2. «Сенімділік» жаттығуы . Мақсаты : оқушыны стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету . Шарты :оқушыларға бос парақ таратылады . Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп , бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді , ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те , ортасы қырқылып алынады . Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып , жағымсыздарын қатты мыжып , қоқыс жәшәгәне салады . 3. «Биіктік» жаттығуы . Мақсаты : оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру , сенімділігін нығайту . Жаттығу барысы : қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай нұсқау беріледі : «Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін секіргенін бергілеу» . Талдау . бірінші және екінші белгі салыстырылады . Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап беру керек .: - Белгі қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ? - Бұл айырмашылыққа не әсер етеді ? - Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма , әлде нашарладыма ? - Қалай ойлайсыңдар , өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме