1-оқушы: О-О, мына біздің Қыз Жібегімізді қараңдар! (Өрілген шашына тиіседі)
2-оқушы: Не ұнамай қалды ма? Сен өзіңді ерекшемін деп ойлама. Бізден асып ешқайда бармайсың. Жания: Мен өзімді біреуден артық көруді мақсат етпеймін! 3-оқушы: Мына «Ботаниктің түрін қараңдар, өзінше, ия?» Мұғалім: Ал, балалар, сабағымызды бастаймыз. Бүгін « Өмірдің мәні неде?» деген тақырыпта дискуссия өткіземіз. Әрине, осы сөздердің мағынасын әр қайсысымыз әртүрлі түсінеміз. Ойымызды, пікірімізді толық айтуға тырысайықшы. 1-оқушы: (қолын көтеріп) Меніңше, өмірдің мәні - молшылықта, ал, молшылықтың кілті - байлықта, дер едім. Бай адамның алдында барлық есік ашық. Ол үшін алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ.