3.Іскерлік ойын «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі». Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды. (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады. Мұғалімдерге арналған тренингтер 1.«Шеңберден басып өту» жаттығуы Мақсаты: Өзара сенім, ынтымақтастықты қалыптастыру. Ойыншыларды шеңберді қалыптастыруға бұйырыңыз. Әрбір ойыншы қарама-қарсы кім тұратынын анықтайды. Сіз «жүр» дегенде әрбір ойыншы көзін жұмып шеңберден өтіп және қарама-қарсы тұрған ойыншының орнына тұру керек. Мұны барлық ойыншылар бір сәтте істеп және көздерін ашпау қажет! Әдетте қатысушылар шошынады да, бірақ ақырын-ақырын үйренеді. Кейін ойыншылардан көздері жабық болған кезде не сезінгендерін сұраңыз. Жаттығу шынайы өмірмен қалай сәйкес келеді?