Метрология, стандарттау



бет5/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

Жалпы қазақстандық техника-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктегіштер - мамандандырылуына (класқа, түрге және т.б. байланысты) сәйкес техника-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды үлестіретін және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды және ведомствоаралық ақпараттарды алмастыруды жасауда қолдану міндетті болып табылатын нормативті құжаттар.
Ережелер (Е) - қолдануға міндетті болып табылатын ұйымдық-техникалық және (немесе) жалпы техникалық ережелерді, тәртіптерді, жұмыстарды орындау әдістерін бекітетін құжат.
Ұсыныс (Ұ) - кеңес немесе нұсқауға ие ереже. Стандарттауға қосымша бұл құжат еркін түрде қолдануға ұйымдық-техникалық және (немесе) жалпы техникалық ережелерді, тәртіптерді, жұмыстарды орындау әдістерін қамтиды.
Норма - қанағаттандырылуы қажет мөлшерлі немесе сапалы критерилерді бекітетін ереже.
Қалыптасқан тәжірибе кодексі - конструкция немесе бұйым жабдықтарының тәжірибе ережелерін немесе жобалау, жасау, жинақтау, техникалық қызмет көрсету немесе қолдану процедураларын ұсынатын құжат. Бұл құжат стандарт, стандарттың бөлігі немесе жеке құжат ретінде бола алады.
Қалыптасқан тәжірибе кодексінің мысалы ретінде стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның (ИСО) және Халықаралық электротехника комитетінің (ХЭК) ұсынысы - сәйкестендіру бағасы бойынша тәжірибелік қызметтің ережелер Кодексі ИСО/ХЭК (ИСО/ХЭК: 1994). Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретін елдердің басты басшылық ететін құжаты болып стандарттарды дайындауда, бекітуде және қолдануда қолданылатын әділетті тәжірибелік Кодекс танылады (ары қарай стандарттау бойынша Кодекс). Ол саудадағы техникалық тосқауылдар бойынша Келісімге қосымша ретінде көрсетіледі.


1.4 Техникалық шарттар нормативті құжат ретінде

Жоғарыда ТШ техникалық және нормативті құжат ретінде екі дәрежелі болып келтірілген. «Техникалық реттеу туралы» мемлекеттік заңда техникалық шарттар стандарттау құжаттары болып қарастырылмаған. Өнім сапасын мемлекеттік түрде реттеу бойынша оларды қолдануда заңды мүмкіндіктердің жоғына қарамастан бұл құжат отандық тәжірибеде талап етіледі. ТШ қорының 120 мыңға жуық бірлікке ие болуы кездейсоқтық емес. Егер де шарттарда (келісім-шарттарда) оларға сілтеме жасалса, техникалық шарттар нормативті құжат орнында жүреді.


Шет елдік тәжірибеде ТШ ұқсас құжат – техникалық арнайы құжат (Тechnical Specification-TS) дайындаушы фирмамен әзірленеді және тұтынушы фирманың келісімімен келісім-шарттың ажырамас бөлігі ретінде қолданылады. Қазіргі уақытта Еуропалық одақта (ЕО) жоғары дәрежелі арнайы құжат TS әзірлене бастады. Олар техникалық комитеттермен дайындалады және алдын ала европалық деп аталатын стандарттарды бірте-бірте тысқары шығаруда. TS объектілеріне жатады: жаңа бұйым, жаңа сынау әдісі, жаңа процестер. Үш жылдан кейін маңыздылыққа TS шынайы қолдану жағдайларында тексеріледі. Тексерудің мүмкін болатын нәтижелері: Еуростандарт (ЕС) мәртебесін беру; олардың қызмет мерзімін келесі үш жылға ұзарту; құжатты жою.
Еуропалық Мемлекеттерде (ЕМ) әзірлеуде қажетті пәтуа (консенсус) кезеңіне жете алмаған жағдайда да TS қажеттілігі туындайды. Сондықтан келісімнің жетістікке ие болған дәрежесі TS бекітіледі. Стандарттау бойынша Европа комитетінде (ағылышын тілінде - СЕН) таныстырылған ЕО елдерінде ресми түрде TS жариялануын хабарлайды.
ТШ Мемлекеттік стандартқа сәйкес әзірленеді: белгілі бір бұйымға, материалға, затқа және т.б.; бірнеше нақты бұйымдарға, материалдарға, заттарға және т.б. (топтық ТШ).
Стандарттарға қарағанда олар аз уақытта әзірленеді, бұл жаңа өнімнің шығарылымын жылдам ұйымдастыруға мүмкіндік береді. ТШ объектісі - өнім, жеке ретте оның түрлері-нақты маркалар, тауарлар модельдері. Тауарлар арасында қарапайым ТШ объектілері болып: аз сериямен шығарылатын бұйымдар (галантерия заттары, халықтық кәсіп бұйымдары); ауыстырылатын ассортимент бұйымдары (айтулы жағдайларға шығарылатын сыйлықтар); өнеркәсіппен игерілетін бұйымдар; жаңа рецептуралар және (немесе) технологиялар негізінде шығарылатын өнім.
ТШ келесі ретпен орналасқан кіріспе бөлімінен және басқа да бөлімдерден тұруы қажет: техникалық талаптар; қауіпсіздік талаптары; қоршаған ортаны қорғау талаптары; қабылдау ережелері: бақылау әдістері; тасымалдау және сақтау; қолдану жөнінде нұсқаулар; дайындаушы кепілдігі.
ТШ бекітілген талаптар белгілі бір өнімге таралатын міндетті мемлекеттік талаптарға қарама-қайшы болмауы қажет.
Көрсетілген талаптарды кейбір адал емес өндірушілер айналып өткісі келеді, олар шығарылатын өнімнің ассортиментті жасандылығына жүгінеді, яғни тауардың бір тобын басқа топқа айырбастау. Бұл әсіресе алколгольді өнімдер арасында жиі кездеседі, мұнда ТШ атау беріледі: «тәтті нан өнімдерін сіңіру үшін сұйықтық», «шайға хош иістендіргіш» (немесе әтір құралдары). Бұл оларға бір жағынан стандарттардың міндетті талаптарын орындамауға мүмкіндік береді, бір жағынан акциздерден құтылады.
ТШ сапасын өсіруде тағам өнімдеріне ҚР СТ «Тағам өнімдеріне техникалық шарттар» ережесі бағытталған.
Тағам өнімдері 80 % ТШ бойынша өндіріледі. Стандарттың бір бөлімінде айтылады: түрдің сәйкес мемлекеттік стандарты, техникалық шарттары жоқ болғанда немесе дайындаушы шығарылымдағы азық – түлік өнімдер тобына арналған стандартта енгізілген сапа көрсеткіштерінен жоғары сапалы өнім шығаратын жағдайларда ғана ТШ әзірленеді. ТШ маңызды талабы - өнімнің қауіпсіздікке қойылған талаптарының (стандартпен салыстырғанда) төмендеуіне жол бермеу.
ТШ қабылдау комиссиясының бекітілуіне жатады. Өнімнің тәжірибелік үлгісінің (тәжірибелік партияның) қабылдау актісіне қабылдау комиссия мүшелерінің қол қойғандығы ТШ қабылданғандығын білдіреді. Егер де өнімнің өндіріске қойылу шешімі қабылдау комиссиясынсыз қабылданса, онда ТШ тапсырыс берушіге (тұтынушыға) бағыттайды.
Мемлекеттік бақылау органдарының құзыретіне қарасты ТШ талаптары олармен бірге келісімге отырады. Құжатты ТШ әзірлеуші бекітеді. ТШ белгіленуі екі тәсілмен жүзеге асырылады, солардың бірі келесі түрде қалыптасады:
- «ТШ» кодынан;
- өнімнің классификаторы бойынша (ӨК) өнім тобының кодымен;
- үш разрядты тіркеу нөмірімен;
- өндіріс кодымен - өндіріс және ұйым (ӨҰ) классификаторы бойынша ТШ әзірлеуші;
- құжатты қабылдаған жылдың соңғы екі сандарымен.
Мысалы: ТШ 1115-017-38576343-93, мұндағы 1115- ӨК бойынша өнімнің топ коды; 017- тіркеу нөмірі; 38576343- ӨҰ бойынша кәсіпорынның коды; 93 ТШ бекіткен жыл. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін әкелінетін (мемлекеттік келісім-шарт бойынша) өнімдер үшін егер де келісім-шарттарда ТШ сілтеме болса, онда олардың мемлекеттік тіркемесі қалыптастырылуы қажет, тіркемеге ТШ көшірмесі және оған қосымша ретінде каталогты бет беріледі.
Каталогты бетте кәсіпорын-дайындаушы және оның шығаратын өнімі жайында толық мағлұмат мәтін түрінде және кодталған түрде болады. Каталогты беттер өзіндік «қаланатын кірпіш» рөлін атқарады, олардың көмегімен шығарылатын өнімнің каталогтары қалыптасады және елде каталогтандыру жүйесі құрылады. Әзірлеуші - кәсіпорын каталогты беттің дұрыс толтырылуына жауапты.
Тапсырыс берушінің келісімімен ТШ әзірленбейді. Егер де өнім келесі жағдайларда шығарылса:

    • келісім-шарт бойынша өнім экспортқа арналса;

    • үлгі-эталон және оның техникалық мазмұны бойынша сапа көрсеткіштерінің мөлшерлік мәндері келісілмеген тауар үлгісімен немесе бұл көрсеткіштердің мәндері біртекті өнімдер тобына МСТ - пен (ҚР СТ) бекітілген болса ғана анықталынатын олардың тұтынушылық қасиеттері азық-түлікке жатпайтын тауарлар (күрделі тұрмыс техникаларынан және химия өндіріс өнімдерінен тыс);

    • техникалық құжат бойынша бір ғана кәсіпорынның тікелей тапсырысы бойынша келісілген көлемде дайындалған жартылай фабрикаттар, заттар, материалдар.

    • төменде үлгі - эталонның және азық-түлікке жатпайтын тауарлар үшін ТШ рөлін атқаратын оның техникалық мазмұны келтіріледі.

Үлгі-эталон деп органды лептикалық әдістермен анықталынатын анық өнімнің өкілі ретінде бекітілген және онымен шығарылған өнімнің сыртқы және басқа да белгілері бойынша қабаттастырылуына арналған дайын бұйымды (өнімдер кешені) айтады. Үлгі-эталонның ажырамас бөлігі болып өнім туралы мағлұматтарға, оның дайындаушысы және үлгі-эталонның бекітілуі туралы мәліметке ие жапсырманы айтады. Жапсырманы үлгі-эталонның түп нұсқа екендігіне күмән келтірмейтіндей үлгіге бекітеді. Әртүрлі түсті шешімді өнімдерді шығару кезінде қарастырылған барлық материалдар және қаптамалардың үлгілі түс фактураларының комплектілі қосымшасы бар бір түсті шешімді үлгі-эталонды бекітуге болады. Үлгі-эталонның саны негізгі тұтынушынының келісімімен келісіледі; екі үлгінің бекітілгені қаланады. Өзіндік сәндік немесе жарнамалық мәні бар жеке қаптама әдетте үлгі-эталонмен бірге бекітіледі. Өнімнің қасиеттері ұзақ сақталмаған жағдайлардан тыс үлгі-эталонның жарамдылық мерзімі бекітілмейді.
Техникалық сипаттаманы үлгі-эталондары қарастырылған бір немесе бірнеше анық бұйымдарға жасайды. Үлгінің техникалық сипаттамасында төмендегілерді көрсетеді:
- бұйым туралы қысқаша мәлімет (сыртқы түрі, түсі, салмағы, таза өңделуі және т.б.);
- параметрлері, сонымен қатар пішініне, құрылымына, моделіне, бұйымның өлшеміне талаптар;
- шығарылымдағы бұйымның дайындалуына қолданылатын материалдардың белгіленуі (қажеттілік жағдайда);
- тасымалдануы, сақталуы, дайындаушының кепілі. Қажеттілік болғанда техникалық сипаттамада бұйымның суретін, сұлбасын немесе фото суретін қояды. Техникалық сипаттаманың өзгеруін негізгі тұтынушымен келіседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет