Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың


-тарау. Мәулітті жыл сайын өткізу әкеп соқтыратын Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс құрметтеудің және ұлықтаудың мысалдары



бет7/8
Дата10.04.2020
өлшемі0,63 Mb.
#60991
1   2   3   4   5   6   7   8

15-тарау. Мәулітті жыл сайын өткізу әкеп соқтыратын Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс құрметтеудің және ұлықтаудың мысалдары

1. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғайып біліміне ие» деген сенім

1. 1. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не болғанын да, не болатынын да біледі» деген сенім.

Ғафлауидің «Нәжму р-Рахман» (75-бет) деген кітабында былай деп айтылады: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала ардақты Елшісіне алғышқылар мен соңғылардың білімін, не болған және болатыны туралы білімді, көктер мен жерде не бар екендігі туралы білімді берді. Кім осы сенімдерге ие болса, сол иман келтірген мүмін болып табылады, ал кім өзгеше санаса, сол - Исламнан шыққан кәпір».



1.2. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сақтаулы Тақтада (Ләуһул Мәхфузда) жазылған нәрселердің барлығын біледі» деген сенім

Әл-Бусыри (695 х/ж)17 өзінің «Қасыда әл-Бурдасында»18 (10-бет): «Осы және келесі өмір - сенің жомарттығыңнан (яғни «уа, Пайғамбар!»), ал Сақтаулы Тақтаны білуің - сенің біліміңнен», - деп айтады.

Егер біреу Бусыри бұл сөздерді Аллаһ туралы айтып тұр деп ойласа, қателеседі, өйткені ол мұны Пайғамбар туралы айтып тұр. Айтпақшы, бұл қасыда араб елдерінде өткізілетін мәуліттердің көбінде оқылады. Ал сопылардың «әл-бриләуия» деген сектасы: «Ләуһул Мәхфузда жазылған нәрселердің бәрін білу – Пайғамбардың білімінің бір бөлігі ғана», - деп есептейді».19 Қз.: «әл-Халис ул-И‟тиқад» 58, 151-беттер.

1.3. «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) білімі бүкіл болмысты қамтиды» деген сенім

Мұны әл-Мурад Абади өзінің «әл-Калима әл-Улә» (14-56) деген кітабында айтады. Мынау сол кітаптан алынған үзінділердің бірі: «Пайғамбардың рухына еш нәрсе жасырын емес. Ол Аллаһтың Аршын, жоғарғы және төменгі әлемдерді, осы және келесі өмірді, Тозақ пен Жәннатты көріп тұр. Оның білімі жасырын болған бүкіл болмысты қамтып тұр».



4. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық ғылым туралы білімге ие, яғни алғашқы ұрпақтардың да, кейінгілердің де, адамдардың да, жындар мен періштелердің де, сондай-ақ басқа жаратылыстардың да» деген сенім.

Бұл туралы Ахмад Яр Ханның «Жә әл-Хаққ» (77-бет) деген кітабында оқуға болады.



5. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жаратылыстардың жүректерінде не бар екендігін біледі» деген сенім. Қз.: «әл-Мәдарик» 1/357.

Алғашқы болып бұл туралы Ибн әл-Хаж (737 х/ж) өз кітаптарында мәлімдеген болатын. Осыда оған әл-Қасталләни (923 х/ж), әз-Зуркани (1122 х/ж) және ән-Нәбхани (1350 х/ж) ілесті.



6. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық жерде жүр, барлық жердегі және барлық уақыттағы барлық нәрсені көріп тұр, әрі бұл оған еш қиындық тудырмайды» деген сенім. Қз.: Ахмад Яр «әл-Мәуа‟из ән-Ну‟аймия», 326-бет.

7. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық нәрсе туралы білімге ие» деген сенім.

Бұл туралы әл-Казыми «Таскин әл-Хәуатыр» (52-53-бет) деген кітапта мәлімдеген. Дәлел ретінде ол Аллаһ Тағаланың «Ол барлық нәрсе туралы» (2:29) деген сөздерін келтіреді де: "«Ол» дегенде Аллаһ емес, Пайғамбар аталып тұр", - деп айтады.



8. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылуына дейін-ақ Құранды жатқа білген, өйткені ол әл-Ләуһ әл-Мәхфузда жазылғанның барлығын біледі» деген сенім. Қз.: «Жә әл-Хаққ» 30-бет.

Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты осы сенімдер мен мақтаулар көптеген араб елдерінде, әсіресе Мысырда, Сирияда және Түркияда мәулітті атап өтуге байланысты өткізілетін жиындарда айтылады және баяндалады. Осының барлығы «Пайғамбардың өмірібаянымен және мінез-құлқымен таныстыру» деген айыпсыз ұранмен бүркеліп, оларға қатысатын адамдардың санасына құйылады.

Осы дінбұзар сенімдерді теріске шығару үшін, Аллаһтың кітабынан кейбір аяттарды келтіруге болады.

«(Мухаммед) "Көктер мен жердегі көместі (ғайыпты) Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндерін білмейді", - де» (27:65).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала Өз Елшісіне былай деп бұйырды:



«(Мухаммед): «Жанымда Аллаһтың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдар ма?» - де» (6:50).

«Қиямет күні Аллаһ пайғамбарларды жинап алып: «Сендерге қандай жауап берілді?» - дейді. Олар: «Біздің ешбір мәліметіміз жоқ. Күдіксіз, Сен ғана көместі (ғайыпты) толық Білушісің», - деп жауап береді» (5:109).

«(Мухаммед) міне бұл саған Біз уахи етіп отырған көмес (ғайып) хабарлардан. Олардың қайсысы Мәриямға қамқоршы болады деп, қаламдарын (шар) салған кезде, қастарында жоқ едің. Сондай-ақ олар таласқан сәтте де алдарында емес едің» (3:44).

«(Мухаммед) Біз Мұсаға әмір бергенде, сен батыс тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп тұрғандардан да емес едің» (28:44).

Сондай-ақ Аллаһтың Кітабы мұндай аяттарға толы. Пәк Аллаһ былай деді:



«Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар айуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде қаперсіздер» (7:179).

Сондықтан да Ибн Умар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бес нәрсе Аллаһтан өзге ешкім білмейтін көмес (ғайып) білім болып табылады. Аллаһтан басқа ешкім ертең не болатынын, сондай-ақ жүктілердің құрсағында кім бар екенін және қашан жаңбыр жауатынын білмейді. Бірде-бір жан қай жерде өлетінін және Қиямет Күні қашан келетінін білмейді», - деп айтқанын жеткізген. Хадис сенімді (сахих); Бухари 4/1733.

Араб елдерінде және бұрынғы кеңестік республикалардың аумағында мәуліт ұйымдастырып жүргендердің көбі өздерін жатқызатын ханафи мазһабының ғалымдарына келер болсақ, олар осындай бұзық сенімдерді алып жүретіндерге қатысты өте қатаң сөздер айтқан. Маулітті өткізушілердің іс-әрекеттерін тек уаххабилер мен экстремисттер ғана айыптайды деп айтуға олардың батылдары бармаулары үшін, сол имамдардың сөздерін келтіріп кеткеніміздің еш оқасы жоқ деп ойлаймыз.

1. Ханафи мазһабының көптеген кітаптарында Аббасилердің екінші халифасы Мәнсурмен орын алған оқиға келтіріледі. Ол түсінде өлім періштесінің бейнесін көреді де, одан өзінің қанша жыл өмір сүретінін сұрайды. Оған жауап ретінде періште оған бес саусағын көрсетеді. Түс жорушылар мұны бес жыл, бес ай және бес күн деп түсіндіреді. Іс имам Абу Ханифаға дейін жеткенде, ол: «(Періште) бұл бес саусағын осымен Аллаһ Тағаланың «Әрине, Қиямет мерзімінің мәліметі тек Аллаһтың қасында. Жаңбырды (тек) Ол жаудырады, Ол (ғана) жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді, әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Аллаһ толық Білуші, Хабардар!» (31:34) деген сөздеріне нұсқау үшін көрсетті. Өйткені бұл бес нәрсені Аллаһтан басқа ешкім білмейді», - деді. Қз.: «әл-Мәдарик» 3/37; әл-Кашшаф 3/239 т.б.

2. Ханафи мазһабының тұтас топ ғалымдары былай деген: «Адам куәларсыз үйленді де: «Мен өзіме куә етіп Аллаһты, Оның Елшісін және періштелерді алдым», - деді. Бұл адам кәпір болды, өйткені өзіне «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және періште бұл дүниеде не болып жатқанын біледі» деген сенімді алды. Ал Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келсек, ол тіпті тірі жүрген кезінің өзінде көместі (ғайыпты) білмейтін, ал ол қайтыс болғаннан кейінгі жайттар туралы не айтуға болады?!» Қз.: «әл-Фәтауа әл-Хәния» 283-бет; «Фәтауа Хиндия» 2/226; «әл-Бәхр әр-Раиқ» 3/88.

3. Сондай-ақ ханафи мазһабының біртұтас топ ғалымдары: «Кім: «Ізгілердің (әулиелердің) аруақтары осында және не болып жатқанды біледі», - десе, кәпірге айналады», - деп айтқан. «Әл-Бахр әр-Раик» 5/124; «әл-Фәтауа әр-Рушайдия» 51, 202-беттер.

4. Имам әл-Хужанди былай деген: «Өлгендер және (бұл дүниеде) жоқтар көместі (ғайыпты) біледі» деген сенім, сондай-ақ «Аллаһтан басқа жалпы кім болсын көместі біледі» деген сенім күпірлік пен көпқұдайшылық болып табылатынын біл... Барлық ғалымдар бұл күпірлік екеніне бірауызды келіскен, әрі мен осымен келіспейтін бірде-бір әһлю-сунна уал жәма’а ғалымын білмеймін».

5. Ән-Нәбханидің «Пайғамбар осында және барлық жерде жүр және әр уақытта көреді» деген сенімін теріске шығара отырып, Имам Шукри әл-Алюси былай деді: «Кім назар бұрса, бұл адамның Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенбейтінін және оны мойындамайтынын түсінеді. Өйткені ол барлық жерде және барлық уақытта жүретін әлдебір тұлғаға сенеді. Бұған оның өлеңі нұсқайтындай. Ал Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, ол Меккеде туылды және Мәдинада қайтыс болды... ал барлық жерде және барлық уақытта жүретін тұлға жоқ және болмайды да». «Әл-Аят әл-Кубра» 28-бет.



2. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болмысты басқарады» деген сенім

Мәулітке байланысты өткізілетін көптеген жиындарда мынандай нәрселер айтылады:

1. «Пайғамбар адамның кез келген мәселелерін шеше алады, өйткені осы дүниенің және келесі дүниенің барлық құбылыстары оның қолында». «Баракат ул-Имдад» 8-бет.

2. «Бұл болмыста не орын алса да, Аллаһ Тағала оны Пайғамбардың қолымен жасайды. Сондықтан да, егер Пайғамбар бір нәрсені қаласа, ол міндетті түрде болады және оны ешнәрсе тойтара алмайды». «әл-Истимдад алә ажьял әл-Иртидад» 32-33-бет.

3. Ән-Нәбхани (1350 х/ж) былай деген: «Ақиқатында, әһлю-Сунна уал жәма’адан болған мұсылмандар, ал олар мұсылмандардың басым бөлігі, Пайғамбардың көместі (ғайыпты) білетініне, беруші және ұстап қалушы екеніне, одан көмек сұрағандарға көмектесетініне, қайғы мен қасіреттерді қайтаратынына, қалағанына шапағат ететініне, қалағанын Жәннатқа кіргізетініне кәміл сенеді. Бұл сенімдер ең игі сенімдер болып табылады, ал оларды теріске шығару – айыпталатын ең жаман құбылыстардың бірі». Шәуахид ул-Хаққ» 279-бет.

4. Ахмад Рида Хан әл-Әуғани (1340 х/ж) былай деген: «Ақиқатында, Аллаһтың Елшісі ауруларға шипа береді, өз үмметін әртүрлі кесапаттардан қорғайды, ол тірілтеді, күш-қуат береді, дәрежені көтереді. Ол қорғайды және көмек береді, бақытсыздықтарды тойтарады және оның бұйрығы екі дүниеде де орындалады». «Әл-Истимдад алә ажьял әл-Иртидад» 29-30-беттер.

5. Ол сондай-ақ былай деген: «Аллаһтың Елшісі – Аллаһтың ең ұлы халифасы, ол көктер мен жерді басқарады». «Әл-Фәтауа ар-Радауия» 6/155.

6. Ал «әл-Әмн уал-Улә» кітабында былай деп айтылған: "Аллаһ былай деп айтты: «Уа, Мухаммад! Барлық жаратылыстар Менің разылығымды алуға тырысады, ал Мен сенің разылығыңды алуға тырысамын»". 108-бет.

Егер біреулер сопы тариқаттары мен секталарының өкілдерінің осындай бұзық сенімдерге дейін жеткендеріне таң қалса, онда мұндай нәрселер кавказ республикаларында баяғыдан бері жасалып келе жатыр, ал бізге қатысты айтар болсақ, біз үшін де бұл алыс емес. Өйткені, бұл бағыттағы алғашқы үлкен қадамдар жасалып та қойылды. Бұл жиіркенішті сенімдерді теріске шығару үшін Аллаһтың Кітабынан бірнеше аяттарды келтірудің өзі жеткілікті.

Аллаһ былай деп айтты:



«Раббың қалағанын жаратады да сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Аллаһ олардың қосқан серіктерінен Пәк және өте Жоғары» (28:68).

«Сендер Аллаһқа құлшылық етудің орнына пұттарға құлшылшылық жасайсыңдар және өтірік айтасыңдар. Аллаһтан өзге табынғандарың сендерге ризық бере алмайды. Ендеше ризықты Аллаһтың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да, Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар» (29:17).

«(Сонда да) олар Аллаһтан өзге басқа еш нәрсені жарата алмайтын, бірақ өздері жаратылған тәңірлерге құлшылық етті. Олар тіпті өздеріне де пайда, не зиян келтіру күшіне ие емес және өлімді де, өмірді де, қайта тірілтуді де басқармайды» (25:3).

Ал Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ былай деп айтты:



«(Мухаммед) расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жол табатындарды жақсы біледі» (28:56).

«(Мухаммед) ешбір іс сенің еркіңде емес. Аллаһ немесе олардың тәубесін қабыл етеді, не болмаса оларды қинайды. Өйткені, олар залымдар» (3:128).

«(Мухаммед) өзіне азап лайық болу сөзі бекіген біреуді және тозақтағы біреуді сен құтқарасың ба?» (39:19).

Сондықтан да Абу Хурайра Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Өз жақын туысқандарыңды насихатта!» (26:214) деген аяттар түскен кезде, ол адамдардың арасына тұрып: «Уа, құрайштықтар! (немесе осы сияқты бір сөз) – өздеріңнің жандарыңды сатып алыңдар, ақиқатында, мен сендерге Аллаһтың алдында еш нәрсемен көмектесе алмаймын!», - деп айтқанын баяндаған. Хадис сенімді (сахих); Бухари 3/1012; Муслим 1/192.



3. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қабірінде күнделікті материалдық өмір сүруде» деген сенім

Уа, бауырым, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) денесі қабірде, ал оның жаны (рухы) Аллаһ Тағаланың құзырындағы ең жоғарғы және құрметті орында екенін біл. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа дүниелік өмірмен өмір сүріп жатыр, және оның мәні бізге белгісіз, біз оның мәні туралы қасиетті мәтіндерге сүйенген түрде ғана бір нәрсе айта аламыз. Оның сүріп жатқан өмірі бұл дүниеде сүрген өмірінен ерекшеленеді. Ал көптеген сопы тариқаттарының өкілдеріне келер болсақ, олар «Пайғамбар қабірінде осы дүниеде күнделікті өмір сүргеніндей өмір сүріп жатыр» деген сенімде.

Мынау «дьюбандия» деп аталатын сопылық тариқаттың имамы ән-Нәнутуидің (1297 х/ж) айтқан сөздері:

«Ақиқатында, Пайғамбар қазір өз қабірінде тірі. Ол сол жерде күнделікті, тұрақты, өзінің денесімен өмір сүруде. Оның өмірі жай рухани ғана емес, материалдық, денелік те. Сондықтан да сахабалар одан соң оның мұрасын бөлмеген және оның өзінен кейін қалдырған әйелдеріне үйленбеген. Ол өзінің қабірінде намаз оқиды, азан және иқама айтады. Сондай-ақ ол өзіне сәлем беретіндердің сәлемдерін естиді. Бұл – мұсылмандардың басым бөлігінің және әһлю-Суннаның бірауызды сенімі. Сондай-ақ бұл – Пайғамбардың мен сипаттағанымдай етіп өмір сүретінін теріске шығаратын уаххабилерден айырықша, біздің барлық имамдарымыздың және жетекшілеріміздің де сенімі». «Әл-Кәукиб әд-Дуррий» 1/423.

2. Сондай-ақ сопылардың имамы әз-Зуркани (1122 х/ж) былай деген:



«Пайғамбарлар өздерінің қабірлерінде тірі. Олар ішіп жейді, намаз оқиды, қажылық жасайды, одан қалса хабарларда жеткізілетініндей үйленеді де». «Мисбах әл-Анам» 26-бет.

Тек қызығы, бұл адам қандай деректер туралы айтып тұр?!

Ал ханафи мазһабының, сондай-ақ басқа мазһабтардың ғалымдары туралы айтар болсақ, олар төмендегілерді растайды:

Ханафи мазһабының имамдарының бірі имам әл-Имади (982 х/ж) былай деген: «Біз о дүниедегі өмірдің мәні туралы біле алмаймыз. Ол өмір біздің сезім мүшелеріміздің икеміне келмейді, әрі ол денелік, материалдық өмір болып табылмайды, бірақ бұл - ақылмен емес, тек қасиетті мәтіндермен ғана танылатын рухани өмір». «Иршад ул-ақл әс-салим» 1/179.

Ал әлгі ән-Нәнутуидің «Оның өмірі жай рухани ғана емес, материалдық, денелік те. Сондықтан да сахабалар одан соң оның мұрасын бөлмеген және оның өзінен кейін қалдырған әйелдеріне үйленбеген» деген сөздеріне келер болсақ, иә, сахабалардың ешқайсысы Пайғамбардан қалған оның әйелдеріне үйленбеді. Бірақ бұл олар: «Пайғамбар қабірінде денелік өмір сүруде», - деп есептегендіктерінен емес, мына төменде келтірілген себептерден:

1. Аллаһ Тағала бізге Өзінің Кітабында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері мүміндердің аналары болып табылатынын түсіндірді. Ал аналарға үйленуге болмайтыны белгілі.

Аллаһ былай деп айтты: «Пайғамбар мүміндерге өздерінен артық. Оның жүбайлары - олардың аналары» (33:6).

2. Сондай-ақ пайғамбардың әйелдеріне үйлену пайғамбарға деген құрметсіздік танытудың және оны қорлаудың белгісі болып табылғандықтан.

Сондықтан да Аллаһ Тағала былай деді: «Сондай-ақ сендердің Аллаһтың Елшісін қынжылтуларыңа және одан кейін жүбайларымен әсте некелесулеріңе болмайды. Сондай істеулерің Аллаһтың қасында зор күнә болып табылады» (33: 53).

Осы екі себепті де, әлгі ән-Нәнутуи айтпақшы, уаххабилер емес, ханафи мазһабының имамдары келтірді. (Қз.: «Рух ул-Мә‟ани» 22/72-73; «Иршад ул-ақл әс-салим» 7/113.)

Ал сахабалардың Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұрасын неліктен бөлмегендіктеріне келер болсақ, ханафи ғалымдары мұның үш себебін айырып көрсеткен. (Қз.: «Рух ул-Мә‟ани» 22/72-73; «Иршад ул-ақл әс-салим» 7/113.):

1. Пайғамбарлар өздерінен кейін қалдырған бүкіл нәрселері бөлінетін мұра болып табылмайды, бірақ таратылатын садақа болып табылады.

Бұда олар Абу Бакр әс-Сыддықтан жеткен, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біз мұра қалдырмаймыз. Бізден қалған барлық нәрсе садақа болып табылады», - деп айтқан хадисіне сүйенген. Хадис сенімді (сахих); Бухари 3/1126; Муслим 3/1380.

2. Пайғамбарлардың өздерінен кейін мұра қалдырмауларының тағы бір себебі – ешкім оларды мал-мүлік жинағандықтарында және оны өздерінің мурагерлеріне қалдырғысы келгендіктерінде айыптамауы үшін.

3. Егер пайғамбарлар мұра қалдырғанда, оның туысқандарының немесе жақындарының біреуінде (сол мұраға жету үшін) пайғамбардың өлімін қалау пайда болар еді, ал бұл, мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша, күпірлік болып табылады.

4. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» деген сенім

Мәулітке байланысты өткізілетін жиындарда «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» дегенді естуге де болады.

Бұл туралы сопылар не деп айтатындарына қараңыздар:

1. «Бриләуия» тариқатының имамы Ахмад Рида Хан әл-Әуғани былай деген: «Уа, Аллаһ! Сен оны Өзіңнің нұрыңнан жаратқан, ал содан соң оның нұрынан барлық жаратылыстарды жаратқан Өзіңнің айқын нұрыңды (яғни Пайғамбарды) игілікке, сәлеміңе және берекеңе бөле». «Саләт ус-Сафа» 3-бет.

«Пайғамбар Аллаһ Тағаланың нұрынан жаратылған нұр» деген сенім «Пайғамбар – бұл Аллаһтың құдайлық болмысының бір бөлігі» деген сенімнен өзге ешнәрсе емес екендігін түсіну қиын емес. Бұл сенім христиандарды «Иса – Құдайдың ұлы!» деп жариялауға әкеп соқтырған сол христиандардың «Иса – Құдайдың Рухының бір бөлігі» деген сенімдеріне өте қатты ұқсас.

2. Ол сондай-ақ былай деген: «Ақиқатында, Пайғамбар нұр болып табылады, оның барлық денесі нұр және оның денесінің барлық мүшелері де нұр, әрі оның денесінен көлеңке түспейді, өйткені нұрда көлеңке болмайды». «Хәдаик Бахшаш» 2/2.

3. Сондай-ақ кейбір сопы тариқаттарының сенімдерінен «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалай күннің жарығында көрінсе, қараңғыда да солай көрінетін еді» деген сенім де бар. «Әл-Камар әт-Тәмам» 14-бет.

4. Осы сенімдерге сүйеніп, олар мынаны мәлімдеді:



«Ақиқатында, Пайғамбар және өзге елшілер адамдар болмады, ал «олар адамдар еді» деген сенімдер – кәпірлердің бір сипаты». «Әл-Мәуа из ән-Ну‟мания» 115-бет.

Осы жерде істің керісінше екенін айтып кету қажет. Аллаһ Тағала пайғамбарлар мен елшілер жіберген халықтардың көбі «Аллаһтың елшісі адам болмауы қажет» деген сенімдерге ие болғандықтан, оларға иман келтірмеген еді.

Аллаһ былай деп айтты: «Адам баласына Пайғамбар тура жол (Құран) келтірген кезде, олардың “Аллаһ адамды пайғамбар етіп жіберді ме?” деген сөздері ғана иман келтірулеріне бөгет болды» (17:94).

«Елінің қарсы болған, Ақыретті жасынға шығарған, сондай-ақ Біз өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген бастықтары: "Бұл - өздерің сияқты бір адам ғана. Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді. Егер өздерің сияқты адамға бой ұсынсаңдар, рас, сол уақытта зиянға ұшырайсыңдар» - деді» (23: 33-34).

«Бұл - өздеріне пайғамбарлары ашық дәлелдермен келгенде: "Бізді тура жолға адам сала ма?", - деп қарсы шығып, бет бұрғандықтарының салдарынан. Аллаһ оларға мұқтаж емес екендігін көрсетті. Өйткені, Аллаһ Мұңсыз, Мақтауға Лайық» (64:6).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала «Аллаһқа жай адамды өздеріне жіберу жараспайды» дегендердің сөздерін жоққа шығарып, былай деді: «Олар: «Пайғамбарға бір періште неге түсірілмейді?», - деді. Егер періште түсірсек еді, (оған да қарсы келгендіктерінен) іс біткен болып, оларға сонан кейін мұрса берілмес еді. Егер Пайғамбарды бір періште қылсақ едік, оны да бір адам (бейнесінде) қылар едік те, оларға күдіктенген сайын шәк салған болар едік» (6:8-9).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала «Пайғамбар адам болмады, ол періште немесе нұр немесе сол сияқты болды» деген сенімдерді жоққа шығарып, былай деді:

"«Ақиқатында, мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондай-ақ кім Раббысына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббысына жасаған құлшылығында Оған ешкімді ортақ етпесін», - де" (18:110).

«Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер Кітап иелерінен сұраңдар. Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ олар мәңгі қалушы да емес» (21:7-8).

«(Мухаммед) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені Көруші» (25:20).

5. Тарау бойынша қысқаша қорытынды

Мен осы бұзық сенімдер туралы тарауды және Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс артық ұлықтаудың мысалдарын оқырман жыл сайын өткізілетін мәуліттің қаншалықты қауіпті екенін түсініп, ұғынуы үшін ғана келтірдім. Бұл сенімдер араб елдерінде және посткеңестік республикаларда өткізілетін мәуліттерде баяғыдан бері айтылып келуде. Ал енді сопылық жұқпалы індеттің бұзық тамырлары бізде де таралуға талпыныс жасауда. Құрметті оқырманның көзі жеткендей, мауліт пен өзге де шариғат заңдастырмаған жиындарды ұйымдастырушылардың «мәулітті өткізуді және онда орын алып жатқан нәрселерді уаххабилерден өзге ешкім сөкпейді» деген пікірлері анық өтірік әрі адамдардың назарын өздерінің қауіпті іс-әрекеттерінен басқа жаққа бұру талпыныстары болып табылады. Олардың мәулітті өткізуге ешқандай дәйектері жоқтығына қоса, ханафи мазһабына көз жұма қарап және теріс бұрылып, оның негіздері мен ережелеріне де анық қайшы келуде.

Әрбір мұсылман мәуліттің дәл жыл сайын өткізілуі Пайғамбар туралы сау сенімдер «Пайғамбар иләһи (құдайлық, тәңірлік) табиғатқа ие» деген сенімдерге бірте-бірте ауысатын негізгі шек болып табылатынын ұғынуы қажет. Жоғарыда аталып кеткен кесірілі және бұзық сенімдердің барлығы дәл мәуліт арқылы дүние жүзінің миллиондаған мұсылмандары арасында таралып кетті. Егер мәуліттер ұйымдастырылмағанда, рафидилердің және сопы тариқаттарының жетекшілері өздерінің құдайсыз идеяларын ешқашан адамдардың санасына енгізе алмас еді. Бұл идеялар барлық мазһабтардың имамдарының қатаң сөгісінің тегеруінімен өшер еді. Осыдан шыға келе, көптеген мұсылмандардың «мәулітті өткізуде ешқандай жамандық жоқ» деген сөздері терең адасушылық екендігі және араб елдерін мен посткеңестік республикаларда күпірлік пен көпқұдайшылдықтың қандай сатылар арқылы таралғандығы туралы бейхабар болудың нәтижесі екендігі түсінікті болады. Бұдан қалса, бұл осы мұсылмандардың надандығын және христандар мен яһудилер Иса мен Узайрды Аллаһтың ұлдары деген сенімдерге келіп жетуіне дейін қандай сатылардан өткендіктерінен бейхабар екендіктерін көрсетіп тұр.

Сондықтан да маған тек білім иелеріне және оны талап етушілердің барлығына былай деп айтуға тура келіп тұр: бидғатшылырдың өз бидғаттарын қарапайым мұсылмандардың санасына енгізуде жүгінетін айлаларынан сақ болыңыздар. Түсіндірмелеріңіз мен кеңестеріңізге мұқтаж мұсылмандарға сіздердің жұмсақ болуларыңыз үшін. Дінге жаңалық енгізушілердің көшбасшыларының (жетекшілерінің) дәйектерін теріске шығара отырып, қуаттарын әлсірете отырып, бидғаттарын қирата отырып, олардың алдында иілмейтіндей және табанды болуларыңыз үшін. Сіздер мүмкіндіктеріңіз жеткенше адамдарға дұрыс сенімдер мен көзқарастарды түсіндірулеріңіз үшін және қарсыластарды әлсіз әрі жексұрын деп те, оларды барлық нәрсеге қуаты жететін деп те санамауларыңыз үшін. Сіздер үнсіздік сақтап және оларға достық танытып, оларға қарсылық көрсетуге қатысудан шетте қалмауларыңыз үшін, өйткені дәл осы нәрсе әһли-Суннаның әлсіреуінің және әһли-бидғаттың күшеюінің негізгі себебі болып табылады. Сіздер жағдай түзетілмейтіндей күйге жетпестен бұрын мәулітті ұйымдастыруға сөгіс білдіруге асығуларыңыз үшін. Сіздер осы жамандықты Аллаһ Тағала бізге өзіміздің күнәларымыз бен жаман істеріміз үшін жібергенін және біз олар үшін Аллаһқа тездетіп тәубе етуіміз керектігін және Одан бізді осы жамандықтан құтқаруды тілеуіміз керектігін білулеріңіз үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет