Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет42/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Педагогикалық қабілеттер
- мұғалімнің педагогтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін 
қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан 
маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай 
түрлері 
сараланады: 
гностикалық
 (танып 
білу 
және 
одан 
ләззат 
ала 
білу), 
дидактикалық
 (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), 
коммуникациялық
 (қарым-
қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала 
білу, жобалай, жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне 
еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған 
мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, 
олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, 
эмпатияға
 қабілеттілік), болжамдаушылық 
(педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік 
нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік 
иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу 
қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп 
айтып жеткізе білуі, 
артистизмі
, дауыс ырғағы, 
ым
-ишара, оңтайлылық элементтерін жетік 
меңгеруі)


11 
64.Педагогикалық технологияның түрлерін топтастырыңыз. 
«Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір 
педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-
тәсілдер – оның бөлігі ғана» – деп көрсткен В.Беспалько. Технология - қандай да болсын 
істе, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы; Технология - бұл өнер, шеберлік, 
ептілік, өңдеу тәсілдерінің жиынтығы, қалыпты өзгерту; Педагогикалық технология – оқу 
процесін іске асырудың мағыналы технологиясы; Педагогикалық технология – оқытудың 
жоспарлы нәтижесі, процесін суреттеу және педагогикалық технология — педагогикалық 
мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік 
тәсілдердің жүйелі жиынтығы ретінде жұмыс істеу. Педагогикалық технологияның мәні 
тұлғаның дамуы мен өзін- өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны 
мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызы зор. Қазіргі 
білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру оқытушының 
интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами 
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді 
ұйымдастыруына көмектеседі деп көрсетеді. «Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда 
мәдениет танушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бірі мәдениет түрлерін, екіншісі 
«ел мәдениетіне енгізу» дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін 
сақталған. Инновация (латын сөзі іп-в, nо-vis –жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді 
білдіреді екен. С. И Ожегов сөздігі бойынша: «инновация бірінші рет шыққан, жасалған, 
жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс 
емес енгізілген жаңалық» -делінген. «Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір 
мемлекттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Араб елдерінде, Жапония 
елдерінде «инновация» 95 мың сөздіктерде кездестіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл 
құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми – педагогикалық, 
техникалық саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, 
Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларға зейін аударайық. 


«Ғылымның қайнар көзі» – Ресейде «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған: 
XIX- XX ғ. Басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейдді. Негізінде 
реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіске өткен, бірақ «инновация» термині еш 
жерде аталмайды. «Инновация» деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған 
әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, инновация ұғымның әр елдегі, әр түрлі уақытта 
берілген анықтамалары: «Инновация» ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада 
американдықтар мен еуропалық көлемді зерттеулер иесі Э. М Роджерстің анықтамасы 
болып; есептеледі. Э М Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы 
бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс пікірі бойынша: «Инновация – арнайы 
жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күзетеміз», – деген. 
Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрылымына 
матералдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың комплексті 
өзгертуіне біріктіретін үлкен өзгеріс», – деп түсінеді екен. Найхоф инновацияны үрдіс деп 
есептейді де «инновация қандай да бір идеялардан басталатын, өзгерістерге әсерін, 
тұтанушылардың не қолдануы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс», – дейді. Инновация 
ұғымының негізін салуға үлес қосқан неміс ғылымдары В.Замбарт, Метчемек және 
австриялық экономист И.Шумбертті атауға болады. Бірақта олар бұл ұғымды саяси 
экономикалық, технологиялық үрдістерге байланысты қолданылған 


12 
65.Оқыту үдерісін диагностикалаудың мәнін түсіндіріңіз. 






13 
66.Педагогикалық түрлі әдістерді жіктеп тізбектеңіз. 
Педагогикалық зерттеу әдістері Жалпы алғанда педагогикалық зерттеудің үш кезеңі бар: 
теориялық, эмпирикалық, әдіснамалық. Теориялық зерттеу әдістері. Ғылыми-зерттеу 
әдістерінің бірі де теориялық зерттеу әдістері болып табылады. Бөл әдіс зерттеушіге 
алұашқы мәліметтерді жинақтау мен талдауұа көмектеседі. Теориялық зерттеу әдістері: 
Біріншіден: Зерттеу мақсатына сай ғылыми әдебиет көздерін жинақтау зерттеудің бастапқы 
құрамды бөлігін анықтайды. Ғылыми іс-әрекеттің алұашқы кезеңі де осыдан бастау алады. 
Зерттеу жөмысымен айналысушылар ғылымның өзі қарастырып отырған саласында, қандай 
мәселелер зерттелгенін анықтау мақсатында, зерттеу мәселесінің брын және қазіргі кездегі 
зерттелу деңгейін, оған қатысты барлық мәліметтерді сараптап, алынұан тақырып бойынша 
әдебиеттермен танысуы керек. Зерттеу мәселесі туралы ғылыми әдебиеттерді білу 
зерттеушінің ғылыми-мәдениетінің негізін қалайды. Зерттеу көзі болып отырұан ғылым 
саласының жаұдайы және оның дамуын айқындау барысында зерттеуші әр түрлі 
педагогикалық кӨзқарастар, төжырымдар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік 
баспалардың ішінен Өзіне керекті әдебиеттерді таңдап алып, кӨптеген авторларұа ортақ 
және білімдендіру процесіндегі қазіргі заманұа сай тенденцияларды анықтауы тиіс. 
Алынұан әдебиеттерді қарастыру барысында оларұа талдау жасалып, салыстыру, саралау, 
жалпыұа ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты ісәрекеттер іске асырылады. Екінші: 
талдау және синтездеу. Талдау әдісінің эмпирикалық мәліметтерді механикалық төрұыдан 
бөлу; элементтердің тұтас құрамдағы Өзара қатынас формаларын анықтау; білім 
құрылымының мәнін ашу; зерттеу нысанасының сипаты мен динамикасын айқындау 
сипаттаұы түрлері бар. Талдау қарапайым сипатта болуы мүмкін және бөл талдауда 
элементтердің бір біріне, тұтас сипатта бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. 
Сонымен бірге, өзара қатынастық-логикалық сипатта да болады және бөл талдаудың 
барысында эллементтердің бір біріне қатынасы көрініс береді. Талдау кезінде зерттеу 
нәтижелерін баұдарламалар, жоспарлар, кестелер, жүйелер түрінде жинақталады мөндай 
уақытта алшақтату тәртібі қолданылады, яұни күрделі пікір айтылұан соң, тиянақты 
жинақталұан сөйлесім әрекеті іске асырылады. Үшінші: абстракциялау (дерексіздендіру). 
Оның екі түрі бар: талдау барысында қорытындыұа келу және жекеге бөлу. Талдау 
барысында қорытындыұа келу – көптеген бірдей заттар мен құбылыстардың жалпы, өқсас 
белгілерін анықтауды білдіреді. Жекеге бөлу – белгілі бір қҰбылысты зерттеу және талдау 
үшін зерттеуші өзіне қажетті қасиеттерді бөліп алып қарастыру процесі. Дәріптеушілік- 
абстракциялаудың (дерексіздендірудің)– бір түрі және ол ғылыми танымның жеке әдіс-
тәсілі ретінде қарастырылады. Дәріптеушілік үрдісі кезінде зерттеуші ойлау арқылы заттың 
барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін болмайтын 
жаңа түсінік, белгі ендіреді. Төртінші: тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті 
әдістері; бұл әдіс арқылы эмпирикалық деректерге қортынды жасалады, жекеден жалпыға 
қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай логикалы салдар айқындалып, жүйеленеді. 
Бесінші: ұқсастыру әдісі. Бұл әдіс заттар мен құбылыстардың жалпыға бірдей, ортақ 
екендігін айқындау барысында іске асырылады. Алтыншы: теория жүзінде мүмкін 
жаұдайдың, шынайы құбылыстың немесе заттың үлгісін жасау әдісі. Үлгілеу – зерттеу 
нысанасына ұқсастық қатынастаұы басқа бір нысанамен алмастырылатын зерттеу әдісінің 
түрі. Яғни, бірінші нысана түпнұсқа ал, екіншісі оның үлгісі болады. Зерттеуші үлгіні 
зерттеу барысында, алұан нәтижелерін ұқсастық және үйлесімділік заңы бойынша 
түпнұсқаға көшіреді. Үлгі және үлгілендіру әдісі түпнұсқаны зерттеу барысында қиын 
немесе мүмкін емес болұанда, немесе түпнұсқаны зерттеуге мол қаражат шыұынын талап 
еткен жаұдайда қолданылады. Үлгі мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болады. 
ұқсастық зерттеушінің үлгіні зерттеу кезінде алұан мәліметтерін түпнұсқаға көшіруге 
мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әртүрлі формалары 
пайдаланылады. Үлгінің түпнұсқадан айырмашылыұы оны зерттеу еш қиындық 


туұызбайды, дегенмен оның қөрылымында үлгіге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттар, 
өлшемдер болуы қажеттілік. Үлгілендіру ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, 
заттық бола алады. Үлгілеудің түрі зерттеу объектісінің күрделілігіне қарай таңдалып 
алынады. Жетінші: болжау әдісі. Аталмыш әдіс зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық 
жүйе немесе білім беру жүйесінің іс-әрекетін сипаттауұа баұытталады. Зерттеу жөмысының 
нәтижесінде алынұан нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, графиктерге, 
кестелерге, сызбаларға, формулаларұа, диаграммаларұа, түсініктер мен заңдарұа айналдыру 
зерттеушінің ойлау абстракциясының жоұары деңгейі мен дәрежесін бейнелейді. Сегізінші: 
математикалық және статистикалық әдіс, яғни педагогикалық қөбылыстар мен олардың 
сапалық өзгерістері арасындаұы сандық тәуелділікті анықтауға баұытталады. 
Математикалық және статистикалық әдіс арқылы нақты белгісі бар объектіні анықтап алып, 
оны белгісі жоқ басқа бір нысанадан ажырату барысында тіркеу әдісі қолданылады. Бұл 
үшін, шартты критерилер қажет, мысалы тәртіпті немесе тәртіпсіз, өзімшіл, көпшіл деп 
қандай белгілерге немесе критерилерге сүйенетінімізді анықтау керек. Ал тізбектеу әдісі 
деректердің, құбылыстардың, қасиеттердің, белгілердің жоғарылауы немесе төмендеуін 
анықтау үшін қолданылады. Теориялық зерттеу әдістерінің аталұан түрлері эмпирикалық 
деректерге, олардың теориялық білім жиынтыұын құрастыруға ықпал етеді, сондай –ақ 
талдау жасалынып, заңдылықтардың мәні ашылып, сыртқы және ішкі факторлар 
анықталып, олардың мазмұнын ашуұа ықпал етеді. Эмпирикалық әдістер нысананы 
философиялық категория ретінде «құбылыстың деңгейінде қарастырса, теориялық әдістер 
оның «мәнің деңгейінде қарастырады. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері 
ғылыми таным деңгейлері ретінде бір бірімен диалектикалық тұрғыдан тығыз байланысты, 
сондықтан да жеке дамымайды. Эмпирикалық зерттеу әдістері. Эмпирикалық зерттеу 
әдістерінің құрылымы өте күрделі, ол грек сөзі Empeіrіa – тәжірибе деген ұғымды береді. 
Алғашқы тобына бақылай отырып зерттеуді жатқызуұа болады. Бұл мақсатқа сай заттар 
мен қөбылыстарды зерттеу, мағлҰматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді санамен 
қабылдау және ақпараттарұа өзіндік төрұыдан талдау жасау; зерттеу нысанасының сыртқы 
көрінісі мен қасиеттері, белгілері туралы мәліметтер жинақтау дегенді білдіреді. Бақылай 
отырып зерттеуге, алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу нысанасы, бақылай отырып 
зерттеудің шарттары, сондай-ақ бақылай отырып зерттеудің құралдары – видеоаспаптар, 
аспап-құралдар, қажетті құралғылар және өлшеу құрал-жабдықтары жатады. Бақылаушы 
бақылау көзін, сондай-ақ қандай құбылыстарұа кӨңіл бӨлу керектігін анықтап алуы керек. 
Зерттеу барысында бақылай отырып зерттеу түрлерінің төмендегідей жіктемесін беруге 
болады: - тікелей бақылай отырып зерттеудің, педагог-зерттеуші оқу-тәрбие жҰмысының 
тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер болұанымен бейтарап адам; педагог 
зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кіргізілуі. Оның роліне байланысты 
эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалады; - жанама бақылай 
отырып зерттеу, тікелей бақылай отырып зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен 
бірге және оның баұдарламасы бойынша жҰмысқа қатынасушылар арқылы жүзеге асады. 
Зерттеуші біреу немесе бір нәрсе туралы жанама деректер жинақтайды; - жасырын немесе 
елеусіз бақылай отырып зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде 
телекамералары бар мектептерде іске асырылады. Жасырын бақылай отырып зерттеу 
зерттеушіге қҰнды мәліметтер береді, егер оқушылар Өздерін бақылап отырұанын білер 
болса, онда олар Өздерінің іс-әрекетін қадаұалап, басқаша бейне көрсетуге тырысады. - 
үздіксіз бақылай отырып зерттеу оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтаұы, ойындаұы, 
сыныптан және мектептен тыс – оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттаұы мінез-
қҰлқын зерттеу барысында іске асырылады; - монографиялық бақылай отырып зерттеу бір 
адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады; -дискретті (үзік-үзік) бақылай 
отырып зерттеу нысананы Ұзақ уақыт бақылау барысында пайдаланылады. - бақылай 
отырып зерттеу ұзақ уақытты қамтуы мүмкін, атап айтқанда, жарты жыл немесе бір жыл. 
Бақылай отырып зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейіннен қайтадан жалұастырылады; - 
бір баұытты бақылай отырып зерттеу жалпы тұтастықтан зерттеу мақсатына сай бір 


құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады; - бақылай отырып зерттеу , іздеу 
көп деректер арасынан зерттеуші Өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде 
қолданылады және мөндай зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық 
жұмыс жасауы қажет. Бақылай отырып зерттеудің негізін- педагогикалық құбылыстар мен 
деректердің сандық және сапалық суреттемесі мен өлшемдерінің тәртібі құрайды. Мұндағы 
өлшем – зерттеу нысанасын сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі 
басқа біртекті шамаұа қатынасын анықтау процесі. Сандық бақылай отырып зерттеулер мен 
Өлшемдер оларды математикалық Өңдеуге жол ашып, теориялық болжамдардың 
эксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруұа мүмкіндік туұызады. Педагогикалық 
эксперимент танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі және ол 
құбылыстарды олардың Өту барысының нақты тіркелген жаұдайларында зерттеуге 
баұытталады. Эксперимент деп ғылымда, едәуір қолайлы жаұдайларда зерттеу мақсатына 
сай қөбылыстарды жаңарту мен өзгертуді айтады. Эксперимент болжамды тексеруге, 
теорияның жеке қортындыларын, фактілерді анықтауұа және дәлелдеуге баұытталады. 
Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындаұы 
байланыстырушы буын. Эксперименттің таұы бір мақсаты білімді жетілдіру, оқушыларды 
оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңаша баұытта қөру. Педагогикада 
эксперименттің бірнеше түрі бар:шынайы педагогикалық қөбылыстарды эксперименттен 
өткізу. Өзіндік диагностикалық «карталарң, қарастырылұан сауалнамалардың мазмөнын 
сипаттайтын «бөлімдерң, «суретң қолданылады. Ол педагогикалық процесс барысында, 
яұни оқыту мен тәрбиенің күнделікті жаұдайларында жүзеге асады; лабораториялық, 
практикалық және оқушылардың белгілі бір топтарын бӨліп зерттеу кезеңінде іске 
асырылады. Екіншіден, қалыптасқан болжамды эксперименттік төрұыдан тексеру. Ол 
зерттеу нысанасының педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді. Бұл 
кезеңде тәжірибе арқылы теориялық болжамдар тексеріліп, болжамдар расталуы немесе 
жоққа шыұарылуы мүмкін. Келесі жаңадан өсынылұан үлгілер мен жобаларды іске асыру 
барысында пайда болұан педагогикалық қөбылыстарды эксперименттен тексеру. 
Экспериментті жүргізу бақылаудың практикада тексерілген, теориялық тұрұыдан 
дәлелденген, зерттеу мәселесін дұрыс шеше алатын техникалық қҰрал-жабдықтарынсыз 
және Өлшеу қөралдарынсыз Өткізу мүмкін болмайды. Келесі, сұрақ-жауап әдістері. Бұл 
әдіс ауызша (әңгімелесу, интервью (сұхбат), жазбаша (анкета) түрде жүргізіледі. 
Эмпирикалық зерттеу әдістерінің ретін құрастыру кезінде субъектінің Өз іс-әрекетінің 
жаұдайы, ісәрекет ретінде қабылдайтын мағлұматтары есепке алынуы тиіс. Сұрақ-жауап 
әдісінің мынандай түрлері бар: а) Әңгіме-сұхбат, яұни ұйымдастырылуы және мазмұнына 
байланысты еркін диалог. Әдісті жүргізерден бөрын, зерттеуші оұан жоспар құрып, қажетті 
мәселелерді реттеп, сондай-ақ әңгіме-сұхбатты жазып алу құралдарын даярлайды (бейне 
таспа, аудио таспа, стенография). ә) Сұхбат – әңгіме-сұхбаттың бір түрі. Зерттеушінің 
міндеті зерттеу объектісінің әңгімесіне қолдау көрсету. Сұхбат зерттеушінің жоұары кәсіби 
білігіне және тәжірибесіне байланысты нәтиже береді. Талдау барысында сұрақ-жауап 
алынұан адамның іс-әрекеті нысананың шынайы мазмөнын, жұмысындағы білімдендіру 
міндеттерін шешу барысында туындаұан қиындықтарды, қарама-қайшылықтарды жеңудің 
тәсілдерін анықтауұа баұытталуы тиіс. б) Сауалнама (анкета). Яғни, бұл арнайы іріктеліп 
алынұан танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының 
талапқа сай логикалық құрылысының жиынтыұы. Анкетадаұы сұрақтардың жауаптары 
болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Статистикалық сараптан өткізуді жабық 
сұрақтарұа қарағанда ашық сұрақтарға жасау қиындық туғызады. Сонымен қатар, алдыңұы 
қатарлы жаңашыл-педагогтардың озық тәжірибелерін зерттеу болашақ Ұрпақты оқыту және 
тәрбиелеумен тыұыз байланысты болады. Тәжірибе- педагогтың Ұзақ жылдар бойындаұы 
педагогикалық процесс барысында жасаұан іс-әрекеттерінің нәтижесінде жинақтаұан 
шеберлігі, шыұармашылық қабілеті. Ал, оқушылардың интеллектуалды-даралық 
ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі-оқушылардың 
жазбаша, графикалық және шыұармашылық жұмыстары. Сонымен эмпирикалық зерттеу 


әдісі ғылымизерттеу жөмыстарын іске асыруда жетекші роль атқарады. Ғылыми танымның 
үшінші кезеңі немесе ең жоғарғысы – әдіснамалық кезең болып табылады. Танымның 
әдіснамалық кезеңі педагогика ғылымының категорияларымен, «белгісіз білімді білу 
туралың білімдерді айқындаумен сондай-ақ ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі 
ретінде белгілі теорияларды қолданумен байланысты мәселелерді шешуге бағытталады. 



67.Оқушыны қоғам мүшесі ретінде тәрбиелеудің маңызымен 
жұмыс істеңіз. 
Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие жүйесінің құрамды бөлігі-сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие 
жұмыстары. Тәрбие жұмысында жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыны жан-жақты дамыту 
негізгі орын алады. Оқушыны дамытуға оқыту, білім беру, тәрбиелеу үрдістері өзара 
бірлікте жүргізілгенде ғана қол жеткізуге болады. Даму дегеніміз ең алдымен, адам 
ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер 
белгілі бір әлеуметтік орта жағдайында өтеді. Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан 
қарағанда тәрбие қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және 
қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып, бағыттайтын үрдіс. Қоғамның жаһанданған 
қазіргі және болашық өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі тәрбие арқылы 
жүзеге асырылады. 
Тәрбие 
үрдісі
жалпы
адамзаттық 
мәдениеттің
бір 
бөлігі
болғандықтан, 
мәдениеттану тұрғыдан оқып үйренуге тура келеді. Олай болса, бұл үрдіс балаға 
ғасырлар 
бойы
қалыптасқан 
мәдени 
мұраны
меңгертіп, 
сол 
арқылы 
осы заманғы мәдениетке енуіне мүмкіндік береді.Тәрбие бір ұрпақтың озық тәжірибесін 
екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс, осы арқылы адамның дамуына басшылық жасалады. 
Нәтижелі жүйелі тәрбие жеке тұлғаны дамытады, адамның қоғамдағы орнын анықтайды. 
Баланың оны игеруі барынша қысқа мерзімде атқарылуы тиіс, сондықтан 
тәрбие ісі жалпы адамзаттық гуманистік бағытта жүргізіліп, жеке бастық рухани 
дамуына бағытталу керек.
Мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде дамуына халықтық педагогаканың мұралары, 
ұлттық тәлім-тәрбие зор үлес қосады. Тәрбие үрдісінде халық педагогикасының тәлімдерін 
енгізу арқылы қаны да, жаны да таза, елін, жерін, тілін қастерлей алатын азамат дайындауға 
жол ашылады. Бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісіне халықтық педагогиканың тәлімдерін 
және әлемдік мәдениет құндылықтарын енгізу мәселелері көптеген ғалымдардың 
еңбектерінен орын алады. Осы құндылықтар жаһандану жағдайында мәдени қарым-қатынас 
және ұлттық тәлім-тәрбие құралы болмақ. 
Ж.Наурызбаев “Ұлттық мектептің ұлы мұраты” атты еңбегінде жас ұрпақ тәрбиесіне 
ұлттық мәдени құндылықтарды пайдалану мәселелерін жан-жақты қарастыра отырып, 
шынайы мәдени-этникалық мұраны жандандырумен болашаққа аманаттау, ұлттық 
тектестікті сақтау міндеті ең алдымен мектеппен байланысты”-дей келе ұлттық сана-сезімді 
қалыптастырудың, мәдениеттік мүдделердің құралы болып табылатын білім беру ісі алдына 
басты-басты үш міндетті береді: табыстаушылық (ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау 
және дамыту); даралаушылық (адамның, этникалық топтың немесе этностың ұлттық-
мәдени қажеттіліктерін, жеке тұлғаның ерекшеліктерін айқындау); ынтымақтастырушылық 
(мәдениеттердің 
өзара 
бірлігін, 
кірігуін, 
байытуын,
жеке
тұлғаның
әлемдік
және
ұлттық
мәдениет
жүйесіне 
ұмтылысын қамтамасыз ету); 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы 
Білім академиясының этнопедагогика және тәрбие зертханасының даярлаған “Мектептегі 


тәрбие жұмысынын теориясы мен әдістемесі” атты еңбекте жеке тұлғаның дамуының 
ерекшелігіне байланысты, тұлғаның өздігінен дамуының мәні ретінде ең алдымен адамның 
шығармашылық мүміндігін табумен, содан соң оқушының өзіне деген сенімін бекітумен, 
өзін-өзі құрметтей білуін арттырумен және “мен” деген идеалымен жақын болумен 
тиянақталады. Осы заманғы тұлғаның маңызды белгілерінің негізі оның даралығы, 
ақылдығы, жауапкершілігі, еріктілігі, жеке басының қасиеті болып табылады-деп атап 
көрсетеді. [1,72 бет] 
Ал И.П.Подласый “Педагогика” атты еңбегінде “Ұжым және жеке тұлға” атты бөлімінде 
оқушы мен ұжым арасында қарым-қатынасқа тоқтала отырып, жеке тұлғаның дамуына 
тәрбиенің ұжымдық ықпалының зор екенін көрсетеді. Яғни, оқушылардың жеке тұлға 
ретінде қалыптасуына орта мен ұжымның игі ықпалы бар екені көп жылғы іс-тәжірибеден 
көрініп отыр. Әсіресе, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында анкеталық сұрақтар 
мен тестік жұмыстар бойынша оқушылардың берген жауаптарынан айқын аңғарылады. 
Оқушылардың жауаптарының көбінде оларға ең күшті және белсенді түрде ықпал ететін 
“орта және ұжым” деген жауаптар берілген. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына ықпал 
ететін негізгі күш-орта. Жеке тұлғаның қалыптасуына сыртқы жағдайлар: табиғаттың 
ықпалы, әлеуметтік орта, мектеп және жанұя үлкен ықпал етеді. [2,150 бет] 
Жеке тұлғаны дамытуда әлеуметтендіру мәселесіне аса назар аударуымыз керек. 
«Әлеуметтендіру дегеніміз-дейді О. Нұсқабаев-жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, 
жеткіншек жас ұрпаққа оқыту мен тәрбиелеу үрдісін белгілі бір тәртіпке келтіріп, 
жинақталған қажетті ғылыми-білімдерді, дағды-іскерліктерді және біліктілікті, рухани 
байлықтарды, мүдделер мен құндылықтарды, дүниетанымдық тағылымдар мен салт-
дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды, адамгершілік пен мінез-құлық 
нормаларын белсенді түрде меңгерту арқылы оларды біртіндеп өздері өмір сүріп отырған 
қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрлысына сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосу». 
Жеке тұлғаның дамуы оның әрекетінен және басқа адамдармен ой алмасу, соңдай-ақ сана-
сезімінің 
пісіп 
жетілу 
үрдістерінде 
өтеді.
Жеке 
тұлғаны 
әлеуметтендіру 
мектепте атқаратын іс-шараларда негізгі орын алады. Яғни, оқушының өмірге деген 
көзқарасын, адамзат мәдениетін меңгерту, қоғамдағы орнын еркін табуы, ұлтаралық мәдени 
қатынастарды меңгерту мектептің оқу-тәрбие жұмысынын негізі болып табылады. 
Сондықтан біздің алдымыздағы негізгі міндет-білімді, тәрбиелі мәдениетті жеке тұлғаны 
қалыптастыру. Жаһандану жағдайында мәдени этникалық білім мен тәрбие берудің негізгі 
міндеттері ретінде мыналарды ұсынады және үнемі басшылыққа алынады: жан-жақты 
мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу. Тұлғаның өзінің төл мәдениеттен сусындауы және өзге 
мәдениеттерді ұғынуы үшін жағдай жасау. Мәдениеттер алмастығына, бірін-бірі 
байытуына бағдар ұстау. көп тілді тұлғаны қалыптастыру. Өзінің ана тілінде және 
мемлекеттік тілінде еркін ұғынысуға қабілетті азаматтарды даярлау. Сол арқылы өзінің 
этникалық тобына қатысты “бірдей адалдык,” үлгісін көрсету. Өмірде үш, төрт, одан да көп 
тілдерді шебер меңгертуге мүмкіндік бар екеніне көз жеткізу. 
Жеке оқушының мәдениеттілігінің қандай дәрежеде дамып, қалыптасуын зерделеу 
барысында Ж.Наурызбаев, Ж.Алтаев, Т.Ғабитов, А.Сейдімбек т.б. ғалымдардың 
«мәдениетті тұлғаға» берген анықтамалары негізге алынады. Мәдениетті тұлғалық сипатты 
қарастырғанда-дейді Т. Ғабитов-маңызды ұғымға тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі 
бірден көзге түсетіндері: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер 
және мәдени ұғымдар, ұжымдар. Бұлардың арасында ең маңыздысы-мәдени әрекет. 
Әрекеттену жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет 
деп, әдетте мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес 
әлеуметтік іс-қимылдарын атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам 


өзінің де мәдени деңгейін көрсетеді. Бұл маңызды үрдіс мектеп қабырғасында, тәлім-
тәрбиелік іс-шаралар негізінде қалану шарт екеніне тоқталады. [3, 68 бет] 
Бүгінгі мектеп қабырғасында отырған жас буынды ұлттық менталитет дәстүрлерге негіздей 
отырып тәрбиелеу қажеттілігі, осыған дейінгі өмір тәжірибелерімізден айқын аңғарылады. 
Жалпы адам бойындағы мәдениеттілік адам мен адамның, қоғам мен адамның, адамның іс-
әрекеттері негізінде көрініс табады. Адамның мәдениеттілігін айқындайтын негізгі күш-
орта. Осы тұжырымдардың қай-қайсысы да мәдениеттің ұлттық формада өмір сүретінін 
аңғартады. Сондықтан да, мәдениет арқылы этностық, тарихи, мемлекеттік, экономикалық, 
әлеуметік, этнографиялық болмыс бейнесі көрініс табады деуге әбден болады. Көптеген 
авторлар жеке адамның дамып қалыптасуына әсер ететін факторлар тұқым қуалаушылық, 
әлеуметтік орта т.б. дей келе, тәлім-тәрбие жұмыстарына жан-жақты тоқталады. 
Олай болса, мектеп баланың қарқындап даму кезеңі болып саналады. “Даму”-дегеніміз-әр 
уақытта бірыңғай тұтас үрдіс. Оның кейбір ерекшеліктерін атап көрсетуге болады. Ағзаның 
дамуы ең алдымен мүшелерінің өсіп-жетілуіне байланысты. Ал, әр түрлі мүшелер бір 
қалыпты өсіп жетілмейді, өйткені, ағзаның өсу қарқыны тұрақты емес. Сондықтан өсудің 
тездеу кезеңдері баяулау кезеңдерінен кейін немесе керісінше байқалып отырады. Мысалы, 
жыныс мүшесінің жетілу кезеңінде өсу күшейеді, соңынан баяулай бастайды. Жеке 
адамның психикалық дамуы-бұл оның іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы саналылығының 
өсіп жетілуі. Сананың дамуы мен адамның қоршаған дүниені жете түсінуін, яғни, 
әлеуметтік ортаға көзқарасымен қатынасын айтады. Ал, сана дегеніміз-обьективтік 
шындықтың бейнелеуінің жоғары формасы. Бұл әрекет оқу-тәрбие үрдісімен тікелей 
байланыста жүзеге асырылады. 
Жеке адамның дамуы дегеніміз-оның нерв жүйесіңдегі функционалдық мүмкіншіліктерінің, 
психикалық процестерінің адамгершілік қасиеттерінің, білімінің, көзқарастарының оқу 
қабілетінің адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықты игерудің және сол 
байлықты келешекте жасаудың даму тарихы болып табылады. Баланың дамуында іс-
әрекеттің рөлі өте зор. Ол дамудын негізі. Оқушы іс-әрекеті арқылы танымын жетілдіріп, 
адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге жол ашылады. Мектеп оқушыларының мынандай 
бағыттағы іс-әрекеттерін ұйымдастыруға және рухани-адамгершілік ұстанымдарға 
бағыттауға болады: өмірлік бағытты көздей білу;тадамдық қадір-қасиетін сақтау; қоғамдағы 
өз орнын таба білу; ой-сезімін дамыту,өз іс-әрекетіне талдау жасау; өзін-өзі еңбекке, 
дербестікке бейімдеу,т.б. 
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеттерінің салаларының мазмұны, 
ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әртүрлі іс-
әрекеттерінің түрлерінен байқауға болады. Мектепте іс-әрекеттердің бірнеше түрі бар. 
Олар: оқу еңбегі, баланың өзіне-өзі қызмет етуі, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбекке 
баулу. Еңбек тәрбиесі барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі іс-әрекеттері 
іске асырылады. Еңбек тәрбиесінде оқушылардың өзіне-өзі қызмет етуінің маңызы зор. 
Оқушының еңбек ету іс-әрекеті оның жас ерекшеліктерімен тығыз байланыста өтеді. 
Бастауыш сыныптардағы іс-әрекеттер көбіне ойын түрінде, үлкендердің еңбек әрекеттерін 
қайталау үлгісінде дамиды. Осы кезеңдегі берілетін тәлім-тәрбие түрлерінің сапалы болуы 
өте маңызды. 
Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың мінез-құлқы мен тәрбиелік бағытының бес жасқа 
дейін қалыптасатынын айтса, ал американ психологы Блюм 7-8 жасқа дейін баланың жеке 
қасиеттерінің 70% қалыптасады дейді. [4,104 бет] Осы пікір қазақ педагогы М. 
Жұмабаевтың еңбегінде негізгі орын алады. “Педагогака” атты еңбегінде “тәрбиенің 
қолданатын жолы

ұлт тәрбиесі”, дей келе негізгі тәрбие бесіктен басталуы керектігін жан-


жақты талдайды, нақтылайды. Оқушыны дамытуда-білім мен тәрбие беру, өзін-өзі 
тәрбиелеу негізгі орын алады. Білім ала отырып оқушының ғылыми-танымдық және бүгінгі 
экономикалық, нарықтық қатынастарға байланысты мағлұматтары молаяды. Бұл жерде 
оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісі қандай ықпал етеді деген сауал 
туындайды. [5, 57 бет] 
Тәрбие қоғамдық өмір талаптарына сай өзгеріп, жетіліп отыратыны белгілі жағдай. 
Мәселен, ұзақ мерзімді іске асырылатын және күн сұрасына қарай жедел шешімін күтетін 
мақсаттар болады. Тәрбие мақсаты әрдайым қоғамдағы мәдениет пен өркениеттің айнасы 
тәрізді (Мәселен, руханилық, адамгершілік, бостандық т.б.). Біздің қоғамыздағы жедел 
шешуді қажет ететін тәрбие мақсатына: өзіндік ой-әрекетін дамыту (инициатива), 
қоғамдағы жетістіктерге ілесу, нарықтық-экономикалық қатынастарды түсіну т.б. Тәрбие 
теориясында қамтылған мәселе адамды тұлға ретінде қалыптастырып, дамыту. Психология 
тұлғаның мінез-құлқын, түрткілерін, тұлғаның сипаты мен іс-әрекеттерінің негізін 
анықтайды. Жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтар тәрбие мақсатының өзегі. Олар-
руханилық, бостандық жауапкершілік, ізгілік т.б. адамның өмір сүру мәнділігін 
айқындайтын мақсаттар мен мүдделер жиынтығы. 
Жоғарғы ізгілік мұраттарының ең біріншісі-руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі 
адамгершілігін дамытуға ұмтылады. Бостандық адамның ішкі және сыртқы еріктілігі, 
басқаның құқын сыйлау, әлеуметтік жағдайына, ұлтына, сеніміне, саясатына қарамастан 
еркін қарым-қатынаста болу. Бостандық бар жерде жауапкершілік басым. Расында, бала 
табиғат заңдылықтары арқылы жетісіп,оның бойындағы мүмкіншіліктер мен қасиеттер 
біртіндеп дамып отырады. Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға 
көтеретін орта мектеп және ондағы тәлім-тәрбиелік іс-шаралар. Мектеп оқушыларының ең 
керемет ерекшелігі-оның еліктеу, қызығу, қайталау, өзгеге ұқсау, бейімділік т.б. қасиеттері. 
Міне,осы кезеңдегі тәрбие негізі гуманистік таза адамгершілік бағытта берілуі шарт. Осы 
орайда оқушының даму негіздері етіп мына бағытты ұстануға болады: жеке адамды 
дамытуға байланысты қажетті жағдайларды жасау, іс-әрекеттік ортаны құра білу (мәдени 
әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер, мәдени қажеттіліктер, мәдени ұғымдар); қоғам 
дамуымен жас ұрпақ тәрбиесі арасындағы сабақтастықты сақтап, мектептегі тәрбиені 
мәдени құндылықтар негізінде құру, оқушы өмірінің мәнін ашатындай сипатын анықтау; 
оқушының ішкі мүмкіншілігіне байланысты сыртқы әсердің біртұтастығын сақтау, жас 
және дара ерекшеліктеріне байланысты саралап оқыту мен тәрбиелеу жолдарын іздестіру; 
оқушының анатомиялық, физиологиялық, психикалық, рухани және қоғамдық дамуына 
қосымша жағдайлар мен іс-шаралар жасақтап, жүйелі жұмыстар жүргізіп отыру. 
Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі, оның өзін-өзі танып, өз 
айналасындағылармен, қоғамдық ортамен, отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынасқа 
түсуі-әлеуметтік және рухани дамуының алғы шарттары болып есептеледі. Сондықтан 
балаға жастайынан өзінің төл мәдениетімен қатар басқа да әлемдік мәдениетті меңгертуге 
жағдай жасау қажет. Дүнетанымдық көзқарасын қалыптастыруда этно-мәдени білім 
негіздерін меңгертудің маңызы ерекше. Кез-келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық 
құндылықтардың орнығуы тарихи дамудың заңды құбылысы. Сондықтан жас ұрпақ бойына 
жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіру-тәрбиенің өзекті мәселелерінің бірі. 
Жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде, білім негіздерін меңгерту арқылы оның тәндік, 
жандық, рухани, қоғамдық, әлеуметтік үйлесімділігі сақталады. Өмір сүру құндылықтары 
мен мәнін түсініп, табиғатпен сабақтаса отырып, адамдық игі қасиеттер негізінде дамуға 
мүмкіндіктер алады. Адам өзін-өзі рухани дамыту үшін үнемі тәрбиелеп, өздігінен білім 
алып, өз бетінше оқып үйренуге ұмтылуы шарт. Осы қасиеттер оқушы бойынан көрініс табу 
үшін, жас ұрпақ тәрбиесінде халқымыздың рухани байлығы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, 


ұлттық сана, дін және рухани құндылықтарды жоғалтпай пайдаланып отыру өз нәтижесін 
береді. Сондықтан мектепте ұйымдастырылатын тәлім-тәрбиелік іс-шаралар мен тәрбиелік 
жұмыстар, оқушыларды жан-жақты дамытып, үнемі жетілдіріп отыратын бағытта болу 
керек. 



68."Педагогика" ұғымына ертеде және қазіргі берілген анықтамаға 
түсініктеме беріңіз. 
Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында 
пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда 
болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші 
рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты 
еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негізін қалағанда Я.А.Коменский. 
Сонымен қатар, Я.А.Коменскийдің ізімен батыс еуропалық педагогикада ағылшын 
педагогы Джон Локк, француз педагогы Жан-Жак Руссо, Швейцар педагогы Иоганн Генрих 
Песталоцци, неміс педагогы Иоганн Гербарт пен Адольф Дистервег, орыс педагогы 
К.Д.Ушинский және т.б ағартушы-педагог тізбегі қалыптастырылды. Ал кейіннен ХІХ-ХХ 
ғасырлардың тоғысында эксперименталды педагогика пайда бола бастады. Педагогика - 
өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады. 
Педагогика ғылмы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; 
екіншіден - өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогика атауының түп-
төркіні гректің "пайдос " - бала және "аго " - жетектеу деген сөздерінен шыққан. 
"Пайдагогос " сөзін тура мағынасында аударса, "бала жетектеуші" деген ұғымды білдіреді. 
Яғни, баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау 
дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып 
қайтатын құлды педагог деп атаған. Ал мектепте ұстаздық етумен басқа білімдар құлдар 
айналысқан. Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ең 
өміршеңі, ең қажеттісі қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер кезектесе 
өмірге келіп, уақыт сынынан өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті. Тәрбие туралы 
ғылым да дамыды, ол адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинақтап, жүйелеуді өзінің 
алдына басты міндет етіп қойды. Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге 
қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды 
тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім – жан-жақты, адамды дамытудың 
тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді. Педагогика, басқа 
ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі 
кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал, педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу 
күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибеде дамиды. Педагогика – тәрбиелеудің қатынастары 
туралы, тәрбиелеудің өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту 
өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына 
бағытталған. Педагогика ғылым ретінде төмендегі барлық белгілерді қамтиды. Ол өзінің 
басқа ғылымдардан айрықшалайтын түсінікті аппаратымен де ерекшеленеді. Біріншіден, 
педагогиканың "тұрмыстық" мағынасы айқындалады. Әрбір адам өзінің балаларын, отбасы 
мүшелерін, ұжым мүшелерін тәрбиелеуде және оқытуда өмір ағымында "педагог" ролінде 
ойнайды. Екіншіден, педагогиканың практикалық мағынасын анықтайды. Педагогика 
адамзат әрекеттерінің аймағы, үлкен ұрпақтың кішіге берілген өмірлік тәжірибесімен 
байланысты. Бұл жерде халықтық педагогиканың педагогикалық шеберлігімен және 
тәрбилеу өнерімен өзара байланысы туралы айту жарасымды. Жоғары педагогикалық іс-


әрекеттердің пайда болуын өнер деп атау кездейсоқ емес. Педагогиканың басқа кез-келген 
ғылымдардан басты айырмашылығы осыда. Оқытушы тек қана білімді алып жүруші, тек 
қана студенттер үшін ақпараттардың көзі болу қажет емес, ол әртүрлі рөлдерді ойнаушы – 
актер: мұғалім, тәрбиелеуші, педагогикалық процестің қатысушысы, жолдас, дос. 
Педагогикалық процесс оқытушы тарапынан қателікті жіберткізбейтін әрекет, немесе 
оқытушы қатесі өте қымбатқа түседі. Педагогиканың өнерге қатыстылығын күнделікті 
өмірден көріп жүрміз сондықтан, оқытушы студентке тек өзінің кәсіби күші арқылы ғана 
емес, сонымен қатар, өз тұлғасының ерекшеліктері де әсер етеді (мінездік қасиеті, іске, 
адамдарға, қоғамға және т.б. қатынасы). Үшіншіден, педагогика ғылым ретінде 
түсіндіріледі, сонымен қатар, адамтанудың бөлігі. Педагогика танымы қоғамдық және жеке 
даралық, табиғаттың келеңсіз үйлесіміндегі адамның дамуы мен әсері тәсілдерін 
жетілдіреді. Сондықтан да педагогикалық ілімдер, теориялар, үлгілер, болжамдар және 
ұсынылымдар тұтас және жүйелі білімнің іргесінде құрылады: олар психология, 
философия, тарих, әлеуметтану және басқа да адам туралы ғылымдарда "жетіледі". 
Төртіншіден, педагогика өзіне оқытумен тәрбиелеудің теоретикалық және практикалық 
аспектілерін қоса отырып, оқыту пәнін анықтайды. Бесіншіден, педагогиканың мағынасы 
қазіргі заманғы жалпы мәдени контекстегі гуманитарлық білімнің бөліміне енеді. Ол 
адамның педагогикалық мәдениетінің сапасында көрінеді 



69.Педагогикалық іс-әрекеттің мотивациясын дайындаңыз. 
Педагогикалық іс-әрекеттің маңызды компоненттерінің бірі оның мотивациясы болып 
табылады. Педагогикалық іс-әрекетте де оқу іс-әрекетіндегі сияқты мотивациялық 
бағдарланулар ажыратылады (IV бөлім, 2 тарау қараңыз). Олар ішкі түрткілер, мысалы 
жетістік түрткісі және ішкі түрткілер, мысалы өз іс-әрекетінің процесі мен нәтижесіне 
бағдарлану. Белгілі бір оқу орнындағы жұмыс істеу беделділігінің сыртқы түрткісі 
мен еңбекақысының сәйкестілік түрткісі көбінесе тұлғалық және кәсіби өсу, өзін-өзі 
жігерлендіру түрткілерімен теңестіріледі. Сонымен қатар, бала мен ересек адамның өзара 
әрекеттесуінің ерекше формасы ретінде педагогикалық іс-әрекетте үстемдік немесе билік 
түрткілері 
сияқты 
бағдарланудар 
пайда 
болады. 
Педагогикалық 
қабілеттерді 
зерттеушілердің бірі Н.А. Аминов [5] бойынша, билік түрткісінің педагогикалық іс-әрекетке 
қандай қатынасы бар екенін көрсету үшін алдымен Г.А. Мюррейдің көзқарасына тоқталу 
қажет, ол сонау 1938 жылы билік түрткісіне үстемділікке қажеттілік деген анықтама берген 
[154, 60-69 б. қараңыз]. Г.А. Мюррей үстемділікке қажеттіліктің негізгі қағидаларын және 
оған сәйкес әрекеттерді бөлді. Үстемділікке қажеттіліктің белгілері немесе әсерлері келесі 
қалаулар болып табылады: 
— өзінің әлеуметтік қоршаған ортасын қадағалап отыру; 
— басқа адамдардың мінез-құлқына әсер ету және оған ақыл-кеңес беру, еріксіз 
қызықтыру, сендіру немесе бұйыру арқылы бағыттап отыру; 
— басқаларды өз қалаулары мен сезімдеріне сәйкес жүруге итермелеу; 
— олардың қызметтестігіне қол жеткізу; 
— өзінің дұрыстығына басқалардың көзін жеткізу. 
Н.А. Аминов, сонымен қатар, осы қалауларға белгілі-бір әрекеттердің сәйкестілігін атап 
көрсетеді, олар Г.А. Мюррей бойынша келесі түрде топтастырылған: 


— көндіру, басшылық ету, сендіру, реттеу, ұйымдастыру, басқару, билеу, қадағалау; 
— бағындыру, билеу, қожалық ету, құқын шектеу, шарт қою, сөгу, заң орнату, 
нормаларды енгізу, мінез-құлық ережелерін құру, шешім қабылдау; 
— тыйым салу, шек қою, қарсылық көрсету, үгіттеу, жазалау, еркінен айыру; 
— сүйсіндіру, табындыру, өзін тыңдауға мәжбүр ету, еліктеушілерді табу, мода қою. 
Билік феноменін түсіндіру теориясын талдау материалдары бойынша (А. Адлер, Д. 
Картрайт, Дж. Френч, В. Равен, Д. Мак-Клелланд және т.б.) Н.А. Аминов А. Адлердің 
тұлғалық дамудың жетекші түрткілері кешенінде кемеліне жету, артықшылық пен 
әлеуметтік билікке деген ұмтылудың ерекше рөлі жайлы тезисінің маңыздылығын 
растайды. Н.А. Аминовтың пікірі бойынша оқу-педагогикалық процестегі билік 
ресурстарын талдау үшін оның пайда болу көздерінің Дж.Френч пен В. Равен ұсынған 
жіктелуі аса қызығушылық тудырады. Бұл жерде маңыздысы, билік түрткілерінің кейбір 
түрлері (сый беру, жазалау), бұрын көрсетілгендей, К. Хекхаузен бойынша жетістік 
мотивациясының екі жағының көрінуінде. Н.А. Аминов (1990) сүреттеп көрсету үшін 
мұғалімнің педагогикалық әрекеттерімен байланысты билік түрткілерінің келесі түрлерін 
келтіреді. 



70.«Заңдылық», «принцип» деген ұғымдардың мазмұнын жазыңыз. 
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту – тәрбиелеу процесінің теориясын 
жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды 
зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті 
ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді. Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, 
сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де 
сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін 
ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық 
процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік 
береді. 
Педагогикалық процестің заңдылықтары «ұстаздар-оқушылар» жүйе байланысының 
бейнесі: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан 
жоғары сатыдағы жүйелер байланысты (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам). 
Көрсетілген сбеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін (жағдай, 
байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын), бейнелейтін 
заңдылықтар анықталады. Сондықтан да педагогикалық процестің негізгі мынадай 
заңдылықтары болады: - оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік 
экономикалық қажеттілігіне сай болады; - педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы 
қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы 
талап етіледі; - педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздар мен оқушылардың, 
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі 
жақты іс-әрекет; - оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият 
ойластырылған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі; - педагогикалық процестің 
қызметі онық жасалуы мен ұйымдастырылуы оқушылар коллективі, сонымен қатар жеке 
оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты; - 
педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір бірінен 
бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне әсері бар; - педагогикалық процесс бір қас-


қағым сәттік емес, ұзақ мерзімге бағытталған; - педагогикалық процестің ішіндегі қосымша 
жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды 
тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады. Заңдылықтар 
педагогикалық процестің ішікі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында 
жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы 
педагогикалық процестің негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей 
ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу-тәрбие жұмысының сапасының төмендеуіне әкеледі. 
Барлық педагогикалық процестің заңдар мен заңдылықтарын айқындалғандарын ескере 
отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-
экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз 
еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті принциптерінде тұжырымдарға мүмкін 
болды. Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып 
есептелінеді, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет 
істеуінде творчестволық түрде көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің 
заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке 
көшуі болады: - педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;\іс-
әрекеттің сана мен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы; - педагогикалық 
процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере 
отырып ұйымдастыру; - педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны 
адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру; - 
педагогикалық басшылықты оқушылардың инициативасымен, қайраткерлігімен ұластыру; - 
оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектесу; - ұстаздардың, 
оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларғңа қоятын талаптарының 
үйлесімділігі; - әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету; - оқушы тұлғасы мен ұжымының дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз 
бақылау. Заңдар, заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері 
өзара байланысты болуы мүмкін. Бұл өзара байланыстылық процестің мәнінен оған 
қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді, ал педагогикалық процестегі 
мұғалімдер мен оқушылардың ісәрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылуы 
мүмкін. 



71.Сабақтың ұйымдастыру формалары, әдістеріне тәжірибе 
қойыңыз. 
Сабақ жоспары – мұғалімнің бір сыныпқа арналған жан-жақты суреттеуі болады. Мұғалім 
күнделікті сабақ жоспарын жасайды. Күнделікті сабақ жоспары – қысқа мерзімді жоспарлау 
деп аталады. Мұғалім әр сабақ жоспарын жасағанда оқушының қызығушылығы мен 
қажеттілігін қарай өзгертіп отырады. Әрбір мектептің сабақ жоспарын құруда өз тәртібі 
болуы да мүмкін. Сабақ жоспары − мұғалімдер үшін оқушылар нені білу керек 
екенін мақсаты ететін, сол мақсатқа қалай жететінін (әдіс-тәсілдер) және сол мақсатқа 
қалай жеткенін өлшейтін (тест, жаттығулар, үй тапсырмалары) жетекші құрал. Сабақ 
жоспары – ең алдымен, ойлау үдерісі. 
Сабақ жоспарлаудың көп түрі болады, бірақ сабақ жоспарлау төмендегідей негізгі 
бөлімдерден тұрады: 
o
сабақтың тақырыбы 
o
сабақтың өткізу уақыты 
o
сабаққа қажетті материалдар 


o
сабақта қойылатын мақсаттар (оқушы сабақ соңында нені жасай 
білетіні туралы саралау және оқушы сабақ соңында нені білгені туралы балалар нені оқып-
үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай 
әрекеттерді игереді) 
Жақсы құрастырылған сабақ жоспары дегеніміз не? 
Жақсы құрылған сабақ жоспарында оқушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктері 
көрініп тұрады және білім беруге арналған үздік әдіс –тәсілдерден құралады. Мысалы, 
әдебиет сабағының жоспары төрт тақырыптың аясында топталады: әдебиеттік тақырып, 
тілі, әдебиет тарихы және жанры. Толық тақырыптық сабақ жоспарын құруда мұғалім 
әртүрлі зерттеуге, оқылым, жазылым, айтылымға бағытталған тапсырмалар құрастыру 
керек. Бұл мұғалімге әртүрлі әдебиет жанрларын оқытуға, бейне материалдар, фильмдер, 
теледидар бағдарламаларын көрсетуіне көмек болады. Сонымен қатар, тіл мен әдебиетті 
біріктіріп беруге жеңіл болады. Осылай тарих сабағының жоспарын жасағанда да мазмұны 
тарихи нақтылық пен аналитикалық ойлауға негізделеді. Юнит жоспары сабақ жоспарына 
ұқсағанымен ерекшелігі бар. Юнит жоспары бірнеше күндер мен апталарды қамтитын 
тарау немесе блоктың жоспары болып табылады. Жаңа құрылымды оқыту егер юнит 
жоспары болса, әрбір сабаққа жоспар жасауды талап етпеуі де мүмкін. Себебі, юнит 
жоспарында анықталған мақсат пен мерзім, оқушылар үйренетін дағдылар белгіленген, 
бірақ сабақ жоспары оқушылардың күнделікті қажеттіліктеріне қарай өзгеріп отырады.



Педагогикалық іскерліктер туралы жұмыс істеңіз. 
Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді тұлғаны 
дамытуға бағытталаған, бірізіді жүзеге асатын автоматтандырылыған әрекеттердің 
жиынтығы. Педагогикалық іскерліктер – мұғалімінің әр түрлі әрекеттерінің жиынтығы, ең 
бастысы олар педагогикалық іс-әрекеттің қызметіне сәйкес келеді, белгілі бір мөлшерде 
мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды. 
Болжау іскерлігі құралады: 
-
Білім берудің мақасаты мен міндеттерін анықтау; 
-
Оларға жету үшін әдістерді таңдау; 
-
Мүмкін болатын кедергілерді білу, оларды жою жолын білу; 
-
Білім беру процесіне қатысушылардың уақыты мен күтілетін шығынадарды болжау; 
-
Білім беру процесіне қатысушылардың өзара әсерлесу мазмұнын жоспарлау
Жобалау іскерлігі құралады: 

Оқыту және тәрбие жолдарын нақтылау; 

Оларды кезеңдер бойынша негіздеу; 

Іс-әрекет түрлері мен мазмұнды жоспарлау; 
Мұғалімнің практикалық дайындығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет