Мұғалімнің аты-жөні



бет3/6
Дата31.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#116781
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6 жарат

Целлюлоза  – өсімдік жасушасының қабықшасын түзеді. Суда, эфирде, спиртте ерімейді, сұйытылған қышқылдар мен сілтілердің ерітінділеріне төзімді, ақ не сұр түсті, талшықты қатты зат. Хитин — омыртқасыз жануарлардың тіректік полисахариді (буынаяқтылардың сыртқы қаңқасының негізін құрайды) және саңырауқұлақтар мен кейбір жасыл балдырлардың жасуша қабырғаларының құрамдас бөлігі. Хитин суда ерімейді. Организмдердің хитинді биологиялық синтездеуге қабілеттілігі — маңызды биохимиялық белгі болып саналады.

  Липидтер —— барлық тірі жасушадардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтерге майлар және май тәрізді заттар — липоидтер жатады.  Барлық липидтерге тән жалпы қасиет — олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында). Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда: бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді. Липидтердің гидрофобты (грекше hydor — су және phobos — қорқыныш) қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Липидтердің ішінде көп таралғаны және ең негізгісі — майлар. Майлардың  молекуласы үш атомды спирт — глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады. 

Майлар.Гидрофобты, өсімдіктер мен жануарлардың қор заты.Жануарларды қыста суықтан, ұйқыға кететін жануарларда қоректену көзі болып саналады. 

 Ыдырағанда  38,9 кДж энергия бөлінеді.

Қаныққан және қанықпаған болып екі топқа бөлінеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет