Метрология, стандарттау



бет2/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

1.1 Кіріспе

Стандарттау, метрология және сертификаттау көпжақты сауда қызметінің маңызды аспектісі - өнім, жұмыс және қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету құралы болып табылады.


Сапа проблемасы нарықтық экономикасының қаншалықты жетілгеніне қарамастан барлық елдерге көкейтесті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қираған Жапония мен Германияның өнім сапасын қамтамасыз етуге және бұл елдердегі экономиканың жаңа бастамасын беруге ықпал жасаған стандарттау және метрология әдістерін ұтымды пайдалануын еске алсақ та жеткілікті.
Бүгінде дайындаушы және оның саудалық делдалы сауда белгісінің беделін өсіруге, бәсекелестік күресте жеңуге, әлемдік нарыққа шығу мен стандарттың міндетті және ұсынылатын талаптарын орындауға қызығушылық танытуда. Бұл мағынада стандарттау осы заманғы кәсіпкерлік стратегиясының бөлігі ретінде қарастырылады. Оның әсері және талаптары қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтиды. Осылайша өзара тиімді мәміле жасау үшін өндіріс және сауда мамандары білуі және орындауы тиіс «ойын ережелерінен» тұрады. Осыдан шығатыны стандарттау бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар дайындаушының, тапсырыс берушінің және саудагердің барлық басқару деңгейіндегі әсерлі серіктестігі.
Бүгін жеткізушіге прогрессивті стандарттардың қатаң талаптарын орындау жеткіліксіз, тауар шығарылымын, қауіпсіздік және сапа сертификаттарымен қызмет көрсетуді жетілдіру қажет. Тапсырыс берушілер мен тұтынушылар арасындағы көпшілік сенімді сапа жүйесіндегі сертификат тудырады. Ол сапаның тұрақтылығына, шындалған сапа көрсеткіштерінің шынайылығы мен дәлдігіне сенімділік туғызады, өнім өндіру процесіндегі және қызмет көрсетудегі жоғары мәдениеттілікті айғақтайды.
Келешекте тауар және қызмет көрсету қатары бойынша бекітілген талаптардың сәйкестігін растау тек сертификациямен ғана емес сонымен бірге өнім өндірушінің өзімен және қызмет көрсетуді орындаушымен бірге, яғни бірінші жақпен іске асырылады. Бұл жағдайларда ұйым басшыларының персоналмен стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерін ұқыпты қолдануында жауапкершілігі және ролі арта түседі.
Коммерциялық қызметтің әртүрлі салаларында: өндірісте, саудада, банк қызметтерінде метрология ережелерін ұстану анықталмаған өлшем нәтижелерінен болатын материалды шығындарды минимумға әкелуге өз септігін тигізеді.
Отандық стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерінің халықаралық ережелермен үйлесімділігі алаңдатуда, себебі бұл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне маңызды шарт болып табылады және бұл еліміздің осы ұйым шеңберіндегі одан арғы қызметі. Үйлесімділік проблемасы осы уақытта техникалық заңнама облысындағы заңдарды қабылдау жолымен шешілуде.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 9 қараша 2004 жылғы №603-II Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу» заңына қол қойды, Қосымша А. Оның қабылдануы стандарттау және сертификациялау жүйесінің қайта ұйымдастырылуына бастау болды. Ол Қазақстанның ДСҰ кіруіне және саудада техникалық кедергілерді болдырмауға қажет.
Сонымен өзіндік бәсекелестігі бар еліміздің нарықтық экономикаға өтуі, тұтынушылар сенімін иеленудегі күрес коммерция мамандарының тауарлардың, жұмыс және қызмет көрсетудің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуі үшін стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерін және әдістерін өз тәжірибелік қызметтерінде кеңірек қолдануларына әкеледі.
«Стандарттау, метрология және сертификаттау» пәнін оқытудағы мақсат - сауда қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін көрсетілген аумақтардағы студенттердің білімін, ептілігін және дағдыларын қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет