Метрология, стандарттау



бет13/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

Халықаралық электротехникалық комиссиясы (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника, байланыс стандарттарын әзірлейді. Ол 1906ж. ИСО құрылғанға дейін құрылды. ХЭК және ИСО әр уақытта құрылуы және әртүрлі бағытта болуы екі ірі халықаралық ұйымдардың параллель іс-жүзінде болу дерегін анықтады. ИСО және ХЭК міндеттерінің ортақ болуын, сонымен қатар осы екі ұйымдар саласында жеке техникалық органдар қызметінің көшірмесі болу мүмкіндігін есепке алса бұл екі ұйымдар арасында келісім бекітілген, ол бір жағынан қызмет аймағын шектеуге, ал бір жағынан техникалық қызметті үйлестіруге бағытталған.
ХЭК мүшелер саны (52 шамасында) ИСО мүшелер санынан аз. Бұл көптеген дамушы елдерде нашар дамыған электртехникасы, электроникасы және байланысының барлығымен негізделген. КСРО 1922 жылы ХЭК мүшесі болды. ХЭК жоғарғы басшылық органы – Кеңес, онда барлық ұлттық комитеттер ұсынылған. ХЭК қаражаты ИСО қаражатындай бұл ұйымның мүшелері болатын елдер жарналарынан және халықаралық стандартарды сатудан түскен қаражатпен жиналады. ХЭК техникалық органының құрылымы ИСО сияқты: техникалық комитеттер, кіші комитеттер және жұмыс топтары. ХЭК 80 ТК қызмет етеді, олардың бір бөлігі (ИСО сияқты) жалпы техникалық және салааралық сипаттағы ХС әзірлейді, ал басқа бөлігі нақты өнім түрлеріне ХС әзірлейді (тұрмыстық радиоэлектронды жабдық, трансформаторлар, электр техника бұйымдары). Мысалы Қазақстан ТК хатшылығын және РАS хатшылығын жүргізеді (2002 ж. басынан).
Қазіргі уақытта ХЭК ХС сәйкес әзірленді. Тұрмыстық электржабдықтарының және машиналары үшін қауіпсіздік талаптарын бекіту бойынша ХЭК орындалатын жұмыстардың маңыздылығын айтып өткен жөн. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әртүрлі жолдардың болуына байланысты әр елдер барлық электр-тұрмыстық жабдықтарға және машиналарға талаптарды бекітетін ТК 61 «Тұрмыстық электржабдықтарының қауіпсіздігі» 40 жуық ХС шығарылған. ХЭК электртұрмыстық жабдықтар және машиналарды ХЭК ХС сәйкес болуына қарай сертификаттау жүйесін құрумен байланысты бұл аумақта ХС әзірлеу ерекше маңызды мәнге ие.
Келешекте жеке мамандардың болжамы бойына ХЭК және ИСО қызметі біртіндеп жақындайды: бірінші кезеңде – бұл ХС дайындайтын бірыңғай ережелерді әзірлеу, бірлескен ТК құру (мұндай тәжірибе ақпараттық технология сұрақтары бойынша бар), ал екінші кезеңде – мүмкін болатын бірлесу, себебі ИСО және ХЭК көпшілік мемлекеттер сол бір органдармен ұсынылған – стандарттау бойынша ұлттық ұйымдармен бірге.
Көкейтесті мәселе ХС, ИСО және ХЭК дайындық мерзімінің қысқартылуы, себебі қазіргі уақытта әзірлеу жұмысы 4-5 жылдарға созылады. Өнімнің моральды ескіру мерзімін қысқарту үрдісі, стандарттар туралы халықаралық сауданың сұрау салуына жылдам жауап беру қажеттілігі ХС әзірлеу мерзімін бірден қысқарту міндетін қоюда. Көп ретте ХС жобаларын талқылау процедурасы телеконференция шеңберінде өткізу барысында тәжірибеленуде. Әр елден іс-сапармен келетін мамандардың стандарттау бойынша жұмыс органдарының дәстүрлі отырыстарына қарағанда телеконференция жиі ұйымдасқан түрде және жедел өткізіледі. Мамандардың берген бағалары бойынша телеконференцияларды өткізу ХС дәстүрлі процедуралар шеңберінде әзірленетін шығындардың, оның ішінде қаржының 80% және уақыттың 60% үнемдейді.
«Стандарттарды әзірлеу процедураларын элетрондау» процесі уақыт өте шет елдерде стандарттарды дәстүрлі сатыда әзірлеуден толық бас тартуына әкелуі мүмкін: «жоба – пікір – пікірді есепке алу» тізбегінің орнына барлық мүдделі жақтардың стандарттарды редакциялау жұмыстарында көпжақты шынайы режімде жұмыс жасау көзделуде.
Адамдар, тауарлар, қаражат және ақпараттардың еркін орын ауыстыру жолындағы шекараны жоюмен сипатталатын әлемдік нарықтың жаһандануы елдердің бірыңғай стандарттарға көшуін талап етеді. Әзірше ИСО мүше елдерінің халықаралық стандарттарды қолдану орташа көрсеткіші жалпы саны ұлттық - 22%, ал даму деңгейі жоғарырақ елдерде - 40%. Идеал ретінде бірыңғай стандарттар, бірыңғай сынақтар; барлық жерде танылған сертификатар принципі берілген. Бұл принцип 2001 жылы ұсынылған және ИСО ретінде жобасында жүзеге асқан. Жоба мағынасы – стандартарда әртүрлілікті, сынақтарда және растау процедураларында қайталануды болдырмау іске асыру мысалдары бар: жүксауытты тасымалдар, несие карточкалары, кемежасау сияқты стандарттау объектілері әлемдік нарықта стандарттарға жауап береді және сәйкестендірудің бірыңғай процедуралары бойынша бағаланады.
Халықаралық электрбайланыс одағы ХЭО (IТU) International Telecommunication Union - бұл әлемдегі желінің дамуы және электрбайланыс қызметі бойынша мемлекеттік ұйымдар мен коммерциялық компаниялардың қызметін реттейтін халықаралық ұйым ХЭО тамыры алғашқы Халықаралық телеграф конвенциясына (1865ж.) қол қойылған XIX ғ. 60 жылдарында жатыр. ХЭО басты жетістігі 1999ж. телевидение жүйесі бойынша жоғары айқындық Ұсынысын қабылдауы. Онда ХХІғ. телевидениясының базалық параметлері (ыдырату жолдарының саны, кадр форматы, жайма жүйесі) белгіленген. ХЭО стандарттар паркі 1,5 мың бірліктерді құрайды.
ИСО, ХЭК, ХЭО басқа халықаралық стандарттау жұмыстарына басқа да ұйымдар қатысады.
Механикалық көлік жабдықтарының қауіпсіздік талаптарындағы стандарттау облысында өз қызметімен кең танылған БҰҰ Еуропаның экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК). БҰҰ ЕЭК ережелері (олар 80 астам) халықаралық стандарттар мәртебесіне ие және автокөліктердің міндетті сертификаттау халықаралық және отандық жүйелерінің нормалық базасы болып табылады. БҰҰ ЕЭК ИСО мен бірге басқару, сауда және көлік мәліметтерін электронды алмасу бойынша әмбебап ХС әзірленген.
Халықаралық сауда палатасы (ХСП) сауда құжаттамаларын бірыңғайлау жұмыстарымен кең танымал.
Сарапшылардың Біріккен комитеті ФАО/ВОЗ шеңберінде «Кодекс алиментариус» Комиссиясы жұмыс жасайды. Бұл комиссиямен тағам өнімдеріне және бірнеше ондық гигиеналық ережелер жинағына 300 аса ХС әзірленді. Комиссияның Еуропалық бөлімі өнімдерге тағам қоспаларын қолдану мүмкіндігін анықтайды өздерінің тұтынушыларына қоспалар қаптамадағы — Е 103, Е 210 және т.б. белгілері бойынша таныс, мұндағы Е әріпі «Europe»сөзінен шыққан).
Өз құзыретінің шегіне қарай стандарттау бойынша жұмыстарға БҰҰ қарамағындағы басқа да халықаралық ұйымдар — ЮНЕСКО, МАГАТЭ және т.с.с. қатысады.
Шартты түрде халықаралық стандарттарға өнімдердің жеке түрлерін өндіретін өндірушілердің (олар 40 аса) халықаралық кәсіпқой бірлестіктерінің стандарттарын жатқызуға болады, мысалы жүн, текстиль, тоқыма, ет және т.с.с.. Мысалы, «Вулмарк» компаниясының базасындағы жүннің Халықаралық Хатшылығының қызметі (1937 ж. бастап) белгілі. Ол өнім сапасының жүннің Халықаралық хатшылығының нормативі талаптарына сәйкестігін растай алған жүн және одан алынатын өнімдерді дайындаушыларға «Вулмарк» белгісін қолдануға лицензия береді. Халықаралық нарықта Лондондық қымбат металдар нарығының қауымдастығымен (London good delivery) қабылданған стандарттар белгілі. Жекелей алғанда бұл ұйымның стандарттарында алтын, платина, күміс жамбыларына деген талаптар анықталған.
Ұлттық стандарттарды әзірлеу кезінде Халықаралық жүзім шаруашылығы және шарап ашытушы ұйымының, Халықаралық бекітілінген су өндіруші қауымдастығы және т.б. сияқты ұйымдардың талаптарын ескереді.
Әлемде стандарттау бойынша келесі аймақтық ұйымдар қызмет етеді: Скандинавияда, Латын Америкасында, Араб аймағында, Африкада, Еуропалық одақта (ЕО) ж.т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет