Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың


-Тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне байланысты келіспеушіліктер



бет5/8
Дата27.02.2020
өлшемі0,63 Mb.
#58672
1   2   3   4   5   6   7   8

11-Тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне байланысты келіспеушіліктер

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүние келген апта күніне келер болсақ, оған қатысты ғалымдардың арасында келіспеушіліктер жоқ. Имам Ибн Кәсир «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүйсенбі күні дүниеге келді» деген ғалымдардың бірауызды пікірлерін жеткізген. «Әл-Бидая уән-Нихая» 2/259-260.

Бұл бірауызды келісілген пікірді Абу Қатада әл-Ансари жеткізген, онда ол Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһтың елшісі! Дүйсенбі күні ораза ұстау туралы не айтасың?» - деп сұраған хадиске негізделеді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл – мен туылған және маған Құран түсірілген күн», - деп жауап берді. Хадис сенімді (сахих); Муслим 1162.

Оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылған айына қатысты ғалымдардың көпшілігі: «Ол раби ул-аууәл айында дүниеге келген», - дейді. Қз.: Ибн Ражаб «Ләтаиф ул-Мә‟ариф» 95-бет.

Оның туған күніне қатысты ғалымдар жеті пікірге бөлінді. Олардың ең салмақтылары әрі күштілері екеу: раби‟ ул-аууәл айының 12-сі және 8-і. Осы екі пікірдің ішіндегі ең кең таралғаны «ол раби‟ ул-әууалдің 12-де туылған» деген пікір болып табылады. Бұл туралы Мухаммад ибн Исхақ айтқан. Бұл «әл-Бидая уән-Нихаяда» 2/259 келтірілгендей.

Бұл тараудан біз екі қорытынды шығарамыз:

1. Сахабалардың арасында туған күндерді қандай да бір арнайы іс-шаралармен және ғибадаттармен атап өту салты жоқ еді.

2. Пайғамбар да, оның сахабалары да бұл күнге ешқандай мән бермеген, өйткені егер осы күнді ерекше бір нәрселермен белгілегенде, онда бұл күн туралы белгілі болар еді және ол туралы келіспеушіліктер де болмас еді.10



12-Тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін атап өтуді кім және қашан алғаш бастады?!

Ғалымдардың арасында маулітті атап өту алғаш рет фатими-шиғалар болған Бану Убайд (Убайдилер) мемлекетінде пайда болғанына келіспеушіліктер жоқ. Мәулітті осы шиға мемлекетінің әмірі әл-Му‟изз ЛидиниЛләһ хижраның 362 жылы Каир қаласында өткізді. Қз.: әл-Микризи «әл-Асар» 1/432.

Осыдан кейінгі барлық ғасырларда ғалымдар шиғалардан сопыларға өткен, дінге енгізілген бұл жаңалықты сөгулерін тоқтатпады. Исма‟ил әл-Ансари «әл-Қаули әл-Фәсл» 49-бет.

Ғалымдар Исламның алғашқы ғасырларында мәуліт өткізілмегеніне бірауызды келіскен.

Бірақ барлығынан да таң қаларлығы – осы мәулітті біздің жерлерімізде ұйымдастырып және насихаттап жүрген сопылардың: «Ханафи мазһабын ұстанамыз!» - деп айтатындары. Ендеше имам Абу Ханифаның немесе Абу Йусуфтың немесе Мухаммад әш-Шәйбанидің осы амал заңды екені туралы айтқан сөздерін келтірсін!

Алайда іс жүзінде имам Абу Ханифаның мазһабы оларды мүлде қызықтырмайды, өйткені олар оны өздеріне қалқа етіп қана алған, яғни мазһабтың атын жамылып, дінге қалаған нәрселерін енгізуде.

Сонысымен олар өздерін және өз әрекеттерін Ибраһим пайғамбардың амалдарына жатқызған, бірақ қалаулары оның дініне сәйкес келмейтінін білген кезде, одан бас тартып, өз құмарлықтарына ілесуді абзал көрген көпқұдайшыл құрайштықтармен ұқсастық танытуда. Тура солар сияқты бұл сопылар да Абу Ханифаның мазһабын тастап, оны шиға-фатимилерге ауыстырып алды. Ал, ендеше, «мазһабсыздар» деген атаққа кімдер лайықтырақ?!

Ал егер олар имам Абу Ханифадан жеткен мәтін бар десе, онда оны бізге көрсетсін.

Аллаһ былай деп айтты: «(Мухаммед оларға): «Жандарыңда бізге қарсы шығара алатын білімдерің бар ма? Негізінде сендер ойларыңа ғана ілесесіңдер де, өтірік айтасыңдар», - де» (6:148).

Сондай-ақ Ол былай деді: «ухаммед): «Егер сөздерің шын болса, дәлел келтіріңдер», - де» (2:111).



13-Тарау. Мәулітті шариғатта заңдастырылған деп санайтын жақтың дәйектерін қарау

Имам Суфьян әс-Саури былай деген: «Әдемі етіп көрсетілмеген адасушылық жоқ». «Әл-Хужжа» 2/484.

Муфаддал ибн Мухалхал былай деген: «Егер бидғатшы өзінің бидғаты туралы сөзінің басында айтса, сен одан сақтанып, аулақ болар едің. Алайда ол саған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін айта бастайды да, кейіннен білдірмей өзінің бидғатына көшеді». «Әл-Ибана» 2/444.

1-дәйек:

Пайғамбар және сахабалар мәуліт өткізген, бірақ ол туралы хадистер мен деректер бізге жетпеген.

Жауап:

Жоғарыда біз қисыннан ғана туындаған осы тұжырымдарды теріске шығаратын қасиетті мәтіндердің кейбіреулерін келтірген болатынбыз. Бірақ маулітті ұйымдастырушыларды, аят пен хадиске қарағанда, көбірек ханафи мазһабының ғалымдарының сөздері қызықтыратын болғандықтан, біз осы жерде ханафи мазһабында бекітілген ережені келтіреміз. Ханафи мазһабы көптеген негіздер мен ережелерде құрылған, олардың бірі келесі ереже болып табылады:



«Қандай да бір амалдың істелуі туралы қасиетті мәтіндердің болмауы бұл амалдың істелмегеніне нұсқайды, бұдан қалса бұл амалды істеу харам және бидғат болып табылатынын білдіреді».

Ал ханафи мазһабының имамдарының осы туралы айтқан сөздері мынау:

Имам Ибн әл-Хумам (861 х/ж қайтыс болған) былай деген: «Қасиетті мәтіннің болмауы амалдың заңдастырылмағандығы туралы шешім шығару үшін жетіп асады». «Фатх ул-Қадир» 2/60 ( «Булак» баспасы).

Имам Ибн Абидин (1252 х/ж қайтыс болған): «Егер қандай да бір амалдың заңдастырылғанына нұсқайтын қасиетті мәтін жоқ болса, бұл амалды істеу харам болып табылады». Осыдан кейін имам Ибн Абидин осы ереже туралы айтатын ханафи мазһабының көптеген кітаптарына нұсқады. «Радд ул-Мухтар» 1/778; 3/210, 245.

Имам әл-Әкмал әл-Бәбирити (786 х/ж қайтыс болған) былай деген: «Ал бізге (яғни ханафи мазһабын ұстанушыларға) келер болсақ, біз: «Қандай да бір амал туралы қасиетті мәтіндердің болмауы осы амалдың істелмегеніне дәлел болып табылады», - деп айтамыз». «Әл-Иная» 2/90 («Дар ул-Фикр» баспасы).

Имам әл-Финжифири (1407 х/ж) былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір нақты амалды істегеніне нұсқаудың болмауы оның мұны істемегеніне нұсқайды». Осыдан соң ол былай деді: «Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір амалды істемеді деген тұжырымға келер болсақ, ол екі түрлі болады:



1. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мыналарды және мыналарды істемеді» деген анық мәлімдеме.

2. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мынаны және мынаны істеді» дегенге нұсқайтын мәтіннің болмауы».

Осыдан соң ол кейбір мысалдар келтірді де, былай деді: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір нәрсені істеп, осыны ешкімнің: кішісі де, ересегі те, еркегі де, әйелі де – жеткізбегені мүмкін емес». «Усул ус-Сунна» 55-бет.

Бұл жерде тек мынаны ғана қосуға болады: хадистер мен деректерде (асарларда) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір амалды істегені туралы нұсқаудың болмауы «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы амалды істемеді» деген анық мәлімдемеден күштірек. Өйткені бұл «осы істі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істеген болуы мүмкін» деген нәрсенің ойға да кіріп шықпағанына нұсқайды, сондықтан олар ешбір жерде Пайғамбардың осы істі істемегені туралы нұсқамаған болатын. Толық айқындық үшін мысал келтірейік. Сахабалар: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде айт намаздарына азан шақырылмайтын еді», - деп хабарлаған. Олар өздерінен кейінгілердің басқа намаздарға қияс жасап, айт намаздарына да азан шақыра бастаулары мүмкін екендігін білгендіктен, бұл туралы хабарлады. Бірақ сахабалар ешбір жерде «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз туған күнін мерекеледі» деп жеткізбеді. Өйткені олардың ойына ұшақтардың, комьютерлердің т.б. болу мүмкіндігі кіріп шықпағанынындай, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін мерекелеу де кіріп шықпайтын.

Ал осы ереженің дәлелдеріне келер болсақ, имам әл-Финжифири екеуін-ақ келтірген:

1. Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Оларда бұл туралы білім жоқ» (45:24).

2. Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Олар тек жорамалдарына ілеседі және ойынан ғана шығарады» (6:116).



2-дәйек.

Пайғамбар дүйсенбі күні ораза ұстаған, демек ол өзінің туған күніне көңіл бөлген. Ибн әл-Хаж «әл-Мәдхал» 2/3.

Жауап:

1. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне емес, аптаның күніне назар бұрған. Сондықтан, сіздердің қисындарыңызға сәйкес, (мәуліт) іс-шараларын апта сайын өткізген дұрысырақ болар еді. Әт-Туайжири «ар-Радд әл-Қауи» 61-бет.

2. Хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аптаның өзі туылған күнін ораза ұстаумен ерекшелегені туралы келіп тұр, ал сіздер оның туған күнін мерекелі шаралармен және тамақтанумен атайсыздар.

Аллаһ Тағала яһудилерге былай деген: «Сендер сонда жақсырақ болған нәрсені жаманырақ болған нәрсемен ауыстыруды сұрап тұрсыңдар ма?» (2:61).

Осыда сендердің яһудилермен ұқсастықтарың көрінеді.

Өз амалдарында шиғаларға, тіпті олардың шекке шыққандарына, яғни фатимилерге ілескендердің және сонымен қоса көпқұдайшыл құрайыштықтарға және яһудилерге ұқсағандардың жағдайы қалай болмақ?!



3-дәйек.

Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі Мәдинаға келгенде, ол яһудилердің Ашура күні ораза ұстайтындарын көрді.11 Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Сендер ораза ұстайтын бұл не күн?» - деді. Олар: «Бұл ұлы күн. Бұл күні Аллаһ Мусаны және оның халқын құтқарып, Перғауын мен оның халқын суға батырды. Әрі Муса осы күні Аллаһқа деген шүкіршілігінің белгісі ретінде ораза ұстайтын, сондықтан біз де осы күні ораза ұстаймыз», - деді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біз Мусаға сендерден жақынбыз», - деді. Және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы күні ораза ұстайтын болды да, мұны өзге мұсылмандарға да бұйырды». Хадис сенімді (сахих); Бухари 2004; Муслим 1130.



Олардың қорытындысы: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Мусаны құтқарғаны үшін Оған шүкіршілік ретінде Ашура күні ораза ұстады, біз де Аллаһқа Пайғамбардың туылғаны үшін шүкіршілігімізді білдіріп, оның туған күнін атаймыз. Әс-Суюти «әл-Хауи лил-Фатауи» 1/260.

Жауап:

1. Яһудилер тек Муса пайғамбар бұл күні ораза ұстайтын болғаннан кейін ғана, осы күні ораза ұстайтын болды. Ал Мухаммад пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз туған күнін мерекелеп атауда сіздерге үлгі көрсетпеген болса, қалайша сіздер оның туған күнін атап өтуді бастай аласыздар?!

2. Егер мәулітте игілік болғанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны заңдастырар еді әрі өзі де оны өткізер еді, өйткені қалайша ол Ашура күні ораза ұстауды заңдастыра алды да, ал өзінің туған күніне арналған мерекелік шараларды заңдастырмады?!

«Ал Раббың ұмытпайды» (19:64).

3. Егер қасиетті мәтіндерге зейін қойып қарасақ, барлық жерде Аллаһ Тағала бізге Өз Пайғамбарын жібергенінің рахметіне нұсқайтынын көре аламыз және барлық жерде оның туылғандығына емес, жіберілгендігіне ерекше маңыз беріледі. Себебі, жіберілудің маңызы туылуға қарағанда едәуір жоғары. Және пайғамбардың адамдардан негізгі айырмашылығы оның қай жерде, қашан және қалайша туылғанында емес, Аллаһтан жіберілген елші болуында. «Хиуар әл-Мәлики» Ибн Мәни‟ 85-бет.

Аллаһ былай деп айтты: «Расында, Аллаһ мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Аллаһтың аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді» (3:164).

Дәл сондықтан да мүміндердің әмірі Умар ибн әл-Хаттаб мұсылмандардың жыл санауын Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнінен бастап емес, оның қоныс аударуынан бастауды енгізді.



4-дәйек.

Сопылар сондай-ақ Ибн әл-Жәзаириден келген мына оқиғаны дәлелге келтіреді: «Бір адамның түсіне Аллаһтың жауы Абу Ләхаб кіріпті. Ол адам одан: «Сенің жағдайың қандай?» - деп сұрапты. Абу Ләхаб: «Мен Оттамын, алайда әрбір дүйсенбі сайын менің азаптарым жеңілдейді. Бұл менің Пайғамбар туылған кезде қуанғаным үшін және қуанышымнан Суайба атты күңді босатқаным үшін», - депті».



Олардың қорытындысы: егер тіпті кәпірдің өзі Пайғамбардың туылғанына қуанғандығы үшін пайда алып жатқан болса, онда оның туған күнін жыл сайын атап өтетін мұсылман туралы не айтуға болмақ?!

Жауап:

1. Бұл дерек сенімді емес, өйткені түс көрген адамның аты аталмаған. Сондықтан да жалпы «біреу осындай түс көріпті» деп айтушының сөзі растала алмайды.

2. Түстердің негізінде шариғатта ешнәрсе заңдастырылмайды, әрі бұл туралы әһлю-Сунна ғалымдарының арасында келіспеушіліктер жоқ.

Ханафи мазһабының имамдарының бірі Махмуд Шукри әл-Алюси (1342 х/ж) былай деп айтқан: «Шариғи үкімдер (қаулылар) және діни ғибадаттар тек Аллаһтың Кітабымен, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен және сүннет имамдарының бірауызды келісілген пікірімен (ижма`) тағайындалады. Және бұл - осы үмметтің алғашқы өкілдерінің жолы. Сондықтан шариғи үкімді бекітуде осы үш көзден өзге еш нәрсеге негізделуге рұқсат етілмейді... Ал қандай да бір ғибадаттардың заңды екенін осындай ертегілер мен қиссалар арқылы тұжырымдауға келер болсақ, бұл – яһудилердің, христиандардың және солар сияқтылардың жолы». «Гаят ул-Амани» 2/274-275 («Дар ихья ус-Сунна» баспасы).

3. Егер тіпті осы адам сол түсті көрді деп тұспалдасақ та, ол түс өтірік болып табылады, өйткені Құранның анық мәтіндеріне қайшы келеді.

Аллаһ былай деп айтты: «Ал енді иман келтірмегендер үшін Тозақ оты әзірленген. Оларға өлім үкімі берілмейді. Олардың азаптары жеңілдетілмейді. Әрбір қарсы келушілерді өстіп жазалаймыз» (35:36).

Абу Ләхаб, келіспеушіліксіз, кәпір болып өлді, ендеше, егер Аллаһ Тағала кәпірлердің азаптары жеңілдетілмейтіні туралы айтқан болса, оған азаптары қалайша жеңілдетілмек?!

4. Абу Ләхаб - кәпір, ал кәпірлерден жеткен хабарлар бірауызды келісім бойынша қабылданбайды.



5-дәйек.

Хижраның алғашқы үш жылында мұсылмандар мәулітті өткізуге мұқтаж емес еді, өйткені онсыз да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың есінде болатын, олар оның өмірбаянын білетін және оны сүйетін.

Жауап:

1. Мұсылмандардың алғашқы өкілдерінен уақыттағы алшақтық діндегі жаңалықтарды рұқсат етпейді. Кері жағдайда мұндай философия арқылы дінге қалаған нәрсені енгізуге болар еді.

2. Бүгінгі күні Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаттырақ жақсы көру үшін және оны үнемі есте сақтап жүру үшін, дінде заңдастырылған барлық нәрселерді орындауға мүмкіндік бар.

6-дәйек.

Не үшін түрлі мұсылман елдеріндегі мұсылмандардың көпшілігі осы күнді атайды да, ал сендер кішкентай ғана бір төбе болып, оны мерекелемейсіңдер?! Азшылықтың көпшілікке қарағанда дұрысырақ жолмен жүруі мүмкін бе?!

Жауап:

Аллаһ былай деп айтты: «Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне бағынсаң, олар сені Аллаһтың жолынан адастырады. Олар ойларына ғана ілеседі де, мүлде жорамалдайды» (6:116).



7-дәйек.

Мәуліт жақсы (хасана) бидғат болып табылады.

Жауап:

1. Діндегі жаңалықтарды (бидғаттарды) жаман және жақсы деп бөлу қате болып табылады, өйткені дінде жақсы бидғат жоқ. Бұған дәлел – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері: «Әрі ешбір жағдайда дінге жаңалық енгізбеңдер, өйткені дінге енгізілген әрбір жаңалық - бұл бидғат, ал әрбір бидғат – адасушылық». Хадис, оны нығайтатын тізбектер болғандықтан, сенімді (сахих); Абу Дауд 4607; Тирмизи 2676.

Ал қалайша енді Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбір бидғат - адасушылық», - деп айтқаннан кейін сендер: «Жоқ! Әрбір бидғат адасушылық бола бермейді!», - деп айта аласыздар? Имам әш-Шәтыби «әл-И‟тисам» 1/141.

Аллаһ былай деп айтты: «Әй мүміндер! Аллаһтан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер. Және Аллаһтан қорқыңдар. Шүбәсіз, Аллаһ - аса Естуші, толық Білуші» (49:1).

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңдастырмаған және сауапты деп атамаған, сондай-ақ мұсылмандар өз дінінде олардың соңынан ілесетін имамдардың ешқайсысы осылай деп атамаған нәрсенің барлығы айыпты бидғат болып табылады. Және бірде-бір ғұлама мұндайды жақсы бидғат деп атамайды». «Мәжму‟ әл-Фәтауа» 27/152.

2. Ал бидғаттарды жақсы және жаман деп бөлуде олар имам әш-Шәфи‟и мен Изз ибн Абдус-Сәламнің сөздеріне сүйенетініне келер болсақ, имам Ибн Ражаб осымен меңзелетін нәрселерді былай түсіндірген: «Шәфи’и «жаман бидғат» дегенде оған қайту (жүгіну) мүмкін болмаған, діндегі шариғи негізі жоқ жаңалықтарды меңзеп тұр. Міне осы - қасиетті мәтіндерде қолданылатын «діндегі жаңалық (бидғат)» ұғымы. Ал жақсы бидғаттар - бұл Сүннетке сәйкес келетіндері, яғни бұл амалдардың Сүннетте қайтуға (оралуға) мүмкін болған негізі бар. Сондықтан да мұның астарында діни емес, тұрмыстық жаңалық меңзеледі». «Жәми‟ ул-Улюм» 2/131.

Имам әл-Изз ибн Абдус-Сәламнің сөздерін имам әш-Шәтыби «әл-И‟тисамда» 1/191 тура осы мағынада түсіндіріп берген.

Бұл жерде өте бір маңызды мәселені түсіну қажет. Көптеген адамдар өздерінің ұстанымдарын дәйектеп: «Сен автокөлікте жүресің ғой, мобилдік телефонмен сөйлесесің ғой т.с.с., ал мұның барлығы енгізілген жаңалық қой! Ендеше, не үшін сен осыларға да тыйым салмайсың?», - деп айтады.

Бұған жауап мынандай: шариғатта тікелей аталмай кеткен нәрселерді екіге бөлуге болады:

1. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде істеу мүмкін болған, әрі оған деген қажеттілік болған, бірақ, соған қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны істемеген амалдар. Мұның мысалы ретінде намазға тұрушылар саптарын түзейтін жіптер тартып қоюды келтіруге болады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) саптарды түзеуге мұқтаж еді, осыған көп көңіл бөлетін және намаздың алдында осыған көп уақыт сарп ететін. Ол осындай жіптерді тартуға деген мүмкіндігі бар еді, өйткені оның кезінде де жіптер бар болатын. Бірақ осыны істеудің қажетті және мүмкін болуына қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны істемеді. Демек, бұл дінге енгізілген айыпталатын жаңалық (бидғат) болып табылады.

2. Оны істеуге деген қажеттілік болған, бірақ мүмкіндік болмаған нәрселер. Мысалы, үлкен мешіттің имамына арналған микрофон. Сахабалардың заманында микрофондар болмады, бірақ имамның дауысын алыстағы адамдарға жеткізу қажеттілігі болған. Сондықтан да имам әл-Бухаридың «Сахихында» Абу Бакр намазда Пайғамбардың дауысын адамдарға жеткізді деген дерек жеткізіледі. Хадис сенімді (сахих); Бухари 712; Муслим 941; Ахмад 25876, Аишаның сөзінен. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз мешітінде микрофон орнатуға деген мүмкіндігі болмағандықтан, оны орнатпады. Сондықтан да мешіттерде микрофондар орнату дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылмайды, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мүмкіндігі болған жағдайда мұны орындайтын еді.12

Сондықтан да біз былай деп айтамыз: сахабалардың кезінде және оларға ілескен ұрпақтардың тұсында мәулітті өткізуге және оны істеу арқылы сауапқа қол жеткізуге деген мүмкіндік бар еді, алайда, солай болса да, олар мұндай еш нәрсені істемеді, демек бұл – дінге енгізілген айыпталатын жаңалық (бидғат) деп айтамыз.

Сондықтан да имам Мәлик: «Кім: «Исламда жақсы бидғат бар», - деп есептесе, сол: «Пайғамбар Жолдауды соңына дейін жеткізбеген», - деп есептейді», - деп, өзінің атақты сөздерін айтқан болатын. Ибн Хазм «Әл-Ихкам фи усул әл-Әхкам» 6/85.

Егер оқырман осы ережені дұрыс түсінген болса, онда осы жерде бидғатшылар сахабалардың кейбір істеген істерін бидғат деп санап, бізге: «Міне, көрдіңдер ме, сахабалар да бидғаттар істеген! Ендеше, не үшін сендер біздің бидғаттарымызды сөгесіңдер де, олардың бидғаттарын сөкпейсіңдер?!», - деп мәлімдейтін кейбір істерді мысал ретінде келтіріп кетейін.



1. Абу Бакр әс-Сыддық Құранды тұтас кітап етіп жинақтады.

Сұрақ: не үшін Абу Бакр Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істемеген істі істеді? Әрі не үшін сендер осыны бидғат деп атамайсыңдар?

Жауап:

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менен Құраннан басқа еш нәрсені жазып алмаңдар» (Хадис сенімді (сахих); Ахмад 3/12; Дарими 456; Насаи «Фадаил әл-Қуранда» 33, Абу Са‟ид әл-Худридің сөздерінен). Мұнымен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахиді жазуды заңдастырған, бірақ оларды біртұтас кітапқа жинақтамаған. Себебі - Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанына дейін оған Құран түсіріле беретін. Бір аяттар басқаларының күшін жоятын. Сондықтан да, аяттардың тұрақты түрде қосылуының және кемуінің себебінен, Құранның жеке жазбаларын біртұтас кітапқа жинақтау мүмкін болмады». «Мәжму‟ әл-Фәтауа» 21/317.

Имам әл-Хаттаби былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды тұтас бір кітапқа жинақтамағанының себебі – оның түсірілуінің жалғасып тұруы және бір аяттар екінші аяттардың күшін жоюы еді. Ал ол қайтыс болғаннан кейін және Құранның түсірілуі тоқтағаннан кейін Аллаһ Тағала салиқалы әмірлердің санасына оны біртұтас кітапқа жинақтауды салды және осынысымен Аллаһ Тағала осы үммет үшін осы Құранды сақтап қалуға деген уәдесін орындады. Бұл істі Абу Бакр ас-Сыддық Умар ибн әл-Хаттабпен ақылдасқаннан кейін бастады». «Фәтх ул-Бәри» 9/17.

Имам әл-Бәқиллани былай деген: «Аллаһ «Шын мәнінде, оны жинау және оқу - Бізге міндет» (75:17) деген өз уәдесін орындады». Осыдан алдынғы дереккөз.

Хафиз Ибн Хәжар: «Ал Абу Бакрге және Умарға Зәйд ибн Сабит, ал содан соң қалған сахабалардың барлығы ілесті. Олардың барлығы мұның ақиқат екендігіне келісті», - деген. Осыдан алдынғы дереккөз.

2. Жұма намазына Усман ибн Аффанның енгізген алдын ала шақыру азаны.

Ғалымдардың Усман ибн Аффан енгізген бұл азанға қатысты айтқан сөздері «бұл – бидғат және оны істеу рұқсат етілмейді» дегенге бірікті.

Имам Ибн Ражаб барлық ғалымдардың «бұл әрекет – бидғат және Сүннет болып табылмайды» деген бірауызды пікірін жеткізген. «Фәтх ул-Бәри» 8/912.

Ибн Умар былай деген: «Жұма күнгі алдын ала шақырылатын азан – бидғат, ал әрбір бидғат – бұл адасушылық, тіпті адамдар оны игілік деп ойласа да». Хабардың иснады сенімді (сахих); Ибн Аби Шәйба 2/140.

Бұл азанды орындауды сөгу үмметтің көптеген имамдарынан жеткен. Оны бидғат деп әл-Хасан әл-Басри, Исхақ ибн Раһауайх, Мәлик, әш-Шәфи‟и, ханафи имамы әт-Тахауи, Ибн Абдул-Барр, имам Ибн Қудама, Ибн Хазм, әл-Қуртуби т.б. айтқан. Яхья әл-Хәжури «Әхкам ул-Жум‟а» 410-422.

Ал мүміндердің әмірі Усман ибн Аффанға келер болсақ, ол өзінің ижтиһадын жасады, әрі тіпті егер ол осы мәселеде қателескені туралы айтсақ та, ол, инша Аллаһ, өз сауабын алады, бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанындай: «Егер сот (шешім шығарушы) ыждағаттылық (ижтиһад) көрсетіп, шешім шығарса әрі оның шешімі дұрыс болса, оған екі сауап тиісті болады, ал егер ол ыждағаттылық (ижтиһад) танытып, шешім шығарса және қателессе, онда оған бір сауап тиісті болады». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1716, Амр ибн әл-Астың сөздерінен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет