Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың



бет8/8
Дата27.02.2020
өлшемі0,63 Mb.
#58672
1   2   3   4   5   6   7   8

«Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Аллаһ көбін кешіп жібереді. Сендер Оны жер жүзінде осалдата алмайсыңдар. Сондай-ақ сендерге Аллаһтан өзге ие де, жәрдемші де жоқ» (42:30-31).

16-тарау. Мәуліттің қатысушыларына ықыласты кеңес-насихат

Аллаһ Тағала мұндай іс-шараларды өткізуге ғана емес, сондай-ақ оларға қатысуға да тыйым салады. Өйткені бұл адасушылық жолына қатысу және осы адасушыққа шақырушылардың шақыруына жауап беру болып табылады.

Хузайфа ибн әл-Яман Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілінгі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Және менің үмметімде Тозақтың қақпаларына шақыратындар болады. Оларға жауап бергендерді олар Отқа кіргізеді». Хадис сенімді (сахих); Бухари 7084; Муслим 4761.

Дінге енгізілген бұл жаңалықты ұйымдастырушылар оларды ешбір нәрседе Аллаһтың жазасынан құтқара алмайды.

Аллаһ былай деді: «Сол уақытта олар Тозақта өзара керіседі. Нашарлары паңсығандарына: "Расында, біз сендерге ерген едік. Ал енді сендер бізден оттың бір бөлімін кетіре аласыңдар ма?", - дейді. Паңсығандары: "Расында, бәріміз Тозақтамыз. Күдіксіз, Аллаһ құлдарының арасына үкім беріп қойған", - дейді» (40:47-48).

«Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: "Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа бой ұсынып, Елшісіне көнген болсақ еді", - дейді. "Раббымыз! Басшыларымызға, үлкендерімізге бой ұсындық та, бізді солар адастырды. Раббымыз! Оларға азаптан екі есе бер. Және оларды рахметіңнен мүлде аулақ қыл", - дейді» (33:66-68).

«Ол күні әр залым өз қолын шайнап: "Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді", - дейді. "Нендей өкініш маған. Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім... Шынында ол Құран келгеннен кейін мені одан адастырды» - дейді. Негізінде шайтан адам баласын қолдаусыз қалдырады» (25:27-29).

Мәулітке қатысу күнә мен дұшпандыққа көмектесу болып табылады.

Аллаһ былай деп айтты: «Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Аллаһтан қорқыңдар! Күдіксіз, Аллаһтың азабы қатты» (5:2).

Мәулітке қатысу сондай-ақ айналадағы адамдардың оған қатысушылардың санының көптігімен алдануына әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде көптеген адамдардың осы іс-шараны дұрыс және жақсы нәрсе деп қабылдай бастауына себеп болады.

Кез келген әділ оқырман жоғарыдағы тарауларды оқып болған соң, мәуліттің шариғатта заңдастырылмағаны туралы және оның қауіптілігі туралы өзі үшін қорытынды шығарар.

Ал мәуліттің шариғатта заңдастырылғанын айтып, оған қатысатындарға тек Аллаһтың мына сөздерін келтіру ғана қалады:



«Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар» (3:105).

«Олар ойларына және көңілдері қалағанына ғана ереді. Расында, оларға Раббыларынан туралық келсе де» (53:23).

«"Осылайша сенен бұрын қандай да бір қонысқа ескертетін насихаттаушыны жіберген болсақ, оның сән-салтанатпен нәзіктенген адамдары міндетті түрде: "Расында, біз ата-бабаларымызды осы жолдың үстінде таптық. Біз де солардың ізіне дұрыс ерудеміз", - деді. Ол: "Ал егер мен сендерге ата-бабаларыңды тапқан жолдан дұрыс нәрсе әкелген болсамшы?», - деді. Олар: "Расында, сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз", - деді. Сонда Біз де олардың тиісті жазасын бердік. Енді жасынға шығарушылардың соңы қалай болғанын қара» (43:23-25).

«Алайда олар өз дінін бөлшектерге бөліп тастады, әр секта өзінде болғанға мәз болды» (23: 53).

«Бірақ олар ақиқат келген сәтте, оны жасынға шығарды. Сондықтан олар бір қобалжуда» (50:5).

17-тарау. Барлық тыйымдарға қарамастан мәулітті ұйымдастыруды жалғастыратындарға ықыласты кеңес-насихат

Мұндай іс-шараларды ұйымдастырушылардың екі түрі болады:

1. Оларды өз еркімен және қалауларымен ұйымдастырушылар. Себебі, олар осыған материалдық немесе өзге мүдделері үшін құныққан.

2. Оларды ұйымдастыруда өз еркімен емес, оларға белгілі, жиі жағдайда азғантай-ақ қысым жасалғандықтан қатысатындар. Мұндайлардың материалдық қызығушылықтары жоқ, алайда оларды мазалайтын нәрсе - қолдарында бар жағдай-ды, мал-мүлікті, жұмысты сақтап қалу.

Алайда Аллаһ Тағаланың шариғатында біріншілері де, екіншілері де істеген амалдары үшін жауапкершілік пен күнә көтеріді. Себебі, олардың барлығын бір сипат, яғни бұл дүниені және ондағы бар нәрселерді болашақ өмірден және Аллаһтағы бар нәрселерден абзал көруі біріктіреді.

Мүмкін олар мына аяттар мен хадистерге құлақ салар:

1. Абу Хурайра Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Ал кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзі үшін де жазаны көтереді және осы әдетті орындауда өзіне ілескендердің барлығының да жазасын көтереді, әрі бұл олардың жазасын азайтпайды». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1017.

Аллаһ былай деп айтты: «Олар өз жүгін Қиямет күні толығымен көтереді, сондай-ақ өздері адасушылыққа салған надандардың жүгін де. Олардың жүгі нендей жиіркенішті!» (16:25).

Аллаһ сондай-ақ: «Әрине, олар өз жүктерін де, онымен бірге басқа жүктерді де көтереді. Әлбетте, олар Қиямет күні жасама істерінен сұраққа тартылады» (29:13).

Және өзінің бидғатына шақыруда қаншалықты көп күш жұмсаса, оған соншалықты көп адам еретінін, ал бұл оның жағдайын одан сайын қиындатанын түсінбейтін адам нендей бақытсыз! Имам әл-Укайли «әд-Ду‟афа» 1/232 атты кітабында имам Юсуф ибн Асбаттың бір бидғатшыны адамдардың алдында сөккені туралы және масқара еткені туралы айтқан. Сонда сол жердегілердің біреуі оған: «Сен ғайбат пен өсек таратқаннан қорықпайсың ба?», - деп айтады. Ал Юсуф ибн Асбат: «Не үшін, уа, ақымақ? Мен бұл бидғатшыға оның ата-анасынан сүйіктірекпін. Өйткені мен адамдарды оның бидғатынан ескертемін, керісінше болған жағдайда, ол өзіне ілескендердің барлығының жүгін көтерер еді».

2. Аллаһтың құзырындағы нәрселер бұл дүниедегі бар нәрселерден жақсырақ және таусылмас, ал Аллаһтың жазасы (бұл дүниедегілердің жазасынан) қаталырақ әрі азаптырақ.

Аллаһ былай деп айтты: «Дүние тіршілігі ойын-сауық ғана. Әрине, Ақырет мекені тақуалар үшін жақсырақ. Сонда да түсінбейсіңдер ме?» (6:32).

Ол сондай-ақ былай деді: «Осындай Ақыретті беріп, дүние тіршілігін айырбастап алғандар, олардан азап жеңілдетілмейді де, оларға көмек те болмайды» (2:86).

Имам әш-Шәукани былай деген: «Аллаһтың Өз жаратылыстарындағы заңы осындай. Кім дінін сатып, мына дүниенің тамсандыратын сұлулықтарын қаласа, ерте ме, кеш пе қайғы-қасіреттен және зияннан басқа еш нәрсеге ие болмайды». «Әдаб ут-Таләб» 30-бет.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Білім иелерінен осы дүниені абзал көріп, оны сүйіп қалған кез келген (адам) өзінің пәтуалар мен үкімдерінде міндетті түрде өтірік жапсыра бастайды. Өйткені әлемдердің Раббысы - Аллаһтың үкімдері жиі жағдайда адамдардың, әсіресе билікке ие болғандарының немесе құмарлықтарына ергендерінің наздары мен қалауларына қайшы келеді. Мұндайлар ақиқатты қабыл алмай және оған кері жүрмей ешқашан өз қалауларын және ұмтылыстарын қанағаттандырмайды. Сондықтан да билік пен құмарлықтарға ілесуді сүйіп қалған кез келген ғалым міндетті түрде ақиқатты итеріп тастайды, әсіресе егер шариғаттан өзін ақтау үшін қармайтын кішкентай ғана нәрсе тапса. Міне, оның қалаулары мен өзін ақтау үшін келтіретін дәйексымақ нәрселері біріккен кезде, құмарлықтар еселеп көбейе түседі де, ақиқат көрінбей қалады, тіпті іс жүзінде ақиқат ашық және айқын болса да. Сол кезде ол шекараларды басып өтеді де, өзіне-өзі: «Мен кез келген уақытта тәубе жасап, қайтуға үлгеремін», - дейді. Солар және сол сияқтылар туралы Аллаһ былай деп айтты: «Бұл пайғамбарлардан кейін олардың орындарына намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді» (19:59), сондай-ақ: «Олардан кейін Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыз дүниенің бұйымын алатын топ келіп отырады да: «Жуықта жарылқанамыз», - дейді. Тағы сондай нәрсе келсе, оны да ала береді. Олардан Аллаһқа байланысты шындықты ғана айтулары туралы Кітапта уәде алынбады ма? Ал олар ондағы нәрселерді оқымады ма? Негізінде, Ақырет тақуалар үшін хайырлы. Сонда да түсінбейсіңдер ме?» (7:169), - деді.

Бұл оларды Аллаһ туралы өтірік айтуға мәжбүрлейтін нәрсе. Олар Аллаһтың укім-қаулылары, Оның шариғаты және Оның діні қарама-қарсы жақта екенін білсе де, немесе осы нәрсе Аллаһтың үкімі, Оның шариғаты және оның діні болып табылатындығы туралы білмесе де: «Бұл - Аллаһтың үкім-қаулылары, Оның шариғаты және Оның діні» , - деп айтады. Сөйтіп кейде олар Аллаһ туралы білмеген нәрселерін, ал кейде Аллаһ туралы өтірік екендігін білетін нәрселерді айтады». «Әл-Фәуаид» 100-бет.

«Олар Аллаһтың, Елшісінің өздеріне бергеніне разы болып: «Аллаһ бізге жеткілікті. Аллаһ және Елшісі бізге мәрхаметімен береді. Расында, біз Аллаһқа ынтықбыз», - дегені жақсырақ еді» (9:59).

«Аллаһ: «Бүгін шыншылдардың шындықтары пайда беретін бір күн. Оларға астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтары әзірленген. Олар онда мәңгі қалады», - деп айтты. Аллаһ олардан разы болды, әрі олар да Аллаһтан разы болды. Бұл ірі жетістік!» (5:119).

Сондықтан Аллаһ былай деп айтты: «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады да, арсыздықты әмір етеді. Ал Аллаһ сендерге өз қасынан жарылқауды, кеңшілікті уәде етеді. Аллаһ барлық нәрсені Қамтушы, Білуші» (2:268).

Имам әш-Шәукани былай деген: «Және кейбіреулер мемлекет тарапынан өздеріне қамтамасыз етілетін мал-мүлік пен лауазымнан болған өз үлесі туралы қам жеп, ақиқатты айтпайды және жария етпейді. Және сондықтан да олар қарапайым халықтың құрметіне ие болу үшін және олардың оны тастап қашатындарынан қорқып, адамдардың көбі ұстанатын нәрселеріне қайшы келетін ақиқатты айтпайды. Ал кейбіреулері мұндай жем дорбағада да (пайда көзіне де), мәртебеге де ие болмай, осы көптен бері тілеген үлес оған да мемлекет немесе адамдар тарапынан бір күні берілетінінен үміт етіп, ақиқатты айтпайды». «Адаб әт-Таләб уа мунтаха әл-араб» 41-бет.

Ал бидғатшылардың тарапынан болып жатқан қысыммен ақталатындарға келер болсақ, олар мына аяттар мен хадистерге құлақ салатын шығар:



«Өздері соққы жегеннен кейін Аллаһтың және Елшісінің нұсқауларын қабылдағандар. Олардың жақсылық істеп, тақуа болғандары үшін зор сыйлық бар. Оларға адамдар: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», - деді. (Бұл сөз) олардың иманын арттырды да, олар: «Бізге Аллаһ жетіп асады, Ол нендей жақсы Қамқоршы және Сақтаушы», - деді. Сондықтан олар Аллаһтың нығметі және кеңшілігіне ие болып, бір сәтсіздікке ұшырамай, Аллаһтың ризалығына бөленіп, қайта оралды. Аллаһ зор кеңшілік иесі. Негізінен шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан олардан қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар, егер мүмін болсаңдар» (3:172-175).

Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Бірде мен Пайғамбардың артында (ер тоқымда) отырғанымда, ол маған: «Уа, балам, мен саған бір сөздерді үйретейін: «Аллаһты (жүрегіңде) сақта және Аллаһ сені сақтайды. Аллаһты (жүрегіңде) сақта және сен Оны өз алдыңда табасың. Егер бір нәрсе сұрайтын болсаң, Аллаһтан сұра, егер көмек іздесең, оны Аллаһтан ізде. Және егер барлық адамдар саған бір нәрседе пайда келтіру үшін жиналса да, олар саған Аллаһ жазған нәрседен артық көмек бере алмайтынын, ал егер барлық адамдар саған зиян тигізу үшін жиналса, олар саған Аллаһ жазған нәрседен артық зиян тигізе алмайтынын біл. Қалам көтеріліп қойылды әрі жазулар (сиялар) құрғап болды», - деді». Хадис сенімді (сахих); Тирмизи 2516.



18-тарау. Қалыс қалатындарға әрі діндегі бұл жаңалықты (бидғатты) сөкпейтіндерге ықыласты кеңес

1. Сөгіске лайықты нәрсені сөгу және оған өз келіспеушілігіңді білдіру міндетті болып табылады.

Аллаһ былай деп айтты: «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ жақсылықты бұйырып, жамандықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар» (3:104).

Убада ибн Самит былай деп баяндайтын: «Біз Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауыр күндерде де, жеңіл күндерде де тыңдайтынымызға және бағынатынымызға және билік иесінің билігіне таласпайтынымызға, сондай-ақ қайда болсақ та, ақиқатты айтатынымызға және сөгіс білдірушілердің сөгісінен қорықпайтынымызға ант бердік». Хадис сенімді (сахих); Бухари 7199; Муслим 1709.

2. Аллаһ Тағала діндегі жаңалықты (бидғатты) істеушіге де, ол туралы үнсіз қалып оны сөкпейтінге де өзінің жазасын жібереді.

Аллаһ былай деп айтты: «Сондай Исраил ұрпақтарынан қарсы болғандар Дәуіт және Мәрйям ұлы Ғисаның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері, шектен шығуларының салдарынан. Олар бір-бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында олардың істегендері нендей жаман» (5:78-79).



«(Мухаммед) олардан теңіз жағасында болған кенттің жағдайын сұра. Сол уақытта олар сенбіде (балық аулап) шектен шығатын еді. Өйткені сенбі күндерінде балықтар оларға қаптап келетін, ал сенбіден басқа күндерде келмейтін еді. Олардың зұлымдықтары себепті өздерін осылайша әуреге салдық. Сол уақытта олардан бір тобы: «Аллаһ жоқ ететін немесе қатты азап қылатын елді не үшін үгіттейсіңдер?» - деді. (Үгіттеушілер): «Раббыларыңа үзіріміз болсын, бәлкім олар сақтанар», - деді. Олар өздеріне жасалған ескертуді ұмытқан кезде, жаманшылықтан тосқандарын құтқардық та, зұлымдық қылғандарын бұзақылық істеулері себепті қатты қинауға ұшыраттық. Сонда олардың тыйым салынған нәрседе шектен шыққандықтары себепті оларға: «Маймыл болып қор болыңдар!» - дедік» (7:163-166).

Абу Бакр әс-Сыддық былай деген: «Әрі біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер адамдар біреудің зұлымдық жасап жатқанын көріп, оны қолынан ұстап алмаса, олардың барлығына да Аллаһтың жазасы жақын», - дегенін естідік». Хадис сенімді (сахих); Тирмизи 2168; Ибн Мәжаһ 4005, Қз.: «әл-Мишкат» 5142.



3. Сөгіс айтылатын нәрсені кейінге қалдырмастан, ол адамдардың жүректерінде нығаймайынша және тамырын жайып үлгермейінше дәл сол кезде сөгу керек

Имам әл-Курафи былай деген: «Ғалымдар: «Сөгіс айтылуға тиістіні сөгу және жақсылыққа үндеу, мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша, кідірусіз орындалуға міндетті», - деп айтқан». «Әл-Фуруқ» 4/1400.

Себебі, дінге енгізілген жаңалық басында кішкентай әрі көзге түспейтіндей болады және егер ол туралы айтылмай, оның мәні адамдарға түсіндірілмесе, ол өте үлкенге айналады және тамыр жайып, нығая түседі. Осыдан соң оны жою іс жүзінде мүмкін болмай қалады.

Ибн Мас‟удтан оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бір қауым келіп, бармақтың ұшындай мөлшерде Сүннетті қалдырады (тастайды). Егер сендер оларды осыларында сөгіс білдірусіз қалдырып қойсаңдар, олар ең соңында үлкен қиыншылықтармен келеді».

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Егер адамдар табанның өлшеміндей қателік жасаса, олардың ізінен келетіндердің замандарында ол шынтаққа айналады да, осылайша көбейе береді, көбейе береді. Ал бақытты адам – бұл Сүннетпен шектелетін адам». «Буғъят ул-муртад» 451-бет.

Башир әл-Ибраһими былай деп айтқан: «Ақиқатты білушінің міндеті – адасушылық күшейгенде адамдарды тура жолға талпындыру. Ол өтіріктің ақиқаттан үстемдік ала бастағанын көрген әрбір сәтте, ақиқатқа көмектесу үшін асығуы қажет. Ол бидғатпен, жауыздықпен және күнәмен олар таралып және күш алып үлгермейінше шайқасуға міндетті. Адамдар осы амалдарды әдет етіп алмайынша және олар жүректерде жұлып алу мүмкін болмайтындай етіп тамырлап кетпейінше. Оның міндеті ақиқат үшін күресушілердің қатарларына құйылу болып табылады, бірақ ешқандай бұғып отырушылармен бірге артта қалу емес». «Әл-Асар» 4/110-111.



4. Ашық түрде жасалынып жатқан сөгіске лайықты амалға ашық түрде сөгіс білдіру қажет.

Бұл – әһлю-Сунна уәл жәма’аның жолы. Барлық замандарда ашық түрде жасалатын бидғаттар мен күнәларға ашық және айқын түрде сөгіс айтылатын, ал жасырын жасалатын күнәларға оларды жарияламай жасырын түрде сөгіс айтылатын.



1 Имам ән-Нәуауи былай деген: «Кейбір ғалымдар күнәның ауыр болып саналатын шекарасын түсіндіріп берген. Егер оның жасалуына қатысты қорқыту немесе жаза, немесе лағынеттеу болса, онда күнә ауыр болып табылады» (қз.: «Шарх «Сахих» Муслим» 2/158).

2 Таиф пен Мекке қалаларының арасында Меккеге жақынырақ орналасқан жер.

3 Арабтардың киім түрі.

4 Меккеге жасалатын кіші қажылық.

5 Сүннеттің жақтаушыларында иман (сенім) – бұл сөз, амал, сенім, әрі ол азаяды және көбейеді (қз.: «Люм‟ат ул-И‟тиқад» 94-бет).

6 Хадистанушы ғалымдар

7 Қз.: «Ахкам ул-жәнаиз» 306-бет; сондай-ақ Ибн Уаддах әл-Қуртуби «әл-Бида‟ уан-Нахьи анха»; Тартуши «Хауадис уәл-Бида‟»; әш-Шәтыби «әл-Иғтисам».

8 Ол туралы сөз әрі қарай қозғалады.

9 Мысалы, Калюби «Файд ул-Уаххабта» 5/110.

10 Имам Ибн Саләхтың «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәл раби ул-әууалдің 12-де қайтыс болды» деген пікіріне келер болсақ, ол дұрыс емес. Хафиз әл-Ираки: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған күнін он екінші күнмен белгілеу ешқандай есеп бойынша дұрыс емес», - деп айтып, бұл тұжырымды теріске шығарды. Қз.: «Тақийд уәл-Идах» 413-бет.

11 Мухаррам айының 10-шы күні.

12 Бұл - имам әш-Шәтыби «әл-И`тисам» кітабында келтірген кейбір ережелердің қысқартып баяндалған нұсқасы.

13 Айта кететін тағыда бір жайт: әлгі ансардың амалын Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құптап, оған «жақсы амал» деген баға берді, ал мәулітті кім құптады және оған «жақсы амал» деп кім баға берді? - Аудармашыдан.


14 Бұл жиындарда сондай-ақ ән айту, «күнәхарды мазақ ету» деген сылтаумен әзіл-сықақ скетчтерін қою, Пайғамбардың ата-анасының және сахабалардың бейнелері сомдалатын сахналық көріністер қою, музыкалық аспаптармен сүйемелдеу (тіпті кейде әйел кісілерді сахнаға шығарып ән айтқызып, билету), «ұлттық дәстүр» деп, ерлер мен ерлерді айтпағанның өзінде, ерлер мен әйелдер арасында айтыстар сияқты шариғатқа қайшы істер де жасалады. Және осының барлығына қазіргі таңдағы Исламға рұқсат етілмеген нәрселерді жапсырып, «ислами фильмдер», «ислам философиясы», «ислами театрлар» «ислами айтыс» деп ат берілетіні қынжылтады. Ал ислам ғалымдары мұндай терминдерді мүлдем қолданбағанын білген жөн. (аудармашыдан)

15 Бұл жерде Ибн Аббас деп Абдуллаһ емес, Фадль аталып тұр, бұл Булгар туралы енбекте түсіндірілгендей.

16 Татарлардың арасындағы қабірлерге табынатындар ерекше құрмет тұтып, қасиетті деп санайтын және соған зиярат пен тілек тілеп баратын орын (қазір қабірлерге айналған ежелгі қала). Қазақтардың Түркістаны, Арыстан бабы, Бекет Атасы сияқты (аудармашыдан).

17 Мухаммад ибн Са‟ид ибн Хаммад (668-695 х/ж) Мағрибта туылып, Бусрада өсті. Адасқан сопы, «әл-Бурда» деп аталатын өлеңдер жинағының авторы. Өз өлеңдерінде ол Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұға тілектер сұрайды және қайтыс болған ізгі кісілерді шектен тыс ұлықтайды (Қз.: «әш-Шузурат» 7/735).

18 Айтпақшы, біздің аумағымыздың сопылары «Мавлид» атты кітап басып шығарды (издательство «Иман») және онда күпірлік пен адасушылыққа толы осы қасыданы аударып жариялады, ал бұл аймақтың сопылары «зиянсыз мәуліт өткізумен» ғана шектеліп қоймай, «имам Абу Ханифаның мазхабына ілесу және ата-бабаларымыздың діни әдет-ғұрыптарына еру» деген сөздермен бүркеніп, өздері араб елдерінің шекке шыққан сопылар мен рафидилерінің жолымен кеткендігін растауда. Аллаһ Тағала бұл кітапты теріске шығару енбегін жазуды жеңілдетсін!

19 Сондай-ақ бұған Бусыридің: «Ал сенің білімдеріңнен...» деген, яғни әл-Ләуһ әл-Мәхфузда жазылған нәрселерді білу Пайғамбардың білімінің бір бөлігі ғана дегенді білдіретін сөздері де нұсқау болады. Аллаһ оған серік қосып жатқан нәрселерден Пәк!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет