Метрология, стандарттау



бет6/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

1.5 Ұйымның стандарттары

Ұйымның стандартары (ары қарай ҰС), соның ішінде коммерциялы, қоғамдық, ғылыми ұйымдардың, өзіндік реттелетін ұйымдардың, заңды тұлғалардың бірлестігі олармен өзіндік әзірлене және бекітіле алады.


ҰС әзірлеу, бекіту, есеп жүргізу, өзгерту және қабылдамау тәртібі жоғарыда айтылған принциптерді есепке ала отырып ұйымдармен өзіндік келісіледі.
ҰС жобасы техникалық комитет (ТК) әзірлеушімен таныстырылуы мүмкін, ол сол жобаның сараптамасының өткізілуін ұйымдастырады. Бұл жобаның сараптама нәтижесінің негізінде ТК стандарт жобасын әзірлеушіге бағытталатын қорытындыны дайындайды.


1.6 Стандарттау және техникалық регламенттер бойынша құжаттар туралы ақпарат


Стандарттау бойынша құжаттар туралы ақпарат. Ұлттық стандарттар және жалпы қазақстандық классификаторлар, сонымен қатар олардың әзірленуі туралы ақпарат қызығушылық танытқан тұлғаларға қолжетімді болуы қажет. Белгіленген құжаттардың қалыптасқан тәртіппен ресми жариялануы стандарттау бойынша ұлттық органмен жүйеге асырылады. ҚР үкіметі 20 бапқа сәйкес 09.10.2004 № 603-ІІ Қаулысында техникалық реттеу бойынша техникалық регламенттердің және стандарттардың және бірыңғай ақпараттық жүйенің ақпараттық қоры туралы Ереже бекітілді.
Техникалық регламенттер және стандарттардың мемлекеттік ақпараттық қоры. Бұл қор техникалық регламенттерді, ұлттық стандарттау жүйесінің құжаттарын, халықаралық стандарттарды, стандарттау ережелерін, стандарттау бойынша стандарттаудың және ұсыныстардың нормаларын, басқа елдердің ұлттық стандарттарын құрайды. Аталған қор мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады. Бұл қорды құру және жетекшілік ету, оны қолдану ережесі ҚР Үкіметімен бекітіледі. ҚР Үкіметімен бекітілген тәртіп және шарттарымен Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады және қызмет жасайды. Ол қызығушылық танытқан тұлғаларды техникалық регламенттер мен стандарттардың Мемлекеттік ақпараттық қор құрамына енетін құжаттар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету.
Қызығушылық танытқан тұлғаларға құрылатын ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізу мүмкіндігі беріледі, алайда кейбір жағдайларда құпияны (мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық) сақтау мақсатында мұндай еркіндік шектеулі болуы қажет.
Стандарттар және техникалық регламенттер Мемлекеттік қорының тиімді қызмет жасауы:

    • ақпараттың толыққандығы және оның ақиқаттылығы (көкейтестілігі), сонымен қатар заманға сай болу (оперативті) белгілері бойынша және оны берудегі бағасы бойынша қызығушылық танытушы қолданушылар үшін ақпараттарға еркін қол жеткізуі;

    • отандық тұтынушылардың олардың ведомстволық меншіктеріне, заңды беделіне немесе меншік түріне қарамастан, сонымен қатар Қазақстанның ДСҰ және (немесе) басқада халықаралық келісімдердің міндетті шарттарына сәйкес шет ел тұтынушылардың барлық категорияларына ақпараттарды тең құқықтан айырмау сипатында ұсыну;

    • стандарттар және техникалық регламенттер мемлекетте тікелей қорының ақпараттық ресурстарын қалыптастыруға қатысты барлық қатысушыларға ақпараттарды максималды жеңілдік сипатында ұсыну.

Техникалық регламенттеу бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе келесілерді қамтамасыз етеді:
а) ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, оларға еркін қол жеткізу және де ондағы жоғарыда ескерілген мемлекеттік қор құжаттарын;
б) техникалық реттеу (ТР) ұлттық стандарттартар жобасын әзірлеу туралы хабарландыруды электронды-сандық түрде жариялауды;
в) техникалық кедергілер бойынша Келісімнің ережелерін орындау.
ҚР СТ, ССТ (және басқа да тең мәнді құжаттар) мемлекеттік басқару органдарымен қабылданатындықтан, олар ресми құжаттар болып танылады. МЕСТ және ҚР СТ ресми жариялау құқығы Қазақстанның Мемстандарты осы нормотивті құжат (НҚ) қабылдаған, ал құрылыс аумағында - Қазақстан Мемқұрылысын қабылдаған тек мемлекеттік органдарға ғана тиесілі.
Осылайша МСТ және ҚР СТ барлық ресми басылымдарының бірінші бетінде келесі сөздер болуы қажет: «Іс-жүзіндегі стандарт толық немесе біртіндеп Мемстандарт және Қазақстанның Мемқұрылыс келісімінсіз ресми басылым ретінде жарыққа шыға алмайды».
Қосар беттің және ҚР СТ (МСТ) бірінші бетінде келесі сөздер болуы қажет: «Басылым ресми». Бұл тыйымның бұзылған жағдайында Мемстандарт және Қазақстанның Мемқұрылысы азаматтық заңнама нормаларына сәйкес кінәлі жақтан шығындарды талап ете алады. Іс-жүзіндегі мемлекеттік стандарттар, олардың қызмет ету мерзімі, өзгерісі жайында ақпараттарды қолданушылар жылдық немесе айлық ақпаратты «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты» көрсеткіштері арқылы ала алады. ССТ басылымы немесе қайтадан басу оларды қабылдаған органдар арқылы, ал КСТ үшін оларды бекіткен кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет