147.«Үнсіз сурет салу» жаттығуы Тыңдаушыларды жұппен отырғызып, алдарына таза ақпарақ және маркер беру. Нұсқау: «Бастадық» деген бұйрық берілгенде, олар өзара келіспестен маркерді алып, сурет сала бастайды, қандай сурет салады, оны бір біріне айтпайды. Сурет салып біткен соң, талқылау. -Бірінші қаламды кім ұстады? Неге? - Қарсыластық болды ма? -Қаламды бірінші ұстауға не кедергі болды? - Сурет салуда туындаған қиындықтар? -Қиындық кімде болды? Бірінші ұстағанда немесе екінші ұстағанда ма? -Кімге не оңай болды? Бағындыру немесе бағыну ма? -Кім не салғысы келді? Ойыңдағы суретті сала алдың ба? және т.б.сұрақтар қою арқылы кім басшы, кім бағынушы болғанын және оның себептерін анықтау 148.«Құпия фарватер» жаттығуы 7-8 тыңдаушы бір-бірімен жалғасып, паровоз болып орналасады. Бір тыңдаушыдан басқалардың көздері байланады. Бірінші ойыншы – жүргізуші. Жүргізуші өз кемесін қарсы қабырғаға дейін үндемеген күйде «кедергі-миналардан» өткізуге тиісті. Мұндағы негізгі қиыншылық соңғы ойыншыда, себебі, соңғы ойыншы еркін қозғалып «минаға» тап болуы мүмкін, сондықтан, осы жағдайды болдырмас үшін әрбір ойыншы алдыңғы ойыншының қимыл-қозғалысын тура қайталап отыруға тиіс. Жаттығуды кеменің ұзындығын өсіріп және миналарды көбейту арқылы қиындатуға болады. Бір мезгілде жүзуге бірнеше кеме жіберуге болады; ол кезде кемелер соқтығысып, «минаға» жарылмас үшін үлкен тиянақтылық қажет.