Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не
теориялық тұрғыдан
игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім
беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып
табылады. Бақылау әдісі Белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен
міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-әрекеті мен мінез құлығына
байқау жүргізу. Бақылау құралдары: • оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті
қадағалау; • тапсырманы немесе қоғамдық жұмысты орындағаны жөнінде жеке әңгіме,
жүргізу; • оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі жөнінде есеп
жасаулары. Байқап көру мен қателер әдісі Үйретудің бір типі. Оны өткізгенде бір білімді
үйретуге қажет дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен жіберілген
қателерді түзеу арқылы қол жеткізіледі. Жобалар әдісі Оқушылардың білімдері мен
дағдыларын үнемі күрделендіріліп отырылатын
практикалық тапсырмаларды, яғни
жобаларды жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту жүйесі. XIX ғ.
екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920-жылдары кеңестік мектептерде кең
қолданылған. Рейтинг әдісі Қандай да бір тұлғаның қызметінің не бір оқиғаның бағасын
анықтау. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау әдісі ретінде
қолданылады. Басқару әдісі Басқару субьектісінің баскау обьектісіне мақсатты түрде әсер
етуінің тәсілдері мен құралдары жиынтығы. Білім берудегі әдістеме Білім берудің
жекелеген процестеріндегі педагогика қызметтің нақты тәсілдерін, жолдарын,
техникаларын сипаттау. Әдістемелік жұмыс Білім беру мекемелерінде оқытушылар мен
тәрбиешілердің үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі оқу
әдістемелік процесті жоғары деңгейге жеткізу мен сол дәрежеде ұстауға бағытталған. Ол
оқу жылы бойы жұргізіледі және педагогтердің күнделікті тәжірибесімен шектес
орындалады
Педагогикалық анализдің, теориялық және эксперименталдық зерттеулердің
дамуына ықпал етеді. Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге
бағытталған, реттелген, бірлескен іс – әрекеті, оқушылардың танымдық іс – әрекетін арнайы
ұйымдастыру. Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық
пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге пайдалануда. Мұғалім
сабағын шәкірттеріне ұғымды ету үшін оқу деректерін қалай реттеп, қандай жол, әдіс
қолдана
білу
керектігін
білуі
керек.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы жолдауында: «Барлық дамыған елдердің сапалы
бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда
бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6
жас аралығындағы
балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға
заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта
білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі
оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге
тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты
терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және
кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың
техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет.» - деп
айтып,
оқытуға
баса
назар
аударуды
талап
еткен.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана
келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз
Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру
жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі
жарқын
болмақ.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр оқытушы, өз білімін
жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық
технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді,
қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы»
Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –
оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман
талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең
ететін – білім»
2
3
11
Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін жіктеңіз.
Мінез – құлық пен іс – әрекетті ынталандыру әдістері. Олар мектеп оқушыларының
қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын
мақтау,
ал
теріс
қылықтарын
тежеу
мақсатында
қолданылады.
Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі
- бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы.
Баланың табиғатында "Мен өзім" деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне
және өздерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар
қарамайды.
Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді.
Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың,
педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы. Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін
сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі.
Мадақтау
әдісі
арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-
құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді
жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден
сақтандырып отырады. Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау,
сыйлық беру, марапаттау.
Жазалау - жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және
істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы
тиіс. Оған қойылатын талаптар: • жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
• жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау,
жәбірлеу
түрінде
болмауы;
• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан
бөлектенуіне
әкеліп
соғады;
• жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының
көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды. Жазаның түрлері
оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен
байланысты
болуы
шарт.
Жазалаудың
түрлері:
ескерту,
сөгіс,
т.б.
Жарыс жастардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін
қолданылады.
2
3
12
Халыққа білім берудегі ҚР "Білім туралы" заңының мәнін түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: