалар деп есептеп, оларды есепке алмайды.
Егер бір реттік өлшеу дұрыс өткізілсе, онда өлшеу нәтижелерді көрсету үшін қүрал көрсетімдері және оның рұқсат етілетін негізгі қателігінің шектері туралы мәліметтер жеткілікті болады. Рұқсат етілетін негізгі қателігінің шектерін анықтау үшін өлшеу құралының дәлдік класы деген метрологиялық мінездеме қолданылады.
Өлшеу құралдардың негізгі қателігінің шегін есептеудің өрнектері және олардың дәлдік кластарын белгілеу мысалдары 5.1 кестеде келтірілген.
Қателіктерді бағалаудың жалпы сұлбасын келесі түрде көрсетуге болады. Өлшеу есебінің шарттарына қарай қажетті өлшеу құралы (аспап) таңдалынады, содан кейін өлшеу шарттары анықталады (қалыпты, немесе жұмыс), әсер ететін шамалар әсерінен пайда болатын аспаптың мүмкінді қосымша қателіктері бағаланады.
Нәтижесінде өлшеу қателігін бағалауға өлшеу құралы туралы келесідей мәліметтерді аламыз:

  • аспаптың рұқсат етілген негізгі қателігі 𝛿нег;

  • қосымша қателіктер 𝛿кос1, 𝜹кос2, …, 𝛿кос𝑚 .

Сонымен, есепті шешу үшін қателіктің барлық құрамдастырушыларын
(4.5) формуласы бойынша қосамыз.



    1. кесте - Негізгі қателігінің шегін есептеудің формулалары

Негізгі қателігінің шегін есептеудің өрнегі

Рұқсат етілген негізгі қателіктерінің шектері,
%

Өлшеу құралының дәлдік класын белгі- леудің мысалдары

Жалпы түрі Мысал



𝛥х
𝛾пр = Х 100% = ±𝑃
𝑁

±𝑃

Р

2,5

𝛥х
𝛿отн = Х 100% = ±𝑞



±𝑞

q


2


𝛥х
𝛿отн = Х 100% =
𝑋𝐾
± [𝑐 + 𝑑 (| 𝑋 | − 1)]

± [𝑐 + 𝑑 (|𝑋𝐾| −
𝑋
1)]



𝑐
𝑑



0,02/0,01





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет