Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық, ішкі және сыртқы, репродуктивтік  және өнімді іс-әрекетінде көрінеді



Pdf көрінісі
бет50/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

 
Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық, ішкі және сыртқы, репродуктивтік 
және өнімді іс-әрекетінде көрінеді.
 
Оқыту принциптері:
 
1.
 
Ғылымилығы 
 
2.
 
Бір ізділігі және жүйелілігі
 
3.
 
Саналылық және белсенділік
 
4.
 
Теория мен практиканың байланысы
 
5.
 
Көрнекілік
 
6.
 
Оқушылар білімінің беріктігі
 
7.
 
Түсініктілік
 
8.
 
Ынталандыру
 
9.
 
Ізгілендіру
 
10.
 
Проблемалық 
 
11.
 
Интеграциялық
 
12.
 
Принциптер мен ережелер туралы ұғым. Принцип- латын сөзі, қазақша негіз деген 
сөз. Оқыту принциптері- мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын 
ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту 
принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды 
орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
 
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың 
бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты 
екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудың ең басты принципі- табиғатқа сай 
болу принципі. И.Г.Песталоции оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны 
логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудың 
халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан 
қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің 
ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
 


1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің 
жетістіктері жинақталып, «принцип» сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға 
негіз болатын ой.
 
А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың өмірмен және қоғамдық еңбекпен 
байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудың белгілі бір жас кезеңіндегі 
оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, 
жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық – қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының 
ерекшеліктерін, әдістерін анықтау. Ол «Оқыту принципін дидактиканың тұғырлы 
ережелері, оқыту процесіне қойылатын талаптар» - деп тұжырымдалады.
 
.Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы 
сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие 
процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-
құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытуға аса қажет жағдай 
және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет