Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы педагогикалық қарым – қатынас



бет1/3
Дата19.10.2022
өлшемі78,93 Kb.
#153853
  1   2   3
Байланысты:
М алімдер мен о ушылар арасында ы педагогикалы арым – атынас


Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы педагогикалық қарым – қатынас
Қазіргі кезде қарым – қатынас мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Соңғы он жылда осы мәселелер төңірегінде басылып шыққан теоретикалық – экспериментті түрде дәлелденген. Қарым – қатынастың алғашқы турлері мен типтерінің алғашқы классификациясының (Л. П. Буева , Л. С Выготский, А.С.Золотнякова, И.С.Кон, Б.Ф.Ломов, А.А.Леонтьев, Б.Д.Парыгин, С.Л.Рубинштейн, А.А.Бодалев және т.б. жасаған). Біз өзара түсіністіктіңорнын қарым – қатынас құрылымында қарастыруға тырыстық.
Педагогикалық қарым – қатынас шәкірттің ( оқушы, студент) психикалық дамуының қайнар көзі болып табылады. Педагогикалық қарым – қатынас құрылымында өзара түсіністік деңгейі детерминанттың тұтас қатарымен меңгеріледі. Бұған жататындар: жас, өзіндік бағалаудың даму деңгейі, білім деңгейі, икемділік, дағды. Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы өзара қарым – қатынастың дамуына, яғни ұстаздың қарым – қатынас жасау деңгейі, педагогикалық топтың және сыныптың даму деңгейі әсер етеді.
Қарым – қатынас жасау барысында шәкірттер өздерінің мұғалімге деген қатынастарын көрсетеді. Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым – қатынас әрдайым келісімді, өзара түсініскен, шынайы қатынас бола бермейді. Қатынастардың әрқашанда жақсы бола бермеуі ұстазға да шәкіртке де байланысты.
Ұстаз бен шәкірттердің қарым – қатынас функциясы әртүрлі. Сондай функциялардың классификациясының негізгі біреуі Ломовтың «Индивидтің мінез –құлқындағы әлеуметтік регуляция және қарым – қатынас» атты еңбегінде, ол осы функцияның негізгі класын бөліп шығарды. (коммуникативті – ақпаратталған).
Тағы да ол қарым – қатынастың бірлескен әрекет ұйымдастырушы ретінде, адамдардың бір – бірін тануы, және тұлғааралық қарым – қатынастың дамуы мен қалыптасуы деген түрлерін бөліп шығарады. Б.Ф.Ломов – қарым – қатынас жоғарғы динамикалықпен және функционалдылықпен сипатталатын көп өлшемді процесс ретінде зерттелінуі тиіс деген қорытындыға келеді. Ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара түсіністік бірден қалыптаспайды.
Қарым – қатынас біздің өмірімізде және қоғамдағы іә — әрекетте үлкен ролге ие. В.Н.Панаферовтың айтуы бойынша кез келген адамдық әрекеттер қарым – қатынастан тыс болмақ.
Кеңестік психологтар қарым – қатынастар әс — әрекеттің айрықша түрі ретінде қарастырады. Педагогикалық іс — әрекетте қарым – қатынас – ұстаздар мен шәкірттер арасындағы өзара байланыстың және өзара әсердің әртүрлі түрлері және формалары. Кеңестік психологияда қарым – қатынасты, бір жағынан іс — әрекеттің бір түрі, екіншіден, іс — әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғым басым. Қарым – қатынастың іс — әрекетпен байланыстылығы топ мүшелерінің бір – бірімен «үйлесу» немесе «үйлеспеуіне» байланысты делінетін қарым – қатынастың құрылымы өте күрделі. Бұлар бір – бірімен тығыз байланысты үш жақтан (коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік) тұрады. Көптеген факторлардың ішінде оқу және оқудан тыс кездердегі ұстаздар мен шәкірттерарасындағы қалыптасқан – қатынас айрықша шешуші фактордың бірі болып саналады. Осы қарым – қатынас мәселері жөнінде тікелей және жанама қамтыған В.М.Афоньков, А.А.Бодалев, Н.В.Кузьмин, А.А.Леонтьев, Р.Н.Мальковская, Н.Т.Полехин тағы басқалардың зерттеулерінде өзара қатынастың шешуші роль атқаратындығы жөнінде баса көрсетіледі.
Жеке бастың қарым – қатынастары барысында жс өскін қоғамның әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласады. Осы жүйе барысында қарым – қатынас тәжірибесі қалыптасады, адамдардың өзара қатынасы хақындағы ережелері мен әдептерін, адамгершілік қасиеттердің даму комплексін таниды. Мұның бәрі оның жақсы қырларының, мұғалімдермен достық, пейілділік қатынастарыныңнығаюына, оқу үлгерімі мен тәлім алу сапасына жан – жақты өзгеріс жасайды.
Л.Я.Коломинский қарым – қатынас туралы: «Бұл процесс барысында жүзеге асып жалғасатын, қалыптасатын хабарламалық және заттық өзара әсер» деп анықтама берді.
Осы кезде тәлім – тәрбие ісіндеі шәкірттермен қарым – қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен әсіресе, шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән береді. Осындай талапты анықтап, оны жүзеге асыру жолында ұстаздың бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білім болу керек деген міндет қойылады. Шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көңілдеріне қонымды талап – тілектеріне лайықты, ұнамды қасиеттерді көргісі келеді. Осы орайда ұстаздың бойындағы сапалар мен қасиеттердің қаншалықты ықпалды болатындығын белгілі жүйеге келтіріп, іздестіру оларды күнделікті тәлім – тәрбие істерінің тәжірибесіне ендіріп отырудың маңызды екендігіне айрықша көңіл бөлу керек болады. Адамның дамып, жетілуіндегі ерекшеліктерге байланысты, ұстаздар шәкірттерге ілтипатпен көңіл аударып, сеніммен қарау керек. Егер де ұстаздар шәкірттерге әлі де бала ретінде қарайтын болса, онда олар мұндай талаптарға қарсы шығып, өздерінің қарсылығы мен наразылығын сөйлеген сөздерімен, істеген істерімен, мінез – қылықтары арқылы білдіреді.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін ұстаз барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар, яғни жоғарғы сынып оқушылары, студенттер ұстаздың әрбір қимыл – қозғалысын, іс — әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл – кеңесіне өзге адамдар мен қарым – қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды.
Ендігі кезекте ұстаздар мен шәкірттер қарым – қатынасындағы қарама – қайшылықтардың, кедергілердің пайда болуын қарастырамыз. Педагогикалық әрекетте қарама – қайшылықтар мен кедергілер әртүрлі болып келеді. Олар әрекеттің әртүрлі сферасына қатысты болады. Мұндағы қайшылықтар ұстаздың шәкірттеріне, өзінің пәнін меңгеру мен ұстаздық шеберлігіне, оқу орнына, өзінің әріптестеріне деген қарым – қатынасымен байланысты болуы мүмкін. Педагогикалық жұмыста кедергілердің тууының екі себебін айтуымызға болады. Бірінші себеп: мұғалімдердің өз ісіне немқұрайлықпен қарауы, сондай – ақ олардың оқу орнындағы білімге сәйкес алға қойған міндеті, мақсаттарын дер кезінде орындамауы салдарынан туындайды. Олар нашар оқытады, нашар қарым – қатынасқа түседі және нашар тәрбиелейді. Мұндай оқытушылардың өзіне немқұрайлықпен қарауының нәтижесінде олардың қоғамға, ғылымға, адамдарға немқұрайлықпен қарауы деп айтуымызға болады. Нашар ұстаз тек қана ұстаз деген атты сақтап тұрады да, ал шын мәнінде педагогикалық процесті бұзады. Мұндай ұстаздардың жұмысының нәтижесі – педагогикалық жарамсыз болып табылады. Яғни бұл шәкірттердің сабаққа деген қызығушылығының төмендеуінен, білімдерінің төмен болуынан т.б. көптеген қасиеттерінен көрінеді.
Педагогикалық жұмыстағы қарама – қайшылықтың туындауының екінші тобына, ұстаздардың шәкірттермен қалыпты, іскерлік, адамдық қатынасты, өзінің жұмысына, балаларға деген ерекше махаббаты, жоғарғы білімі болса да орната алмауынан туындайды. Мұндай жағдайда оқытушының өзі де зардап шегеді. Онда өзінің педагог ретінде шыңдалмағанын сезіну, өзінің күшіне сенбеушілік, кәсіпке деген жағымсыз қатынастар туындайды.
Ұстаз — өмір бойы баланы оқытатын, тәрбиелейтін, оның тұлғасының толық қалыптасып жетілуіне үлкен үлес қосатын адамдардың бірі. Ол барлық адамдар үшін үлгі болуы қажет. Оқыту процесі кезінде және тәрбиелеу кезінде туындайтын сұрақтарға жауап бере алуы керек, ол үшін міндетті түрде қателеспеуі тиіс. Ұстаздық мамандықтың өзге маман иелерінен басты айырмашылығы – оның адаммен жұмыс жасап, оның тұлғасының пісіп – жетілуіне күші мен қуатын, білімін жұмсауы керек. Соған орай бұл мамандықтың қыры мен сыры қат – қабат болып келетіндігі де сондықтан. Ұстаздар меншәкірттер арасында белең алып отыратын кедергілер бір қырынан ұстаздық мамандықтың күрделілігімен жауапкершілігінің мол екенін аңғартатын болса, екінші бір жағынан қарастырғанда адамның жан – дүниесінің сыры, психикасы аса күрделі құрылым екеніне көз жеткіземіз.
Сонымен бірге педагогикалық қарым – қатынаста тәлім – тәрбие саласында жүргізілетін зерттеулерді анықтап қарағанда ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарама – қайшылықтар мен кедергілердің болуына әкеліп соғатын тағы да бірнеше түрлеріне тоқтала кетелік.

  1. Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын жәйттер мұғалімнің білім деңгейі мен оның шәкірттерге тиімді әдіс – тәсілдермен жеткізе алмай, тәжірибесіздік көрсетіп, шәкірттеріне серпінді ықпал ете алмайды. Содай – ақ ұстаз шәкірттерге қоятын талабын үнемі өзгертіп, қалыпты жағдайдан жиі ауытқып отырады. Соның салдарынан шәкірттердің тәртібі, ұстазға деген сыйластық көзқарасының төмендеуіне алып келеді. Мұндай кемшіліктер ең алдымен, ұстаздық ұйымдастырушылық қабілетімен, сабақ жүргізудегі методикалық олқылығымен пайда болып, шәкірттер сабақта немесе дәріс үстінде көпшілік уақытын босқа жіберетін болады.

  2. Жеке бастың өзі ұстанған адамгершілік қасиеттерге байланысты кездесетін кедергілер мен қайшылықтар. Баланың өз басына талап қоюы, айналасына зер салып, әрбір нәрсеге мән беруі баланың өсіп – жетіле бастағанын көрсетеді. Ересек адамдармен салыстырғанда ұстаз бен шәкірттер арасындағы өзара қарым – қатынас едәуір күрделі. өйткені, мұндағы бірінші жақ – ұстаз толық қалыптасқан, мораль, этикалық жағынан жетілген мінез – құлқы орныққан адам. Екінші жақ – шәкірттер.

Олар небәрі өз ұстазының сезімі мен ақыл – ойына ынтыққандар ғана. Ұстаз бен шәкірттің ойлану, түсіну сипаттары да түрлі деңгейде. Ұстазға айдай анық құбылыс, шәкірттеріне нанымды, анық бола бермейді. Кейде ұстазбен шәкірт бір құбылысқа сөзге немесе қылыққа беретін бағалары да түрліше. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым – қатынаста қайшылық туындауына ұстаздың методикалық тұрғыдан қате жіберіп жаңылысуы не оқу материалын тиянақты тусіндіре алмауы да себеп болады.

  1. Шәкірттердің жас ерекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен қарым – қатынастарының қыры мен сырына жете мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын қайшылықтар.

  2. Шәкірттердің даралық ерекшеліктеріне тән жағымсыз қасиеттері мен мінез – құлқына орай туатын кедергілер.

Сайып келгенде, адамгершілік тәрбиесі – үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру негізгі орын алмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет