Сөйлеу мәнерін қалыптастыруға және іскерлік ойындары 1.«Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді. Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.