Мезенхималық дистрофия



бет1/4
Дата08.09.2022
өлшемі26,18 Kb.
#149012
  1   2   3   4
Байланысты:
№2 ПатАнат прак


Тақырыбы
Мезенхималық дистрофиялар.

1. "Мезенхималық дистрофия" ұғымының анықтамасын, сондай - ақ дамудың себептері мен механизмдерін білу
Мезенхималық (Стромалық-қан тамырлық) дистрофия - зат алмасу үдерістерінің дәнекер тінде, стромада, қан тамырлар қабырғасында бұзылуы.
Бұл процесс гистион аумағында дамиды. Гистион – дәнекер тіннің негізгі құрылымдық құрамдас бөлігі, оған микроциркуляторлық арна мен талшықты құрылымдары бар сегменттер (негізгі зат, жасушалары және нерв талшықтары) кіреді. Осыған байланысты стромальды-тамырлық дистрофиялардың даму механизмдерінің арасында трофикалық тасымалдау жүйелерінің бұзылуының басым болуы, морфогенездің ортақтығы, дистрофияның әртүрлі түрлерін біріктіру ғана емес, сонымен қатар бір түрдің екіншісіне ауысу мүмкіндігі жатады.
Дәнекер тінінде зат алмасу бұзылған жағдайда,оның жасушааралық затына метаболизм өнімдері жиналады.
Механизмі. Бейтабиғи синтездің нәтижесі болуы мүмкін немесе негізгі зат пен дәнекер тінінің талшықтарының декомпизация (ыдырауы) нәтижесінде пайда болады.
Зат алмасуының бұзылу түріне байланысты мезенхималық дистрофиялар белокты (диспротеиноздар), майлы (липидоздар) және көмірсулар болып бөлінеді.

2. Мезенхималық дистрофиялардың жіктелуін біліңіз.
Түрлері:

  • Белокты дистрофиялар (диспротеиноздар)

  • Майлы дистрофиялар (липидоздар)

  • Көмірсулы дистрофиялар



Белокты дистрофиялар (диспротеиноздар)

  • Мукоидты ісіну

  • Фибриноидты ісіну

  • Гиалиноз

  • Амилоидоз



Липидоздар
Бейтарап майлар алмасуының бұзылуы – семіру


Жіктелуі:
1. Этиологиясы бойынша:

  • Біріншілік

  • Екіншілік:

1. Алиментарлы
2. Церебралді
3. Эндокринді
4. Тұқым қуалаушы
2. Үрдістің таралуы бойынша:
- Жалпы
- Жергілікті (Деркум ауруы)
3. Семіру дәрежесіне қарай:

  • Бірінші дәрежелі 20-29%

  • Екінші дәрежелі 30-39%

  • Үшінші дәрежелі 50-99%

  • Төртінші дәрежелі 100% более

Морфологиялық өзгерістері:
Гипертрофиялық және гиперпластикалық варианттары

  • Холестерин алмасуының бұзылуы атеросклерозбен байланысты, нәтижесінде тамырлар интимасында атеросклероздық табақшалар пайда болады





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет