«Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік», - деп айтады. Әрқашан олар сайтандарымен оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз», - дейді. Аллаһ оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды. Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Әрі олар тура жолды таппады» (2:14-16).
«Әй, мүміндер! Өздеріңнен өзгелерді сырдас (көмекші) тұтпаңдар. Олар сендерге қастандықтан тартынбайды. Сондай-ақ олар күйзелулеріңді қалайды. Олардың кектері ауызынан-ақ көрініп тұр. Әрі олардың жүректерінде жасырғандары одан да үлкен. Егер түсінетін болсаңдар, әрине сендерге аяттарымызды баян еттік. Қашан олар сендерге кездессе: «Иман келтірдік», - деп, ал қашан олар оңашалана қалса, сендерге деген ызаларының зардабынан саусақтарын шайнар. (Мухаммед) «Ызаланған бойда өліп кетіңдер! Шәксіз Аллаһ көкіректегілерді толық біледі», - де. Егер сендерге бір игілік жетсе, оларға жаман көрінеді. Ал егер сендерге бір жамандық жетсе, оған олар хош болады. Егер сабырлық және тақуалық етсеңдер, олардың қастықтары (арамдықтары) сендерге ешбір зиян қылмайды. Ақиқатында, Аллаһ олардың не істегендерін толық біледі» (3: 118-120).
Аллаһ Тағаланың «Менің аяттармыды мардымсыз бағаға сатпаңдар!» (2:41) деген аяттары туралы имам Абу әл-Музаффар әс-Сам‟ани былай деген: «Бұл - яһудилердің ғалымдары мен монахтарында, олардың байлары мен надандарында ас дорбасы (пайда көзі) бар болғандықтан және олар егер Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болса) иман келтірсе, бұл ас дорбасынан айырылып қалуларынан қорыққандықтарынан. Сондықтан олар Пайғамбардың Тауратта нұсқалған сипаттарын өзгертті де, оның есімін жасырды. Міне осы - Аллаһтың «Менің аяттармыды мардымсыз бағаға сатпаңдар!» деген сөздерінің мағынасы». «Тафсир әл-Қуран» 1/72.
Имам Ибн әл-Қайим: «Аллаһтың тыйымдары бұзылып, Оның қойған шекаралары атталып, Оның діні тасталып, Оның Елшісінің Сүннетінен алшақталып жатқанды көріп, бірақ осыған қарамастан оның жүрегі суық, ал тілі үнсіз болып қала беретін адамда қандай дін және игілік болуы мүмкін. Ол – үнсіз шайтан! Ал кім өтірікке шақырса – ол сөйлейтін шайтан! Әрі егер ол өзіне астық дорбасы мен беделін қамтамасыз етіп алса, оны дінмен не болып жатқандығы толғандырмайтын осындайлардан өзге біреулерден дінге сәтсіздік келіп пе еді?! Ал егер біреу оның беделін немесе мал-мүлкін азайтқысы келсе, ол лап етеді, бар күш-жігерін жұмсайды және үш тәсілдің барлығымен (қолмен, сөзбен, жүрекпен) тойтарыс береді. Әрі осындайлар Аллаһтың назарында төмен түсіп, Оның Қахарына ұшырағандарына қоса, өздері осыны байқамаған күйінде бұл дүниеде орын алуы мүмкін болған ең ауыр сынақпен сыналды. Ал бұл сынақ – жүректің өлуі, өйткені адамның жүрегі қаншалықты тірі болса, оның Аллаһ пен Оның Елшісі үшін ызасы да соншалықты мықты, әрі оның дінге деген көмегі де соншалықты кемелдеу болады», - деп айтқан. «А‟ләм әл-Муакки‟ин» 2/158.
Осы туралы ой қозғап көрші, бауырым, сонда саған көп нәрсе түсінікті болады.
3. Қарапайым имамнан «діни» немесе «рухани көсбасшыға» мәртебесіне дейін сапалы жаңа серпіліс жасау үмітімен мемлекетке жағуға ұмтылу.
Адамдардың бұл үлгісі (типі) мешіттердің қарапайым имамдарынан ерекшеленеді. Бұл топтың өкілдері - кейде жалқаулықпен болса да, өз мешіттерінде діндегі жаңалықтарды нығайту үшін кейбір қадамдар жасайтын жай мешіттердің үнсіз, мақұлдауыш имамдары емес.
Бұл жерде азғантай ғана жалақымен және мешіттің жанындағы жөндеуден өтпеген ескі ғана үймен қанағаттанатындарға жатпайтын бидғатшылардың (...) белсенді өкілдері туралы сөз болуда.
Адамдардың бұл түрі іс жүзіндегі билікке, байлыққа, сәнді өмірге, ықпал-беделге ұмтылатын адамдар болып табылады. Мұндай адам діндегі жаңалықтар туралы жай ғана үнсіз қалмай, оларды (бидғаттарды) белсенді түрде ілгерілетеді және осы жолда кедергі болуы мүмкін барлық адамдарды жоюға тырысады. Осы үлгідегі адамдардың әдетте діни және зайырлы білімі жаман болмайды, олар ұйымдастырушылық және шешендік сипаттарға ие болады және адамдардың көпшілігіне ұнайтын нәрселерді айтумен ерекшеленеді. Мұндай адам, өзінің біліміне қарамастан, Аллаһтың Кітабын және Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін саналы түрде артына тастап, адасқандардың қатарына жатады.
Ол – Аллаһ Тағала оларға: «Ақиқатты біле тұра оны жасырмаңдар», - деп айтқан жай айтқан адамдардан емес, бірақ ол – Аллаһ олар туралы былай дегендерден: «(Мухаммед) оларға берген аяттарымызды лақтырып, шайтандарға ерген адасушылардан біреудің жағдайын түсіндір. Егер қаласақ, бұл білім арқылы, әрине, оны жоғарылатар едік. Бірақ ол жерге еңкейіп (дүниеге беріліп), нәпсіне ерді. Сонда оның мысалы: егер оны қусаң, тілін салақтататын, оны тыныш қойып қойсаң да, тілін салақтататын ит тәрізді. Аяттарымызды жасынға шығарған елдің мысалы осы. (Мухаммед) уақиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер. Сондай аяттарымызды жасынға шығарып, өздеріне зұлымдық еткен елдің сыңайы нендей жаман! Аллаһ кімді тура жолға салса, сонда ол тура жол тапқан болады. Және кімді адастырса, сонда олар - зиянға ұшырағандар. Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде қаперсіз надандар» (7:175-179).
Уа, бауырым, егер сен солардың біреуі болудан қорықсаң және осыдан қалайша құтылуды білмесең, онда Аллаһ Тағала сені жауапсыз қалдырмады. Ол былай деді: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» (7:180).
Сондай-ақ сондайлар туралы Аллаһ Тағала былай деді: «(Мухаммед) көңілі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Аллаһ өзін біліп адастырған және құлағын, жүрегін бітеп, көзіне жамылғы жасаған біреулерді көрдің бе? Енді Аллаһтан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?» (45:23)
Міне, осы туралы ой қозға, бауырым, сонда осы еңбекті не себепті имамдар мен қарапайым халық қолдамайтынын және не үшін «діни жетекшілер» оған қарсы шығатынын түсінесің. Мен бұл еңбекті сен мәулітті өткізуден бас тартпайтындардың және оны сән-салтанатпен өткізіп, лазерлік шоулар арқылы адамдарды қызықтырып шақыратындардың көпшілік болуына алданбауың үшін жаздым.
Осы себептердің барлығы адамдарды ақиқаттан бас тартып, оған ілеспеуге мәжбүрлейді. Бірақ осымен барлығы аяқталса ғой, бұл қасіреттің жартысы болар еді, алайда Аллаһтың Оның жаратылыстарындағы заңы сондай – кім бір рет ақиқаттан саналы түрде бас бұрған болса, күн өткен сайын өз адасушылығына тереңдей береді және енді тоқтай алмайды. Аллаһ былай дейді: «Олардың жүректерінде дерт бар. Сонда Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. Сондай-ақ оларға өтірік айтқандарының салдарынан күйзелтуші азап бар» (2:10).
Дәл сондықтан да біз діндегі жаңалықтың кішіден басталатынын, бірақ жыл сайын өсе бергені соншалықты – көлемі өте үлкен, ал салдары қайтымсыз болатынын айтамыз. Осы жерде бір маңызды құбылысты ұғып алған жөн: діндегі жаңалықтардың жетекшілерін оның көлемін ұлғайтуға не итермелейді? Бұған оларды бұрын қол жеткізген билігін, мал-мүлкін және адамдар арасындағы беделін көбейтуге деген дәмелері итермелейді.
Алайда Аллаһ Тағала ақиқатты қолдаусыз қалдырмайды. Адамдарға үнемі ақиқат жеткізіліп, заттардың мәні түсіндіріліп тұрады да, олар істің мәнісін түсіне бастайды. Осының барысында залымдар, егер олар қандай да бір шаралар қолданбаса, өздері ие болған нәрселерін көбейтпек түгілі, мұның барлығынан айырылып қалалатынын түсіне бастайды. Міне осы жерде олар адамдардың алдында өздерін ақтау үшін өздерінің діндегі жаңалықтарына дәлелдер іздей бастайды. Олар ақиқатты өтірік деп, ал өтірікті шындық деп көрсете бастайды; қасиетті мәтіндерді өздеріне қолайлы етіп түсіндіреді, өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес олардан бір нәрселерді алып тастайды, не қосады; адамдарға ақиқатты түсіндіретіндерге қысым жасап, өз билігі мен күшін іске қосады, оларды қорқытады, оларға түрлі лақап аттар тағып, адамдардың алдында жаман етіп көрсетеді және барынша жала жапсырады. Ал өздері адамдардың алдына күлімсіреп шығады, оларға назар мен мейірімділік көрсеткен болады, уәделер береді, жағымпазданады және өтірік айтады.
Бұл туралы Аллаһ Тағала: «(Мухаммед) оларды көрген кезде, тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар, бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды (Өз қылықтарынан үрейленеді). Олар дүшпан. Сондықтан олардан сақтан. Оларды Аллаһ типыл қылсын. Қайда адасып бара жатыр?» (63:4).
Имам әс-Са‟ди өзінің тәпсірінде былай деген: «Олардың сыртқы келбеті және түрі сені таң қалдырады, олардың сөздері қысқа және құлаққа жағымды. Олар өздерінің қорқақтығынан, жүректерінің әлсіздігінен және күмәндарынан, әрбір айқайдан қорқады. Олар жүректеріндегісін адамдар біліп қояды ма деп қорқады. Міне дәл солар – нағыз дұшпандар, өйткені өзінің дұшпандығы туралы ашық айтатын дұшпан өзінің дұшпандығын жасыратын адамнан қауіптірек емес. Осындай адам жалған айтып, қулықтар жасайды. Сен оны дос деп ойлайсың, ал ол - шынайы дұшпан». «Тафсир әс-Са‟ди» 63-сүре, 4-аят, аздап қысқартылған.
Нәтижесінде, егер ақиқаттың жақтаушылары үндемесе, лайықты түрде қарсыластық көрсетпесе, ақиқатты дұрыс түсіндірмесе және әлжуаздық, бидғатты сөгуде қорқақтық танытытып, сыртта қалып қойса, адамдардың сүйспеншілігі әлгілерге ауып кетеді де, содан соң осы адамдардың жалғаншылар, жеқсұрын адамдар екендігі олардың тіпті ойына да кіріп шықпайтын болады. Ал ақиқаттың жақтаушыларына келер болсақ, олар бүкіл ашу-ыза мен сөгістің толқынын өзіне алады да, адамдар оларды дұшпан және өтірікшілер деп санай бастайды.
Бірақ ақиқатты жақтаушылар өздерінің әлсіздігіне қарамастан, қамықпай, қарсылық көрсетуді тастамауы қажет. Өйткені Аллаһ Тағала: «Босамаңдар да, қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар», - деп айтады ғой (3:139).
Сондай-ақ Ол: «Ендеше сабыр ет, ал тақуаларға ең соңында игілік әзірленген», - деген (11:49).
Ол тағыда былай деген: «Сөзсіз, Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендер, солар қор болғандардың қатарында болады. Аллаһ: "Әлбетте Мен және елшілерім жеңіске иеміз" - деп жазған» (58:20-21).
Ал егер осы тараудың тым ұзарып кететіндігі жөнінде қорқыныш болмағанда, мен оның әрбір тармағына көптеген аяттарды, хадистерді және біздің салиқалы алдынғы буын өкілдерінің сөздерін келтірер едім.
Ал кітапқа осы тарауды мен оқырман оны оқып болған соң мына сұрақтарға жауап бере алуы үшін енгіздім:
1. Не үшін діндегі жаңалықтардың бұл жетекшілері ақиқатты қабылдамауда табандылық танытады?
2. Оларды өз бидғаттарының айналымын жыл сайын өсіруге не итермелейді?
3. Не себепті ақиқатты жақтау үшін ешкім дерлік тұрмайды?
4. Не себепті адамдардың басым бөлігі бидғаттарды қайтарып тастаудың орнына, ең соңында оларға ілесіп кетеді?
2-Тарау. Кітап түсірілгенге дейін адамдар Аллаһтың разылығына қалай қол жеткізуді білмейтін
Аллаһ Тағала адамдарға өз Кітабын тура жолдың басшылығы ретінде түсіргенге дейін, адамзат Өздерінің Раббысының разылығына қалай қол жеткізуге болатындығына қатысты надандықта болатын. Адамдар Аллаһ Тағала оларға разы болып, оларға қахарланбауы үшін қандай сөздерді айтып, қандай істерді істеу қажеттігі туралы білмейтін. Олар өздерінің жорамалдарына негізделіп және өздері мен ата-бабаларының тәжірибелеріне сүйеніп, үнемі сүрініп және адасып өмір сүретін. Олар өздерінің пікірлері мен жорамалдарына негізделіп, амалдар жасайтын және осы амалдарымен өздерін Аллаһқа жақындап жатырмыз деп ойлайтын, ал іс жүзінде барған сайын Одан алыстайтын.
Аллаһ Тағала бұл туралы былай деді: «Олар қашан бір арсыздық істесе: «Аталарымызды осы жолда таптық, мұны бізге Аллаһ бұйырды», - деді. (Мухаммед): «Шынында Аллаһ арсыздыққа бұйырмайды. Аллаһқа білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?» - де». (7:28)
Сондай-ақ Ол: «(Мухаммед): “Сендерге амалдары бойынша ең үлкен зиянға ұшыраушылардың хабарын берейін бе?” - де. Олар - дүниедегі тырысулары зая кеткендер. Өздері болса: “Рас, жақсы іс істедік”, - деп ойлайды», - деген. (18: 103)
Аллаһ Тағала былай деді: «(Әй мүміндер!) Сендерге сүйкімсіз болса да шайқасу парыз етілді. Бір жек көрген нәрселерің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселерің сендерге жаман болуы да мүмкін. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер». (2:216)
Әнас ибн Мәлик былай деп баяндайтын: «Бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерінің үйінің жанына үш кісі келіп, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһқа қалайша ғибадат ететіні туралы сұрай бастады. Оларға ол туралы айтып бергенде, олар мұны жеткіліксіз деп санады да: «Бізге Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жету қайда, оның бұрынғы күнәлары да, болашақ күнәлары да кешірелген!» - деді. Содан соң олардың біреуі: «Маған келер болсақ, мен әрбір түнді (түгелімен) намаз оқумен өткіземін», - деді. Басқасы: «Мен үнемі (үзбей) ораза ұстаймын», - деді. Үшіншісі: «Ал мен әйелдерден аулақ боламын және ешқашан үйленбеймін», - деп айтты. Біраз уақыттан соң олардың жанына Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келді де, оларға: «Осындай-осындай нәрселерді айтқан сендер ме? Аллаһтың атымен ант етемін, мен сендерден де көбірек Аллаһтан қорқамын және сендерден көбірек Одан үрейленемін. Алайда мен кейбір күндерде ораза ұстаймын, ал басқаларында мұны істемеймін, түннің бір бөлігін намазбен өткіземін, ал басқа бір бөлігінде ұйықтаймын, және әйелдермен некелесемін. Кім менің Сүннетіме ілескісі келмесе, оның маған қатысы жоқ!» - деді». Хадис сенімді (сахих); Бухари 5063; Муслим 1401; Ахмад 13534 тағы да басқалар.
Біздің осы хадистен түсінетініміз – бұл үш сахабаның осы амалдарды орындауға кіріссе, міндетті түрде Аллаһтың разылығына қол жеткізетіндігі туралы шешім қабылдағандары. Алайда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар Аллаһтың разылына тек Аллаһтың Елшісіне қатаң түрде ілессе, әрі ол шектелген нәрсемен шектелсе және тіпті олар осы амалдарын игі әрі тым болмағанда оларда ешқандай жамандық жоқ деп ойласа да, Пайғамбардың алып келген дініне, яғни Сүннетіне ешнәрсе қоспаса ғана қол жеткізе алатындығын түсіндірді. Ал егер олар Сүннетке мойынсұнбаса және шариғат орнатқан шекараларды бәрібір аттап өтсе, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұндай жағдайда олардың оған ешқандай қатысы болмайтындығын анық мәлімдеді. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамнан жай ғана теріс қылықтар үшін бас тартпайтын. Сондықтан фиқһ ғалымдары Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бас тартқан амалды үлкен күнә деп атайды.1
Енді мен оқырманның назарын маңызы кем емес бір жайтқа бұрғым келеді. Шын ықыласпен Аллаһтың разылын көздеп, бірде-бір күн қалдырмастан, үзбей ораза ұстайтын адамды кездестірдіңіз деп елестетіңіз. Ол жаздың ыстық күндерінде де, жұмыстың ауыр сәттерінде де ораза ұстай береді. Ол «Аллаһтан ең жақсы сый аламын» деп үміттенеді және: «Аллаһ пен Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқалардан артық жақсы көремін», - деп есептейді. Ол өз ойында оразаның артықшылықтары туралы аяттар мен хадистерді үнемі сақтап жүреді, әрі өзінің әрекеттерінде ешбір жамандықты байқамайды. Егер сіз оған ауыр күнә жасап жатқандығын және Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысы жоқтығын айтсаңыз, ол сізге не деп жауап беретінін енді бір сәтке болса да елестетіңізші. Ол сізге былай деп жауап береді:
1. Қалайша ораза ұстау үлкен күнә болуы мүмкін?
2. Ал ораза ұстағанға берілетін сауап және оның артықшылықтары туралы хадистермен не істемекпіз?
3. Осыда не жамандық бар?
Оның сұрақтарына жауап былай болмақ:
1. Өз негізінде ораза ұстау - күнә еместігінен бөлек, адам жасай алатын ең жақсы амалдардың бірі болып табылады. Алайда адам оразаны үнемі, күнде, арасын үзбей ұстаса, онда ол Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған амалға айналады.
2. Бұл хадистерге біз иман келтіреміз, алайда олар біз жоғарыда келтірген хадиспен шектеледі.
3. Бұл іс-әрекет сырттай игі және зиянсыз болып көрінгенімен, іс жүзінде көптеген жаман салдарға ие. Бұл амал (яғни арасын үзбей күнде ораза ұстау) адамның ағзасын артықша әлсіретеді, әрі оның салдарынан адам ғибадаттың намаз, қажылық т.с.с. басқа да түрлерін орындау қабілетін жоғалтады. Адам қоғамның, ата-анасының, әйелдерінің, балаларының, көршілерінің т.б. алдындағы борыштарын өтеу қабілетінен айырылады. Оның әрекеттері оны өзі-өзімен тамсануына және ол өзін өзгелерден жақсырақ деп ойлауына әкеп соғады. (Ал барлығынан сорақысы - ол осыншәма қиындықтармен өз басына сауап емес, күнә алатыны, өйткені ол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы шығып, ол істемеуге бұйырған амалды істеді. Ал кім Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы шықса, оның амалдары да зая, көтерер күнәсі мен жазасы да қорқынышты, Аллаһ бізді мұндайдан сақтасын. – Аудармашыдан.)
Ал мәулітке келер болсақ, оның жақтаушылары да осы үш сұрақпен дәйек келтіреді. Оларға жауап, Аллаһтың рұқсатымен, әлі кітабымызда келтіріледі.
Әнас ибн Мәлик былай деп баяндайтын: «Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі баласы қолынан жетектеп келе жатқан бір шалды көрді де: «Оған не болған?» - деп сұрады. Олар: «Бұл шал: «Жаяу жүремін және жануарға мінбейбін», - деп Аллаһқа нәзір (уәде) берген», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ оның өзін қинауына мұқтаж емес», - деді де, содан соң оған (жануарға) мінуді бұйырды». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1642.
Хадистен көрініп тұрғандай, бұл шал өзін қинау арқылы «Аллаһқа жақындаймын» деп ойлады. Бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамның қиналғаны өздігінше Аллаһтың разылын алуға себеп болмайтынын түсіндірді. Аллаһ Тағала ауырлық пен қиналуларға, олар тек парыз немесе мустахаб амалдарды орындау барысында ғана төзімділікпен бастан өткізілген болса ғана, сауап береді.
Бұл хадис сондай-ақ осы адамның егде жаста, үлкен өмірлік тәжірибеге ие болса да, бірақ, соған қарамастан, бұл тәжірибе оған Аллаһтың разылығын алудың дұрыс тәсілін көрсетпегеніне де нұсқайды. Сондықтан да бұл дінде Аллаһты жақсы көру және игі болып көрінетіннің бәрін істеу ғана жеткіліксіз болып табылады, бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге түсіндіріп берген жолға қатаң түрде ілесу қажет.
Аллаһ Тағала былай деді: «(Мухаммед) оларға: «Егер Аллаһты сүйсендер, онда маған ілесіңдер. Аллаһ сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Аллаһ аса Жарылқаушы, ерекше Мейірімді», - де» (3:31).
Сондай-ақ Ол: «Расында, сендер үшін, Аллаһты да, Ақырет күнін де үміт еткендер және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін, Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар», - деді (33:21).
Оқырман осы тарауды оқып болған соң өзі үшін өте маңызды қорытынды жасауы қажет. Оның мәні мынада: ешкім өз амалын жай: «Осы амал жамандыққа алып келмейді және онда ешқандай жамандық жоқ», - деп ойлағандығынан ғана: «Осы амал игі болып табылады», - деп мәлімдей алмайды.
3-Тарау. Содан соң Аллаһ Тағала тура жолдың басшылығы ретінде Кітапты түсірді
Аллаһ Тағала былай деді: «Алиф. Ләм. Ра. (Мухаммед) бұл Құран - адамдарды, Аллаһтың рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ Үстем әрі Мақтауға Лайық Аллаһтың жолына шығаруың үшін біз саған түсірген бір Кітап» (14:1).
Бұл аяттан біз адамдар тек өздерінің ой-тұжырымдарына, пайымдарына және ата-бабаларының әдет-ғұрыптарына ғана ілесіп, тура жолға шыға алмайтынын түсінеміз. Бұл аят кім надандықтың қараңғылығы мен адасушылықтан білім мен тура жолдың жарығына шыққысы келсе, оған міндетті түрде Аллаһтың Кітабына ілесуінен басқа еш нәрсе қалмайтынын анық айтып тұр. Егер біреу: «Аллаһтың разылығын қалайша және немен алуды өзім жақсы білемін», - деп мәлімдесе, ол сонысымен Аллаһтың осы Кітапты адамдарды адасушылықтан тура жолға шығару үшін түсіргенін теріске шығарған болады. Оның сөзіне сәйкес «егер (Аллаһтың разылығын табуға, не тура жол табуға деген) қатты қалау болса, онда Кітапсыз да амалдауға болады» деген өте қате тұжырым шығып тұр.
Сондай-ақ: «Расында, сендерге Аллаһтан бір нұр және ашық бір Кітап (Құран) келді. Аллаһ ол арқылы Оның разылығын алғысы келгендерді есендік жолдарына салады. Ол өз нұсқауымен оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарып, тұп-тура жолға салады» (5:15-16).
Бұл аят Аллаһ адамдарды тура жолмен олардың ой-тұжырымдары мен пайымдары арқылы емес, тек осы Кітап арқылы жүргезетіндігі туралы анық айтуда. Сондай-ақ бұл аят өзінің іс-әрекеттерін Құраннан келтірілетін дәлелдермен негіздеу – бұл Аллаһтың разылығына жеткісі келетіндердің жолы екендігін, ал кім Аллаһтың Кітабынан дәлелге ие болмастан, мәулітті өткізсе, сол есендік жолдарымен жүрмейтінін, Аллаһтың разылығына қол жеткізбейтінін, қараңғылықтардан жарыққа шықпайтынын және тура жолға салынбайтынын ашып көрсетеді.
Сондай-ақ Ол: «Әй, адам баласы! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді. Сондай-ақ сендер үшін бір ашық нұр (Құран) түсірдік. Ал енді Аллаһқа сеніп, Оған жабысқандарды Ол Өз рахметіне және ілтипатқа бөлейді де, Өзіне баратын тура жолға салады», - деп айтты (4:174-175).
Бұл аят бізге, егер біз Аллаһ Өз рахметіне және ілтипатына бөлегендердің және Оған алып баратын тура жолға салғандардың қатарында болғымыз келсе, онда Аллаһтан бекем жабысып ұстануымыз керектігіне нұсқайды. Ал мәуліт өткізушіге келер болсақ, ол Аллаһқа бекем жабысып ұстанбады, өйткені өзінің амалына Раббысынан түскен дәлелі жоқ.
Аллаһ тағы былай деді: «(Мухаммед) саған осылайша әмірімізден бір рух (Құран) уахи еттік. Сен Кітап не, иман не екенін білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз» (42:52).
Бұл аят «тіпті адамдардың ең жақсысы, олардың ең ақылдысы және ардақтысы, егер Аллаһ Тағала оған Құранды уахи етпегенде, тура жолды таппайтын еді» дегенге нұсқайды. Сондықтан да кім: «Өздігімше тура жол таба аламын», - деп есептесе, нағыз өтірікші болып табылады.
4-тарау. Аллаһ Тағала Құранмен бірге сол Құранды түсіндіретін Сүннетті де түсірді
Аллаһ Тағала былай деді: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине, олар түсінер» (16:44).
Осы аяттан біз Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өздігінен, өз пікіріне және пайымдарына негізделіп, еш нәрсе айтпағанын және істемегенін, бірақ оның айтқанының және істегенінің барлығы Аллаһтан түскенін түсінеміз.
Аллаһ Тағала былай деді: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені - көкейіне салынған уахи ғана» (53:3-4).
Сондықтан хафиз Ибн Кәсир былай деген: «Мухаддистердің және «фиқһ негіздері» ғалымдарының тұтас тобы «Құранмен бірге Сүннет те көктен түскен уахи болып табылады» деген пікір айтқан. Осыда олар Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне сүйенген: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені - көкейіне салынған уахи ғана» (53:3-4). Бұл мәселе фиқһ негіздері туралы кітаптарда бекітілген, ал бұл мәселені жан-жақты түсіндіргендердің бірі хафиз Абу Бакр әл-Бәйһақи болып табылады. Ол осы туралы өзінің «әл-Мәдхал илә с-Сунан» кітабында айтқан. «Әл-Фусул фи сират ир-Расул» 207-бет.
Я‟лә ибн Умайя былай деп баяндайтын: «Бірде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Джу‟ранда2 болған кезде, оның жанына молынан әтір сеуіп алған, жубба3 киген бір кісі келіп: «Менің умрам4 туралы не істеуді бұйырасың?» - деп сұрады». Я‟лә былай деді: «Осы кезде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахи түсе бастады және оны киіммен бүркеді. Ал мен Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған уахи түсіп жатқан кезінде көргім келетін. Сонда Умар ибн әл-Хаттаб маған: «Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахи түсіп жатқан кезде оны көргің келе ме?» - деп сұрады. Умар киімнің бір шетін көтерді және мен Пайғамбарға көз салдым – ол жас түйе қырылдағандай, қырылдап отырды. Ал уахи біткенде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Умра туралы сұраған (адам) қайда? Бойыңнан әтірдің ізін жуып таста, жуббаңды шеш те, қажылықта не істейтін болсаң, умра кезінде де соны істе», - деді». Хадис сенімді (сахих); Бухари 1536; Муслим 1180; Абу Дауд 1819; Тирмизи 835; Мәлик «Муатта» 728; Ахмад 17970 және басқалар.
Бұл хадисте Сүннетің де Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көктен Құран сияқты уахи етілгеніне дәлел бар.
Достарыңызбен бөлісу: |