2. Әдістемелік бірлестіктің мақсат-міндеттері мен жұмыс бағыттары Әдістемелік бірлестік мақсаты: пән мұғалімдерінің оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеушілік жұмысының ұйымдастырылуы мен қызмет көрсетуін басқару және қолдау көрсету, педагогикалық шеберлік, шығармашылық ізденіс, білім беруді жаңарту жағдайында мұғалімнің басты құзыретін дамыту және жетілдіру.
Әдістемелік бірлестік міндеттері:
пән бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу;
білім беруді жаңарту жағдайында педагогтердің әлеуетін көтеру және олардың тәжірибелік қызметте өзін-өзі іске асыру үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету, мектеп тәжірибесіне ғылым жетістіктерін, білім берудегі жаңа амалдар, әдістер, технологияларды ендіру;
пән мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру және оқушылардың құзыретін дамыту мақсатында пән бойынша авторлық бағдарламаларды, әдістемелік нұсқаулықтар мен жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу, талдау;
әртүрлі бақылау нысандарының қорытындылары бойынша оқу пәндерінің жағдайын талдау;
оқу пәндері бойынша аралық, қорытынды аттестаттау жүйесін әзірлеу және аттестаттау материалдарын дайындау;
мұғалімдердің өздігінен кәсіби білім алу мен есебін ұйымдастыру;
тәлімгерлік, жас мұғалімдер жұмысын ұйымдастыру;
оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық эксперименттерді өткізу және олардың нәтижесін білім беру үдерісіне енгізу;