Байланысты: М алімдер мен о ушылар арасында ы педагогикалы арым – атынас
Қарастырылатын мәселелер: Тәрбиенің әдістері, тәсілдері, құралдары туралы түсінік.
Тәрбие әдістері мен тәсілдеріне сипаттама.
Тәрбие әдістерін жіктеу.
Тәрбие әдістерін таңдап алу шартары.
13 дәріс. Дене шынықтыру мен спортты жетілдіруді жоспарлау.
Жаттықтыру процесінің ұзақтығына байланысты жопарлаудың перспективалық және жедел деген екі түрі болады. Перспективалық жоспарлау айлық (мезоцикл), ал жедел жоспарлау апталық (ликроцикл) және жеке жаттықтыру сабақтарына арналып жасалады. Микроциклге спортшы қатысатын жарыстардың түрі, уақыты, сол жарыстағы спортшының орындайтын міндеті, оның дайындығындағы аралық кіші міндеттер және жыл көлемінде орындалатын үлкен міндеттер сипаты, жүктеменің көлемі кіргізіледі.
Жылдық жоспар жасағанда спортшының шамасы, мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге алынады. Жоспарды спогртшымен келісе отырып жасаған дұрыс. Ол жоспардың дұрыстығына сеніп, оның дұрыс орындалуына бармүмкіншіліктерін пайдалана біліуі керек. Жылдық жоспардың міндеттері жедел жәржем жасалғанда кеңінен, нақтылы ашыла көрсетіледі. Мезоциклдер 3-4 микроциклдерден құралады да, 2-3 екпінді және 1-2 қалпына келу толқындары түрінде үргізіледі.
Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың неізгі түрі болып келенді. Ол дайындық, негізгі және қортынды бөлімдерден тұрады. Дайындық бөлімінің мақсаты-спортшы денесн негізгі бөлімде өтетін қарқынды, көлемді жұмысқа дайындау. Дайындық жалпы және арнайы деген екі бөлімге бөлінеді. Дайындық бөлімінде әртүрлі жалпы дайындық жаттығулары қолданылады. Мысалы, жүгіру жаттығулары, әр түрлі снарядтармен жаттығу, жалпы жаттығу, екі-екіден топтық жаттығу т.б.
Қазіргі кезде балалар спорт пен өте жас кезінен шұғылдана бастайды. Сондықтан жаттықтыру процесі не, жарыстар өткізугеайрықша көңіл бөлген жөн. жаттықтыру кезінде дене қуаты дайындығы жан-жақты дамытылуға, организмнің жұмыс істеу қабілеті арттырылуға тиіс. Психикалық және дене күші өсіп келе жатқан бала организмінің мүмкіндігіне, жасына, жынысына, дайындық деңгейіне сай болуы керек. Жаттықтыру жетісіне 3-6 рет өткізіліп, жаттығу балалрады жалықтырмайтындай әр түрлі әсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет. Организмнің бастапқы қалпына келу тәртібі, жаттықтырушының, дәрігердің ұсыныстары, ұйқы, тамақтану, дем алу тәртібі қатаң сақталғаны жөн. жаттығулардың бастапқы кезінде толық және қарапайым қалпына тәртібі, дене қуаты дайындығының деңгейі көтерілген соң қатаң қалпына келу процесін жеңілдету үшін күндік микроциклдер пайда болады да, аздап және орта күш түсіру қалпына келу процестерінің жеңіл өтуіне себебін тигізеді. Жыныстық же тілу мерзімі кезеңінде спортшы организмнінің қызметі қатаң бақылауға алынады. Бұл мерзімде жасөспірім ұл мен қызбалаларға өте күш түсіру олардың денсаулығына зиянынын тигізуі мүмкін. Әсіресе қыз балаларға айрықша көңіл бөлген жөн. олардың жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі, тез әсерленгіш көңіл-күйлері көбінесе етеккір келу циклдердің мерзіміне байланысты. Етеккір келер алдында және келген кезде жаттықтыру жүктемелерін азарту. Цикл аяқталған соң, спортшы қыздардың жұмыс қабілетінің тез қалпына келуіне көмектеседі. Ал енді қыз балалар организмінің ерекшеліктері ескерілмей жүргізілген жаттықтыру жұмыстары олардың қабілетін төмендетіп, жаттықтыруға ықыласын азайтады. Жаттықтырушының беделіне, біліміне сенімсіздік туғызады.
Дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдысын жетіллдіру арқылы жасөспірімдерді еңбекке дайындау. Спорт пен шұғылдану балалардың бойында көпшілдік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, табандылық тәрізді мінез-құлықтарды қалыптастырады. Жас спортшыларды тәрбиелеуде жаттықтырушы ата-аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Олардың қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болады. Тәбиелеу өзгерістері сендіру және дағдылангдыру әдістерінен тұрады. Сендіру әдісінің көмегімен спортшының ақыл-ойында қоғамның талаптарына сай мінез-құлық, жүріс-тұрыс тәртіптері қалыптастырылады. Спортшы қоғамдық орында өзін-өзі ұстауға дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүддесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да жақсы әдеттерді бойына сіңіруі керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі.
Орындалуын бақылау мен бағалау тексеру туралы жалпы ұғым.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі белгілі бір дидактикалық талаптарға негізделді. Бакылаудың мазмүны мен әдістеріне деген Бұл талаптар үйлесімді баскару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтайды.
Қазіргі зерттеушілер бақылауға келіскендей дидактикалық талаптар болды. Бақылау мазмүнынң бағдарламалық талапларға сәйкес болуы егер талаптар төмен болса білім беру деңгейі де темендейді ал талаптар жоғары болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс салмақ түседі.
Алынған ақпарат мазмүнының обьективтілігі мен анықтығы, оқушылар дайындығының негізгі элементтеріне талдау жасау қажеттігі. Бақылау шапшандығы, жүйелігі мен жариялылығы.
Бакылаудың даралық және ұғымдык формаларын үйлестіру. Алынған ақпарат көлемі бойынша бакылаудың келесі түрлерін ажыратуға болады.
а) жаппай бакылау мүғалім мен окушының жұмыс жүйесінің негізгі компоненттері зертелінеді.
ә) такырыптық бақылау кез келген процестің белімі болып келетін мәселенін талдауы мен байланысты. Мектеп ішіңдегі бакылаудын белгілі бір формалары бар және ол тиісті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдістері мен формаларының алуан түрлілігі оның обьективтьігін арттырып әрбір мүғаліммен түтас педагогикалық үжымның іс-әрекетінің үжымдык бағалауы үшін жағдай жасауы. Бақылаудың әрбір формасының мақсаты болуы керек, ал оқу-тәрбие жұмысының әр түрлі кезеңінде пайда болуы мүмкін киыншылықтардың алдын алуға жағдай жасауы керек.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің негізгі әдістері. Оқу процесінің құралды белігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсат оқушылардың оқу жұмысын бакылау мен олардың үлгерімін есептеу. Мүғалімге окушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Окушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді аныктап, мүғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсіддерін үйретеді. Білім сапасына ерекше мән береді, ол мына касиеттермен сапталады: білімнің толықтылығы мен ғылымилығы белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес өзегі болатын негізгі ұғымы мағлүматтар, түсініктер мен ұғымдар, ережелер, зандар, теориялар білімдерді меңгеру сапалығы оқушының ғылыми зандар негізінде фактілерді, қүбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсіндіре алуы, білімдерді үқсас жағдайларда қолдана алу және білімдер мен іс-әрекет әдіс-тәсіддерін жаңа жағдайларға кешіре алуы, білімдер жүйелігі жаңа түсініктер мен ұғымдардың окушы санасындағы бүдан бүрын игерген білімдермен тығыз байланысы беріктік — жинақталған білімі саны мен іс-әрәкет әдіс тәсілдерін оқушы есінде сақталуы.
Педагогика ғылымында ынтымақтастық ұғымы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың формасы ретінде қарастырылады. Жаңашыл педагогтар ынтымақтастықты педагогикалық үрдістегі оқу мен тәрбиенің маңызды категориясы ретінде қарастырылады. Олар ынтымақтастық, гуманизм, сыйластық‚ түсіну, адамгершілік, сенім, шыдам, қолдау, қарым-қатынас, мұғалімнің қол ұшын беруі, ұжымда жұмыс жасау, серіктестік баланы оқыту және тәрбиелеу кезеңіндегі аса кажетті қасиеттер деп санайды. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастыққа тамаша нәтижелерге жеткізеді.
Өмір жолында мектеп табылдырығын аттап, білім жолының алғаш қадамын басқан бала ең бірініші алдынан мұғалімді кезектіреді. Бұл мұғалімнің қандай болары әр ата-ананы да ойландырары анық. Өйткені баланың мектеп, оқу, білім жайындағы Білім нәрімен сусындандыру кезінде мұғалім өзінің көздеген мақсаттарына жету үшін оқушылар мен түсінікте болып, мейрімді қарым-қатынас құра білуі тиіс. Оқушы жанын түсініп, көмек көрсеткен жағдайдағана оқушы жанында өзін-өзі бағалау сезімі туындайды. Мұғаліммен оқушы ғасырлар бойына қосарлана келе жатқан ажыратылмас ұғым. Бірлескен жұмыста мұғалім баланың өз-өзіне сенімділігіне‚ көзқарасына шыпайта алуына, сабаққа деген ынтасынып жандануына, білім жолындағы жетістіктерге жету ұмтылысына, өз мүмкіндіктерін тани отырып, оны жүзеге асыруға қол жеткізеді.
Мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысында нәтижелі жетістіктерге жетудегі мұғалім бойындағы бірнеше қасиеттерді атап көрсеткім келіп тұр.
1. Баланың жан дүниесін түсіну.
В.А.Сухомлинскийдің «Тандаулы педагогикалық шығармалар» атты еңбегінде «Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды» деген. Шынында да, әр бала қоршаған ортасын тани бастағаннан, оның отбасындағы, қатарластары арасындағы қарым-қатынастан оның жандүниесінде өзіндік бір қасиеттер қалыптасады. Қазақ халқымыз да ертеден қанатты сөздердің көмегімен баланың рухани дүниесіне, адамгершілік сезіміне, ерекше көңіл бөлген. Мұғалімнің әрдайым жақсы сөздермен баланы қуантуы, көңілін көтеруі, сезімін оятуы оның іске деген белсенділігін арттырады.
2. Оқушының қызығушылығын, қандай да бір іске икемділігін, бейімділігін бақылау.
Бұл орайда мен В.А.Сухомлинскийдің «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды» деген сөзіне сүйенемін. Оқушының бейімділігіне сай бағытын таңдауына мумкіндік берілсе, оқушының ойлау, өз дегенін қорғай білу, өз ойын жеткізе білу қабілеттілігі қалыптасып дамиды. Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық арқылы оқушының еркін сөйлеу дағдысы қалыптасады.
3. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықтың негізі әрине қарым-қатынасы. Әр мұғалім жеке тұлға ретінде оқушылармен жұмысын көздеген мақсатына жету үшін өзінің жеке қасиеттеріне, біліміне және жинақтаган тәжірибесіне сай ұйымдастырады. Мұғалімнің оқушылар мен қарым-қатынасының ең басты құралы сөз болып табылады. Сөз мәнерін шебер ұйымдастыруы арқылы мұғалім балалар сеніміне ие болады. Оқушының жасырып жүрген сырын немесе жан дүниесіндегі пікірін бөлісе білгенде, мұқият тыңдап, кеңес бере отырып, баланың жүрегіне жол таба алады. Оқушы мен мұғалім арасындағы ашық әңгіме өзара түсіністікке әкеледі. Баланың көңілін таба білу оның сенімін туғызады. Мұғалім баланың жас ерекшелігін, мінез-құлқын ішкі сезімін ескере отырып, балалар мен олардың өз тілінде сөйлесуі керек.
4. Оқушыларға қиыншылық туындаған кезде көмек көрсете отырып, олармен сырлас, дос болу керек. Оқушы оқуда да, достары арасындағы қиыншылықтарға кезігеді. Осы жағдайда оқушы үшін мұғалім көмегінің маңызы зор.
5. Баланың жетістігі үшін қолдау жасау, мадақтау. Оқушының белгілі бір жасаған жетістіктері үшін оны сыныптастары алдында мадақтаса, оны басқаларға үлгі тұтса, оқушы бойында өз күшіне сену сезімі туады.
М.Жұмабаевтың «Баланы өзі күшіне сендіріп үйрету керек» дегеніндей, баланың болашағына сенім артып, өз күшіне сендіру онын келесі басар қадамдарын батылырақ басуына түрткі болар еді. Баланың сабаққа деген құлшынысын, ой-пікірлерін, ұсыныстарын қолдау арқылы жүзеге асыруға болады.
6. Ұстаз мәдениеті. Мұғалім оқушы алдында өзін-өзі ұстауға, ашуын оқушыдан алмауға, сөйлеу мәнері мен ұғымдарды түсінікті етіп жеткізуге, оқушы құқығьна қол сұқпауға міндетті. Мұғалім неғұрлым оқушы алдында өзінің беделін көрсете білсе, ол жайында оқушы санасында жақсы пікір қалыптасады.
Аталмыш қасиеттерді өзінің кәсіби өмірінде қолдана білген мұғалімнің өз шәкірттерінің биік шьңдардан көрініп, еліміздің беделді азаматтары болуына зор ықпалы тиері анық. Оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жасау барысында, мұғалім мұнымен қатар бала тәрбиесінде орны бар мүшелермен де бірлесе жұмыс жасауы тиіс.
Біріншіден баласының болашағы үшін отқа да, суғада түсер ата-аналарымен бірлесе отырып, жұмыс жасау. Әрбір ата-ана өз баласы үшін қымбат адам. Баласының басты тәрбиешісі болғандықтан да ата-ана баласыньң мінез-құлқын, оның қабілеттерін, қызығушылықтарын білуге міндетті. Сондықтан да тәрбие үрдісінде мұғалім оқушы ата-анасымен серіктес болуы тиіс. Мұғалім мен ата-ана арасындағы бірлесіп жұмыс жасау жеке тұлғанын дамуындағы ең маңызды қадам больп табылады. Жазушы С.Л.Соловейчик баланың тәрбиесінде ересектердін үлгі болуы, мұғалімдер және ата-аналар ынтымақтасуы маңызды рөл атқарады деген пікірде.
Екіншіден, өзіне қатысты сыныпта оқу-тәбие жұмысын пен мұгалімдері, ата-ана, басқа да тәрбие үрдісінде ыкпалы бар тұлғалармен біріге жұмыс жасай отырып, сынып ұжымын ұйымдастыратын сынып жетекшісімен бірлесе жұмыс жасау.
Мектеп психологы мен әлеуметтік педагог оқушылармен іштей сырын бөлісе отырып, оларды сырттай бақылай отырып, олардың қызығушылықтарын зерттей отырып, анықтайтын мамандар болғандықтан да, мұғалімдердін бұл мамандармен кеңесуі олардынң жұмыстарын едәуір жеңілдетеді.
Оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен ынтымақтаса жұмыс жасауда мұғапім алдына қойған мақсаттарын ойдағыдай іске асырып, өзінің кәсіби жұмысының жемісіне жете біледі. Қазақ халқының тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин «Мен үшін - мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі», деген мектеп беделін көтеріп, шәкірттерін болашағымыздың азаматы етіп тәрбиелейтін, өмір жолында өз бағытын тандауға жол көрсететін - мұғалім. Сондықтан да бүгінгі таңда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің мәні зор.
Әдеп – белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі. Педагогикалық әдеп – оқытушының аса бағалы педагогтық қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді.
Мұғалім сахнадағы актёр сияқты әрқашан көз алдыңда жүреді. Қарым – қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан – жақтылығын, идеялық сенімінің, жүріс – тұрыс мәдениетінің, арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің қоры, яғни ақыл – ойының көрінісі.
Педагог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігі, интеллектуалдығын төмендегідей бөліктермен анықтауға болады: 1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті; 2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі; 3. Мұғалімнің мимика және пантомимо ишараларын (жест) мәнерлі негіздері; 4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалу, дауыс дикциясы, интонациясы.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кірікттіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып табылады. Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатты сөйлессе оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлеседі. Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік әділдік, төзім мен сабыр сақтау қасиеттерімен өлшенеді. Сондықтан да ұстаз ұрпақ тәрбиелеудегі қоғам сенген адам.
Қазіргі біздің заманымыздың 21 ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар мынадай: - Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман болу қажет; - Мұғалім білім негіздерін өз беттерінше оқып, үйренуге оқушыны баулуға міндетті; - Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс; - Мұғалім-педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек; - Педагог әрқашан өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті;
ІV. Топпен жұмыс
Мұғалім «көшбасшы» ол қандай? Ондай мұғалім оқушыларға қалай әсер етеді?
Ондай ұстаздан білім-тәрбие алған оқушы қандай болмақ?
1-топ:Мұғалім- көшбасшы;
2-топ: Мұғалім компьютер;
3-топ: Мұғалім-қиналушы;
4-топ: Мұғалім- таныс, дос.
Әр топтың жеке жұмыстары біріктіріліп, жалпы қорытынды шығару.
V. Жағдаяттан жол таба біл!
1-жағдаят: «Омардың ұялы телефонын Болат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да байқап,ескертпелер жасаған болатын. «Сен үшін менің телефонымды алып қойды» деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді»
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
2-жағдаят: «Болашақ заңгер болғысы келетін оқушы химия сабағында «Бұл пәннің болашақ мамандығыма ешқандай қатысы жоқ, маған керегі жоқ» деп кітабын сөмкесіне салып қойды.
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
3-жағдаят: « Әсет үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді»
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
4-жағдаят: Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз.Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз,ол сізге тіке қарап: «Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап күлкім келеді»,-деді.
Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
VI. Кері байланыс. Бес саусақ