Ғылымилық принципі болашақ маманның өзі таңдаған саласы бойынша объективті ғылыми деректермен, тұжырымдар және теориялармен толыққанды тоғысуына мүмкіндік береді.
Ғылымилық принципі арқылы қоршаған орта жөнінде ғылыми көзқарас қалыптасып, жаңа қоғамды құру ғылыми негізделген процесс ретінде қабылданады.
Жүйелілік принципі бойынша жоғары оқу орнында меңгерілетін пәндер оқу доспарында логикалық реттілікпен бөлінеді. Соның негізінде барлық пәндер бойынш типтік және жұмыс бағдарламалары жасалады.
Оқыту процесінде дамудың негізгі шарты, студенттердің оқыту процесін ұғынуы болып табылады. Мәнін, маңынасын түсінбей игерілетін білімнің практикалық құндылығы болмайды. Игерілген білім негізінде тұрақты сенімдерді бойына саналы түрде қалыптастырудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |